7


  • Учителю
  • Физикадан емтихан билеттеріне қосымша тапсырмалар

Физикадан емтихан билеттеріне қосымша тапсырмалар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Билет №110 Кл және 5 Кл екі зарядтың ара қашықтығы 5 м болса, екі заряд өзара қандай күшен әсерлеседі? k=9*109Н*м2/Кл2Билет №2 24 нКл нүктелік заряд өрісінен қандай қашықтықта өріс кернеулігі 15 к Н/Кл-ға тең нүкте орналасқан? Билет №3Психрометрдің көмегімен ауаның ылғалдығын қалай
предварительный просмотр материала

Билет №1

10 Кл және 5 Кл екі зарядтың ара қашықтығы 5 м болса, екі заряд өзара қандай күшен әсерлеседі? k=9*109Н*м2/Кл2

Билет №2

24 нКл нүктелік заряд өрісінен қандай қашықтықта өріс кернеулігі 15 к Н/Кл-ға тең нүкте орналасқан?

Билет №3

Психрометрдің көмегімен ауаның ылғалдығын қалай анықтауға болады?

Билет №4

Екі дененің қозғалыс теңдеулері мына формулалармен берілген: х =1.5t х =-300+10t:

а) денелердің бастапқы кооррдинаталары қандай? б)қаңдай жылдамдықпен қай уақытта кездеседі?

Билет №5

График бойынша тербелістің периодын,жиілігін ,амплитудасын анықта.

Билет №6

3 резисторды тізбектей жалғап ,схема түрінде көрсет.

Билет №7

Мыс ваннадан 20 мин ішінде 1,98 г мыс бөлінген.Ваннадағы ток күшін табыңдар.( 0,33 мг/Кл)

Билет №8

Кедергісі 180 Ом-ға тең шам кедергісі 120 ОМ резистормен тізбектей жалғанған.Егер тізбек бойымен 0,2 А ток өтсе,онда жалпы кернеуді табыңдар.

Билет №9

Серіппеге 230 Н күш әрекет етеді.Егер серіппе осы күштің әрекетінен 3 см-ге сығылса,серіппенің қатандығы қандай?

Билет №10

Иіндіктің тепе-тендік шартын жаз.

Билет №11

Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық 8 см.Егер линзадан кескінге дейінгі арақашықтық 6 см болса,линзаның фокусын тап.



Билет №12

Тік жоғары 30 м/с жылдамдықпен атылған массасы 50 г садақ жебесінің 2 с өткеннен кейінгі потенциалдық және кинетикалық энергиялары қандай?

Билет №13

Әрқайсысы массасы 100 кг тыныштықта тұрған шарлар бір-біріне 0,1 Н күшпен тартылса,онда олар қандай қашықтықта орналасқан?

Билет №14

Математикалық маятниктің периоды арқылы еркін түсу үдеуінің формуласын анықта.

Билет №15

Газ изобаралық ұлғаю процесінде 600 Дж жұмыс жасалды .Егер газ көлемі 0,2 м3 -ден 0,8 м3-ге дейін өзгерген болса,онда процесс қандай қысым кезінде жүргізілген.?

Билет №16

Еңіске қарай ұзындығы 100м жолды шаңғышы ,03 м/с2 үдеумен қозғала отырып,20 с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының бастапқы және соңғы жылдамдықтары қандай?

Билет №17

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасының көмегімен шырақтың координатасын анықта.

Билет №18

Керосинге батырылған көлемі 2*10*4м3 болат шарға әсер ететін архимед күшін тап (ρ=7800 кг/м3, g=9,8 Н/кг).

Билет №19

Жүктің массасы 20 кг. Ол 2м/с2 удеумен қозғалса, оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?

Билет №20

Сызғыш және суы бар мензурка арқылы берілген дененің массасы мен тығыздығын қалай анықтауға болады?

Билет №21

800 г дене лифтпен бірге тік жоғары 5 м/с2 үдеумен қозғалады.Дененің салмағын тап.

Билет №22

0,3 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 20т вагон жылдамдығы 0,2 м/с массасы 30т вагонды қуып жетті.Егер соқтығысу серпімсіз болса,онда соқтығысқаннан кейінгі олардың жылдамдығы қандай?

Билет №23

Билет №24

Дөнгелектің бұрыштық айналу жылдамдығы 8π рад/с болса,дөңгелектің айналу периоды және жиілігі қандай?

Билет №25





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал