- Учителю
- Казахский язык 2 класс
Казахский язык 2 класс
Қостанай облысы
Рудный қаласы әкімдігінің
№ 19 орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Дадыбаева Фатима Бекназаровна
Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл және сөйлеу
Сөйлеудің адам өміріндегі маңызы мен оның қажеттілігі
Сабақтың мақсаты:
тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
Әңгіме-ертегі: «Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбір-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді. Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде көзден ғайып болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келіп, ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын далаға алып шықты. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді.
Пр.сұрақ:Үсен неге көзге көрінбейтін бала болып қалғысы келмеді?
1-жаттығу (сюжетті суретпен жұмыс)
Сөйлеседі
Хабар береді
ТІЛ АРҚЫЛЫ пікірлеседі
Білмегенін сұрайды
Кеңеседі
3-жаттығу (ауызша)
Адамдар сөйлесуді қашан бастаған?
Сөйлесу не үшін керек?
«Дүкенде» сюжетті ойын
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Шығармашылық тапсырма: ЫМ, ҚИМЫЛ АРҚЫЛЫ өз сыныбының жетістіктерін жеткізу
Үйге тапсырма:
Сөйлеу не үшін қажет? (ата-аналарынан сұхбат алу)
Сабақтың тақырыбы: Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік.
Ауызекі және жазба тілде сөйлеу туралы түсінік. Ауызекі сөйлеу ерекшеліктері. Дауыс күші, сазы - ауызекі сөйлеудің мәнерлеуші құралдары. Ауызекі сөйлеу кезіндегі дене қимылы және ым. Жазба тілде сөйлеудің ауызекі сөйлеуден өзгешілігі.
Алғыс айту. Танысу кезінде қолданылатын сөздер. Пікірталас кезіндегі сыпайылық: «меніңше, менің ойымша, солай деп ойлаймын» және т.б. сөздерді қоддану. Телефонмен әңгімелесу.
*Оқулықпен жұмыс: 9-10-11-жаттығу
12-жаттығу (дәптерге) ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Жұмбақты оқып, шешуін табу
13-14-15-жаттығу
Жауаптардың қайсысы дұрыс?
Сурет бойынша әңгіме құрау
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Телефонмен ауызша әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының емлесі. 16-19 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
У дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ У дыбысының емлесі. 16-19 жаттығу
А)У дыбысы бірде дауысты, бірде дауыссыз екенін білу
Ә)ТАПСЫРМАЛАР
*Жұмбақ , есіңе сақта! Жұмбақ, дауысты, дауыссыз, буын, үш жалқау
*Өлеңдегі көп нүктенің орнына у дыбысын қою, артығын тап, уылдырық сөзін талдау, мәтінге ат қою,
*Есіңде сақта! У дыбысын көп нүктенің орнына қою, құрамында у дауысты болатын заттың атауын тап, сөздерді топтастыру, мәтінді және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау
КІТАППЕН ЖҰМЫС:
16-жаттығу өлеңді көшіріп жазу
17-жаттығу Фигура түсіне қарай сөздерді топтастыру
18-жаттығу Ребусты шешу ЖЕКЕ ЖҰМЫС
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 19-жаттығу «Жайлауда» тақырыбына әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болуы. 20- 24 ж.
Сабақтың мақсаты: У дыбысының дауысты болуына назар аударту.
Сөз ішінен у дыбысын тауып, дауысты немесе дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.Ол сөздерді буынға бөле білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ У дыбысының дауысты болуы. 20- 24 ж.
А) 20-жаттығу (өлеңді оқып, у дыбысы бар сөздерді буынға бөлу)
Өздік жұмыс 21-жаттығу (өлеңді жатқа жазып, у дыбысын бар сөздердің астын сызу)
Ә)ЕСТЕ САҚТА!
Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сурет, керуен, улап-шулап, ушықты
Б) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА:
22-жаттығу (сөздерді мағынасына қарай топастыру)
ЗАТТЫҢ АТЫ: сусын, сауысқан, сатушы, бауыр, саумал,қурай
Заттың сыны: зәулім, тәуір,
Заттың саны:елу, елуінші
Қимыл атауы: қыдыру, келу, сапыру, кесу
23-жаттығу СӨЗДЕРДІ БУЫНҒА БӨЛІП ЖАЗУ
ЖАЙЛАУ, БАУЫР, ОТАУ, ЕЛЕУІШ, ТӘУЛІК, УАҚЫТ, УЫЛДЫРЫҚ,УЫЗДАЙ
Дәлелде:
У....дауыссыз, өйткені дауысты дыбыстан кейін келіп тұр
РЕБУСТЫ ШЕШУ
Туған жер
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Ережені оқу, у дыбысы бар сөздерді жазу
Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауыссыз болып айтылуы. 25-28ж.
Сабақтың мақсаты:
У дыбысының дауыссыз болуына назар аударту.
Сөз ішінен у дыбысын тауып, дауысты немесе дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.Ол сөздерді буынға бөлуге және сөздерді қатыстырып сөйлем құрай білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ
У дыбысының дауыссыз болып айтылуы. 25-28ж.
А) ЕСТЕ САҚТА!
*Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз болады: әуе, Зәуре, уақыт
*Дауыссыздан соң және сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: сурет, керуен, улап-шулап, ушықты
Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС
25-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, салыстыру) ЖАУЫН ЖАУДЫ.
Жауын алады. ------------- көзді қуантады
Жауын жауады.///////////// жаңбыр жауады
26-жаттығу (берілген сөздерге у әрпін қосып жазу)
Қу-қуу, жу-жуу, бу-буу, сау-сауу, жау-жауу
Б)ЖЕКЕ ЖҰМЫС
28-жаттығу
(у дыбысы бар сөдерді көшіріп жазып, дауысты у әрпінің астын бір рет, дауыссыз у әрпінің астын екі рет сызу)
СУЫР, ЖАЛПАҚТАУ, СУЫРДЫҢ, САРҒЫШТАУ,СУЫР, БАЛАУСА, АУЛАЙДЫ, СУЫРДЫҢ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 28-жаттығу (сөздерді қатстырып сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. 29-31 ж. Сөздік диктант№1
Сабақтың мақсаты:
У әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыру және сөз ішінен орнын таба білуді үйрету. Қатесіз, ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 27-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ
У әрпінің жазылуы. 29-31 ж. Сөздік диктант№1
А) Сөздік диктант №1 У әрпінің емлесі
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы
Тапсырмалар: 1)Сөздерді буынға бөліп жаз
2)Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.
3)Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.
Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС
29-жаттығу (өлеңді оқу, у дыбысы бар сөздерді табу)
30-жаттығу (сөздерді түсініп, у дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру)
ТУ, ТУРА, ШУДА, БУРА, ЖУАС, СУРЕТШІ, ОҚУШЫ, ШАШУ
32-жаттығу (ребусты шешіп, әңгіме құрау)
,, (аққу) қу ,, (сиыр) ыр ,,, (бұршақ) шақ
ҚУЫРШАҚ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 31-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)-14-бет
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. 33-38 ж.
Сабақтың мақсаты:
У әрпінің дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтау, сөздерді салыстыру. Сөздерге у әрпін қосып жазғандағы өзгерісті ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 31-жаттығу (суретші, шуда, жуас сөздерін қатыстырып, сөйлем құрау
ІІІ. Жаңа сабақ У әрпінің жазылуы. 33-38 ж.
А) 33-жаттығу (у әрпінің қандай дыбыстардың орнына жазылғанын түсіндіру)
ЖАЗУШЫ, СУ, ӨСУ, ЖУАН, ТУРА, ОҚУ, ЖУУ, АШУДАС, ОҚУШЫ
35-жаттығу (ребусты шешіп, сөйлем құрау)
СУСЫН
36-жаттығу (у дыбысының дауысты, дауыссыз екендігін дәлелдеу)
ДӘУІР, СУЛЫ, БАУЫР, САУЫСҚАН, САУЫСҚАН, ЕГЕУ, САТУШЫ.
37-жаттығу (әңгіме құрау)
ШИПАЛЫ СУСЫН
Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.Халық медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт халықтарында да емдік мақсатта қолданған.Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы тез сіңімді. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеуде айрықша жетістіктерге жетуге көмегі баршылық. Қымыздың осы қасиеттері белгілі болғаннан түрлі емдеу мекемелері оны дәрумен ретінде пайдалуға көшкен.
Қымыз. Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді.
Қымыз - қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады. әдетте сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі. Сақа бие - бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие. Құлын бие - құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие. Қысырақ бие - деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады.
Көктемде және шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады.Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады.
Қор дегеніміз - ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын арнайы сақталған сарқыны. Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды. Биені машинамен сауу жөніндегі бірінші тәжірибені 1957 жылы Москва түбіндегі "Мцыри" санаторийінде И. Аникин жүргізді.Биелерді машинамен сауу үшін ДА-ЗМ, АД-100 және ДДА-2 сауу аппараттарын пайдалануға болады.
Торсық пен саба сондай ыдыстар болып табылады.Торсық дегеніміз жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап. Терінің шел жағы ішіне қаратып тігіледі. Саба - пирамида сияқты, төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар сиымдылығы 100-150 литр тері қап. Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
...Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға - ем, сауға - қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, -
деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз - бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз - жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз - мол қордың үстіне сүт қышқылыарнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз - үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз - бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз - төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз - бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз - бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз - баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз - мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше
күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз - күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн
жиналады.
Кеңестік кезеңнің өзінде Қазақстанмен қоса Ресей және басқа да республикаларда қымызды науқас түрлеріне шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу-сауықтыру орындары болған екен.
Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол 1910 жылы Торғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін жақсартады. Қымыз - шипалы әрі жұғымды сусын. Сапы қымыз - дертке шипа, денеге күш.Қымыз - ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал - ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен. Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік, ағайын!
Шұбаттың емдік қасиеті
Күнде жейтін ас-ауқатымыз химиялық, синтетикалық жасанды дүниелерден жасалғалы бері адамзат денсаулығына зор қауіп төнді. Аллергия, псориаз, қант диабеті, холлецистит, гастрит т.б. көптеген дерттер ушығып шыға келді. Дерт атаулының өршу себептерінің бірі азық түлігіміздің ластануында болып отыр. Қазақ атамыз: «Асы саудың - дені сау» деп бекер айтпаған. Сондықтан да қазақтың денсаулығы мықты болсын десек, дүниеге аяқ қолы балғадай сау ұрпақ әкелеміз десек, асымызды адал қылып ішейік. Осы мәселені тағамдық рационымызға қазақтың ұлттық тағамдарын енгізу арқылы шешуге болады. Бүгін әрі сусын, әрі қорек, әрі шипа болып табылатын шұбатты әңгімемізге арқау етпекпіз. Қазақ үшін түйе - қасиетті мал. Төрт түліктің төресі атанған жануардың сүті - ем, еті - азық, жүні - киім. Нардың жүнін қазақ халқы аяққа таптамаған, тек кеудешелер мен жиделер, шекпендер мен көрпелер дайындаған. Қазіргі медицина түйе жүнінің де емдік қасиеті барын анықтады.Түйе сүті - қоректік заттарға өте бай сусын. Мәселен, қымыздың құнарлылығы 528 ккал болса, сиырдікі - 660 ккал, ал түйенікі - 911 ккалға тең. Бір литр шұбат адам ағзасының витаминдер мен микроэлементтерге деген тәуліктік қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. Шұбат ішкен адам күні бойы тоқ жүреді. Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Шармановтың айтуынша, түйе сүтінің созылмалы өкпе, бауыр ауруларын, холециститті, өт жолдарының қа-бынуын емдеудегі қасиеті клиникалық апробация арқылы дәлелденген. Сондай-ақ инфаркттың, ин¬сульттің алдын-алуда маңызы зор, қант диабетіне, қатерлі ісікке де шипасы бар. Табиғи шұбат өнімдері адамның есте сақтау қабілетін жоғарлатып, ми тамырларына сергектік пен демалыс береді. Құрамында А, В1, Д, Е, С дәрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді қажет ететін туберкулез ауруына да бірден бір шипа.Ұлттық сусынның дайындалу процесі де күрделі емес. Өйткені оны бір қорландырып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл- мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, газын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.
Ойсылқара түлегі сүтінің құрамында лактоферрин деген зат бар. Адам ағзасында да лактоферрин деген белок бар. Ол ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. Белоктың басты биологиялық қызметі темір иондарын байлайды және оны тасымалдайды. Ағзаға қандай да бір бактерия мен вирус келіп түссе, лактоферрин бірден оның көзін жоюға әрекет етеді. Лактоферрин сүттің құрамында болатындықтын жаңа туған сәбиді ана сүтімен қоректендірудің қандай маңызды екенін біле беріңіз. Медицинада лактоферрин белогының вирустарға қарсы белсенділігі жоғары екендігі анықталған. Оның герпес 1, цитомегаловирус, ВИЧ, гепатиттің С-түрі, хантавирус, ротавирус, полиовирустың бірінші түрі, аденовирус, респираторлық синцитиальді вирус, тышқанның лейкоз Френд вирусы тәрізді дерттерге қарсы әсері күшті. Вирустарды бактериялардан бөле-жара айтып отырған себебіміз, ХХІ ғасырдың медицинасы вирустық ауруларды емдеуде дәрменсіз. Әлемде вирустың көзін жоятын бірде бер препарат әлі дүниеге келген жоқ. Қазіргі дәрі-дәрмектер тек вирустың салдарын ғана емдейді. Ал шұбат сол вируспен күресе алады екен.Ауада батериялар мен вирустар толып жүр. Біздің ағзамыз олармен секунд сайын күресіп бағуда. Кедейдің ауруы саналатын туберкулезбен қазір ауқаттылар да науқастанып жатқан тұста, ағзамыздың ауруға қарсы иммундық жүйесін нығайту әрқайсымыз үшін қажет-ақ. Ендеше, денсаулығымызды нығайтуды ойласақ, шұбат ішуді әдетке айналдырайық.Шұбатты негiзiнен 14 күнге дейiн сақтауға болады. А оны ұзақ сақтау үшін Шымкенттік ғалымдар Академик Асылбек Баймұхановтың басқаруымен ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Дастанбек Баймұханов, ғылым кандидаты Мүсәтiллә Тоқанов және Болат Тоқанов таблетка түріндегі шұбатты шығарудың технологиясын ойлап тапты. Шұбаттың құрғақ ұнтағы үш жылға дейiн жарамды. Оның 1 таблеткасында 1,24 грамм шұбат бар. Мұндай өнiм ағзаның жұмыс қабiлетiн арттырып, ерлердiң әлеуетiн көтередi, әйелдердiң климаксы кезiнде көмегі зор. Ал, балалардың белсендi iс-қимылын арттырып, денсаулығын бiршама нығайта алады. Шұбаттың бiр таблеткасыбұл табиғи "биологиялық белсендi қоспа" секiлдi емдiк қасиетке ие. Сондай-ақ, Мүсәтiллә Тоқанов ол таблетканы маскүнемдікті емдеуге де қолдануға болатынын айтады. Шұбат таблеткасын "Химфарм-Santo" кәсіпорны шығарып жатыр. Шипалы шұбат өндiрiсiне Жапонияның, Еуроодақтың, АҚШ және Австралияның тауар өндiрушiлерi қазiрден бастап қызығушылық танытып жатыр. Егер мықтап айналысса, қазақтың емдiк қасиетi мол сусыны мемлекеттiк брендiге айналатын өнiм болуы да ғажап емес.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 34-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді
көшіріп жазу)
Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы. 39-41 ж.
Сабақтың мақсаты: У әрпінің дауысты немесе дауыссыз екендігін анықтау, сөздерді салыстыру. Сөздерге у әрпін қосып жазғандағы өзгерісті ұғындыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 34-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
ІІІ. Жаңа сабақ У әрпінің жазылуы. 39-41 ж.
А) Ы,І ӘРІПТЕРІНЕ АЯҚТАЛҒАН СӨЗДЕРГЕ У ӘРПІ ҚОСЫЛСА, Ы,І ӘРІПТЕРІ ТҮСІП ҚАЛАДЫ: оқы-оқу, тасы-тасу
38-жаттығу (сөздерді салыстыру)
39-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айту, сөздерді оқу, салыстыру, жазылуына назар аудару)
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім-бәрі де
Оқуменен табылған.
Оқу-оқы, тоқу-тоқы, шоқу-шоқы
40-жаттығу (у әрпін қосып жазу)
Жылы-жылу, торы-тоу, бекі-беку, телі-телу, жоры-жору, қоры-қору
41-жаттығу «Аққу-киелі құс»
Аққу-киелі құс.
Аққу- қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшілігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлық деген екі түрі кездеседі.
Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұшы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.
Құстарды қорғау - біздің міндетіміз.
Мақсаты: Оқушыларға киелі құс-аққу, оның түрлері,көбеюі, тыныс-тіршілігі тура лы мағлұмат беру.Жойылып бара жатқан аққулардың түрлерін сақтап қалу, оларды аялауға тәрбиелеу.Балаларды әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу. Балалардың әртістік , шығармашылық қабілетін дамыту,қоршаған ортаны қорғау.
Күй әуенінде : Ақ, қара, қызыл түстер... Сырттай қарасаңыз,үйлеспейтін үш бояуды бір бойына жинап ,айтса тіл жетпейтін ,көрсе көз тоймайтын жауһардың жауһары,асылдың асылына айналған құдіретті сұлулық бұл!
Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу
Қаңқылдап қанатымен сабалап су
Таранып қаранады жан-жағына
Сұлуды тасалама көк торғын бу !
Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасы - аққу кіршіксіз тазалықтың , қылаусыз да кінаратсыз пәктіктің символы.
Күн сәулесі күлімдейді. Баяу желмен тербелген
толқын үстінде кішкене мөлдір көзі жаудырай, ұзын мойнын алға созып
а йналаға кербез қарап жүзіп бара жатқан осы бір құстың адамның жан дүниесіне тартқан сыйына тіл безеп жеткізу мүмкін емес!
Абзал аққу-сағынышы дархан байтақ жерімнің
Ару аққу- ажарысың көк айдынды көлімнің
Сұлу мүсін теңдесі жоқ құс біткенің төресі
Аса қымбат біздер үшін сенің адал сенімің
Сұңқылдақ аққу Қазақстан жерінде ұялайды. Салмағы-7-13 кг, қанатының құлашы 1,5метр. Ерекше ұзын да әсем мойынын тік ұстайды. Сары тұмсығының ұшы қара түсті. Ол Қазақстанда ақпан- наурыздан қазан айының аяғына дейін болады.
Сыбырлақ аққу да Қазақстанда соның ішінде БҚО ның су қоймалары мен өзен көлдерінен көруге болады. Олар қалың қамыс арасына ұя салып, балапандарын өргізеді. Сыбырлақ аққудың сарғыш- қызыл тұмсығының түбінде қара буылтығы болады. Мойынын иіп тұмсығын суға бағыттап ұстайды.
Қара қудың отаны- Австралия. Ауада қалықтап бара жатқан қудың аппақ ашық түсті қауырсындары басқа қап қара дене аумағында айрықша көрінеді. Кезінде түрік сұлтандары қара қуларды сарай хауыздарында сәндікке бәсекеге ұстаған.
Аққу- қаздар -ежелгі түріктер мен қазақтардың төтемі болған. Аққуды- олар "қу" деп атайды. Алтай түріктері қумандардың атамекені қумания деп атаған. Өзінің этникалық атау сақтаған алтайлықтар қу өзені бойында әліде өмір сүреді.
Аққулар 3-9жұмыртқа табады. 38-45күнде балапан өргізеді. Ұясының ені 2метрге жетеді. Жұмыртқа шайқайтын -аналығы. Бұл кезде аталығының жарғақ құлағы жастыққа тимей жұбайына жем тасумен болады. Аққудың дене қызуы -41-42 0 градус, ал жүрек соғысы 260-300 болады
Құс жұмыртқасының жауы- жылан. Ол жұмыртқаны көрсе бітеу жұтады, таңдамайды, талғамайды, халық арасында "жылан екеш жыланға дейін аққудың жұмыртқасына тимейді екен" дейді. Бірақ шындығына келсек аққу жұмыртқасы өте үлкен болғандықтан, жылан оны жұта алмайды.
Аққудың балапанын- көгілдір деп атайды. Анасындай аппақ болмасада көгілдірдің көркемдігі көз тоярдай ерекше. Тіпті өспей ақ осы қалпында тұра берсе деген ой еріксіз есіңе түседі. «Бесік баласы бес түлейді» деген мақалға сай, олда 3-4 түлеп барып, шын аққуға айналады.Көгілдір 4-жасқа дейін ата анасының жанында жүреді.
Халық өлеңдері:
Айналайын, қарағым кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай,
деген өлең жолдары аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
«Жалғыз аққу» әні тыңдалынады (оқушы орындауында)
Төрт жасында аққу толысып ,иір мойын ,қызыл аяқ,пісте мұрын,сүмбіл қанатты нағыз құс төресіне айналғанда аталық аналық болып жұп құрады.Аталық аққуды - «саһар» деп аталады.
Аққулар жұп құрғанда өзге құстардай «бірде барсың, бірде жоқ жүрген емессің» ұстанымен емес, өле-өлгенше бір-біріне серік болуға уағда беретін көрінеді.
Аналық аққуды атасы ұзатады екен де, аталық аққуды анасы әкеліп қосады екен.Кәдімгі құда түсіп, қыз ұзатқандай салтанат- мереке .Сол күннен бастап ,олардың жұптары жазылмайды.
Аққулар күндіз бірге жайылады, бірге серуендейді, түнде біріне бірі сүйеніп ұйықтайды.Бұл кезде салмақтары 15-20 кг-ға дейін ,қанат қарымы 2метрге жетеді.
Аққу -жыл құсы. Жылы жаққа қайтқанда олар өздеріне сайлап алған топ бастаушысы- көсемге еріп 8,500-9000 метр биіктікке дейін көтеріліп,сағатына 90-100 км жылдамдықпен ұшады. Аққулар 30-40жыл өмір сүреді.
Аталығы мен аналығын ажырату қиын. Жалғыз айырмашылығы-көктемде аталығының тұмсық үстіндегі қара дағы ұлғайып алыстан айбат шеккендей анық көрінеді.
Аққулар өте тату құс. Басқа құстардай бажылдасып, шақ-шақ етіп ұрсысып,шоқысып ,төбелесіп, сабаласып қалу бұларға жат. Үндемейді, үнсіз түсініседі. Сұлулығы адамдарды ғана емес, өзге қанаттыларды да таңқалдыратын секілді.
Жанынан қос аққу өтіп бара жатқанда үйрек қаздар шетке ысырылып жол береді. Мұны әдемілікке табыну дейсіз бе , жоқ, әлде, алып құстан қаймығу дейсіз бе патша көңіліңіз білсін!
Мойнын судан көтеріп, қанатын сәл ғана көтеріп қомдай бастаған тұсы -аққу біткеннің ең әсем кезі!. Мұны көруге көз керек. Екі аққу бірін-бірі үнсіз түсініп, қатар жүзіп келе жатқанда құс атаулының арасында да көп некелілері болатынын ойлаудың өзі обал сияқты.
Аққулар туралы ән де, жыр да, күй де жеткілікті.Чайковскийдің «Аққу көлі», М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Н .Тілендиевтің « Аққу» атты күйі аққуға деген адамдардың сүйіспеншілігінен туған.
Неткен құдірет! Ғажайып жыр! Ақынның арманы орындалды! Өзі өлгенімен поэзия көгінде , жыр дариясында аяулы ақынның аппақ аққу , ақ қанат құстары қалықтай самғап жүр!
Мұқағали ағамыздың талантына бас иген ұлы адамдардың бірі - Нұрғиса Тілендиев.
Жүзе берсін ару құстар табиғаттан сыр ұғып ,
Келбетімен тартып жүр жанға жайлы жылылық.
Туған өлке табиғаты аң-құсымен ажарлы
аққуларды аялау ,адам үшін аса заңғар ұлылық!
Татулықты паш етіп жүр аққу құсым-аруым,
Халқым оған оқ атпаған ,кеземеген қаруын.
Аққу келсе сағынып туған жеріне,
Жас балаша қуанған күллі аймақ, ауылым.
Аққу атқан қатыгезді халқым мүлде сүймеген
Аққу ойлап, мұңлы-зарлы күйге енем.
Тыныштығы бұзылмасын ,жазылмасын жұптары
Тазалықты , сыйластықты аққулардан үйренем,"- деп ақын жырлағандай , аққулардай сыйластық ,достастықтарың кіршіксіз таза болсын дегім келеді!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 40-жаттығу (у әрпін қосып жазу)
Жылы-жылу, торы-тоу, бекі-беку, телі-телу, жоры-жору, қоры-қору
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Жайлауда»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыпты қайталап пысықтау. Сөз ішіндегі у дыбыстары дауысты және дауыссыз екендігін ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Өткен сабақты қайталау
А)Суреттер бойынша әңгімелету
Ә) МӘТІНДІ ОҚЫП, МАЗМҰНЫН ӘҢГІМЕЛЕТУ
Бақылау диктанты №1
Жайлауда
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық.
Тапсырмалар:
1)Сөз ішінде у дыбысы дауысты және дауыссыз дыбыс болатын сөздер жаз.
2)Сөздерді буынға бөліп жаз
Жайлау, уылдырық, бауыр, қауын, аула
Б) ЖҰМБАҚТАР ҚҰРАСТЫРУ
Қой, жаңбыр
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: И,й әріптерінің жазылуы 42- 46 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
И,й әріптерінің жазылуын ұғындыру. Сөз ішіндегі и,й әріптерінің дауысты, дауыссыз екендігін білуге үйрету. Ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Бақылау диктантына қатемен жұмыс
ІІ. Жаңа сабақ И,й әріптерінің жазылуы 42- 46 жаттығу
КӨРКЕМ ЖАЗУ
Ии
й
тиін
айна
42-жаттығу (суретке қарап заттардың атын жазу)ЖЕКЕ ЖҰМЫС
Киік, сиыр, тиін, инелік
43-жаттығу (сөздерді буынға бөліп жазу)
Жи-ыр-ма, жи-на-лыс,и-не, би-ік, ки-ік,жи-ек
ЕРЕЖЕ: И дыбысының алдында ы,і естілгенімен, олар жазылмайды: киік, сирек
44-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, и әрпі бар сөздерді тауып астын сызу)
Ие керек итке,
Ине керек жіпке,
Иба керек қызға
Иық керек жиекке
46-жаттығу (топпен жұмыс)
Ит
Ирек
Ибалы
Инелік
Итмұрын
Инабатты
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 45-жаттығу
(Диірмен, жиек, тәрбиеші сөздерін қатыстырып сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: И,й әріптерінің жазылуы 47- 51 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
И,й әріптерінің жазылуын ұғындыру. Сөз ішіндегі и,й әріптерінің дауысты, дауыссыз екендігін білуге үйрету. Ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
45-жаттығу
(Диірмен, жиек, тәрбиеші сөздерін қатыстырып сөйлем құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ И,й әріптерінің жазылуы 47- 51 жаттығу
инелік
инабатты
47-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, и,й әріптері бар сөздерді табу)
Тырналар
Ассаңдар да талай белден
Ұшсаңдар да тым биік,-
Біздің елдей қарсы алды кім,
Қарсы алдыңнан күн күліп?!
Қазақтың кең даласындай
Дала қандай бар елде?
Жер жәннатын дәл осындай
Көрдіңдер ме әлемде?!
И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс. И әрпі сөз басында және дауыссыздан соң жазылады: жиек, би, ит, Иса. Й әрпі дауыстыдан кейін жазылады: мойын, мейіз, ай, қайыс.
48-жаттығу (жатқа жазу, и әрпінің астын бір, й әрпінің астын екі рет сызу)
Ай, ай Айдарбай,
Иір мүйіз сиырыңды
Үйіңе айдай бар.
*Иір мүйіз деген не?
49-жат (көп нүктенің орнына тиістісін қойып, жұмбақтың шешуін табу)
Ине бел, қылқа мойын қара батыр,
Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа)
Жүз төрт түйме,
О бір ине (есепшот)
50-жаттығу ӨЗДІК ЖҰМЫС И,й әріптері бар сөздерге мысал келтіру, дәлелдеу
ИНЕ И-дауысты, себебі....
Айна Й-дауыссы, себебі,,,,,,
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 51-жаттығу ТИІНДЕР (әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Сый , тый сөздерінің жазылуы 52- 56 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Сый , тый сөздерінің жазылуына мән беру. Сол сөздерді есте сақтау, ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырасын тексеру
51-жаттығу ТИІНДЕР (әңгіме құрау)
ІІІ. Жаңа сабақ Сый , тый сөздерінің жазылуы 52- 56 жаттығу
52-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған оқып, түсіндіру)
Сыйға-сый
Ара тынбайды,
Ұшып, зырлайды.
Шарлап қырларға,
Шырын жинайды.
Гүлдер өсірсең,
Балғын сыйлайды.
*ЕРЕЖЕ. Сый, тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жалғанады: сый, сыйлық; тый, тыйым.
53-жаттығу (сөздерді көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау)
СЫЙ, СЫЙЛЫҚ, СЫЙЛЫ.
СЫЙ,
ТЫЙ, ТЫЙЫМ, ТЫЙЫМДЫ.
54-жаттығу (берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)
55-жаттығу (көп нүктенің орнына и, ый -дың тиістісін қойып көшіріп жазу)
ОЛ МАҒАН КІТАП СЫЙЛАДЫ. СИЫР ӨРІСТЕН ҚАЙТТЫ. МҰРАТ ДОМБЫРАҒА ТИЕК ЖАСАДЫ. АТАМ ҚАНАТҚА ЖАМАН СӨЗ АЙТУҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 56-жаттығу «Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар 57-59 ж.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндерді оқып, өз сөздерімен әңгімелеп, мазмұнын айтуға үйрету.
Өз ойын ашық жаза білуге, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
56-жаттығу «Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ Жаттығулар 57-59 ж.
А) 57-жаттығу (әңгімені түсініп, мәнерлеп оқу)
Әжем екеуміз аялдамаға келдік. Көп ұзамай автобус келіп тоқтады. Біз алдыңғы есіктен ішке кірдік. Автобус іші лық толы адам. Бос орын жоқ.
-Мұнда отырыңыз,-деп, мен шамалас бір бала орын ұсынды.
-Рақмет, айналайын,-деді әжем риза болып.
-Әже, рақметті не үшін айттыңыз?
-Үлкенді сыйлағаны үшін. Сен де сондай кішіпейіл бол. Кішіпейілділік-адамгершіліктің белгісі.
58-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқу)
Апаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, тәттісін
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
*Диалогті оқып, сен болсаң алғысты қалай айтар едің?
-Әже, сөмкеңізді маған беріңіз, мен көтерейін.
-Рақмет, қарағым! Көп жаса!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 59-жаттығу-22 бет
Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
Я әрпінің жазылуын түсіндіру. Сөз ішіндегі я әрпінің жазылуына көңіл аударту. Я әрпінің қандай дыбыстардың орнына жазылатынын есте сақтату.
Ұқыпты жазуға дағдыландыру
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
59-жаттығу-22 бет
ІІІ. Жаңа сабақ Я әрпінің жазылуы
60-жаттығу (сөздерді топтау, осы топқа жатпайтын сөзді тауып, түсіндіру)
І.Әріпі де дыбысы бірдей сөздер:
Қаз, аққу, қарлығаш, бүркіт
ІІ. Әріпі мен дыбысы бірдей емес сөздер: қоян
ҚОЯН-4 әріп, 5 дыбыс
61-жаттығу (жұмбақты оқып, шешуін табу )
Тал басында түндіксіз отау (ұя)
*ереже: СӨЗДЕ ЙА ДЫБЫСТАРЫ ЕСТІЛГЕНІМЕН, ЖАЗУДА ОЛАРДЫҢ ОРНЫНА Я ӘРПІ ЖАЗЫЛАДЫ: мая, сая, таяқ
62-жаттығу (мақалды жатқа жазу)
Әдептілік, ар-ұят-
Адамдықтың белгісі.
*63-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)
ТАҚИЯ, ҚАРИЯ
Тақия-жеңіл бас киім. Қартайған ата-әжені қария дейді.
65-жаттығу (сөздерді пайдаланып жағдаяттан шығып көр!)
ТАЯУ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН
Мектепте қашықтыққа жүгіруден жарыс өтті. Жарыс кезінде досың аяғын ауыртып, жүгіре алмай қалды. Сен не істейсің?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 64-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)24-бет
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №1 «Күзгі орманның көріністері»
Сабақтың мақсаты:
Мәтінді мәнерлеп оқу, түсінгенін өз сөздерімен әңгімелеп айтуға жаттықтыру. Сұраққа толық әрі сауатты жауап жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Қайталау сабағы
Күз мезгілін әңгімелету
Мәтінді мәнерлеп оқыту, түсінгендерін сұрау.
Мазмұндама №1
Күзгі орманның көріністері
Мен орман ішін аралап жүрмін. Төңірегіме тесіле қараймын. Бұл не ғажап! Орман мүлде өзгерген. Жаздағы жап-жасыл түсі сұп-сұр бола қалған. Тек шырша мен қарағай ғана жазғы өңін өзгерте қоймаған.
Аяқ астына қарай қалсам, жерге сары кілем төселген секілді. Жер жүруге ыңғайлы, жұп-жұмсақ. Әр жерден ағараңдап қайың көрініп қалады. Бірақ ол жапырақсыз. Оның қалың бұтақтарының арасынан көгілдір аспан көрініп тұр. Ағаштардың бұтақтары желдің ығына қарай теңселіп, қозғала түседі.
Е. Сыздықова
Сұрақтары:
1. Орманнан қандай өзгерістер байқалды?
2. Қандай ағаштар түсін өзгертпейді?
3. Жер бетін неге теңейді?
4. Ағаш бұтақтары қандай?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: Өткенді қайталау.
Сабақтың тақырыбы: Сөздегі и әрпінен соң жазылуы. 66-70 ж.
Сабақтың мақсаты:
Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайтынын түсіндіру. Я әрпінің емлесін есте сақтап, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
64-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)24-бет
Балалар саяхатқа шықты. Олар жалғыз аяқ жолмен жүрді. Әсел ерте оянды. Ол киімдерін кеште даярлап қояды. Аян бояумен сурет салады.
ІІІ. Жаңа сабақ Сөздегі и әрпінен соң жазылуы. 66-70 ж.
66-жаттығу (өлеңді көшіріп жазып, я әрпі бар сөздердің астын сызу)
Менің інім-Бақтияр,
Болса өзіңде ықтияр.
Қызыл қарбыз тұрғанда,
Жемес еді көк қияр.
*Ереже: СӨЗДЕГІ И ӘРПІНЕН СОҢ А ЖАЗЫЛМАЙДЫ, Я ЖАЗЫЛАДЫ: мия, тақия, Ғалия
67-жаттығу (мақалды оқып, жатқа жазу)
Адалдан зиян жоқ,
Арамда иман жоқ.
68-жаттығу (Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазып, себебін түсіндіру)
Пияз, Ұрқия, сия, Дария, қария, зиян.
69-жаттығу (Жасырынған сөздерді табу)
Шаян, тұяқ, мая, баяу, ұя
Шаян- 4 әріп, 5 дыбыс
Тұяқ-4 әріп, 5 дыбыс
Мая-3 әріп, 4 дыбыс
Баяу-4 әріп, 5 дыбыс
Ұя-2 әріп, 3 дыбыс
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 70-жаттығу 26-бет (тірек сөздерді қатыстырып, әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы 71-76-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Ю әрпінің жазылу емлесін есте ұстап, үнемі пысықтап отыру. Дыбыстық талдау кезіндегі айырмашылықтарды есте ұстау. Ұқыпты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
70-жаттығу 26-бет (тірек сөздерді қатыстырып, әңгіме құрау)
ӘНУАР, ҰЯ, ҚҰСТАР, ҚАМҚОРЛЫҚ, ЖАСАДЫ, ӘКЕМ, ШАШТЫ
ІІІ.Жаңа сабақ Ю әрпінің жазылуы 71-76-жаттығу
71-жаттығу (суретпен жұмыс)
Аю ю
Ою
72-жаттығу (өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөзді табу)
Ұлу озды елікпен жарысқанда,
Тышқан жеңді аюмен алысқанда.
АЮ- 2 әріп, 3 дыбыс
Ю=й+у
*Ереже: СӨЗДЕ, ЙУ ДЫБЫСТАРЫ ЕСТІЛГЕНМЕН, ЖАЗУДА ОЛАРДЫҢ ОРНЫНА Ю ӘРПІ ЖАЗЫЛАДЫ: аю, көркею
73-жаттығу (өлеңді жатқа жазу)
Тәтті балға тоюды
Ойлап аю,
Омартаны ториды.
