7


  • Учителю
  • Открыйти урок по казахскому языку на тему Механикалық күштер

Открыйти урок по казахскому языку на тему Механикалық күштер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы

«Механикалық күштер »бөлімін қортындылау

мақсаты

Механикалық күштерді ашық түрде көрсетуді үйрету, механикалық күштер хөніндегі білім мен дағдыны физикада пайдалана білу.

өткізуші

Физика пәні мұғалімі:Ошанова Бағдагул Абуовна

Әдіс-тәсілдір

Блум таксономиясы, сұрақ-жауап, функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар.

Сабақ түрі

Қатармен,жұппен жұмыс

Өткізу уақыты

18.01.2016 ж



уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының әс-әрекеті

1

2 мин

Кіріспе сөз. Сабақ барысымен таныстыру. Оқушыларды сабаққа жақсы қатысуға баулу, ынталандыру.

Сабақ блун бойынша 6 кезеңмен өткізіледі, әрбір кезең өтілген сайын, жасырынған ұяшық ашылады, оқушылар нұсқаулықтың бір бөлігін алып отырады, осылайша барлық ұяшықтар ашылып болғаннан кейін белгілі бір өмірлік оқиғанын суреті шығады, яғни оқушылар сабақ бойы жинаған нұсқаулары бойынша әр түрлі жағдайлардағы қорғану алгоритмін жасап қорғайды. 1-топ: Ауырлық күші, (Мылтықтан атылған оқ біраз уақыттан кейн жерге құлайды ) себебі неде,

2-топ: Серпімділік күші,

( Пружинаны күшпен тартып жіберіп қалдым ол қайта өз қалпына келеді) себебі неде?

3-топ: Үикеліс күші,(оқушы көк тайғақта құлауды)себебі неде?

Оқушылар топтарға бөлінеді. Топ басшылары сайланады, оқушыларға жауап бланктері беріледі, топ басшылары әрбір кезең бойынша оқушыларды бағалап отырады. Топта отырған оқушылар бір-біріне қарап сәттілік тілейді.

2

3 мин

І. Үй тапсырмасын тексеру:

1-тапсырма: Ауырлық күшінің өрнегін жаз.

2-тапсырма:Серпімділік күшінің өрнегін жаз

3-тапсырма:Үйкеліс күшінің өрнегін жаз.

Оқушылар дәптерлеріне орындайды, жауаптарын салыстыра отырып тексеріп өздеріне ұпай қояды.

3

5 мин

Бірінші кезең тапсырмалары арқылы оқушылар өткен тақырыпты қортындылап кетеді.

І кезең-БІЛУ:

І қатарға тапсырма:

Ауырлық күші жөнінде түсінік беріп өту

  1. ІІ қатарға тапсырма:

Серпімділіккүші жөнінде түсінік беріп өту

ІІІ қатарға тапсырма:

  1. Үйкеліс күші жөнінде түсінік беріп өту





Топтар кезекпен өздеріне берілген тапсырмалар көлемінде тақырыпты аша отырып, жазған мағлұматтармен басқа топтармен бөліседі, осылайша өткен тақырыптарды қортындылайды.

4

7 мин

2 кезең тапсырмаларын орындау арқылы алған білімдерін тиянақтау мақсатында тәжірибе беріледі

ІІ кезең-ТҮСІНУ:

Әрбір қатарлардан бір оқушыдан шығып динамометир көмегімен күшті өлшеп көрсетеді.







Тәжірибе арқылы оқушылар кушті өлшеуді түсінеді,түсіндіреді.

5

7 мин

3 кезең тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар алған білімдерін қолданыс үстінде көрсетеді.3 топқа өз аттарына байланысты есеп беріледі.

ІІІ кезең-ҚОЛДАНУ:

Есептер шешу:

1-қатарға есеп: Массасы 2кг денеге Ай бетінде әрекет ететін ауырлық күшін табыңдар.

2-қатарға есеп:Болат серіппе 245Н күш әрекетінен 50мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықта.

3-қатарға есеп:Массасы 50кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?Үйкеліс коэффициенті 0,3 ке тең.

Арнайы берілген есептерді дәптерлеріне жазып көрсетеді.

Сол уақытта қатардан бір оқушы шығып өзінің массасы арқылы ауырлығын есептеп береді.

6

6 мин

4 кезең тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар алған білімдерін тиянақтай түседі.

ІV кезең-ТАЛДАУ:

І қатарға тапсырма:

Мәтін:Ауырлық күші

Сұрақ:«Сен допты теп ол ұшып барып жерге құлады ,оның себебі неде?

ІІ қатарға тапсырма:

Мәтіні:Серпімділік күші

Сұрақ: «Қолыңа темір сызғыш бердім оны кушпеп майыстырдың,ол қисайып қалды қандай құбылысқа негізделіп тұр?

ІІІ қатарға тапсырма:

Мәтіні:Үйкеліс күші

Сұрақ:«Сен судан балықты алдың,оны ұстап тұру өте қиын себебі неде?



</<font face="Times New Roman, serif">1-2-3 кезеңдерде алған білімдерін пайдалана отырып, талдау жасайды.Сұрақтың мағынасы өзіне берген күшке негіздеп мағынасын ашады.

7

5 мин

4 кезең тапсырмаларын орындау арқылы оқушылар алған білімдерін жинақтай және қорытындылай түседі.

V кезең-СИНТЕЗДЕУ:

Үш қатарға бірдей тест :

1.Бір-біріне соқтығысқан екі биллиарт шары...күшінің әрекетінен бір-бірінен тебіледі,ал сонан соң ...күшінің әрекетінен тоқтайды?

А) үйкеліс...ауырлық

В) серпімділік...үйкеліс

С) ауырлық...серпімділік

Д) үйкеліс...серпімділік

2.Балалар шананы тарту бағытымен 17Н және 19Н күшпен тартады.Кедергі күші 34Н.Осы күштердің теңәрекетті күші неге тең?

А) 36Н В) 2Н С) 5Н Д) 46Н

3.Дене бір-біріне тең,бірақ қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекетінен...?

А) домалайды В) бірқалыпты қозғалады

С) тыныштықта болады немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалады

Д) тыныштықта болады

4.Денеге әрекет ететін күш шамасы неге байланысты?

А) күш модуліне В) күш модулі мен оның бағытына

С) күш модулі мен оның бағытына және түсу нүктесіне

Д) күштің модулі мен түсу нүктесіне

5.Механикалық біз танысқан күш нешеу?

А) 1 В) 2

С) 3 Д) 4



Білімдерін жинақтау және анализ жасау кезінде оқушылар толықтыру үшін тест жұмыс жасайды.

8

7 мин

V1 кезең-БАҒАЛАУ

Мұғалім оқушылардан, яғни қатар басшыларынан қатар мұшелерін бағалауды сұрайды.



Арнай берілген бағалау бланкісі бойынша топ басшылары өзінің тобындағы оқушыларға ұпай санын санай отырып, бағаларын қойып шығады.

9

5 мин

Рефлексия

оқушылар сабақ бойы жинаған нұсқаулары бойынша әр түрлі жағдайлардағы қорғану алгоритмін жасап қорғайды.

Постерлер арқылы жағдаяттар кезіндегі қорғану алгоритмін қорғайды.

10



Қосымша материалдар, ресурстар

Ноутбук, бейнематериал №1, №2 есептер бойынша, флипчарт, маркерлер, стикерлер және т.б.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал