- Учителю
- Конкурс по физике на тему 'Известные физики'
Конкурс по физике на тему 'Известные физики'
Сабақ тақырыбы: «Физика майталмандары»
Сабақ мақсаты: Физика курсынан алған білімдерін жүйелей отырып, теориялық білімдерін практикада қолдана білуін тексеру, өз ойларын ашық айтуға, бір-бірін сыйлауға үйрету.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, плакаттар, кеспе қағаздар, бағалау жетлондары, түрлі-түсті конверттер, мақтау қағазы, сыйлықтар.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу.
Сайысқа қатысатын сайыскерлерді ортаға шақыру.
ІІ. «Білгенге маржан»
Сайыскерлерге түрлі-түсті конвертке салынған сұрақтар беріледі. Конвертті таңдай отыры, әрбір қатысушы сұрққа жауап береді. Егер сұраққа жауап берсе, 10 ұпай қосылады.
-
Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуына үлес қосқан орыс физигі кім? (М.В. Ломоносов)
-
Ампер Андре Мари кім? (Француз физигі, математика, магниттік, электр құбылыстар арасындағы байланыс туралы тұңғыш теория жасады. Магнитизм жөніндегі гипотезаны ұсынған, электр тогы ұғымын енгізген).
-
Майкл Фарадей кім? (Ұлы ағылшын ғалымы, электромагниттік құбылыстардың бәрін бір ортақ тұрғыдан қарастырып, электр және магнит өрісі жөнінде түсінік енгізді).
-
Лорд Кельвин кім? (Ол ХІХ ғасырдағы ағылшынның көрнекті ғалымы, халықаралық бірліктер жүйесінде температураның құрметіне берілді).
-
Ол шоқ жолына үш қырлы призма табанына қарай ауытқытатын анықтады және «Күн жарығының ақ шоғы күрделі болады, жеті негізгі түрлі-түсті шоқтан тұрады» деген қорытынды жасаған ағылшын физигі? (Исаак Ньбтон 1643-1727)
-
Ай тұтылуы кезінде, Ай түсінің өзгеруін, Күннің толық тұтылуы кезіндегі Күн тәжі құбылысын бақылап және суреттеп жазған. Ол Жердің Күнді айнала қозғалуы туралы ойын айтты және гелиоцентрлік теорияны жетілмеген деп есептеген Хорезмде туылған Ортағасырлық Шығыс ғалымы? (Мұхаммед ибн Ахмет әл-Бируни 973-1048)
-
Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан кім? (Неміс ғалымы Г. Ом)
-
Шарл Кулон кім? (Француз ғалымы, 1785 жылы тәжірибе жүзінде вакуумдегі нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесу заңын ашты).
-
Абу Али аль-Хасан ибн аль-Хайсам кім? (Бирунидің замандасы, Еуропада Алхазен деген атпен белгілі болған египеттік ғұлама физик, ол оптика саласын зерттеді. Алхазен жарықтың сынуына арналған зерттеулермен айналысты).
-
Ньютонның қанша заңы бар және 1-ші заңы қалай аталады? (Ньютонның 3 заңы бар, 1-ші заңы Инерция заңы деп аталады).
ІІІ. «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
-
Ом заңының формуласы
-
Жарықтың сыну заңы
-
Джоуль-Ленц заңы
-
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі
-
Өткізгіштің меншікті кедергісінің формуласы
-
ЭҚК-тің формуласы
-
Конденсатор сыйымдылығының формуласы
-
Кулон заңы
-
Термодинамиканың бірінші заңы
-
Жылу мөлшерінің формуласы
ІV. «Тіл-өнер» сайысы
Бұл сайыста оқушыларға жұмбақтар беріледі. Жауабын дұрыс тапса, қазақша, орысша, ағылшын тілдерінде айтулары керек. Дұрыс жауапқа 30 ұпай қосылады.
-
Жайылған дүниеге бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық, стол, chair)
-
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы еш уақытта талғаны жоқ. (Білім, знания, knowledge)
-
Ұстап алсаң сөйлеп кетеді.(Телефон, телефон, telephone)
-
Өмірде өлмейді, ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды, тетігін бұрамай. (Сағат, часы, watch)
-
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр мойнында. (Сызғыш, линейка, ruler)
-
Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауырын жазып.
Ішінде толып жатқан қазына бар,
Керек қып пайдаланар барлық халық. (Кітап, книга, book)
-
Адам емес тілі бар,
Әрбір үйден табылар.
Үй емес жалғыз тұрағы,
Көшеде де тұрады. ( Радио, радио, radio)
-
Кіп-кішкентай қарашы,
Тұрған жері тамаша.
Бірақ сәтте жер-көкті,
Алады шарлап қараса. (Көз, глаза, eye)
-
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
Жер көрдім, қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін. (Карта, карта, mar)
-
Атасы қалғып, мүлгиді, әкесі жорға жылжиды.
Ағасы - шабан, өзі - жорға.
Інісі - жылдам, баласы - жүйрік
Зымырап тұрған. (Жыл, ай, күн, сағат, минут; год, месяц, день, часы, минуты; year, month,Day, time, minute)
V. «Біліміңді тексер»
Бұл сайыста кідірмей, тоқтамай сұрақтарға жауап беріп, көбірек ұпай қосулары қажет.
1-оқушының сұрақтары:
1. Оң зарядты бөлшек (протон)
2. Электр тұрақтысы
3. Q формуласымен өрнектелетін физикалық шама? (Жылу мөлшері)
4. Пішінін де, көлемін де сақтамайды? (газ)
5. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (параллель)
6. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз диэлектрик қабатымен бөлінген өткізгіш (конденсатор)
7. Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы қалай аталады? (кернеу)
8. Электрленуді басқаруға арналған ең ыңғайлы аспап (Электроскоп)
9. Екі сфералық бетпен шектелген мөлдір денелер (Линзалар)
10. Кернеуді арттыруға және кемітуге арналған құрылғылар қалай аталады? (трансформатор)
2-оқушының сұрақтары:
1. Сұйыққа, газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы (Броундық қозғалыс)
2. Дененің жүйесінің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)
3. Теріс зарядты бөлшек (электрон)
4. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)
5. Кернеу бірлігі (Вольт)
6. Ток күшінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын шама (ЭҚК)
7. Фотоаппараттың негізгі бөлшегі. Ол нәрсенің жарықтандырылуы мен айқындығын реттеп отырады. (Диафрагма)
8. Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес, сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды кебу (қайнау)
9. Массасы 1 кг заттың температурасын 1°С-қа өзгерту үшін қанша мөлшерде жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шама (Заттың меншікті жылусыйымдылығы)
10. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене (термометр)
VІ. Қорытындылау.
Сайыс қорытындыланып, жеңімпаз оқушылар марапатталады.