74-жаттығу (сөздерге у дыбысы қосылғанда олар қалай жазылады)
Күшей+у=күшею
Азай+у=азаю
Молай+у=молаю
Той+у=тою
Көркей+у=көркею
Тыңай+у=тыңаю
75-жаттығу (көп нүктенің орнына йу, ю әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жазу)
ҮЛКЕЮ, ШАЛҚАЮ, ЕСЕЮ, САРҒАЮ, ҚОЮ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 76-жаттығу 28-бет (ребусты шешіп, әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №2 «Ақ аю»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптарды қайталап, пысықтау. Ю дыбысының жазылу ерекшелігін есте сақтау. Ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы
А)суреттермен жұмыс
Ә)жұмбақ шешу
Б)Ақ аю туралы мәлімет беру
Ақ аю (лат. Ursus maritimus) - аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі; кейде Thalarctos туысына жатқызады. Дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг. Жүні ақ, кейде сұрғылт, қалын. Білезіктері және табаны жүнмен қапталған. Арктика фаунасы: Солтүстік мұзды мұхитының жағалауларында және суда жүзіп жүрген мұздарды паналайды. Жақсы жүзіп сүңгиді. Негізгі қорегі итбалықтар. Төменгі температураға бейімделген (тері асты майы жануар салмағының 40% жетеді). Қоңжықтары екі жылда бір рет желтоксан-сәуірде туады аналықтары коңжыктарымен апаннан шығып еркін өмір сүреді. Қоңжықтары аналарымен бірге бір жарым жыл болады. Ақ аю терісі мен етін пайдаланады. ТМД 1956 жылдан бастап аулауға тиым салынған. 1976 жылы ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілді. Әр түрлі деректер бойынша ақ аю саны 10-20-ТМД-да 5-6 мың.
***Қызықты мәліметтер
Бұл аюлар күніне 25 кг астам ет жей алады. Аюдың кейбір өнімдері халықтық медицинасында қолданылады. Аюдың етін кептіріп алып, суға аздап езіп ішкізсе, адамның көптеген ауруларына дауа деп есептеледі. Мұндай ем түрі ыстықты түсіреді, жараны тез жазады, кокжөтелге, шиқан, сыздауық шыққанға, бала денесіне шыққан бөртпеге және сары ауруға қарсы ем ретінде саналады. Мәлімет берушілердің айтуына қарағанда, Аю етін асқазан қыжылдау, кекіру сияқты ауруларға қарсы ем ретінде де қолданылады. Оны кебірек жесе денені қыздырып, қан қысымын көтереді. Аюдың қыртыс майын боршалап, жел-қүздан болған буын ауруына, саусақтардың арасына шыққан қиғаққа (теміреткі тәрізді) қыздырып тартады. Ұйқысы қашып жүрген адам иленген теріні жамылып жатса тыныштанады. Аю терісінің үстіне бір ұйықтап тұрса ұйқысы Аюдікіндей болады деп ырымдайды.[2]
В)Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ұғындыру
Қиын сөздерді оқып, талдау, тақтаға жазу
Ақ аю
Ақ аю - Африка тұрғыны. Жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аңның бірі. Ол жақсы жүзеді және сүңгиді. Оның терісінің астында қалың майы, қалың да тығыз жүні суықтан жақсы қорғайды. Балық аулайды, жемістерді де жақсы көреді. (33 сөз)
Тапсырма.
Аю сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері 82-86-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды дауыссыз дыбыстардың түрлерімен таныстыру, мәтінді түсініп оқуға, дыбыстарды ажырата білуге үйрету; оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа ынта-ықыласын арттыру; оқушыларды жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, сауатты көркем жазуға, зейінді, ұқыпты болуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту сәті, ребус шешу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
- зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді пысықтау.
Ю әрпінің жазылуы.
қосарлы дауысты дыбыс
Ю Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады: еңкею, ою.
Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенімен, ю әрпі жазылады: кию, қию.
Сөзжұмбақ шешу.
Көлденеңінен:
1. Ертеңгілік жаттығудан кейін, денені дымқыл сүлгімен сүртіп, салқын суды (құю) керек.
2. Ертемен тұрғанда, төсек-орынды (жию) керек.
Тігінен:
3. Кешкілікте аяқ киіміңді тазалап (қою) керек.
4. Отанды (сүю) керек.
ІІІ.Жаңа сабақ
Сұрақ-жауап:
- Қазақ тілінде неше дыбыс, неше әріп бар? (40 дыбыс, 42 әріп)
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты және дауыссыз)
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан және жіңішке)
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)
Бүгінгі сабағымызда «Дауыссыз дыбыстардың түрлерімен» танысамыз. (түсіндіру)
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстарда дауыс болмайды, олар үн мен салдырдан немесе тек салдырдан тұрады.
Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.
Дауысты дыбыстан кейін айтылғанда, у дыбысы дауыссыз болып келеді: бауыр, ауыр, жауын, әуре т. б. Дауысты дыбыстар буын кұрайды да, дауыссыз дыбыстар өз беттерімен буын құрай алмайды. Сондықтан сөзде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Берілген сөздер буынға былай бөлінеді: ба-уыр, а-уыр, жа-уын, әу-ре. Бұл сөздердегі у буын кұрай алмай тұр.Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді.
Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ. Қатаң дауыссыздарда ешбір үн болмайды тек салдырдан тұрады.
Ұяң дауыссыз: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ұяң дауыссыздарда үн аз болады да, салдыр басым болады.
Үнді (сонор) дауыссыздар: р, л, м, н, ң, й, у. Үнді дауыссыздарда үн басым болса да, салдыр аз болып келеді.
(АУЫЗША)Құстардың атын көшіріп жазу. Дауыссыз дыбыстардың астын сызу.
Тырна, қырғауыл, бүркіт, бөдене, сұңқар, шүрегей, тауық, сауысқан.
. Мәтінді түсініп оқу Ұя.
Ұя - құстың жұмыртқалап, балапан басатын орны. Ұяның түрі көп. Әр құс ұясын өзінше салады. Қарға ұясын ұсақ бұтақтардан жасайды. Қарлығаш ұясын саз және шөп-шаламмен тұрғызады. Ал аққу еш уақытта ыстық жерде ұя тұрғызбайды.
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды бөлінуіне қарай топтап жазу.
Қатаң: п, т.
Ұяң: б, ж, д, ғ, з.
Үнді: л, н, й, р.
Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу.
1. Балапанын басатын басқа құс,
Бар сондай қасқа құс. (көкек)
2. Күндіз соқыр не деген,
Түнде қандай көреген. (үкі)
3. Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
4. Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы. (бұлбұл)
Өлеңді мәнерлеп оқу. Аққулар.
Әй, аққулар, аққулар,
Күз алыс па, жуық па?
Неге қанат қақтыңдар,
Көлдің суы суық па?
Тапсырма: Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Аққулар-үш буын, жеті әріп, жеті дыбыс.
а-дауысты, жуан;
қ-дауыссыз, қатаң;
қ-дауыссыз, қатаң;
у-дауысты, жуан;
л-дауыссыз, үнді;
а-дауысты; жуан;
р-дауыссыз, үнді.
қанат-екі буын, бес әріп, бес дыбыс.
қ-дауыссыз, қатаң;
а-дауысты; жуан;
н-дауыссыз, үнді;
а-дауысты; жуан;
т-дауыссыз, қатаң.
суық-екі буын, төрт әріп, төрт дыбыс.
с-дауыссыз, қатаң;
у-дауысты; жуан;
ы-дауысты; жуан;
қ-дауыссыз, қатаң.
Ой қозғау.
- Күзде құстардың тіршілігіндегі қандай өзгерістер болады?
Жыл құстарын ата.
Өз бетімен жұмыс.
83-жаттығу Жаңылтпашты жатқа айту.
Ақ қыс, қағаз, аққу ақ,
Ақ тіс, ақ бу, ақ бұлақ.
Аппақ дейін, ақ дейін,
Ақ емес, бірақ ақтиін.
ІV. Сабақты қорытындылау. 85-жаттығу (сөздерге дыбыстық талдау жасау)
Ребус шешу.
Сандарды өсу ретімен қойып, жасырынған сөйлемді оқу.
1------ 8 ------5 -----7 ------4 ------6 -----2 -----3
Құс -йық! -қор --ла ----қам ---бо ---тар ---ға
«Құстарға қамқор болайық!»
V. Үйге тапсырма. 84-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме қүрау)
VІ. Бағалау.
Құс атауларымен мадақтап, бағалау.
Аққудай-пәк бол, қарлығаштай-адал бол, бұлбұлдай сайрап жүр, бүркіттей алғыр бол.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п 87-91-жаттығу
Көшіру диктанты №1 «Күзгі дала»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, ол ұяң б - ға айналатынын үйрету, тапсырмалар беру арқылы меңгерту. Сөздік қорларын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар арқылы жан - жақты ойланып, алған білімдерін саналы түрде қолдана білу әрекетін жетілдіру; логикалық ой - өрісін дамыту. Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік, жеке, топтық жұмыс -
тар, талдау - жинақтау.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер, білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. . а/ Жаттығуды оқыту. ә/ Сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасату. б/ Өткенді қорыту.
ІІІ.Жаңа сабақ
а/ Топпен жұмыс. Ауызша тест: «Иә, жоқ»
1. Дауысты дыбыс 15. /иә/
2. Дауыссыз дыбыс 10. /жоқ/
3. Б дыбысы дауысты. /жоқ/
4. Дауыссыз дыбыс 2 - ге бөлінеді. /жоқ/
5. Дауысты дыбыс созылып айтылады. /иә/
6. Б дыбысы қатаң. /жоқ/
7. Б дыбысы дауыссыз, ұяң. /иә/
8. П дыбысы ұяң. /жоқ/
9. П дыбысы дауыссыз, қатаң. /иә/
10. Б, П дыбыстары дауыссыз. /иә/
ә/ Мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - дауыссыз б мен п - ның айтылуы мен дұрыс жазылуының ережесін тапсырмалар орындай отырып меңгеру.
IV. Жаңа сабақ.
1. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу: Бб Пп
2. Оқулықпен жұмыс.
87 - жаттығу. Т. Молдағалиев. «Күзгі дала»
Өлеңді мәнерлеп оқиды, п әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, астын сызады. Б мен п дауыссыздардың қай тобына жататынын анықтайды.
Демалып, үлестіріп, алып, сыйлап, шелектеп.
♦ Ереже. Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: кітап, мектеп, доп.
- Күзгі еңбек түрлерін ата.
- Күз мезгілінің өзге мезгілдерден айырмашылығын айт. /Күн суыта бастайды, жапырақтар сарғаяды, жаңбыр жиі жауады, егін піседі, мал семіреді/.
- Күз туралы басқа қандай өлеңдер оқыдық? /Күз. Ұнатам күзді мен/.
Ақпараттық ізденіс.
88 - жаттығу.
Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып сөздерді көшіріп жазады.
Әде..., тала..., жі..., шө..., қора....
Ой қорыту: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.
3. Сергіту сәті.
4. Тақтамен жұмыс.
89 - жаттығу. Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге байланысты сөйлем құрастырып жазады.
Шешуі: Талапты.
90 - жаттығу.
Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін қалай оқуға болатындығын түсіндіреді.
Ой қорыту: Штаб, клуб сөздерінің сөздерінің соңында б әрпі жазылады.
Тірек сызбамен жұмыс. «Сызбаны сөйлет»
1 - топ. Дыбыс
2 - топ. Дауысты дыбыс
3 - топ. Дауыссыз дыбыс
V. Сабақты бекіту:
Үлестірмемен жұмыс.
1. Мына сөздерге б, п әріптерінің тиістісін жаз.
Мекте..., до... ым, кіта..., шта..., тала..., клу....
2. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Тағамды асық...ай жайла... іш. Ұртыңды толтыры... алы... сөйлеме.
VI. Сабақты қорыту: - Бүгін не үйрендік? Не білдік?
VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру: 91 - жаттығу. «Мектепте» тақырыбына әңгіме құра.
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу 92-96
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, ол ұяң б - ға айналатынын үйрету, тапсырмалар беру арқылы меңгерту. Сөздік қорларын, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін дамыту; шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар арқылы жан - жақты ойланып, алған білімдерін саналы түрде қолдана білу әрекетін жетілдіру; логикалық ой - өрісін дамыту. Шапшаңдыққа, уақытпен жұмыс жасай білуге, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 91-жаттығу (Мұғалім, мектеп, оқу, талап, кітап) тірек сөздерін пайдаланып, « Мектепте» тақырыбына әңгіме құра.
Мектепте.
ІІІ. Жаңа сабақ Жаттығу 92-96
92-жаттығу (сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздерге назар аудару)
Мен кітапханадан кітап алып оқимын. Алған кітабымды таза ұстаймын. Бүгін әкем маған доп сыйлады. Менің добым өте әдемі.
Кітап-кітабымды
Доп-добым
**ЕРЕЖЕ П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: КІТАП-КІТАБЫ, ТАЛАП-ТАЛАБЫ
93-жаттығу (берілген сөздерге ы,і әріптерінің тиістісін қосып жазу, п-ның өзгеру себебін түсіндіру)
Мектеп-мектебі, тәртіп-тәртібі, қолғап-қолғабы, топ-тобы, шөп-шөбі, талап-талабы, көп-көбі
94-жаттығу (сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)
Тәртіп, топ, қорап
Сыныпта Айбектің тәртібі жақсы. Көшеден балалар тобы ережені сақтап өтті. Кітаптарды Сәуле ұқыптап қорабына салды.
95-жаттығу (екі бағандағы сөздерді жұптастырып жазу)
Шап-шабу, жап-жабу, теп-тебу, сеп-себу, тап-табу, кеп-кебу
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 96-жаттығу Суретке қарап, әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз қ мен ғ 97 -102 жат
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған жаттығулар орындау, сауатты, қатесіз жазуға төселдіру; Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау. Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін, логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Түрі: Қайталау, пысықтау сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын сабақ. Біз үй тапсырмасын «Атаға көмектесу» ойынынан бастаймыз.
Мектеп ауласын тазартатын ата бізден көмек сұрай келіпті. Қазір күз мезгілі ғой. Ағаштардың жапырақтары мектеп ауласына түсіп жатыр. Сол жапырақтарды жинауға атамызға көмектесіп жіберейік. Сендер менің мына берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, маған көмектесесіңдер», - дейді.
Сөзжұмбақ
• Қоқыс жинайтын құрал.
• Ас ішетін құрал.
• Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға алынған жер.
• Ағаштың діңін қаптап тұратын нәрсе.
• Сүттен жасалатын тағам.
Сөз соңына -ы,-і дыбыстарының тиістісін қосып оқы.
Қалақ- қалағы, қасық- қасығы, қорық- қорығы, қабық- қабығы, қаймақ- қаймағы.
ІІІ.Жаңа сабақ
• Балалар, қазір қай мезгіл?
• Күз
• Күзде ауа райы қандай болады?
• Суық.
• Қыстың күні аяғымызға не киеміз?
• Етік.
• Етігімізді кім жөндейді?
• Етікші.
Оқулықпен жұмыс. 97 - жаттығу.
98-жаттығу (қарамен жазылған сөздерге назар аудару)
Құшағы-құшақ, бағы-бақ
**ЕРЕЖЕ
Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: қабық-қабығы, бұршақ-бұршағы, атақ-атағы
99-жаттығу (сөздерге ы, і дыбыстарының тиістісін қосып, үлгі бойынша өзгертіп жаз. Сөз соңындағы дыбыстың өзгеру себебін түсіндіру)
Сабақ-сабағы, орақ-орағы, ұршық-ұршығы, жолақ-жолағы, парақ-парағы
100-жаттығу (қ дыбысына аяқталатын бірнеше сөз ойла. )
Қонақ, бұтақ, жарық
Біз мереке күні әжемнің қонағы болдық. Ағаштардың бұтағы қоғыр түске айналды. Күннің жарығы қысқарды.
101-жаттығу (мақалды көшіріп жазып, қ дыбысының ғ дыбысына айналу себебін дәлелдеу)
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман жолдастан таяғым артық.
Аяғым-аяқ, таяғым-таяқ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 102-жаттығу Ребусты шешіп, әңгіме құрау
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар 103-107 ж. Сөздік диктант№2
Сабақтың мақсаты:
Түбірдің соңындағы қ дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша
жалғанған жағдайда қ дыбысы ғ дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру;
Шапшаң жазуын, жылдамдығын байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
Әдемі, көркем жазуын дамыту
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба қ мен ғ дыбыстары, қима қағаздар
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Өткенді қайталау: Қима қағазбен жұмыс істеу
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой
Кәсі... - кәсі... і
мекте... - мекте... і
тала... - тала... ы
әде... - әде... і
жі... - жі... і
қора...- қора... ы
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру 102-жаттығу Ребусты шешіп, әңгіме құрау
Ғарышкер
ІV.Жаңа сабақ
Буын саны бірдей қ дыбысына аяқталатын сөздерді тауып, торкөзді толтыр. Сол сөздерге ы дыбысын қосып жаз. Қ дыбысы қандай дыбысқа өзгерді?
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
- - - - қ
Мысалға (қалақ, тарақ, мазақ, тауық, қызық)
Сөздік диктант№2 қ,ғ әріптерінің емлесі
Қайық, қиын, қозы, шаңғы, шағала, ғасыр, ғылым, сағыныш, сұңқар, қозғалыс, қараңғы, қарындаш
Оқулықпен жұмыс: 103-жаттығу мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге талдау жасау
Аяғы-аяқ, дағы-дақ
104-жаттығу (ы, і әріптерін алып тастап сөздерді өзгертіп жаз)
Жарығы-жарық, балығы-балық, қорығы-қорық, жорығы-жорық, ойығы-ойық, азығы-азық, қазығы-қазық
106-жаттығу (көп нүктенің орнына қ, , әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жазу)
Қарма...(ғ) ы, бұйры...(ғ) ы, құла...(ғ) ы, ла...(қ) тар, бұла..(қ)тар, қайма..(ғ)ы
107-жаттығу РЕБУСТЫ ШЕШІП, СӨЗГЕ ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ
Қорықта
Қорықта жан-жануарлар бағылып, қорғалады. Наурызым қорығы Қостанай облысындағы жануарлар мен табиғатын қорғауға алынған қорықтың бірі.
***ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
Наурызым қорығы- Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта "Табиғат мұражайы" жұмыс істейді.[1
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Дәптермен жұмыс: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.
Тара...
Маса...
Мысы...
Тауы...
Оқулы...
Тырна...
Тақтамен жұмыс: көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Топыра..., шыра..., жола... ы, жоры..., қуырша... ы, ая..., ла... ы.
Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.
Шығармашылық жұмыс: жаңылтпашты жатқа жаз.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті
«Құлақ» сөзіне дыбыстық талдау жаса
Бекіту: Не өттік? Сабақты қалай меңгергеніңді тексеру
Жеке жұмыс: әр оқушыға қима қағазы беріледі, өз беттерімен жұмысты орындайды
Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Неліктен сол әріпті жазғаныңды дәлелде.
Қарма... ы, бұйры... ы, құла... ы, ла... тар, бұла..., қайма... ы.
Үйге тапсырма: 105-жаттығу ҚОРЫҚ, ЖОРЫҚ, ҚАЗЫҚ сөйлем құрау
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз к мен г 108-113-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға дауыссыз к,г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
-
Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту.
-
Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Армысың, асыл күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне - менің қолым
ІІ.Өткен сабақты пысықтау
Дауысты дыбыстар ауылы және дауыссыз дыбыстар ауылына саяхат жасау.
-Дауысты дыбыстар қанша түрге бөлінеді?
-Дауыссыз дыбыстар қанша түрге бөлінеді?
-Суреттегі қазақтың киіз үйлеріне дыбыстарды орналастырайық. Яғни қай дыбыстар қайсы киіз үйге барады?
ІІІ.Жаңа сабақ
Алдымен дәптерге к мен г дыбыстарын көркем жазу
Оқулықпен жұмыс
108-жаттығу
Сөздердегі к,г дыбыстарының қалай айтылатынын, қандай буында жазылатынын аңғар
109-жаттығу Жұмбақты жатқа жазу
Сөздерге і дыбысын қосып жаз
Үлгі: Өрнек-өрнегі
Сергіту сәті
-
Біздер әлі баламыз
-
Өсіп алға барамыз.
-
2030- жылдары
-
Біз де осындай боламыз
Фонетика әлемі
110-жаттығу Сөздерге і дыбысын қосып жаз
Оқушыларды екі топқа бөлу
Жаттығудағы сөздедіің өзгеру себебін түсіндіре отырып, сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Фонетика әлемінде үш тамаша сарай орналасқан.
Оқушылар фонетика әлеміндегі кең сарайға сөздердегі әріптер мен дыбыстарды, буындарды орналастырады.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Дыбыстық талдау
І топ ІІ топ
өрік белдік
Топтастыру
К,г дыбыстары бар сөздер ойла
Ребусты шеш:
Е Р Е Ж Е
Оқушыларға ережені қайталата отырып, өтілген тапсырманы пысықтау. Яғни «Кім жылдам?» ойынынан шығатын қорытынды жүрек сөзіндегі к дыбысынан кейін і дыбысын қойсақ к дыбысы г-ге айналатынын ұғындыру.
112-жаттығу (көп нүктенің орнына к,г әріптерінің тиістісін қойып жазу.
113-жаттығу «Еңбек түбі-береке» мақалын қатыстырып әңгіме құрау
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 111-жаттығу (сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: жаттығу жұмыстары 113-118-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға дауыссыз к,г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.
-
Дауыссыз дыбыс түрлері жайлы білімдерін дамыту.
-
Ойын ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу, сауаттылыққа, шапшаңдыққа баулу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
111-жаттығу БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДІ ҚАТЫСТЫРЫП СӨЙЛЕМ ҚҰРАУ
Жидек, терек, тиек, әйнек, жүрек
ІІІ. Жаңа сабақ Дауыссыз к мен г 113-118-жаттығу
А)КӨРКЕМ ЖАЗУ
Аа
ана
Ананың көңілі -балада.
Ә)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС Дауыссыз к мен г 113-118-жаттығу
113-жаттығу «Еңбек түбі-береке»
Айнұр сабаққа ұқыпты дайындалып келіп, өлеңді мәнерлеп жатқа айтты. Оқытушы Айнұрға мақтау айтты. Үйіне анасына жекткенше асықты. Анасы: «еңбек түбі-береке» деген осы -деді.
114-жаттығу (мақалды жатқа жазу)
Бірлік болмай-тірлік болмас.
115-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, қарамен жазылған сөздерді тауып, өзгерістің себебін түсіндіру)
Көгінде-көк, түлігі-түлік
117-жаттығу (сөздерді оқу, түсіндіру)
Бүршігі-бүршік, көжегі-көжек, үйрегі-үйрек, көбелегі-көбелек, көлігі-көлік, жілігі-жілік, киігі-киік
118-жаттығу (ребусты шешіп, әңгіме құрау)
,,, ,
,
АТ
ЖҮЙРІК АТ
Құлагер-жүйрік ат. Ат жарысына қатысып, жүлделі орын алды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
**БҰЛ ҚАНДАЙ ЖАНУАРЛАР?
..... және ....
Сен қаймақ пен сүтті жақсы көресің бе?
Жоқ мен орман жаңғағы мен саңырауқұлақты ұнатамын. Қаймақ пен сүтті сен ұнатасың ғой.
ҮЙГЕ:
116-жаттығу
Суреттегі заттардың атауларын қатыстырып, сөйлем құрап жазу
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Күз» (суретке қарап әңгіме құрау)
Сабақтың мақсаты:
Жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, оның ішіндегі күз мезгілі туралы ойларын толықтыру. Күз мезгілінің айлары және ондағы өзгерістер туралы өз пікірлерін айта отырып, өз сөздерімен шығарма жазуға дағдыландыру
Ұқыпты әдемі, көркем тілмен сауатты, қатесіз жазуды үйрету
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер,
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Шығарма «Күз» (суретке қарап әңгіме құрау)
А) сурет бойынша әңгіме құрау
Ә) Күз мезгілінің айлары: қыркүйек, қазан, қараша
*қыркүйек
*қазан
*қараша
Б) жұмбақтар құрау
В)мақал жазу
Г) өлең құрау
Қ ОРЫТЫНДЫЛАУ
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р 119 - 123 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға дауыссыз л мен р әріптерінің айтылуы мен жазылуы
туралы түсінік беру. Жаттығулар орындай отырып, сауаттылыққа
үйрету. Сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Суреттермен жұмыс: заттардың аты қандай әріптерден басталады?
Дауыссыз л мен р
Көркем жазу Лл Лл Лл
Үнді дауыссыздар л,м,н,ң,р,й (у)
Оқулықпен жұмыс.
119- жаттығу Сөздерді көшіріп жазу.
Сөз басында л мен р дыбысының айтылуына назар аудару.
Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Ережені хормен оқу. Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас.
Сергіту сәті :
120- жаттығу.Мақалдарды оқып, жатқа жазу.
Сөз басындағы л, р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
121-жаттығу л дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек, р дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек топтастыру
Ребусты шешу: қатар бойынша жұмыс, ребустың шешуін сипаттау.
А)Шығармашылық жұмыс.
Ә)Карточкамен жұмыс
Б)жеке жұмыс.
122 жаттығу
Сөздерді салыстыру,қорытынды жаса.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Бүгін не өттік?
2 қатар жарысу
1 қатар л дыбысына сөз ойлау 2 қатар р дыбысына сөз ойлау.
Үйге тапсырма
123-жаттығу 41-бет РЕБУСТЫ ШЕШІП, ШЕШУІНДЕГІ ГҮЛДІ СИПАТТА
Сабақтың тақырыбы: Жаттығулар 124-128
Сабақтың мақсаты:
Дауыссыз л мен р әріптерінің жазылуы туралы білімдерін жетілдіру.Сауатын есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Зеректікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Дауыссыз л мен р дыбысын қайталау, білімдерін тиянақтау
Сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілеттерін арттыру.
сауатты да, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Түрі: саяхат сабақ
Жаңа техналогиялар: дамыта оқыту техналогиясының элементтері.
Пән аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Қазір қай сабақ ? (Қазақ тілі)
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Балалар, сендер бүгінгі сабағымызда саяхатқа шығасыңдар өз күштерің мен бекеттердің тапсырмасын орындап шықсаңдар ұзақ жол жүріп «Дыбысқа саяхат » еліне жетесіңдер.Ол үшін сабаққа толығымен қатысып отыруымыз қажет.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
123-жаттығу РЕБУСТЫ ШЕШІП, СИПАТТАУ
ІІІ.Жаңа сабақ
Бірінші бекет Өткенді пысықтау. «Дауысты дыбыстар бекеті»
Оның қақпасы жабық, аузында құлып тұр. Оны ашу үшін кілт керек. Кілт қоржында. Тақтаға шыққан оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, үлкен үйге кіру үшін кілтті алады.
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Оның түрлері ?
-Енді балалар кішкене ойланып ой өозғап алайық «Ой қозғау»
Екінші бекет «Дауыссыз дыбыстар бекеті »
Сұрақтарға дұрыс жауаптар айтылса, үлкен зәулім үйдің сыртқы есігі ашылады.
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Оның түрлері?
Мына суреттегі аңдардың атдарын қатыстырып сөйлем құраса үш бөлменің біреуінің есігі ашылады. (аю, арыстан)
Келесі бекет «Дыбыстық талдау»
-
Бұл бекеттің тапсырмасын орындасақ, бөлменің келесі есігі ашылады.
-
- лақ,лебіз,рас,ренжу сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Соңғы бекет «Тез, жылдам»
- Балалар, бұл бекетте көптеген қызықтар бар. Әрбірін біз терең білу үшін тапсырмалар орындауымыз қажет. Олай болса бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Бойға жинап күш.
Әдемі етіп жазайық,
Біз бақытты баламыз.
Дәптермен жұмыс «Дәптердің тапсырмасы»
ІІ. Білімді тексеру: күн ретін жазу, көркем жазу
Рр Рр Рр. рақмет
ІІІ.Бекіту.Жаттығулар орындау.124-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазу. Л,р әріптерінің астын сызу. Бұлар дауыссыз дыбыстардың қайсысына жатады?
Оқулықпен жұмыс. «Оқулықтың тапсырмасы»
125 жаттығу Ауызша орындату. Суреттегі сөздердің бір әріпін өзгерту арқылы л әріпінен басталатын сөздер жаса.
Бақ-лақ, бас-лас, жайық-лайық, тайым-лайым, кезде-лезде, жағыл-лағыл, жақтыру-лақтыру, тай-лай.
-
Өз бетінше жұмыс «Ақ кептердің тапсырмассы»
-
Балалар әрі қарай саяхатты жалғастырады. Алдарынан «ақ кептер» ұшып шыға келеді. Аузында тістеген хаты бар. Бір оқушы хатты алып оқиды.
-
«Құрметті жас саяхатшылар, сендер саяхатқа бара жатқан "Дыбысқа саяхат" елінен келемін.» Қазір оқулықта берілген
-
127 - жаттығуды орындап шықсандар "Дыбысқа саяхат" еліне жетесіңдер.
-
- жаттығу.Сөздерге дыбыстық талдау жасау.Ырыс, Іле, ірге, раушан, лашын.
- Алақай, "Дыбысқа саяхат" еліне жеттік.
Рефлексия. 1. Не білдім?
2. Білемін.
3. Білгім келеді?
ІҮ. Үйге тапсырма: 126-жаттығу. Ереже жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң 129 - 134 жат
Сабақтың мақсаты:
1. Дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының айтылуы мен жасалу жолдарымен танысу, сөздердің мағынасына мән беру;
2. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойын, қиялын дамыту;
3. Оқушының, өз ойын дәлелдеп сөйлеуге, жануарларды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де шығады,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.
Әрбір адам? Досым, сыныптасым
Әрбір сабақ? Үйрену, оқу, іздену.
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адалдық,
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық.
Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!
ІІ.Жаңа сабақ Дауыссыз н мен ң 129 - 134 жат
Балалар, біз бүгін дауыссыз «н» мен «ң» дыбыстарының емлесін оқып, танысамыз.
Дыбыстайық: н ң н ң н ң н ң н ң«Н» мен «ң» дыбысты сөздер айтайық.Сөздерді салыстыр. Мағынасын айт.
Он - оң тон - тоң
Шын - шың мен - мең
Күн - күң сен - сең
Ой тұжырымдамасы:
«Н» мен «ң» дыбыстары өзгергенде сөз мағынасы да өзгереді.
«Н» мен «ң» екеуі екі басқа әріп, екі басқа дыбыс.
«Н»- тіл ұшы дыбысы
«Ң» - тіл арты дыбысы
Көркем жазу./Мен бір затты жұмбақтап айтам, сендер жауабын тауып, сол сөзді көркем етіп жазасыңдар./
1. Менің бір жолдасым бар. Жолдас болғанда бір түрлі. Қайда барсам да қасымнан қалмайды. Менсіз ешқайда бармайды. Тұрсам тұрады, жүрсем жүреді. Бірақ үндемейді. Жарықта қасымда жүреді, қараңғы болса ғайып болады. Сендерде сондай жолдас бар ма? Ол не? / Көлеңке/
2. Сені кішкентайдан жарық дүниеге әкеліп, өсіріп баққан еді. Сені еркелеткен еді. Саған тамақ беріп, ұйықтатқан еді. Ол кім? / ана/
3. Олар жабайы. Далада жүреді. Жыртқыш. Өлексемен қоректенеді. Кейбіреуі тамағын өздері табады.
Жүгіреді, секіреді. Ол не? / аң/
4. Ас атасы. Оны жерге тастауға болмайды. Қиқымын шашпаңдар, жерде жатса қастерлеп, торғайларға тастаңдар. / нан/
КӨЛЕҢКЕ, АНА, АҢ, НАН
Шығармашылық тапсырма: Суреттің аттарын қатесіз жаз.
Қоңырау, шаңғы, жаңғақ, қоян, қайың, елтаңба, күн
Ойын: «Жасырынған сөз» Берілген сөздердің кез - келген буынын алып, жаңа сөз құра.
Қайың
Сараң
Шаңғы Қа - раң - ғы
129-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең -
Ң - нан сөз жоқ басталған -
Ң - үлестен бос қалған.
-
- жаттығу.н, ң дыбыстарды салыстыру
Ң дыбысты сөздерді тауып, мағынасын айт, қатесіз жаз.
Амандық, аңғарғыш, енжарлық, жоңқа, заңғар, қант, перзент, шоңайна, таңдай, жаңқа, жайын, құ - лыншақ, сұңқар.
Өз бетінше жұмыс: Ң дыбысты сөздер жаз.
Не?
. ң /аң/
.. ң /соң/
... ң /қолаң/
.... ң /сараң/
Не істеді?
... /шаңдатты/
... /бұлаңдады/
... / жеңді/
... / тоңды/
Қандай?
Те... біл
Бойша...
Қы... ыр
Күре...
Сергіту сәті. Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Төрт аяғын тең басқан,
Екі өркешін қом басқан. (түйе)
Ң дыбысты сөзді ата.
Топтастыру: ТҮЙЕ
Суреттегі заттардың атауын төмендегі сөздермен сәйкестендіріп, бірнеше сөйлем құрастыр.
ҚОЯН - орғыды
ҚОҢЫРАУ - Соғылды
ЖАЙЫН - жүзді
ДӨҢГЕЛЕК - дөңгеледі
Жеке жұмыс: Қате жазылған сөзді ата.
Жәңдік, бәтеңке, үңгір шанғышы кең терең
131-жаттығу (нг, ңғ, ңг әріптерінің тиістісін қойып жазу)
ІІІ. Қорытынды: Біз бүгінгі сабақта не білдік?
ІV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: «Менің досым» тақырыбында әңгіме жазу
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөз ішінен н мен ң-ды табу, оларды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
«Менің досым» әңгіме құрау
ІІ.Жаңа сабақ Жаттығу жұмыстары
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС 1-жаттығу (мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау)
КЕЗДЕСКЕН-9 әріп, 9 дыбыс, 3 буын, 6 дауыссыз дыбыс
Бір жарым-8 әріп, 8 дыбыс, 3 буын, 3 дауысты, 5 дауыссыз дыбыс
АЛЫП- 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 2 дауыссыз
САҚТАУЛЫ-8 әріп, 8 дыбыс, 3 буын, 5 дауыссыз дыбыс
А-жуан дауысты
Л-үнді дауыссыз
Ы-жуан дауысты
П-қатаң дауыссыз
2-жаттығу (жатқа жазу)
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан
Төрт аяғын тең басқан
Екі өркешін қом басқан
3-жаттығу (КЕСТЕНІ ТОЛЫҚТЫРУ)
ұяң
үнді
қатаң
Б, в, г, ғ,д, ж, з
Л,м, н, ң, р, й, (у)
К,қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш,щ
4-жаттығу (СӨЗ ОЙЛАП ЖАЗУ: я,ю)
Аю, қоян,....
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: дауыссыз әріптерді жатқа айту
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.Сөз ішінен н мен ң-ды табу, оларды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттау
ІІІ. Бекіту сабағы Жаттығу жұмыстары
А)Дауыссыз н мен ң
ДӨҢГЕЛЕК сөзінен бірнеше сөз ойлап шығар
Дөң, өң, лек,
Ә)СӨЗДЕР ҚҰРА
Әңгіме
Үзеңгі
Ертеңгі
Мәңгі
Шеңгел
Әңгелек
Кемеңгер
Үңгір
Б)ЖЕКЕ ЖҰМЫС Еңбекті... на...ы тәтті,
Жалқауды... жа...ы тәтті
В)ТЕСТ
1)Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. А)тау Ә)сусын Б)әуен
2)Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап. А)қауын Ә)сурет Б)елу
3)Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап. А)мал Ә)бұлақ Б)кітап
4)Ұяң дыбыстан басталған сөзді тап. А)ғарыш Ә)ұршық Б)парақ
5)Үнді дыбыстан басталған сөзді тап. А)бұзау Ә)қозы Б)лақ
6)Дұрыс жазылған сөзді тап. А)сайа Ә)сая Б)сайи
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 4-жаттығу 46-бет (я, ю әрпі бар сөз ойлау, сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру)
Сабақтың тақырыбы: Мәтін деген не? 135-139 жат
Сабақтың мақсаты:
Мәтін туралы түсінік беру .Мәтіндегі негізгі ойды анықтау Оқушыларға тақырыпты түсіндіріп ,білімдерін жүйелеп жинақтау .Сурет бойынша әңгіме құрай білуг жаттықтыру . Оқушыларды сауатты көркем жазуға баулу .Өз елінің жан -жануарларын қорғауа машықтандыру Оқушылардың ойлау қабілеттерін .сөйлеу мәнерін тілін дамыту ;Мәтін құрастыруға ,мазмұнына лайықты ат қоя білуге , байланыстырп сөйлеуге дағдыландыру .
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі :Жаңа
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Өткен сабақты қайталау
-Бүгін біз дауыссыз дыбыстарды қайталай отырып тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысамыз .Білім сарайына қонаққа барамыз .
-Білім сарайына кіру үшін ,есікті шау үшін бізге не керек ? -Кілт. -Балалар , дұрыс ,тағы не керек ? -Білім . -Білімді көрсету үшін ойын арқылы сұрақтарға жауап береміз .
Ойынның аты -«Сан қатары»
Сандар шашылып тұр.Сандарды дұрыстап қойсақ бүгінгі жаңа сабақтың аты шығады .Ал сан қатарын ретімен қояйық .Әр санның қатарында сұрақ бар .Сол сұраққа жауап беру керек .
1.М Қазақ тілінде неше әріп бар ?
2.Ә Дыбыстар неше топқа бөлінеді ?
3. Т Дауысты дыбыстардың түрлерін ата ?
4. І Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата ?
5. Н Нмен Ң дыбыстары дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады ?
Енді « Мәтін » сөзіне дыбыстық талдау жасайық .
М- дауыссыз, үнді
Ә- дауысты ,жіңішке
Т- дауыссыз ,қатаң
І- дауысты , жіңішке
Н- дауыссыз , үнді
5-әріп ,5-дыбыс ,2- буын мә-тін
-Білім сарайының есігі ашылды .Енді барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындауымыз керек .
ІІІ. Жаңа сабақ
3.Көркем жазу . .-Білім сарайында бөлмелер көп .Сол бөлмелерге кіру үшін тапсырмалар орындауымыз керек . 1- бөлмеде
-Қазір қандай ай?.Қандай мезгіл ? / Күз мезгіліне 2-3 сөйлем құрастыру ./
Күз.
Күз келді. Жапырақтар сарғайып жерге түсе бастады .Құстар жылы жаққа ұшып кетті .
-Әріптерден қатыстырып не жаздық ?/ Сөздер жаздық /
-Сөз арқылы не құрауға болады ?/ Сөйлем құрайды /
-Сөйлем арқылы мәтін құралады екен .
2-бөлме Тақырыбы болады .
Жазбаша және ауызша Мәтін Бірнеше сөзден құралады .
ой жеткізу
бір-бірімен мағынасы жағынан
байланысып тұарды .
Мәтін үш бөлімнен тұрады
БАСЫ
СОҢЫ
НЕГІЗГІ
4.Кітаппен жұмыс 3-бөлме .
135-жаттығу Бірінші ,екінші бағандағы сөздерді салыстырып оқы ./ауызша орындалады /
4- бөлме Ереже
Мәтін мағына жағынан өз ара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.Мәтінге ат қоюға болады .
5-бөлменің тапсырмасы. Дәптермен жұмыс
136-жаттығу орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра /тақтаға орындалады ./
Мынау -менің бөлмем .Бөлмемнің ауасы таза . Оның терезелері үлкен .Оң жақта менің төсегім .Сол жақта үстел орындықтар қойылған .
6-бөлме Сергіту сәті
7-бөлме 137 -жаттығу Мәтінді оқып ,ат қой .
Сұрақтарға жазбаша жауап бер.
1Бұғы қандай жануар ?
2.Оның қандай ерекшеліктері бар ?
3.Солтүстік бұғысы немен қоректенеді ?
-Мәтін неше сөйлемнен құралған ?Мәтінге қандай ат қойюға болады ?
8-бөлме 139 -жаттығу Қайысысы мәтін екенін дәлелде . /ауызша талдау /
Үйге тапсырма
138- жаттығу.
Сабақты қорыту
«Танып ал »ойыны мәтін құрау .
Бағалау .
Сабақтың тақырыбы: Мәтін құрастыру 140-143 жат
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың танымдылық қабілетін артыру, жан-жақты етіп тәрбиелеу.
Оқушыларды логикалық мағынасын бұзбай мәтін құрастыру. Мазмұнына лайық ат қоюға үйрету. Мәтін түрлерін білуге дағдыландыру. Құстардың тірі, тіршілігі туралы білімдерін. Оқушылардың ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын детілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.
Құстарды қорғауға, қамқоршы болуға, табиғатты сүюге тәрбиеле.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Дағдыны қалыптастыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру. СТО стратегиялары «Аралап кеткен оқиғалар», «Ой қорғау», «Топтастыру» танымдық сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
- Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін.
- Мәтін туралы не білесіңдер?
- Мәтін деген не?
- Қандай түрлері болады?
- Неше бөлімге бөлінеді?
«Топтастыру» стратегиясын қолданып сабақтың мақсатымен таныстыру. Магниттік тақта да сызба:
Ана тілі Дүниетану Қазақ тілі
Мәтін жоспар ауа райы құстар мәтін
Бүгінгі қазақ тілі сабағы ана тілі, дүниетану сабақтарымен байланысты өтеді. Дүниетану, ана тілі сабақтар да табиғат ауа райы, құстардың тіршілігі туралы алған білімдері қазақ тілі сабағында әр-түрлі мәтін құрастырып, көрсете аласыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ
2. Мағынаны ажырату.
1.Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2.Мәтін құрастыру, оқушыларға берілген корточкалар бойынша магниттік тақтаға мәтін құрастыру.
- Балалар қазіргі жылдың қай мезгілі?
- көктем
Суреттегі көктем көрінісін сұрау, Мәтінді оқу.
-Мәтінің қай түрі?
- Пайымдау
- Дәлелдеу.
3.Шығармашылық жұмыс.
Ой қозғау.
-Көктем келді. Көктемде ауа райы қандай?
Өз ойларыңнан жалғастырып мәтін жазыңдар. Тірек сөздері: сәуір, күн, жаңбыр, жапырақтар, су, құстар.
Мәтінді жазған кезде әдемі жазу керек екенін ұмытпандар.
Тексеру.
-Мәтінің қай түрі?
- Әңгіме
-Дәлелдеу
Себебі: Әңгімелер айтылады.
Сергіту сәті:
Аю отыр парта да,
Екі қолы қалта да.
А дейді Б дейді,
Р-ға тілі келмейді.
140-жаттығу (мәтінге ат қою)
Тиін
141-жаттығу (мәтінді қайта құрастыру)
142-жаттығу (мәтінге жоспар құрастыру)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 143-жаттығу (суретке қарап әңгіме құрастыру)
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері 144 - 148 жат
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды берілген мәтіндердің бір - бірінен айырмашылығын табуға, олардың түрлерін ажырата білуге мүмкіндік туғызу;
2. Байланыстырып сөйлеу, тілін, ақыл - ойын дамыту, сауатты жазу дағдыларын арттыру
3.Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді
Болып кетер дереу сонда жан - жағым.
- Міне жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
2. Сөзжұмбақ шешу: 18 10 21 14 16 Т - 3*7
М Ә Т І Н Н - 2*8
М - 3*6
І - 2*7
Ә - 2*5
Мәтін дегеніміз не? Мәтінге не қоюға болады?
Тақырып дегеніміз не? Негізгі ой дегеніміз не?
ІІ.Жаңа сабақ
Топпен жұмыс: 1 - ші топ "Білгірлер" 2- ші топ " Тапқырлар"
1. тапсырма: Сызба жасау
1. топ 2 - топ
1. Мәтіннің құрылымы 1. Мәтіннің түрлері
2. Мәтіннің әр бөлігі қалай жазылыды? 2. Әр мәтінге қандай сұрақ қойылады?
Мәтін Мәтін
Басы Негізгі бөлімі Соңы Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау
Мәтіннің әр бөлігі азат Не істеді? Қандай? Не үшін?
жолдан бастап жаз
2 тапсырма: Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап мәтінді
қайта құрастыр.
1 -топ Ердостың атасы - шопан.Қыстың суық бір күні атасының қызуы көтеріліп, жатып қалды.Шашқан шөпті лезде тауысқан қойлар маңырай бастады.Атасының тынышы кетті. Керік- жер бетіндегі ең биік жануар.Оның бойы 6 метрдей болады.Осы биіктің жарым - жартысы мойынға кетеді.
Біраздан соң ол ауырғанына қарамай,киініп сыртқа шықты.Қорада мал да,ерттеулі ат та жоқ.Қарт алысқа көз салды.Малды өріске айдап бара жатқан немересін көрді.Ол Ердос еді.
2-топ
Балалардың бәрі сабақта.Ал Ермек болса ауырып үйде қалды.Жалғыз өзі әбден зерікті.
Бұғы сиырға ұқсас мал.Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі.Олар суыққа төзімді.
Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді.Халжағдайын сұрады.Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті.Ермектің осындай достары бар.
3. тапсырма: Үш мәтінді оқы.Оларды мәтін түрлеріне ажырат, сипаттау мәтінін көшіріп ал.
1- топ
Күзде күн қысқарып,суыта бастайды.Жиі-жиі жаңбыр жауады.Жапырақтар сағайып жерге түседі.Су салқындайды.Құстар жылы жаққа кетеді.
Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі.Сондықтан ол біздің елімізде қорғауға алынған.
Лашын- сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр,ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір,саусақтары салалы
2- топ
Біз үшінші сыныпта оқимыз.Біздің сыныпта жиырма оқушы.Бізге Айман апай сабақ береді.
Лашын- сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр,ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір,саусақтары салалы.
Біз сыныпты таза ұстаймыз.Өйткені,ол- біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың бәрі жақсы біледі.
Дәптермен жұмыс:
Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай? Қазан сөзінде неше буын? Неше дыбыс? Неше әріп?Бұл сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс? Қ қ әрпіп жазу, қазан сөзін жазу жазып шығу.
Сергіту сәті
4. тапсырма:
1 - ші топқа " Бауырсақ " ертегісінің суреттері реті шатасып беріледі жене ертегінің мәтіні де шатастырылып беріледі.
Берілген суреттерге сай келетін мәтін бөлігін тауып оқу және ертегіні дұрыс құрастыру.
2 - ші топқа " Шалқан " ертегісінің суреттері реті шатасып беріледі жене ертегінің мәтіні де шатастырылып беріледі.
Берілген суреттерге сай келетін мәтін бөлігін тауып оқу және ертегіні дұрыс құрастыру.
IY. Қорыту:
Сөзжұмбақтар 10 12 15 21 8 8 21 18 15 21 18 16 14 21 21 18 12 4 27 9 14 6 0 18
С 2*5 П 3*5 И 2*6 А 3*7 Т 2*4 У 3*6 Й 2*9 Д 3*8
М 2*7 Ы 2*8 Ә 3*4 Е 2*3 Л 3*0 Ң 2*2 Г 3*9 І 3*3
- Сонымен бүгін балалар біз бүгін не істедік ? Сипаттау, пайымдау, әңгімелеу деген нелер?Сендерге сабақ ұнады ма?
Балалардың жауабы.
Y. Үйге тапсырма:
Сипаттау мәтінін құрастырып келу.
YI. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №3 «Біздің қала»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталап, пысықтау.Мәтіннің түрлерін анықтау, сөздердің, сөйлемдердің дұрыс байланысқанын білуге үйрету. Ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы
А)суреттермен жұмыс
Ә) Қала туралы әңгімелеу
Рудный-шағын қала. Онда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
Б) Бақылау диктантымен таныстыру
Бақылау диктанты №3 «Біздің қала»
Біздің қала
Қаламыз көрікті. Жасыл желекті. Көше бойлай гүлдер мен ағаштар егілген. Қалада еңселі ғимараттар, мектеп, балабақша бар. Қаламды гүлдендіру де менің арманым. «Арман адамды алға жетелейді. Кіндік қаны тамған жерді көркейту, еліне қызмет ету - азаматтың парызы», - деді ата - анам.
Тапсырма.
Парыз сөзіне дыбыстық талдау жаса.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері 149-153-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, шығармашылық - ізденушілік әдістері.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Қарлығаш» құсты сипаттап жазу
Сұрақ - жауап:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай бөліктері болады?
- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?
ІІ.Жаңа сабақ
149 - жаттығу.
1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс
- Мен сөз жасырдым. Бұл сөз екі сөзден құралып тұр.
Бір таңбалы сан + адам дене мүшесі = суда тіршілік ететін жәндік.
Жауабы: сегізаяқ (интерактивті тақтадан сегізаяқтың суреті және мәтін көрсетіледі.) Ендеше бірінші мәтін «Сегізаяқ» деп аталады.
- Бұл мәтін не туралы? - Тақырыбы қалай аталады?
Мәтіндегі сөйлемдерге қандай сұрақтар қоюға болады.
(Оқушылар жауабы: - Сегізаяқ не істейді? - баяу қозғалады.- Жауын көргенде қайтеді?- құтылып кетеді. Аяқтарын төмен салбыратса не істейді?
Ұйқыға батады, ұйықтай береді
- Яғни осы аталған сөздер бұл мәтіндегі тірек сөздер. Осы тірек сөздер мәтіндегі сөйлемдер арасында байланыс жасап тұр. Бұл мәтіннің - әңгімелеу түріне жатады. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылады. (Сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Егер құрылымы бұзылса мәтінде не туралы айтылғанын ұғу қиын болады.)
Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады. (1 - тірек - сызбада көрсету)
Әңгімелеу мәтінін түсінгендерін байқау.
Ақбөкен
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.
- Бұл мәтіннің қай түрі?
2) Топпен жұмыс.
- Осы мәтіндегі тірек сөздерді табыңдар.( мекендейді, жайылады, қарауыл қарайды, дауыс береді)
3) Екінші мәтінмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс «Лашын»(56 бет)
- Мәтінге сұрақты қалай қоюға болады? - Мәтінде лашынды қандай деп сипаттайды? - Лашын қандай құс? - Оның арқасы, алқымы қандай?
- Көзі қандай?- Қанаты қандай?
Бұл - сипаттау мәтіні.
Сипаттау мәтінінің ерекшелігін өздерің тауып айта аласыңдар ма? (Әр топтың жауабын тыңдау).
Сипаттау мәтінінің ерекшелігі: 1) Сөйлемдер заттың түр - түсін, қасиетін суреттейді. 2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 3) Тірек сөздер - сын есімдерден болады.( 2 - тірек - сызбада көрсету)
4) Үшінші мәтінмен жұмыс.
Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
Бұл - мәтіннің қай түрі болады деп ойлайсыңдар? НЕ себепті? - Немен дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. (3 - тірек - сызбада көрсету)
Пайымдау мәтінінің ерекшелігі:
1) Пайымдау мәтіні « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
3) Тірек сөздері - "өйткені", "себебі", "біріншіден ", "екіншіден,"--- деген сөздер
VI. Түсінгендерін тексеру
1) Тірек сызбаны пайдаланып мәтін құрау. Әр топқа тапсырма беру.
Үш топта "Түйе" тақырыбына мәтін құрайды.
1 - топқа:
Мәтін "Түйе - төрт түлік малға жатады"- деп басталады. Тірек сөздері не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап береді. Әңгімелеу мәтіні болу керек.
2 - топқа:
Мәтін "Түйе - сирақтары ұзын, өркешті жануар"- деп басталады. Тірек сөздері қандай? деген сұраққа жауап береді. Сипаттау мәтіні болу керек.
3 - топқа:
Мәтін "Түйе адамға пайдалы, себебі, "- деп басталады. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді. Пайымдау мәтіні болу керек.
VII. Сабақтың қорыту кезеңі.
- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Білетін ережелеріңді, ұғымдарды кестеге жазу.
Мәтін туралы не білетін едік?
Бүгін тағы нені үйрендік?
1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
2. Мәтіннің тақырыбы болады.
3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады.
4. Мәтінде тірек сөздер болады.
Мәтіннің негізгі ойы болады.
• Мәтіннің түрлерін білдік:
1. әңгімелеу
2. сипаттау
3. пайымдау
•осы түрлерінің ерекшелігін білдік.
Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру. Түлкі жайлы сипаттау мәтінін құрау.
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары. Қайталау
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталап, пысықтау.Мәтіннің түрлерін анықтау, сөздердің, сөйлемдердің дұрыс байланысқанын білуге үйрету. Ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы Жаттығу жұмыстары. Қайталау
А)*Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.
Топыра..., шыра..., жола..., жоры...,қуырша...ы, ая..., бала...ы, ла...ы.
Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
* Жаңылтпашты жатқа жаз.
Құлағы үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін алып тастап оқы. Қандай өзгерісті байқадың?
* Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
Қ дыбысына қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге -ы әрпін қосып жаз.
Сергіту сәті.
* Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастыр.
• Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
• Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
• Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
• Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.
Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.
«Ұйқасын тап» ойыны.
* Жұмбақ - өлеңді оқып, шешуін тап.
Бұл қандай бұйым?
Қайқылау бас жағы сәл,
Аса ыңғайлы сабы бар.
Сұйық тамақ ішкенде,
Ыстық тамақ ішкенде,
Ол қолыңнан табылар.
Жауабы: Қ дыбысынан аяқталатын сөздердің астын сыз.
*Мәтін бойынша дүниетану сабағымен байланыстыру.
Танымдық сұрақтар:
- Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Жылы жақ қай жақта екенін білесіңдерме?
-Африка, Жерорта теңізінің жағалауына.
-Оларды қалай атайды?
-Жыл құстары?
-Қыстап қалатын құстар?
-Отырықшы құстар?
5.Аққұйрық бүркіт туралы мағлұмат беру.
6.Жұмбақ ойын. «Бұл қай құс?»
Топпен жұмыс:
Конвертте құстардардың суреттері сөздер жазылған корточкалар. Бір топ 2-не құстарды сипаттайды, 2-сі жауабын айтады. Мысылы: сөздер ұсақ, ірі, ала, қара, сары, қоңыр, шағын.
Суретке қарап құстарды сипттайды ірі, қара, қара ала. Қарға.
Құстар туралы тақпақ айту.
Құстар әр түрлі болады. Бәрақ лоардың ұқсастығы ұшады қанаттары, мамықтарды, тұмсықтары бар - жұмыртқалайды.
