- Учителю
- Қазақ әдебиеті «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Қазақ әдебиеті «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақ №11
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың тақырыбы: «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың мақсаты:
a) Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын , күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: флипчарт
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)Қазақ фильм" киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы
1953-54 жылдары
"Әдебиет және искусство" (қазіргі "Жұлдыз") журналының редакторы
1954-55жылдары
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы
1955-57 жылдары
Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы
1957-58 жылдары
Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы
1966 жылы
Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді