- Учителю
- Открытый урок в 8 классе по географии
Открытый урок в 8 классе по географии
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыруды қорытындылау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың географиялық ойлауды, аумақтық табиғат кешендерінің құрамдас бөліктері арасындағы байланысты ашуды, жалпы бөлімді меңгеру дәрежесін түрлі формадағы сұрақтар мен іс-әрекеттер арқылы байқау, өздік бағалау әрекетін ұйымдастыру.
Қосымша білім көздерін тиімді пайдалану, өз бетімен ақпараттар алу дағдысын, белсенділігін, қызығушылығын, жылдам ойлауды, салыстыра білуді дамыту.
Түйінді идея: Туған жер табиғатының кереметін мақтан ету, оны аялау, жанашырлық сезімін ояту
Күтілетін нәтижелер: Интерактивті тақтамен, картамен еркін жұмыс істей алады, ой қорыта алады, қойылған проблемалық сұрақтарға толық әрі нақты жауап бере алады.
Дереккөздер: 8 сынып оқулығы, интернет сайттары, дидактикалық материалдар жинағы
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Құрал-жабдықтар, көрнекілік :
Интерактивті тақта, компьютер, презентация, Қазақстанның физикалық картасы, атлас карталары, құмсағат, бағалау парағы.
Әдіс-тәсілдер:
Кім жылдам? Ашық тест, картамен жеке жұмыс, логикалық тапсырма, «Адасқан объекті» ойыны
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
(Оқушыларды түгендеу, алдарына бағалау парағын тарату, әр оқушыға көңіл бөліп, назарларын сабаққа аудару, ынтымақтастыққа баулу)
Аты-жөні
Кім жылдам?
Кескі карта тақтада
Адасқан
обьекті
Қызықты
сұрақтар
Тест шешу
Логикалық сұрақ
кроссворд
Қорытынды баға
ІІ 1. Кім жылдам?
2 қатарға кезекпен сұрақтар қойылады, әр топ 1 минут ішінде неғұрлым көп сұраққа жауап беруі тиіс.
1 нұсқа
1.Атмосфера құрамында ең көп кездесетін газ (Азот)
2. Жердің ортаңғы өзегі (Ядро)
3 Алтай қандай тау( Биік)
4. Ең терең мұхит (Тынық)
5. Ең үлкен түбек ( Арабия)
6.Шөлді жердегі төбелер (Бархан )
7.Қазақстанды неше табиғат зонасы кесіп өтеді (4 )
8.Д.Ж ең ұзын өзен ( Ніл)
9.Қазақстанның ең биік жері ( Хан Тәңірі)
10.Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы (Мұнай мен газ)
11Қызылқұм қандай шөл ( Құмды шөл)
12.Шағалалы теңіз көлі қайда? ( Солтүстік қазақ жазығында)
13.Альпы тауы қай материкте? ( Евразия)
14.Ең үлкен арал ( Грендландия)
15.Ертіс өзені қай алапқа жатады ( С.М.М.)
16. Экватордың ұзындығы (40 000км)
17.Қазақстан неше елмен көрші (5 )
18.Қазақстанның 27% алып жатқан табиғат зонасы ( Дала)
19.Сарыарқаның екінші аты ( Қазақтың ұсақ шоқысы)
20.Мұхиттың тереңдігін өлшейтін құрал ( Эхолот)
ІІ нұсқа
1.Су қабығы қалай аталады ( Гидросфера)
2.Солтүстік және оңтүстік полюсті қосатын сызық ( Меридиан )
3.Ауаның қысымын өлшейтін құрал ( Барометр)
4.Қазақстанның негізгі көмір базасы. ( Қарағанды )
5.Қазақстанның қай бөлігі таулы аймақ ( Шығыс, оңт. Шығыс)
6.Тянь- Шань қандай тау ( Биік)
7.Қазақстанның көп бөлігін алып жатқан табиғат зонасы. (Шөл зонасы)
8.Қазақстанның -132м. болатын ең төмен жері ( Қарақия ойысы)
9.Д.Ж. ең суы мол өзен ( Амазонка )
10.Өзеннің ағып шығатын жері қалай аталады ? ( Бастау)
11.Қазақстанда неше облыс бар (14)
12.Аппалач тауы қай материкте ( С.Америка)
13.Қазақстан қай климаттық белдеуде ( Қоңыржай)
14.Топырақтану ғылымының негізін салушы ғалым ( Докучаев)
15.Су өткізбейтін қабаттар арасындағы қысымы күшті жер асты суы (Артезиан)
16.Жер қыртысы қозғалысы нәтижесінде пайда болған көлдер (Тектоникалық )
17.Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғат апаты ( Топырақ эрозиясы )
18. Жер сілкіну процестерін зерттейтін ғылым (Сейсмология )
19.Жер көлемі жағынан Қазақстан д.ж. нешінші орында (9)
20.Д.Ж ең үлкен көл ( Каспий)
2. Интерактивті тақтамен жұмыс.
Тақтада Қазақстанның табиғат аумақтары кескіні, оны анықтап аттарын жазу, оқушылар кезекпен шығады.
3. Интерактивті тақтада.
Адасқан обьекті ойыны.
А. Обьекті аты. Б. Не екенін анықтау.
Өгем өзен
Шортанды мұздық
Орал алды көл
Лепсі жота
Корженевский үстірт
4.Қызықты сұрақтар
( Сұрақтарға жауап бере отырып, картадан көрсету)
1 Түрлі-түсті теңіздерді білесің бе. Ал Қазақстанда түрлі-түсті тау бар ма, неге олай аталған ( Алатау, Қаратау, Сарыарқа т.с.с.)
2.Голландия жерінің едәуір бөлігі теңіз деңгейінен төмен жатыр, сондықтан оны Нидерланд, яғни аласа жер дегенді білдіреді. Елімізде сондай жер бар ма?( Қарақия, -132м)
3.Европа елдерінің ішінде Швейцария таулары мен көлдерінің табиғат көріністерінің әсемділігімен айрықша көзге түседі. Республикамыздың қай жерін Қазақстанның Швейцариясы дейді.( Көкшетау)
4.Қазақстанда қандай қырат,»қақпа», өзен, құс атымен аталады.( Торғай үстірті, Торғай қақпасы, Торғай өзені)
5.Тестілеу
Экранда 10 сұрақтан тұратын тест.Артынан дұрыс жауабы көрсетіледі. Бағалау көрсетіледі.Дұрыс жауап санына қарай оқушы өзін өзі бағалайды.
1.Көп бөлігі Ресей аумағында жатыра) Маңқыстау б) Шығыс Европа жазығы В) Тұран 2.Жауын-шашын көп а) Сауырда б) Сарыарқада в) Батыс Сібірде
3.Жер қырты сының қозғалысы мен өзгерісін зерттейтін ғылым
а) Тектоника б) минералогия в) Геология
4.Ертіс өзенінің сол жағындағы жота
а) Үбі б) Қалба в) Сарытау
5.Тарбағатай, Алтай таулары екінші реткөтерілуге ұ шырады
а)Альпі қатпарлығында б) Байкал қатпарлығында в) Герцин қатпарлығында
6.Ақсу- Жабағылы қорығы : а) Алтайда б) Тұранда В) Тянь-Шаньда
7.Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзені
а)Обаған б) Есіл в) Ертіс
8.Сауырдың оңтүстігі мен Тарбағатайдың шығыс бөлігі аралығында --------- орналасқан:
а)Есіл- Ертіс даласы б) Шілікті даласы в) Құлынды
9.Рахман қайнары:
а) Оңтүстік Алтайда б) Қалбада в) Солтүстік Алтайда
10. Балқашқа --- өзендері құяды:
а) Үржар, Емел б)Аягөз,Лепсі Есіл, Тобыл
6. Зейінділерге бір сұрақ.
Жиыны 3 сұрақ . әрбіреуіне ойлануға 1 минуттан.
1.Әбден үгіліп, мүжілген көне таулы өлке.мұнда миллиондаған жыл бойы жел мен жаңбыр,ыстық пен аяз,қар мен ағын су өзінің бұзу әрекетін жүргізген.Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған.Мұнда жартасты,басы сүйір,жіңішке қырқалар тіпті оқшауланып қалған мүсіндер де байқалады.
Көмек:Биік нүктесі 1565 м. Қызыларай тауындағы Ақсораң.
Қорғалжын қорығы бар. ( Сарыарқа )
2.Кәрлі, қатерлі, айдала-деген мағынаны білдіреді.Жер беті біркелкі жазық,тек кей жерінде сорлар мен тұнбалы көлдер бар.Ағын су мүлдем жоқ.Солтүстік -шығысы биіктеу.(600м-м-ге дейін), оңтүстік батыс бөлігі бірте-бірте аласарады., горизонталь бағытта жатқан ежелгі теңіз бен континентттік шөгінділерден түзілген.Шығысында Балқаш көлі,батысында Сарысу, оңтүстігінде Шу, солтүстігінде Сарыарқа. ( Бетпақдала)
3.Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке.негізгі бөлігі Ресей жерінде.
Көмек:Өзен мен көлге бай,328 мұздығы бар.Марқакөл көлі.Теңіз деңгейінен 1750м биіктікте Рахман қайнары. (Алтай)
7. Сандар сөйлейді.
Мұғалім интерактивті тақтада төмендегі сандарды жазады, оқушылар дәптерде оны қай обьект екенін анықтап жазады
657м. 1565м. 6995м. - 132м.
1700км. 4248км . 5510км
8 Туған жер табиғатын аялайық.
-
Енді бір сәт туған жер табиғатының әсем жерлерін тамашалайық!
-
Экранда слайдтар көрсетіледі және Марқакөл туралы 2 минуттық бейнефильм.
9.Оқушыларға 2 түрлі тапсырма беріледі. 1 қатар компьютерде кроссворд шешсе, 2-ші қатар « Менің қиялымдағы елімнің табиғаты» тақырыбына ойтолғау жазуға кіріседі.( Компьютер жетіспеуіне орай осылайша тапсырма беріледі )
10. Сабақты қорытындылау, ерекше белсенділерді бағалау. Жауап парағын жинап алып қалған оқушылардың еңбегін талдап келесі сабақта бағалау. үйге тапсырма.