Пайдасы. Бау-бақшаларды, егінді қорғайды.
******Жоспар бойынша мәтін құрастыру.
Жоспар оқулықта.
Торғай, сауысқан, тоқылдақ, шымшық, алақарға- қыстап қалатын құстар. Оларды суықтан мамығымен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұпытпандар!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Мәтінге ат қою 154 - 158 жат
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндерді оқып, мәтін түрлеріне ажырата білу, Мәтінге ат қоя білуге дағдыландыру. Ұқыпты, таза жазуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Мәтінге ат қою 154 - 158 жат
А)Мәтін түрлерін еске түсіру
МӘТІН
Әңгімелеу сипаттау пайымдау
154-жаттығу (мәтінді оқу және пайымдау мәтінін көшіріп жазу)
Итбалық
Итбалықтың еті, майы, терісі пайдалы. Қазір оның саны күрт азайып кетті. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.
***ҚОСЫМША
Итбалықтар - салпанқұлақ итбалықтардың 2 туыстары. Солтүстік итбалық туысының солтүстік итбалықтар түрі, (Callorhinus ursinus) бар. Еркектерінің дене ұзындығы 2 м, салмағы 250 кг. Жаңа туған итбалықтар, қара, ересек ұрғашылары сұрғылт-қоңыр, ересек еркектері қара-қоңыр. Ареалы, Тынық мұхитының солтүстігі. ТМД-да, Сахалинның оңтүстігінде, Камчатканың шығыс., Куриль және Командор аралдарынын жағалауларында жатақ құрады. Бір аталықтың үйірінде 15-20, (50 деиін) ұрғашы итбалықтар болады. үнемі алыс қашықтыққа миграция жаcaп тұрады. Қатты кәсіпшілік аулаудың нәтижесінде итбалық саны күрт төмендеген.Халықаралық арнайы конвенция, (ТМД, АҚШ, Канада, Жапония) қабылданады. Ол итбалықтарды Тынық мұхитының солтүстігінде қорғау шараларын қарастырады. Соның нәтижесінде итбалықтар саны қалпына келеді. 1970 ж. санау бойынша 2 млн. жетті. ТМД-да, 400-500 мың болды. Кәсіпшілік обьектісі, жас еркек итбалықтар. Оңтүстік итбалықтар туысының 6 түрі бар, (Arctocephalus). Олар дың ареалы, жер шарының оңтүстік бөлігіндегі қоңыр-салқын және салқын суларында таралған. Кәсіпшілік нысаны. 3 түрі ХТҚО Қызыл кітабында. [1]
155-жаттығу (мәтінді оқып, көшіріп жазу)
Достық
Балалардың бәрі сабақта. Ал ермек болса ауырып үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті.
Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкепті. Ермектің осындай достары бар.
*Мәтін неше бөліктен тұрады?
1.Басы
2.Негізгі бөлім
3.Соңы
156-жаттығу (ребусты шешіп, мәтін құрау)
Тоқылдақ
*ҚОСЫМША
ТОҚЫЛДАҚ
Бұлар ұяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады. Тоқылдақтар (Рісedае) - тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3-5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді. Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін "дүкен" деп атайды. Мұндай "дүкендердің" астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык "тоқылдақ - тоғай дәрігері" деп атайды.
157-жаттығу «ЕҢБЕКҚОР ҚҰМЫРСҚА» таұқырыбына пайымдау мәтінін құрастыру.
*ҚОСЫМША
Құмырсқа (Formіcіdae) - жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 - 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, "жұмысшы" және "жауынгер" құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары - жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1] Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар - феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған "Бың Цау Гаң Му" кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді. Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып, пайда келтіреді.[3]Құмырсқа - тіршілікте тынымсыз еңбек етіп жүретін, жылы аймақта өмір сүретін жарғаққанаттылар отрядының бір түрі. Оның денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Ал үш жұп аяқтары бар екенін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сырттай қараған адамға құмырсқа біткеннің бір-бірінен айырмасы жоқ секілді. Бірақ олардың жер бетінде он мыңдай түрі бар.Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы көп. Балтыр сыздағанда оның илеуіне аяғын салып отырып, ем қабылдауға болады. Сол кезде адамның бойындағы ауруды құмырсқа өзіне тартып алатын көрінеді. Олардың денесінде 70-тен астам амин қышқылы, дәрумендер бар. Қазіргі кезде Қытайда одан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Дәрілердің буын аурулары мен қант диабетін емдеуге, қан қысымын реттеуге әсері зор. Кішкентай ғана тіршілік иелері жұқпалы аурулармен ауырмайды, пайдалы болатыны сондықтан. Егер балаңыздың алқым безі жұқпалы ісінуге ұшыраса немесе басқа да ісіктердің алдын алғыңыз келсе, онда таңертең ерте тұрып, құмырсқа илеуінен керегінше алыңыз. Оны қайнатып, суыған соң шүберекке орап, ісінген жерге таңасыз. Мұндай ем түрін жәндік шаққанда, ісікті, уытты қайтару үшін, аяғыңызға жара шығып, мазаны алғанда да қолдануға әбден болады.
*БІЛГЕНІҢ АРТЫҚ БОЛМАС..
Құмырсқалар топтанып өмір сүреді. Олардың өмір сүретін ортасын, яғни илеуді бұзуға болмайды. Халқымызда осындай ырым бар. Және де бір тәуліктің ішінде илеудегілер он мыңнан отыз мыңға дейін зиянды жәндіктерді жоятын көрінеді. Егістігіңіз болса, бұл - таптырмас көмек. Кейінгі кезде құмырсқа жейтін халықтардың да барын көріп жүрміз. Мысалы, Азияның оңтүстігінде тұратындар мен мексикалықтар сөйтеді. Бұл елдерде құмырсқадан арнайы тағам да әзірленеді.Құмырсқа жайлы қызық деректер өте көп. Күнделікті өмірде өзінен екі есе дәнді арқалайды да жүреді, тыным таппайды, өте бейнеткеш. Сезім мүшелері қатты дамыған. Егер жерде он дән жатса, оны көрген құмырсқа өзімен бірге тағы он серігін ерте келеді екен. Неге он дейсіз ғой? Себебі дән де он емес пе?! Топта «жауынгерлер» және «жұмысшылар» болады. Аналық тұрғыда қабілетсіздері илеудегі жұмыстарды атқаратын көрінеді. Соңғы кезде құмырсқаның сөйлейтіндігі жөнінде де айтылып қалып жүр. Бұл олардың да өз тілі барын көрсетсе керек.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 158-жаттығу (тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау)
ЦИРК, АКРОБАТ, ШАБАНДОЗ, КЛОУН, КӨРСЕТЕДІ, ӨНЕР, БАР.
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Мәтінге жоспар құру.
Сабақтың мақсаты:
Мәтіндерді оқып, мәтінге ат қою, мәтіндерге қысқа жоспар құруға дағдыландыру. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін түрлерін құрастыра білу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
158-жаттығу (тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау)
ЦИРК, АКРОБАТ, ШАБАНДОЗ, КЛОУН, КӨРСЕТЕДІ, ӨНЕР, БАР.
ІІІ. Жаңа сабақ Мәтінге жоспар құру.
А) Мәтін түрлерін атап айту.
Ә)Кітаппен жұмыс
159-жаттығу (оқу, қысқаша айту)
Ізетті бала.
160-жаттығу (көшіріп жазу)
Рұқсат етіңіз, мархабат етіңіз, мүмкін болса, ренжімесеңіз, мақұл, қалауыңыз білсін.
Мына кітапты көруге ...............(рұқсат етіңізші!)
ЖЕКЕ ЖҰМЫС: 161-жаттығу (сөйлем құрау)
Мүмкін болса, мақұл
*ТОППЕН ЖҰМЫС
162-жаттығу (мәтінді оқу, кімнің ақылды екенін дәлелдеу)
Кім ақылды?
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
1-жаттығу «мәтінді оқып ат қою, жоспар түзу)
Бал арасы
Жоспар:
1.Бақытжан атасының аулына барды.
2. Гүл шырынын жинаған аралар
3.Атаның ақылды сөзі
2-жаттығу (жұмбақты жатқа жазу)
*Мәтіннің қай түріне жатады? Сипаттау
**ТОППЕН ЖҰМЫС 3-жаттығу (тірек сөздерді және тақырыпты пайдаланып мәтін құрастыру.
«Аурудан аяған күштірек»
Сейіт, арба, соғып кету, аяғының сынуы, сынықшы, таңдану, шешесі, жаны ашу.
5-жаттығу (сипаттау мәтінін құрстыру)
дәмі
түсі
түрі
6-жаттығу (Мәтінді түсініп оқу, мысалды әрі қарай құрастыру)
Қаз қалай қалғиды?
*Мысалды әрі қарай жалғастыру.............
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: 163-жаттығу (Шығарма жазу)
«Әдепті бала-арлы бала»
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем 164-168 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1.Сөйлем туралы түсінік беру, мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болып бөлінетіндігін түсіндіру.2. Сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту, мәнерлеп, түсініп оқуға төселдіру.3. Оқушыларды әдептілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
163-жаттығу (Шығарма жазу)
«Әдепті бала-арлы бала»
ІІІ. Жаңа сабақ
- Ерте - ерте, ертеде бір Сөз деген патша болыпты.Оның отауы Синтаксис деп аталдыСөздер бір- бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі
толықтырып тұрыпты.
Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар. Сонымен бүгін біз, сол еліне шығамыз. Онда қыс айы, енді біз жылы киініп, шаңғыға отырып жолға шығайық.
- Сендерге сәт сапар тілеймін!
- Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін.
1 тапсырма: Орманда бізді жыл құстары қарсы алды.
Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа
Жұмбақтардың шешуін тауып, әріптерінен сөз құрастыру
Күндіз - түні жүреді
Сырғымайды бір елі.
Тәтті, тәттінің іші қатты,
қаттының іші тәтті.
Жарана жағасын, аман-сау боласын
Қанаты жоқ - ұшады,
аяғы жоқ - қашады
Ти десем, тимейді,
тиме десем, тиеді
Отқа жанбас, сұға батпас
- Балалар, қандай сөз шықты ?
Сөйлем
164-жаттығу (Сөйлемдерді салыстыру)
ҚАЙСЫСЫ СӨЙЛЕМ? Неліктен?
Сөйлем Аяқталған Сөйлем Сөйлемнің соңына
ойды бас әріптен нүкте, леп белгісі,
білдіреді басталады сұрау белгісі қойылады
Сөйлем айтылу сазына қарай үшке бөлінеді:
-
Хабарлы
-
Сұраулы
-
Лепті
165-жаттығу ТОППЕН ЖҰМЫС
(жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жазу)
Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.
-
ЖЕКЕ ТАПСЫРМА
166-жаттығу (берілген сөздерден сөйлем құрап жазу)
Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Ақан шанамен сырғанады. Ол байқаусызда шанадан айрылып қалды. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
***ЖҰППЕН ЖҰМЫС
167-жаттығу
(сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқу. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әртүрлі екенін дәлелдеу)
Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 168-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем 169-174 жаттығу
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға сөйлем,оның хабарлы , сұраулы түрлер туралы толық түсінік беру;мәтін құра білуге ,мәтінді ажыратуға ,сөйлемдердің түрлерін айыра білуге үйрету;жұппен шығармашылық жұмыс істеуге үйрету. 2.Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын,байланыстырып сөйлеу,шығармашылық ,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Оқушыларды жеке тұлға екенін түсіне білуге,ұқыптылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың түрі :жарыс,ертегі сабақ.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Қуанамын мен де,
Өзін көрсетеді.
Қуанасың сен де,
Жанындағы досын көрсетеді
Қуанайық достарым,
Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.
Арайлап атқан күнге ! ( Қолдарын жоғары көтереді.)
. Тілек айту.
-Мен өзіме және өзгелерге ашық аспан тілеймін.
-Мен өзіме және өзгелерге нұрлы күн тілеймін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
168-жаттығу 63-бет (Ребусты шешіп, әңгіме құрау)
Қыс қызығы
ІІІ.Жаңа сабақ
.Қызығушылығын ояту. --сөзжұмбақ құрастыру.
1.Сәлем алып алыстан,
Туысыңнан,таныстан,
Келетұғын .... /хат/
2.Мәтіннің атауы қалай аталады?тақырып.
3. Мәтіннің әрбір бөлімі қалай аталады? Абзац
4.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады? Бас
5.Аппақ,аппақ,ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
Ол не? қар
6.Еліміз тәуелсіздік алған ай? Желтоқсан.
7.Аяғыма байладым,
Қос таяқпен айдадым.
Бұл не? Шаңғы.
-Тігінен қандай сөз шықты? ХАБАРЛЫ
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2. «Сөйлем» сөзіне кластер құру.
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем неден құрылады?
-Сөйлем қалай басталады?
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
-Сөйлемнің соңына нүкте қойылса ол қандай сөйлем екен?
Мағынаны ашу.
1.Суретпен жұмыс ,мәтін құрастыру.
- Мәтен неше сөйлемнен құрылған?
- Әр сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілерді қойдыңдар?
2 .Сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз.
1. Алма, алмұрт, өрік. 2.Асқар аулада кітап оқып отыр. 3.Аспанда тырналар ұшып барады. 4.Құмырсқа, дән, алды, тауып.
- Қайдай белгілермен сөйлемді тауып алдыңдар? -Олар қандай сөйлемдер? Осы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңдар.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс. 170-жаттығу (Мәтіннің тыныс белгісін қойып, жазу, мәтінге ат қою)
Бұлбұл.
Бұлбұл-кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
171-жаттығу (сөздерді бөлек жазу)
Әйелдер киімі: сәукеле, орамал, жаулық, қамзол, шәлі, шекпен.
Ерлер киімі: жейде, күпі, құлақшын, ішік.
172 -жат. Сөйлем құрастыру.
Орамал, құлақшын, қамзол
173-жаттығу (дәптерге)
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үй тапсырмасы. 174-жаттығу (әңгіме құрап жазу)
Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем 175-179 жаттығу
Көшіру диктанты №2 «Табиғат тәрбиесі»
Сабақтың мақсаты:
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан - жақты ойлауға үйрету, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
174-жаттығу (әңгіме құрап жазу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.
ІІІ.Жаңа сабақ Сұраулы сөйлем 175-179 жаттығу
Көшіру диктанты №2 «Табиғат тәрбиесі»
а) Кіріспе әңгіме.
- Балалар, тақтадағы жазуға қарайықшы, не жазылып тұр? Кім оқиды? (сұрақ - жауап әлемі)
- Тағы қандай әлемдер болады деп ойлайсыңдар? (ертегілер, хайуанаттар, құстар, кітаптар, балалар, сиқырлар, т. б.)
- Бүгін сабақта сұрақ - жауап әлеміне саяхат жасаймыз.
1 -: - Сенің атың кім?
2 -: - Нешінші сыныпта оқисың?
3 -: - Сабақтарың нешеде басталады?
4 -: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?
Сұрақтар: - Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Осыны тірек - сызба арқылы көрелік.
Оқулықпен жұмыс. 175 - жаттығу
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?
Көшіру диктанты №2 «Табиғат тәрбиесі»
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір - ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.
Табиғат тәрбиесі
Біз төбе болып үйіліп жатқан құмырсқаның илеуіне келдік. Құмырсқаның бірі кіріп, бірі шығып, құжынып жүр. Бәрі қимыл, әрекет, қауырт іс үстінде.
-
Көке, мынау не төбешік? - дедім
-
Бұл - құмырсқаның илеуі.
-
Илеу деген не?
-
Илеу құмырсқаның үйі, мекені деген сөз.
-
Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
-
Иә, бір үйде тұрады.
-
Олар тату тұра ма?
-
Тату болмаса, бір үйде тұра алмаған болар еді ғой.
ТАПСЫРМА
1.Сұраулы сөйлемнің астын сыз.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Тақтамен жұмыс. 177 - жаттығу.
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін;
- Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;
- Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар екендігін сұрау.
178 - жаттығу.
1. Іштен оқыту.
2. Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Қандай сөйлемдер оқыдыңдар?
- Сұраулы сөйлем қалай оқылады?
Қорытынды.
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы дегеніміз не?
4. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар.
Үй тапсырмасы
179-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
БАҒАЛАУ
Сөйлемді толықтыр.
1.Аспанда .......қалықтап ұшып жүр.
2.Мектеп жақтан ........сыңғырлап қоя берді.
3.Қоян қорыққанынан .........жөнелді.
4.Күзде орман іші ......кетеді.
Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Қар қалың жауды.
2. Қасқыр - жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.
Сабақтың тақырыбы: Сұраулық шылаулар (ма, ме, па, пе,ба,бе)
180-184 жат.
Сабақтың мақсаты:
сұраулы сөйлем туралы білімдерін толықтыруға, тиянақтауға мүмкіндік жасау; өз бетінше жұмыс жасауға баулу; оқушылардың оқу- әрекетімен
шұғылдануы арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін
дамыту; кез келген уақытта бір- біріне көмекке келуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Сыныпты қапшықтан асықтарды таңдап алып, сандарға сәйкес 3 топ үстеліне /А, Ә, Б үстелдері/ бөліп отырғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
179- жаттығу. Сурет бойынша құраған сөйлемдерін оқыту.
ІІІ.Жаңа сабақ
«Сұраған мен сұрау белгісі» өлеңін рөлге бөліп оқылады. /Сұрау белгісін бала қолына ұстап көрсетіп оқиды./
Сұраған: Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?
Сұрау белгісі: Маған ең алдымен, сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек, екіншіден,
Сұраулық есімдіктер керек.
Олар қатысқан сөйлемдер соңында
Ойлашы өзің, не келеді?
«Киноға барамысың? Жаңа газет аламысың?»
Деген секілді сөйлемдерде, кей оқушы сен секілді,
Тыныс белгісін қоймай кетеді. Өзің айтшы білсең,
Осылардың соңында, қандай белгі келеді?
Дауыс ырғағын да ескер деймін,
Жазғаныңды үнемі тескер деймін!
Мұны білмесең, бала, онда ісің шала!
(«Қызықты грамматика», 1984)
- Сұраулы сөйлем болу үшін қандай сұраулық шылау, сұраулық есімдіктер керек? /3 топтан мысал келтірту арқылы жауапты қорытындылау/
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдарыДауыс кідірісі Сұраулық шылау Сұраулық есімдігі
Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарымен танысамыз.
