7


  • Учителю
  • Поурочный план по физике 'Жұмыс. ҚУат'

Поурочный план по физике 'Жұмыс. ҚУат'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. §51,52. Мақсаты Механикалық жұмыс және қуат туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, формулаларды қолданып есеп шығаруға дағдылану және өмірдегі маңызын ұғыну Күтілетін нәтижелер А) – ж
предварительный просмотр материала

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейі

Физика пәнінің мұғалімі

Бисенова Гулнур Мухитовна

7-сынып. Физика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы

Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. §51,52.

Мақсаты

Механикалық жұмыс және қуат туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, формулаларды қолданып есеп шығаруға дағдылану және өмірдегі маңызын ұғыну

Күтілетін нәтижелер

А) - жұмыс, қуат шамаларын біледі;

- шамалардың белгіленуін, формуласын, өлшем бірлігін біледі;

В) - формулаларды қолданып есеп шығара алады;

С) - Жұмыс, қуат және энергия есептерін өз бетінше және топта шығарып, талдап, тұжырымдарын келтіріп, баға береді.

Керекті жабдықтар

Оқулық, дәптер, компьютер, интер белсенді тақта, флипчарт, маркерлер, стикерлер.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру. Амандасу. Қиындыларды Топқа бөлу «Жұмыс», «Қуат», «Энергия».



Үй тапсырмасы:V- тарауды қайталау.

«Стикердегі диалог» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.

Оқушылар өздерінің таңдаған суреттері бойынша топтарға бөлінеді.



Әрбір оқушы диалог жазылған қағазды суырып, диалогтың жауабын табады.

Тұсаукесер

Ой қозғау сұрақтары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Жұмыс деген ұғымды жалпы қалай түсінесіздер?

Қуатқа қандай мысалдар келтіре аласыздар?





интернет сайттарынан алынған слайд - шоуларды көрсету.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін айтады.

Оқушылар слайд - шоуды көріп, жұмыс және қуат туралы жаңа мәлімет алады.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту үшін постер қорғауға беру. Ол үшін әр оқушының жеке оқуына уақыт беру және оқып болғаннан кейін әр топқа флипчарт, маркерлер, стикерлер тарату. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.



Постерді бағалау критерийлері:

  1. Тақырыптың толық ашылуы

  2. Безендірілуі

  3. Шығармашылығы

Ітопқа: 29-жаттығудың 1-есебі

ІІ топқа: 28-жаттығудың 1-есебі

ІІІ топқа: 28-жаттығудың 2-есебі

Топтар оқулықта берілген материал бойынша постер қорғайды және өмірмен байланыстырып өз ойларын да қосып бейнелейді. «Бағдаршам» арқылы өздерін бағалайды.

Құрып болған соң әр топ өз постерлерін топпен қорғайды және басқа топтар «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» айтады, сонымен қатар топ болып басқа топ пен өз топтарын постерге құрылған критериймен бағалап отырады.


Қорытынды

«Тақырыптық теннис» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар үштікке бөлінеді де, өзара 2 теннисші, судья болып бөлінеді. Сосын екі теннисші сөз айтып жарысады, ал судья бақылап, сөздерін жазып отырады.

Сабақ соңындағы рефлексия

«Өзін-өзі бақылау күнделігі»

Бақылау күнделігін толтырады.

Үйге тапсырма

Жұмыс пен қуаттың адам өміріндегі маңызы бойынша еркін шығармашылық жұмыс. Жаттығудың есептері.



1-қосымша. Стикердегі диалог



Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама




Сұйықтың немесе газдың қысымын өлшеуге арналған құрал



Қысымның формуласы

Қылтүтіктік құбылыстар



Қысым



Архимед заңы






Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығаратын сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.

Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал



Қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын құбылыстар



манометр






Ареометр



2-қосымша

Постерге критерий

Критерий

Дескриптор

Жетістік деңгейі

1топ

2топ

3топ

А Мазмұны

Тақырып мазмұны ашылмады

0

Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру керек

1

Тақырып мазмұны ашылды

2


В Безендірілуі

Суреттермен түсіндірілмеген

0

Сурет салған, бірақ тақырыпқа сай емес

1

Сурет, белгілер, жазбалар тақырыпты ашып, түсінікті салынған

2


С Баяндау

Ойды жеткізу тілі түсініксіз болды

0

Ойды жеткізе білді, бірақ ой қайталана берді, қыстырма сөз көп болды

1

Тақырыпты толық ашып баяндай алды, қосымша мәліметтер болды.

2



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал