- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Күш. Ньютонның екінші заңы
Сабақтың тақырыбы: Күш. Ньютонның екінші заңы
9-сынып.
§§11. 12. Күш. Ньютонның екінші заңы.
Сабақ мақсаты:
-
Денелердің өзарар әрекеттесуі туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, күш, күштердің түрлері, тең әрекетті күштер туралы түсінік алуға жағдай жасау.
-
Оқушыларды өз беттерімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
-
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
Берілетін сұрақтар:
-
Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
-
Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
-
Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
-
Қандай санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады?
ІІІ. Жаңа түсінік беру.
Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күш әрекетінен денелер Жерге құлайды. Дененің ауырлық күші әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды.
Серпімділік күші дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады.
Гук заңы: │Fc│=k∆ℓ
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады. Ол әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Үйкеліс күші екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке, үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты олады.
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.
│Fүйк.│=μN
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:
a=F/m
-динамиканың негізгі теңдеуі.
ІV. Пысықтау.
V. Есептер шығару.
9-жаттығу №1, №2. 10-жаттығу №3, №4
VІ. Үйге тапсырма. §§11;12. 9-жаттығу №3, №4, 10-жаттығу. №1; №2.