Кітаппен жұмыс
180- жаттығуларды орындау барысында сұраулы сөйлемде «неге, қандай, қалай т.б.» сұраулық мағына беретін сөздер қолданылатыны, сұраулы сөйлемнің өзіндік интонациясы болатыны меңгертіледі.
Дәптермен жұмыс (Дәптермен жұмыс ережесін еске салу)
181- жаттығу
Сабақтан кешікпе. Айдос ауылдан келіп пе? Ешқашан өтірік айтушы болма. Қар қалыңжауды ма?
Терме диктанты. Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз. Сұраулық есімдік пен шылауды тап. /әр үстелден 1 оқушы түсіндіріп талдайды/.
Шегене деген немене?
Соны білгің келе ме?
Шамалы, азды, шағынды
Бабалар деген шегене. (М. Әлімбай)
Сергіту сәті:
Күннің көзі біздерді,
Жаттығуға тұрғызды.
«Бір» дегенде қолымыз,
Көтерілсін жоғары.
Ал төбеде көк шалғын,
Сыбдырлайды көңілді.
«Екі» деген кезде сен,
Түсіре қой қолыңды.
Бекіту:
А үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Ақсары
Құстардың түрі өте көп. Сен, Ақсарыны білесің бе Ақсары бүркітке ұқсай ма Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап- сары. Ақсары- жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді.
Ә үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Әншi.
Сахнаға бiр топ әншi балалар шықты.Олар хормен қазақша ән айтты Бiр әншiнiң дауысы ерекше естiлдi. Балалар: "Бұл кiм " деп таң қалды Бұл әншi Әлия екен.Әлия жақсы ән салады.
Б үстелі
Тапсырма: Сұраулы сөйлемдердің астын сыз және жасалу жолын түсіндір. Қойылмаған тыныс белгілерін қой. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
Қараторғайлар.
Жер тез кептi Қайыңдардың жұпар иiстi бүршiктерi жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт қоңыздар шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бiр күнде қанша зиянды жәндiктердi жейтiнiн бiлесiңдер ме Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнiн таң сәулесi ағаштарға түскенде тыңдау керек.
Ребус:
Жауабы: Кітапхана, қамқорлық. Сөйлемдер құрату.
Графикалық диктант. Берілген сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.
.Қорытынды:
Сұраулы сөйлем
Сұраулық шылау
Сұраулық есімдігі
Бағалау
Әр топ басшылары бағалау парақтарын толтырады.
Үйге тапсырма: ереже жаттау
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем 185-189 жаттығу Сөздік диктант№3
Сабақтың мақсаты:
Лепті сөйлем туралы түсінік беру арқылы сөйлемдер құрату. Жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа сабақты меңгеру. Сөйлем құрау дағдыларын тиянақтау. Оқушыларды сауатты жазуға үйрету, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді және жазуды дамыту, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Өздігінен жұмыс жасауға бейімдеу. Оқушыларды таза жазуға, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Лепті сөйлем 185-189 жаттығу Сөздік диктант№3
Өткенді қайталау.
- Қане, балалар, біз сендермен өткен сабақта қандай тақырыптармен танысып едік?
- Ия, Сөйлем және олардың түрлерімен.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем дегеніміз адамның аяқталған ойы.
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Сөйлемнің үш түрі бар.
- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
- Сұраулы сөйлем дегеніміз жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемнен кейін (?) белгісі қойылады.
Мысалы: Сен қай сыныпта оқисың?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз бірдеңенің жайын хабарлап тұрады. Хабарлы сөйлемнен кейін (.) қойылады.
Мысалы: Менің апам ауылдан келді.
Сөздік диктант №3
Алақай, ура, жасасын, тамаша, керемет, жарайсың, азамат екенсің, өркенің өссін, мықтысың, бақытты бол.
Тапсырма:
Бір сөзді алып сөйлем құрау
Сөзжұмбақ шешу
1) Ешкінің төлі
2) Төрт түлік
3) Ең ірі жануар
4) Үй құсы
5) Аңның үйі
6) Біздің оқитын бөлме
7) Бас киім
8) нан атасы
9) Әнші құс
10) Кіші сөзінің қарсы мағынасы
11) Білім ордасы
---------Л а қ
---------Е ш к і
---------П і л
---------Т а у ы қ
----------І н
---------С ы н ы п
-------б Ө р і к
б и д а Й
-----б ұ Л б ұ л
---ү л к Е н
---------М е к т е п
Ендеше, балалар біз бүгін сіздермен сөйлемнің үшінші түрі лепті сөйлеммен танысамыз. Лепті сөйлем дегеніміз адамның көңіл - күйін білдіреді. Сөйлемнен кейін (!) белгісі қойылады.
Мысалы: Алақай, ертең мен киноға барамын! Ура, бізге ертең демалыс!
Көркем жазу Пп Пп парта
Оқулықпен жұмыс.
185 - жаттығу. (ауызша)
Өлеңді рольге бөліп оқып, көтеріңкі көңіл дауыс ырғағымен айтылған сөздерді тап. Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
186 - жаттығу.(жазбаша)
Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сөйлемге айналдырып жаз. сыныпта өнерлі оқушылар көп. Мектеп ауласында әдемі гүлдер егілген. Сыныпта өнерлі оқушылар көп пе? Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе? Алақай, сыныпта өнерлі оқушылар өте көп! Ура, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!
189 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрату.
Әңгімеге ат қою. ҚЫС
- Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі.
- Балалар қалай киініп жүр?
- Жылы және жеңіл киініп жүр.
- Олар қайда киініп жүр?
- Олар мұз айдынында ойнап жүр.
- Қане балаларға ат қояйықшы.
- Марат және Әйгерім.
- Олар не істеп жүр?
- Олар кішкентай Гүлназға коньки тебуді үйретіп жүр.
Жақсы, енді суретке қарап ат қояйық.
- Қыс қандай көңілді!, Алақай, қар жауды!
Сергіту сәті.
Қарғалар
Қане енді орнымыздан тұрып бойымызды жазып алайық,
Қорытындылау. "Жұмбақ шешу"
1. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын ( Сөйлем)
2. Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң, бір тары,
Жаңалықты жеткіземін ( Хабарлы сөйлем )
3. Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады (Сұраулы сөйлем)
4. Ұранды, шаттықты
Өкініш аптықты
Білдіріп ойын талайдың
Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)
- Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не?
- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
Бағалау.
Үйге тапсырма. 187-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлемнің тыныс белгісі 190-195 жат.
Сабақтың мақсаты:
Лепті сөйлем туралы түсініктерін кеңейту.Леп белгісінің қойылатын тыныс белгісін меңгерту. Сызба бойынша сөйлемдер құрай білуге дағдыландыру. Сөйлем түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, тапсырмалар
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
187-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)
Алақай, ура, жасасын
ІІІ.Жаңа сабақ.
Лепті сөйлемнің тыныс белгісі 190-195 жат.
А)Сұрақ тапсырма
Ілебай:
Сен осы неге айғайлай бересің?
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Жөн-жосығыңды түсіндірші,
Жазуда қандай жерде келесің?
Леп белгісі:
Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, ренжісем де,
Көбінесе-ақ көтеріңкі, көңілді жүрем,
Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс берем,
Сондай сөйлемдердің соңында келем.
Өлеңде сөйлемнің қай түрі айтылған?
----- сұраулы сөйлем
...... лепті сөйлем
Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС:
190-жаттығу (Лепті сөйлемді табу)
Жарас жазғы демалысында үлкендерге көмектесуді ұйғарды. Сөйтіп, ол пошташы болды. Хат, газет-журнал толы сөмкені велосипедінің арт жағына қойып, мықтап байлап алады да, жайлауға қарай тартып отырады. Әне-міне дегенше жетіп барады. Шопандар қуанып қалады.
-Міне, жігіт!
-Көп жаса!
-Өркенің өссін, қарағым!
-Қатарыңның алды бол! -деп, шопандар алғыстарын айтады.
*Әңгімені өзің жалғастырып айт.....
Б) ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС:
Көркем жазу
Тт
тақта
Талғат тақтаға лепті сөйлем жазды.
191-жаттығу (сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу)
Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Қыста коньки тебу қандай тамаша ! Бөлменің ауасын тазартып отырған жөн.
В) ОЙ ЖИНАҚТАУ
Лепті сөйлем
Адамның көңіл-күйін,
сезімін білдіреді
Сөйлем аяқталған соң ! белгісі
қойылады
Бұл сөздер көтеріңкі дауыспен оқылады.
қуану
бұйрық
сескендіру
таңдану
ұран
тілек
Г) ЖЕКЕ ЖҰМЫС
1) Сөйлем құрау : алақай, жарайсың 2)193-жаттығу (талдау жасау)
Ғ) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
1) Алақай, қандай сөздерін пайдаланып, сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырып жаз.
Күн шықты. Жаңбыр басылды. Циркке барамыз.
2) Берілген сызбалар бойынша сөйлемдер құрау
*
?
!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
1)195-жаттығу (сұраулы сөйлем мен лепті сөйлемді табу)
Кімдер мұнда тұрады?
Біз тұрамыз, балалар!
2) Көңіл күйді білдіретін сөз түрі мен соған сәйкес лепті сөйлемді тап.
1)Қуаныш Қап, кеше келсемші!
2)бұйрық Алақай, әкем келді!
3)Өкіну Қандай әдемі сурет!
4)Таңдану Бол тезірек!
Үйге тапсырма:
194-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты жазуға, сөйлем түрлерін бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.
Еңбекке, мейірімді болуға, көмектесе білуге, бір-бірін сыйлай білуге баулу.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, сызба,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Ертегілер еліне саяхат жасаймыз. «ҮЙШІК» ертегісі
194-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрау
ІІІ. Жаңа сабақ Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.
А)Бақаның тапсырмасы: 195-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, сұраулы, лепті сөйлемді табу)
-Домалақ үй,
Өзі сондай ұнады.
Кімдер салған,
Кімдер мұнда тұрады?
-Біз салғанбыз,
Біз тұрамыз, балалар!-
Деп шуылдап
Жауап берді аралар.
Сұраулы сөйлем....
Лепті сөйлем...
Тышқанның тапсырмасы: 196-жаттығу (жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. Леп белгісінің қойылу себебін түсіндір.)
-Мың мін бойында кімнің?
-Жалқаудың бойында мін мың!
Қоянның тапсырмасы:
СЕРГІТУ СӘТІ «ҚОЯН»
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Түлкінің тапсырмасы:
197-жаттығу
Таңдануды, қуануды білдіретін лепті сөйлемдер айту
....
.....
Қасқырдың тапсырмасы: ЖЕКЕ ЖҰМЫС:
198-жаттығу (сұраулы сөйлем жазу)
Үйді құрылысшы салады. Үйді кім салады?
Керіктің мойны ұзын. Керіктің мойны қандай?
Дәрігер ауруды емдейді. Ауруды кім емдейді?
АЮға көмектесу
БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДЕН СӨЙЛЕМ ҚҰРА
Тиісті тыныс белгілерін қойып жаз.
-
Көп, өнерлі, сыныпта, оқушылар
Сыныпта өнерлі оқушылар көп.
-
Төлі, сиырдың, не
Сиырдың төлі не?
-
Жасасын, Қазақстан, достығы, халқының
Қазақстан халқының достығы жасасын!
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІН БЕЙНЕЛЕЙТІН СУРЕТТЕР МЕН СОЛАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН СӨЙЛЕМДЕРДІ БІР-БІРІМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРУ.
Алақай, мен жеңімпаз болдым!
Тұр орныңнан!
Қап, сиямның таусылып қалғаны!
Мына қардың аппағын -ай!
ҮЙГЕ: 199-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)73-бет
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат.
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап, іс-жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.Сөйлемдерге тыныс белгіні қоя білуге, қатесіз ұқыпты жаза білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Пән аралық байланыс: математика
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
199-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)73-бет
Күн тәртібі
ІІІ.Бекіту сабағы Қайталауға арналған жаттығулар 195-206 жат. Бүгінгі сабақта Сиқыршыдан хат келіпті. Әр хаттың сырты да ерекше.
-
Қызыл конверт ( 1 жылда 4 мезгіл бар. 1жылда 12 ай. 100 жыл бір ғасыр.)
Дәптермен жұмыс
200-жаттығу (өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқу, сұраулы, лепті сөйлемді тауып, хабарлы сөйлемге айналдырып жазу)
Өмірде, ата кім мықты? Айтқан адам шындықты? Өмірде, ата, кім әлсіз? Жалқау, шыдамсыз! Өмірде не ең жаман?
Сақтай алмау елді аман!
Шындықты айтқан адам мықты. Жалқау, шыдамсыз әлсіз болады. Өмірде ең жаманы елді аман сақтай алмау .
-
Көк конверт (Қыс мезгілі : желтоқсан, қаңтар, ақпан. Көктем мезгілі наурыз, сәуір, мамыр. Жаз мезгілі: маусым, шілде, тамыз. Күз мезгілі: қыркүйек, қазан, қараша.)
200-жаттығу (сөздерді оқып, сөйлем құрап жазу)
Айдос ауылға барды. Атасы мен әжесі ауылда тұрады. Оған атасы қозы берді. Ол қозысын өте жақсы көреді.
-
Сары конверт (1 тәулікте 24 сағат бар. 1сағатта 60минут. 1минутта 60секунд.)
Сергіту сәті: Қарғалар
-
Жасыл конверт(1 аптада 7 күн. Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
ТОППЕН ЖҰМЫС:
1-топ 203-жаттығу (тыныс белгісін қойып жазу)
-Еңбек десе ерінеді,
Ол кім?
-Жалқау.
-Жанжал десе кіжінеді,
Ол кім?
-Сотқар.
2-топ (Сөйлемдерді мазмұнына қарай топтап айту)
Жануарлар
Мысық қалай дыбыстайды?
Қасқырдың төлі не?
Мал жайылады.
Тілек сөз
Өркенің өссін, қарағым!
Таңдану
Міне, жігіт!
Ақыл-кеңес
Жүйрік озады.
3-топ Жаңылтпашты жазу
Сыдық судан сүлік сүзді.
Сүлік Сыдықтың салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
Сыдық судан не сүзді? Сүлік Сыдықтың несін үзді?
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
206-жаттығу
Қонақтар келді. (қандай сөйлем?) ТҮСІНДІРУ
Бағалау Бүгінгі көңіл күйіміз қалай?
Үйге: 201-жаттығу (тыныс белгісін қойып жазу)-74-бет
Бағалау
Сүлік (лат. Hirudinea) - буылтық құрттар типінің бір классы. Табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқымдасқа бірігетін 400-ден астам түрі белгілі. Теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік етеді. Еркін қозғалатын жыртқыштар не жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Денесінің ұзындығы 0,2 - 20 см. Бас және аналь бөлімдері болмайды. Денесі 33 сегменттен түзілген, олардың алдыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы сорғышты құрайды. Денесін тығыз кутикула жапқан, оның астын эпителий астарлап жатады. Онда түрлі түсті түйіршіктелген пигментті клеткалар орналасқан.
Сүліктердің түсі осы жасушаларға байланысты. Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектерден тұрады. Алдыңғы сорғышының түбінде орналасқан ауыз тесігі ауыз қуысына, одан жұтқыншаққа жалғасқан. Қоректену кезінде Сүліктер жағымен (тістерімен) иесінің терісін тесіп, қанын сорады. Жүйке жүйесі және бұлшық еттері жақсы дамыған. Денесінің алдыңғы жағында 1 - 5 жұп көздері бар. Тыныс алу органы дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңізде тіршілік ететіндері желбезектері арқылы тыныс алады. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы. Жынысты жолмен көбейеді, іштей ұрықтанады. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей (дернәсілсіз) дамиды. Көпшілігі әр түрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қанын, сөлін сорады, араларында жемін тұтастай жұтатындары да бар. Сүліктер - кейбір балықтардың жемі. Балықтар, құстар, сүтқоректі жануарларға тигізетін зияны да үлкен, олардың қанын сорса, жануарлардың өлуі де мүмкін. Ал медициналық Сүлік (Hіrudo medіcіnalіs) бірқатар ауруларды емдеуге пайдаланады. Сүліктің бұл түрі сілекей бездерінен гирудин деп аталатын, қанды ұйытпайтын ерекше белоктық зат бөліп шығарады. Гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды. [1]
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Түлкі»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөйлемдерді ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, сызба,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ. Бекіту сабағы Бақылау диктанты №1 «Түлкі»
А)Түлкі тауралы мәлімет беру.
Түлкі (лат. Vulpes vulpes) - жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.[1] Тұрқы 70 - 77 см, салмағы 6,5 - 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Моногамды. Қаңтар - ақпан айларында ұйығып, 49 - 58 күннен кейін 4 - 6 (кейде 15) күшік туады. Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады.[2]
Ақ түлкі (лат. Vulpes lagopus) - ит тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Ақ түлкілер Солтүстік Америка мен Еуразияның орманды тундрасында, тундрада және Солтүстік Мұзды мұхиттың аралдары мен Командор, Алеут, Прибылов аралдарында таралған. Дене тұрқы 45 - 75 см, құйрығы 25 - 52 см, салмағы 2 - 9 кг. Сыртқы пішіні қызыл түлкіге ұқсас, бірақ тұмсығы мен құлағы қысқа келеді. Терісінің түсіне қарай ақ және көгілдір болып бөлінеді. Ақ түлкі жылына 2 рет түлейді. Қыста жүні ұзын қалың, жұмсақ және біркелкі ақ, ал жазда ақсары бурыл болады. Көгілдір түлкі түлемейді. Ақпан - наурызда ұйығып, 52 күннен кейін 3 - 15, кейде 22 күшік табады. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді. Күз - қыс айларында тамақ іздеп кезіп жүреді. Тамақ талғамайды. Олар көбіне тышқантәрізді кеміргіштер - леммингтер мен және тоқалтістермен, құстармен қоректенеді. Қолда бағылып та көбейтіледі. Ақ түлкі - терісі өте бағалы аң, сол үшін ауланады.[2]
Түлкі жабайы аң.
Ол - өзінен кіші аң - құстармен коректенеді. Өте қу, айлакер аң. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. Сонымен қоса өте ақылды аң. Ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман - есен құтыла алады.
Түлкі түгінен жазады.
Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
Бір түлкі жеті бөріні алдайды.
ЖҰМБАҚ
Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу.
