- Учителю
- Поурочный план по физике на тему 'Менделеев-Клапейрон теңдеуі' (10 сынып)
Поурочный план по физике на тему 'Менделеев-Клапейрон теңдеуі' (10 сынып)
Бекітемін:
Күні:
Сыныбы: 10 Б
Пәні: Физика
Сабақтың тақырыбы: § 4.6 Клайперон-Менделеев теңдеуi.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: . Білімді қалыптастыру (оқушылардың біліммен хабардар етіп қана қоймай, оларға тың материалдар беріп білімді қалыптастыру).
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту шараларын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың жауапкершілік пен еңбектенуіне, қиын есептерді шығарудағы іздену жолдарын, керекті оқу құралдарын таңдай білуге ықпал жасау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байлыныс: математика, химия
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау. Материалдарды топтау, есептерді талдау.
Сабақтың көрнекіліктері: Плакат, тамшуыр (пипетка), слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
А) теориялық білімдерін тексеру.
Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту:
Температура үшiн pV/N = kT түрiндегi формуланы практикада пайдалану пропорционалдық коэффициенттiң k сандық мәнiн бiлудi қажет етедi. Оны табуға болады, егер тәжiрибелерден белгiлi мәлiметтердi пайдаланса. Атап айтқанда, : V = 0.1м3 көлемдi алатын сутегiнiң бiр молi үшiн, θ= pV/N шамасы температураның T1=273oК мәнiнде мынаған тең θ0 = 3.76·10-21 Дж, ал T2=373oК болғанда - θ100 = 5.14·10-21 Дж. Температураның осы мәндерiндегi айырмасын θ= kT өрнегiн пайдаланып жазсақ , шығатыны θ100 - θ0 = k(Т2 - Т1) немесе (5.14 -3.76)·10-21 Дж = k·100o К. Бұдан
k = 1.38·10-23Дж/К. (1.18)
Бұл коэффициент Больцман тұрақтысы деп аталады. Ол энергетикалық (Дж) өлшем бiрлiкпен анықталатын θ температураны, өлшем бiрлiгi Кельвинмен анықталатын, Т температурамен байланыстырады.
Молекулалық кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi p қысым, V көлем және T температура арасында байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Бұндай байланысты жазатын өрнек күй теңдеуi деп аталады. Егер газ молекуласы концентрациясының өрнегiн n=N/V=mNA/VM түрiнде алса, онда p=nkT теңдiгiнен мынау шығады:
pV = mkNAT/M. (1.19)
тұрақтысының k Авогадро санына NA көбейтiндiсiн универсал газ тұрақтысы деп атап, R әрпiмен белгiлейдi:
R = k NA = 8.31·103Дж/(кмоль·К). (1.20)
Бұл енгiзiлген R тұрақтыны тағы да пайдаланып кез келген массасы m үшiн идеал газ күйiнiң теңдеуiн аламыз:
pV = mRT/M. (1.21)
Бұл - күй теңдеуi деп аталады. Кейде бұл теңдеу алғашқы формасында қолданылады:
P1V1/T1 = p2V2/T2 = const, (1.22)
мұндағы 1 және 2 индекстерi газдың мүмкiн болатын кез келген екi күйiнiң параметрлерiне сәйкес.
ІV. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
Сұрақтарға жауап беру:
-
Қандай теңдеу идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады?
-
Неліктен R универсал газ тұрақтысы деп аталады?
-
Қандай процестер изопроцестер деп аталады?
-
Неліктен бірдей қысым ыстық ауа салқын ауадан жеңіл болады?
-
Авогадро заңының мәні неде?
-
Дальтон заңын тұжырымдаңдар.
V. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
Есеп шығарту. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. 10-жаттығу.1-6
VIІI. Үй тапсырмасын беру: §4.6 оқу, 10-жаттығу, 4-6 есеп шығару.