7


  • Учителю
  • Сайыс сабақ Физикалық экспресс (8 сынып)

Сайыс сабақ Физикалық экспресс (8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№6 Б. Момышұлы атындағы мектеп - гимназия





















Сайыс сабақ









Өткізген: физика пәні мұғалімі Авхунбаева Г.



































2015-2016 жж.

Жетісай қаласы

Мақсаты: 8 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға қызығушылықтарын арттыру.Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

1. Таныстыру, эмблема қорғау.

2. «Сөзжұмбақ»

3. «Топ басшылар сайысы»

4. «Кім жылдам»

5. Тапқыр болсаң, тауып көр

6. Үй тапсырмасы (Тәжірибе, тағы да тәжірибе)

Жүргізуші:

-Уа,жараңдар,жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Физика - астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық,

Кеш қызығын,ей достар,

Осылайша шабытпен

Кане,енді бастайық.

Жүргізуші:

Шақырамыз,келіңдер жарысуға,

Күш ,өнер,біліммен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға,

Кәнеки, кім шығады сайысуға.

Жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер, «Физикалық экспресс» атты физикалық кешімізді тамашалайық.

Жүргізуші:

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:

1.8 «а» сыныбынан құралған «Ньютон» тобы

2.8 «ә» сыныбынан құралған «Коперник»тобы

3.8 «б» сыныбынан құралған «Паскаль»тобы

4.8 «в» сыныбынан құралған «Физиктер»тобы

Жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:

  1. Альметова Нұрзада

  2. Набатов Райым

Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 6 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.

I I-тур. «Сөзжұмбақ»- деп аталады. «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.Мұнда әр топқа сөзжұмбақтар беріледі.

I I I -тур. «Топ басшылар сайысы »деп аталады. Бұл сайыста әр топтың топ басшыларына сұрақтар қойылады. Әр сұраққа 1 ұпай.

IV-тур. «Кім жылдам»-деп аталады.Мұнда оқушыларға есептер беріледі.

V-тур. Тапқыр болсаң тауып көр. Бұл турда әр топқа ойландыратын сұрақтар қойылады.

VI-тур. «Үй тапсырмасы»- деп аталады. Бұл ойында әр топ үй тапсырмасына берілген эксперименттік, тәжірибелік жұмыстарын көрсетіп және түсіндіруі қажет.

Жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Барлық топтар өз топтарын таныстырады.

Жүргізуші: Енді екінші кезең.

I I-тур - «Сөзжұмбақ» кезеңі

Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін,дей келе кезекті сөзжұмбаққа береміз.

Үш топқа бірдей сөзжұмбақ беріледі.

Жүргізуші:сөзжұмбақ шешіліп болғанша, көрермендерге сұрақ қойылады.

«Көрермендер көрімдігі»

1.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

2. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, әкесі, немересі)

3. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 рет атап өтеді.Бұл қай күн?(29 ақпан)

4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)

5. Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек?

6. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

Жүргізуші: «Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз

I I I -тур. «Топ басшылар сайысы» .Енді әр топтың топ басшыларын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: келесі кезеңге өтеміз.

IV-тур. ««Кім жылдам»-»-деп аталады. Енді әр топқа есептер беріледі.

  1. Массасы 4кг кірпішті 150С температурадан 300С температураға дейін қыздыру үшін 48кДж жылу жұмсалды. Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.

  2. 1200С температураға массасы 200г өсімдік майын қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Өсімдік майы - 1700.

3.50г тас көмірді жағу кезінде пайда болған барлық жылу суды қыздыруға кететін болса, онда массасы 7кг суды қанша градусқа дейін қыздырса болады? Тас көмір 2,7*107.

4. Массасы 200кг болат 8000С тан 150С қа дейін суығанда қанша жылу бөлінетіндігін анықтаңдар. Болат - 500

  1. 714кДж жылуды жұмсап, 150Стемпературадан қайнауына дейін судың қанша мөлшерін жылытуға болады?.

  2. Массасы 25г оқ дәрінің толық жануы кезінде қанша жылу мөлшері бөлінеді? Оқ дәрі - 0,38 *107.

Жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!

V-тур. Тапқыр болсаң тауып көр. Бұл турда әр топқа ойландыратын сұрақтар қойылады.

VI-тур. «Үй тапсырмасы»- деп аталады. Мұнда оқушыларға үй тапсырмасы ретінде тәжірибе жасап келіп көрсету керек еді. Әр топ 2 тәжірибе жасап және физикалық мәнін түсіндіруі қажет.



Жүргізуші: Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге мың рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.

























  1. Массасы 4кг кірпішті 150С температурадан 300С температураға дейін қыздыру үшін 48кДж жылу жұмсалды. Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.

  2. 1200С температураға массасы 200г өсімдік майын қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Өсімдік майы - 1700.

  3. 50г тас көмірді жағу кезінде пайда болған барлық жылу суды қыздыруға кететін болса, онда массасы 7кг суды қанша градусқа дейін қыздырса болады? Тас көмір 2,7*107.

  4. Массасы 200кг болат 8000С тан 150С қа дейін суығанда қанша жылу бөлінетіндігін анықтаңдар. Болат - 500.

  5. 714кДж жылуды жұмсап, 150Стемпературадан қайнауына дейін судың қанша мөлшерін жылытуға болады?

  6. Массасы 25г оқ дәрінің толық жануы кезінде қанша жылу мөлшері бөлінеді? Оқ дәрі - 0,38 *107.



1.Массасы 4кг кірпішті 150С температурадан 300С температураға дейін қыздыру үшін 48кДж жылу жұмсалды. Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.

2.1200С температураға массасы 200г өсімдік майын қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Өсімдік майы - 1700.

3.50г тас көмірді жағу кезінде пайда болған барлық жылу суды қыздыруға кететін болса, онда массасы 7кг суды қанша градусқа дейін қыздырса болады? Тас көмір 2,7*107.

4. Массасы 200кг болат 8000С тан 150С қа дейін суығанда қанша жылу бөлінетіндігін анықтаңдар. Болат - 500.

5.714кДж жылуды жұмсап, 150Стемпературадан қайнауына дейін судың қанша мөлшерін жылытуға болады?

6.Массасы 25г оқ дәрінің толық жануы кезінде қанша жылу мөлшері бөлінеді? Оқ дәрі - 0,38 *107.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал