- Учителю
- 'Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия' + презентация
'Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия' + презентация
8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
Сабақ мақсаты:
-
Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік алуға жетелеу.
-
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.
-
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілігі: компьютер, видеомагнитафон, видеокассеталар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ.
Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Диффузия - бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.
Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).
Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
Броундық қозғалыс - сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.
ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.
-
Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.
-
Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.
-
Шыныға су тамызыңдар.
-
Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.
-
Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.
-
Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.
-
Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.
IV. Пысықтау.
-
Броундық қозғалыс дегеніміз не?
-
Броундық қозғалыстың себебі неде?
-
Диффузия құбылысы дегеніміз не?
-
Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма:§1.