- Учителю
- Ашық сабақ Жасанды серіктердің қозғалысы (9 сынып)
Ашық сабақ Жасанды серіктердің қозғалысы (9 сынып)
Пән: Физика
Сынып: 9
Мұғалім: Кошкумбаева М.Т.
Күні: 10.11.16ж
Сабақтың тақырыбы: Жасанды серіктердің қозғалысы.
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: а) Жасанды серіктер туралы түсінік беру.
б) Жасанды серіктер туралы алған теориялық білімін пайдалана отырып әлемдегі қозғалысты көз алдына елестетіп, өз бетінше қорытынды жасауын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Патриоттық сезімін ашу, іздемпаздыққа бағыттау, жасанды серіктердің маңыздылығын және олардың құрылысын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығын көтеріп, жауапкершілік пен ұйымшылдыққа, ұлттық ғылыми жетістіктерге деген құрметке, адамгершілік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, презентация көрсету, кинофрагмент демонстрациялау, шаттық шеңбері, СТО әдісі, Бес жолды өлең , смайликтер әдісі.
Көрнекілік құралдар: интерактивті тақта, слайдтар, «ғарышты бағындыру» кинофрагменті, бағалау парақшалары, постерге арналған плакат, маркерлер, карточкалар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
1.1. Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу.
1.2. Көңілдерін сабаққа аудару.
1.3. Оқушыларды психологиялық дайындау.
1.4. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және топқа бөлу.
1.5. Материалдарды тарату.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2.1. Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
2.2. Өткенді еске түсіру.
ІII. Жаңа сабақты меңгеру.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау
VI.Үйге тапсырма.
VII. Кері байланыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеймін. Барлығын ортаға шеңбер жасап тұрғызып, «Шаттық шеңбері» арқылы ынтымақтастық атмосфеарсын құрамын. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Одан кейін «Атом-молекула» арқылы екі топқа бөлемін. Атом дегенде оқушылар ерсілі-қарсылы араласып жүреді, молекула үшеу дегенде үш оқушыдан топтасып, қол ұстасып тұрып қалады. Дайын материалдарды, карточкалар мен кестелерді оқушыларға таратамын.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
2.1. Сұрақ-жауап арқылы алған білімдерін тексеру.
1. Ауырлық күші деп қандай күшті айтады?
2. Еркін түсу қандай шамаға тәуелді?
3. Денелердің еркін түсуі қандай қозғалыс түріне жатады?
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?
2.2. Өткенді еске түсіру.
Атауы
№
1
Үйкеліс күші
2
Ньютонның ІІІ заңы
3
Тректің реакция күші
4
Серпімділік күші
5
Теңәсерлі күш
6
Ауырлық күші
7
Ньютонның ІІ заңы
Сендердің алдарында кесте берлілген. Әр оқушы оз бетінше кестені толтырады. Толтырып болған соң жанында отырған баламен алмасып бір-бірінің жауаптарын тексереді.
3. Жаңа сабақты меңгеру:
Жасанды серіктердің қозғалысы. Ньютон жұмыстарында денелердің парабола бойымен құлауынан Жерді айнала орбиталық қозғалысына қалай өтуге болатынын көрсететін керемет сурет бар (107-сурет). "Жерге лақтырылған тас ауырлық күші әсерінен түзу сызықты жолынан ауытқып, қисық сызық жасай Жерге құлайды. Егер тасты көбірек жылдамдықпен лақтырса, ол алысырақ құлайды" - деп жазды Ньютон. Осы ойды жалғастырып, егер тасты биік тау басынан үлкен жылдамдықпен лақтырса, онда оның траекториясы ол тас Жерге ешқашан да құламайтындай өзгеруі мүмкін. Осылай тас Жердің жасанды серігіне айналады деп тұжырымдауға болады. Денені Жердің жасанды серігіне айналдыру үшін, Жер бетіне денеге берілетін ең аз жылдамдықты бірінші космостық жылдамдық деп атайды.
Жасанды серікті қажетті биіктікке көтеріп, горизонталь бағытта жеткілікті жылдамдық беру үшін зымырандар қолданылады. Одан кейін серік тасымалдаушы зымыраннан ажырап, әрі қарай Жердің гравитациялық өрісі әсерімен қозғалады (Айдың, Күннің жєне басқа планеталар әсерін бұл жерде елемейміз). Осы өрістің серікке беретін үдеуі - g -еркін түсу үдеуі болып табылады. Екінші жағынан серік шеңберлі орбитамен қозғалғандықтан бұл - центрге тартқыш үдеу. Сондықтан бұл үдеу серік жылдамдығының квадратының орбита радиуысына қатынасына тең. Сонымен, бұдан v = gr . Бұған (43.1)-өрнекті қойып, алатынымыз: Бізсеріктің орбиталық жылдамдығының формуласын алдық. Бұл жылдамдыққа радиусы r шеңберлік орбитамен Жер бетінен h биiктікте қозғалатын серік ие болады. Бірінші космостық v1 жылдамдықты табу үшін, серікті Жер бетіне жақын биіктікте, демек h << Rж және r ≈ Rж болады деп есептеу керек. Осыны (45.1) формулада ескерсек, мынаны аламыз:
Осы формулаға сан мәндерді қойып, мынадай нәтиже аламыз: v1 = 7900 м/с = 7,9 км/с.
Денеге осындай жоғары жылдамдық беру алғаш 1957 ж. КСРО-даС. П. Королев басшылығымен әлемде бірінші Жердің жасанды серігі(қысқаша ЖЖС) ұшырылғанда мүмкін болды. Бұл серіктің ұшырылуы (108-сурет) зымыран техникасы, электроника, автоматты басқару, есептеу техникасы, сияқты салалардың көрнекті жетістігі. 1958 ж. орбитаға бірінші америка серігі "Эксплорер-1" шығарылды, ол кейінірек, 60-жж. Франция, Австралия, Жапония, КХР, Ұлыбритания және т.б. елдерде ЖЖС - тер ұшыра бастады. Көптеген серіктер америкалық тасымалдағыш зымырандарымен ұшырылады.
Қазіргі кезде жасанды серіктерді ұшыру үйреншікті іске айналды. Ғарышты зерттеулерді халықаралық деңгейде берілсе жүргізу үрдіске айналып отыр. Әр түрлі елдерде ұшырылатын жасанды серіктерді негізгі екі класқа бөлуге болады:
1. Ғылыми-зерттеуге арналған жасанды серіктер . Олар Жерді планета ретінде, оның жоғарғы атмосферасын, Жер айналасындағы ғарыштық кеңістікті, Күнді, жұлдыздарды жєне олардың арасындағы кеңістікті зерттеуге арналған.
2. Қолданбалы серіктер . Олар жердегі халық шарушылығына қызмет етеді. Бұларға байланыс, Жердің табиғи байлығын зерттейтін, метеорологиялық, навигациялық, әскери және т.б. серіктер жатады.
Адамдар ұшуға арналған серіктерге басқарылатын корабль-серіктер және орбиталық станциялар жатады.
Жер орбитасын жұмыс істейтін серіктерден басқа қосалқы объектілер де айналып жүреді. Оларға тасымалдаушы зымырандардың соңғы сатылары, сияқты серіктер орбитаға шыққанда бөлініп қалатын бөлшектер жатады. Жерге жақын кеңістітегі ауа кедергісі өте көп болғандықтан серіктер өте төменұшырылмайды. Мысалы 160 км биіктікте серік тек бір айналым жасап қалың атмосфера қабаттарында жанып кетеді. Осындай себептен Жердің жасанды бірінші серігі 228 км биіктікте орбитаға шығарылып, үш айдан кейін жанып кеткен.Биіктік артқан сайын атмосфера кедергісі азайып, h >300 км болғанда еленбейтіндей аз болады. Егер жасанды серікті бірінші ғарыштық жылдамдықтан көп жылдамдықпен ұшыраса ие болады? - деген сұрақ туады. Егер аз ғана артық болса, онда дене Жердің жасанды серігі болып қалады, бірақ шеңберлік емес эллипстік орбитамен қозғалады. Жылдамдық, артқан сайын серік орбитасы "үзіліп" кетіп тұйықталмаған (параболалық) траекторияға айналғанша созыла береді (109-сурет).
4. Сабақты бекіту кезеңі:
Оқушыларға «Ғарышты бағындыру» видеофрагментін көрсету. Әр топ көрсетілген видео арқылы сабақтың басында таратылған кестені толтырады.Әр бір топ өз жауаптарын оқиды.
Синквейн стратегиясы (Бес жолды өлең), бес жолды өлең жазу әдісі:
1.Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім).
2.Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
3.Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қыймыл атауынан үш сөз жазу(етістік)
4.Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
5.Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
Әр топ өздерінің құраған өлеңдерін оқып шығады.
Постер жасау. Жаңа сабақ бойынша берілген материалды постерге түсіреді.Постер жасау кезінде сабақ барысында алынған мәліметтерді қолданып Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы туралы, оны зерттеген ғалымдар туралы түсініктерін кеңейтеді.Берілген уақыт аяқталғанда топтан оқушылар шығып, постерлерін қорғай отырып, жаңа сабақ бойынша түсінік береді.
</ Есеп шығару. Постер қорғап болған соң топтан екі оқушы шығып тақтаға есептер шығарады.Тақтадағы шығарған есептерін топта отырған оқушылар тексереді,қатесі болған жағдайда қарсы топтар қатесін тауып, дұрыстауға мүмкіндік беріледі.
5. Бағалау.Әр топтың басшысы өздеріне берілген бағалау парақшасына берілген критерийлер бойынша өз тобын бағалайды, алған бағаларын мұғалім күнделіктеріне қояды.
6. Үй тапсырмасы: §17 Жасанды серікктердің қозғалысы ; 14-жаттығу(4,5);
7. Кері байланыс:Смайликтер әдісімен бағалау. Әр оқушы стикерге алған әсерін жазып көңіл-күйді білдіретін самайликтің тұсына жапсырады.
Сабақ бітті.