(түлкі)
Ә) № 1 Бақылау диктанты
Түлкі
Түлкі жыртқыш аң деп саналғанымен, жеміс - жидектерден де бас тартпайды. Тіпті ашықса өлексені де қорек етеді. Ең сүйікті асы - сұр тышқан мен көжек. Қаз бен құрды, балықты да жей береді. Інін өзі қазады немесе борсықтікін тартып алады. (37 сөз)
Тапсырма.
1. Мәтінде қанша сөйлем бар, жазып қой.
2. Сөйлемді лепті сөйлемге, сұраулы сөйлемге айналдыру.
Қаз бен құрды, балықты да жей береді.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы 207-211-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау. Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту. Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың байланысы:ана тілі,бейнелеу.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ӨЖ - 5 минут.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?(Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз,сәлем алу да парыз.Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 - тағы қария иіліп сәлем береді.)
-
Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі.Біз сәлемдесу арқылы бір - бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.
-
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
-
ІІ.Өткенді пысықтау.
-
«Ойлан тап» ойыны.Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар
-Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
-
1
2
3
4
5
6
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
4. Сөйлем дегеніміз не?
5.Жұмбақ .
« Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.»
6. Мәтін деген не?
- Бақылау диктантын қорытындылау Қатемен жұмыс орындау.
ІІІ.Жаңа сабақ Сөйлемдегі сөздердің байланысы 207-211-жаттығу
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
СӨЙЛЕМ
----------------
Хабарлысөйлем Сұраулы сөйлем Лепті сөйлем
(ережесі) (ережесі) (ережесі)
ә) Сөйлемдердің бір - бірінің ұқсастығымен айырмашылығын анықтау.
Сұраулы Хабарлы
сөйлем сұрайды? СӨЙЛЕМ сөйлем
хабарлайды
Лепті сөйлем көңіл - күйді білдіреді
Оқулықпен жұмыс. 207-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру.
Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз.
Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды.
Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки.
Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру.
Ережені түсіндіру. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.
208-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.
Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.
Мұғалім тапсырманы тексерді.
-
Мұғалім не істеді?
-
Мұғалім тексерді.
-
Нені тексерді?
-
Тапсырманы тексерді.
209-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
-
, ,,,, ,,,
8 теңге
(ӨРІСТЕ)
210-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.
Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды.
Сиыр қайдан келді? Нұрбол нені қораға кіргізді? Кім сиыр сауды?
Сергіту сәті.
211-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.
-Қандай құстар қыстап қалады?
Дәптермен жұмыс.
212-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету.
Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.)
Сабақты бекіту.
а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.
Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.
-
Алақай, әкем келді
-
Сенің атың кім
-
Оқушылар саяхатқа шықты
ә) «Аққала» ойынын ойнау.
Қыс мерзімі болғандықтан, балалардың негізгі ойыны «Аққала» жасау.
Тапсырма:
І топ - Сөйлем дегеніміз не?
ІІ топ - Сөйлем нешеге бөлінеді? Түрлері.
ІІІ топ - Сөйлемнің түрлеріне қарай мысалдар келтіру.
4 .Қорытындылау.
Оқушылардың жұмысын бағалау.
5.Үй тапсырмасы.
213- жаттығу,үй жұмысының орындалу ретін түсіндіру.
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сұрақ қою арқылы сөйлемнің байланысын табу
212-217-жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Сұрақ қою арқылы сөйлемнің байланысын табу, сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысуын қадағалау. Ұқыпты, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Өздігінен жұмыс жасауға бейімдеу.Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушыларды таза жазуға, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Сұрақ қою арқылы сөйлемнің байланысын табу
212-217-жаттығу
А) КІТАППЕН ЖҰМЫС
2012-жаттығу (сөйлемдегі сөздердің байланысын табу)
Шөп қалың өсті.
Шөп өсті. Атасы шөпті шапты. Біз шөпті тасыдық.
213-жаттығу (мақалды жатқа жазу)
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
214-жаттығу (жеке сөздерді, өзара байланысқан сөздерді бір бөлек топтастыру)
Көбелек, су, сандуғаш, қуыршақ.
Кеме ұнады, қонаққа келді, бақшада өсті, кітаптан оқыды.
215-жаттығу (сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысуының қажеттілігін дәлеледеу)
Жаңа жыл, мереке, ақшақар, аяз ата, сыйлық
217-жаттығу (көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
Біздің үй ТАУҒА жақын. Тау аласалау. Таудың бетіне ну ҚАРАҒАЙ өскен. Ағаш арасында неше түрлі ҚҰСТАР болады. Олар ЗИЯНДЫ жәндіктерді теріп жейді. Құстарға тимеу керек. Құстар АДАМҒА пайдалы.
218-жаттығу (үш сөзді сөйлемге айналдыру)
Асыл мектептен келді. Апам тамақ пісірді. Сиыр өрістен қайтты. Апам сиыр сауды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ҮЙГЕ: 216-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрап жазу)
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №1 «Тауық»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырып бойынша алған білімін пысықтау. Балалардың білімін кеңейту. Сөйлемдегі сөздерді байланыстырып жазуға дағдыландыру. Қатесіз, әдемі, ұқыпты жаза білуге баулу. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Мазмұндама №1 «Тауық»
А)Жұмбақ шешу
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
/Тауық/.
Ә)Тауық туралы мәлімет
Тауықтар - тауықтәрізділер отрядына жататын құс, ауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі - бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.
Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 - 2,2, қоразы 2,5 - 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 - 2,8 және 3,4 - 3,8; етті тұқымы 3 - 3,5 және 3,8 - 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 - 41 г. болса, 7 - 8 аптада 1,5 - 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 - 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 - 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 - 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 - 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 - 50 г, ал соңына қарай 57 - 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 - 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 - 60%-ы жас, 30 - 35%-ы - 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 - 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі - арнайы дайындалған құрама жем.
Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.[1]
Құстардың қан айналымы қосмекенділер мен жорғалаушылардан күрделі. Жүрегі төрт бөліктен : екі құлақша және екі қарыншадан құралып, оң және сол жақ жартыларға бөлінеді. Жүректегі салатамыр және көктамыр қаны бірімен-бірі араласпайтындықтан, бүкіл ағзаға тек оттегіне қаныққан қан таралады.
Құстың денесіндегі қан екі шеңбер бойынша айналады, олар үлкен және кіші қанайналым шеңбері деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасынан шыққан салатамырдағы қан бүкіл денені аралап, денедегі жасушаларға оттегін береді, көмірқышқыл газға қанығып, оң жақ құлақшаға оралады. Бұл- үлкен қанайналым шеңбері. Оң жақ құлақшадағы көктамыр қаны оң жақ қарыншаға өтіп, өкпеге барады , құрамындағы көмірқышқыл газды өкпеде қалдырып, өкпедегі оттегімен қаныққан соң сол жақ құдақшаға құяды. Бұл- кіші қанайналым шеңбері. Құстың жүрегі қуатты жұмыс істейтіндіктен, қан тамырларды бойлай шапшаң ағып, ағзаға қажетті мөлшерде оттегі мен қорек жеткізеді. Сондықтан құс денесіндегі температура тұрақты (40-45 градус) болады.
Б)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.
Сұраққа жауап алу
Жоспар құру, сол жоспар бойынша мазмұнын жазуға үйрету.
Тауық
Ернұрдың әжесінің тауықтары көп еді. Әжесі күнделікті оларға жем-суын беріп тұратын. Жемін шашқан кезде тауықтар тез жиналып, дәнді шоқи жөнеледі.
Бірде аулада олардың қимылын қызықтап тұрған Ернұр:
-Ой, әжемнің тауықтары тәртіпті сақтай біледі екен. Жемді жинап, ауланы тазартып жатыр, - деді мәз болып.
Сұрақтары:
1. Әжей не өсіреді?
2. Жемді көрген тауықтар қайтеді?
3. Ернұр неге мәз болды?
Жоспары:
1. Әжейдің тауықтары
2. Тауықтардың іс әрекеті
3. Тәртіпті тауықтар
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге: Өткенді қайталау.
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сызба бойынша сөйлемдер құрау. 222-227 ж.
Сабақтың мақсаты:
Сызба бойынша сөйлемдер құрау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету. Сөйлемнің дұрыс құралуын бақылау және сызбаға түсіре білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық Қысқы олимпиадалық ойындар туралы айту.
қысқы ойындарымыз: Шаңғы тебу, коньки тебу, сырғанау, доппен, көкалдағы хоккей тебу, трамплиннен шаңғымен секіру.
ІІ.Өткенді қайталау
Мазмұндамаға қатемен жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ Сызба бойынша сөйлемдер құрау. 222-227 ж.
А) Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс: Шаңғы тебу.
222-жаттығу (түсіндіру)
Анасы жұмысқа кетті. Үйде Дана мен Жанар қалды. Олар үйді тазалауға кірісті. Дана еденді жуды. Жанар шаңды сүртті. Жұмыстан оралған анасы риза болды.
Коньки тебу.
223- жаттығу ( Сызба арқылы сөйлем құрау )
*
*
*
Сергіту сәті
Мәнерлеп сырғанау.
224- жаттығу Ребус шешуімен сөйлем құрастырылып, сөйлемдегі сөздердің байланысы сызбамен көрсетіледі.
ДОСТЫҚ
Көгалдағы хоккей
225- жаттығу (топпен жұмыс)
Ажар гүлді суарды. Оқушы мектептен келді. Ол домбыраға қосылып ән айтты.
Доппен хоккей: өз бетімен жұмыс
226-жаттығу (өлеңді оқу, сөйлемдегі сөздердің байланысын айту)
Ақ қар, көк мұз айнала,
Қыс кетпеске бекінді.
Желпіп өткен жел ғана.
Шымшылайды бетіңді.
Қыс кетпеске бекінді.
Сабақты қорыту:
Трамплиннен шаңғымен секіру.
227-жаттығу «Ұқыпты оқушы» әңгіме құрау (ауызша)
Бағалау,
Үй тапсырмасы. 228- жаттығу (тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу)
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
228-231 ж.
Сабақтың мақсаты:
Сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоя білуге, сөйлемдегі сөздердің ретін дұрыс орналастыруға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері
228-231 ж.
А)Оқулықпен жұмыс
228-жаттығу (тиісті тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
Мына тау қандай биік! Сен қысқы демалыста қайда барасың? Мұзайдында коньки тебу қандай тамаша! Үйдің ауасын үнемі тазартып отырыңдар. Медет домбыра үйірмесіне қатысты ма?
Өздік жұмыс
230-жаттығу (сөйлемдегі сөздердің байланысына қарай талдау)
Назым тақпақ айтты.
Әнуар тапсырманы бұлжытпай орындады.
Қалада сәнді үйлер көбейді.
231-жаттығу (Суретке қара, әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемді келесі беттегі мәтіннен таңдап ал.)
Аққулар
Күзде екі аққу өзенде қалып қойды. Өйткені олардың біреуінің қанаты жарақаттанған еді.
Қыс түсті. Өзен қата бастады. Аққуларға қиын болды. Олар суықтан өлуге айналды.
Айдын оларды үйіне әкелді. Оларға жем берді. Құстар осында қыстап қалды.....
Мәтінді одан әрі қарай жалғастыр... Не болды???
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ:229-жаттығу (сөйлем құра)
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тексер
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау және тиянақтау. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ұқыпты жазуға дағдыландыру. Балаларды еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы Өзіңді өзің тексер
А)оқулықпен жұмыс
1-жаттығу (сөйлемдегі сөздердің байланысын бөліп жазу)
АСПАНДЫ БҰЛТ ТОРЛАДЫ. ЖЕЛ СОҚТЫ. ЖАҢБЫР НӨСЕРЛЕТІП ЖАУДЫ.
Бұлт торлады, аспанды торлады; жел соқты; жаңбыр жауды, нөсерлетіп жауды.
2-жаттығу (көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
КӨРІКТІ АЛАТАУ АЯСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҚТА ТҮРЛІ ХАЙУАНАТТАР ТІРШІЛІК ЕТЕДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ- ТЕҢБІЛ МАРАЛДАР. МАРАЛДАРДЫҢ МҮЙІЗІНЕН ӘР ТҮРЛІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАСАЛАДЫ. МАРАЛ- ПАЙДАЛЫ ЖАНУАР.
Марал-пайдалы жануар.
4-жаттығу (ребусты шешу) Түлік төлден өседі.
5-жаттығу (сөйлем құрау)
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
6-жаттығу (сұрақтарды өз орнына ретімен жазу)
кім? қайда? не істеді? қандай? не? қайтті? неше? кім? қайда? қайтті?
Әсел дүкенге барды. Ала бұзау мөңіреді. Он бала сабаққа келді.
*ӨЗІҢДІ -ӨЗІҢ ТЕКСЕР!!
1)Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А)2 Ә)3 Б)4
2)Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.
А)сұраулы Ә) хабарлы Б)лепті
3)Лепті сөйлем дегеніміз?
А)білу және жауап алу
Ә) адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлем
Б)хабарлау
4)Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?
А) лепті Ә)хабарлы Б)сұраулы
5)Өлең мазмұнына қарай жқұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап.
Қуану, ренжу, өкіну
Мақсатым-соны сездіру
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
А)нүкте Ә)сұрау Б)леп
6)Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.
А)көтерді Ә)неге Б)айтпа
7)Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле.
А)барма Ә)сүртпе Б)бар ма
8)Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А)бірқалыпты Ә)бәсең дауыспен Б)көтеріңкі дауыспен
9)Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді?
А)сұраулы
Ә)лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)
Б)хабарлау
10) «Тұр орныңнан!» лепті сөйлемі қандай ойды береді?
А)қуану Ә)бұйыру Б)ұран
11)Лепті сөйлемде лептік ойды білдіретін сөз қалай оқылады?
А)көтеріңкі Ә)бірқалыпты Б)бәсең
12)Лептік мағына беретін сөзді тап.
А) қайда Ә)қандай Б)қап
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: 3-жаттығу 83-бет
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №2 «Тұңғыш ұстаз»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөйлемдердегі сөздерді қатесіз, ұқыпты жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №2 «Тұңғыш ұстаз»
А)Ыбырай Алтынсарин кім?
Ыбырай Алтынсарин (шын аты - Ибраһим, 1841-1889) - қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті.
Ә) Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы "Ұстаз - тәрбиелеуші" ұғымы діни ілімнен бастау алады.
Б)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.
Тұңғыш ұстаз
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш ұстаз. Балалар жазушысы. Оның шығармалары бала тәрбиесіне әсер етіп, оларға өнеге, үлгі болады. Атамыз сабырлы, еңбексүйгіш, адал, шыншыл болған. Алтынсарин қазақ жерінде алғаш рет мектеп ашты. Онда қазақ балаларын оқытты. (33 сөз)
Тапсырма
1.Мәтінде қанша сөйлем бар.
2.Шығармалар сөзіне дыбыстық талдау жасау.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
Үйге: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сөз туралы түсінік. 232-236 жат.
Сөздік диктант№4
Сабақтың мақсаты:
Сөз туралы теориялық түсінік беру,тірек сызба, суреттер және дидактикалық материалдарға сүйене отырып сөз құрауға , тіл дамытуға үйрету.Оқушының таным белсенділігін дамыта отырып,адамгершілік негіздеріне тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Мұғалім: - Екі көз не үшін керек?
Балалар: - Бір жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: - Екі құлақ не үшін керек?
Балалар: - Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: - Екі қол не үшін керек?
Балалар: -Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: -Екі аяқ не үшін керек?
Балалар: -Шеттежүрсең, Туған жерге жету үшін.
ІІ.Жаңа сабақ Сөз туралы түсінік. 232-236 жат.
Сөздік диктант№4
-
Балалар, бүгін ерекше сабақ.Бір - бірімізге қарап, тілек білдірейік.
-
І.» Әріптер жемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалық сұрақ қойып,сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.
Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті.Олар барлығы бір түсті болыпты.Тату - тәтті өмір сүріпті.Бір күні қатты дауыл соғады.Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан - жаққа шашырап ұшыпты.
А,ә,е,и,о,ө,ү,ұ,ы.і.э,ю,я - дыбыстары күнге қонып күйіп қып - қызыл болыпты.
Б,в,г,ғ,д,ж,з, -дыбыстары ағашқа қонып(ұяң) болып қалыпты.
К,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ - дыбыстары ағаштың діңіне қонып( қатаң) болыпты.
Л,м,н,ң,р,й,(у) - дыбыстары бұлтқа қонып( үнді) болыпты.
Олар күні бойы қайғырып - жылап,» Не істейміз?» дейді.Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті.Ортақ шешімге келеді екен.
Бұларды біз бітірейік-деп, келіседі.Одан кейін олар
әріптерден буын,буыннан сөз құрапты.
-
Ал сөзден кейін не құрайды? - Әрине, сөйлем.
№ 4. ( тоқсан) Сөздік диктант
Сұлу, терең, шыдам, тайыз, көркем, уақыт,алыс, төзім, ақ, жақын, биік, қара, мезгіл, зәулім.
Тапсырма.
Мағынаса қарама -қарсы сөздерді теріп жаз
АҚ-ҚАРА, ТЕРЕҢ-ТАЙЫЗ, АЛЫС-ЖАҚЫН,
Сөз туралы түсінік.
232 - жаттығу.
а) Екі бағанды салыстыру.
ә) Қай бағандағы сөздер?
б) Қай бағандағы сөздер жуан сөздер?
в) Қай бағандағы сөздер жіңішке сөздер?
г) Неліктен?
д) Сөздерді көшіріп жазу.
СӨЗ -ЗАТТЫҢ, САПАНЫҢ, ҚИМЫЛДЫҢ, САННЫҢ АТАУЫ.
І.Ойын.»Артық сөзді тап» Неге ол сөз артық деп ойлайсың?дәлелдеуге тырыс.
а) Шәй,сүт,нан,айран,кітап,сыр,кәмпит,балық,май.
ә)сөйледі,жазды,отырды,Асқар,оқыды.
б) Алма,қызанақ,қияр,алмұрт,бидай,апельсин.
в) тары,күріш,сұлы,Алақай,бидай.
ІІ.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
ІІІ.Біірінші сөздің жалғасы,екінші сөздің бастауы болатын үш әріптен тұратын сөзді тап.
Кес(...) дік,жұ(...)ық,дәп(...) ме,ой(...) тау.
Тапсырма:Берілген төрт сөздің ішінде үшеуінің мағынасы бар.Артық сөзді тауып,анаграмманы шеш.
АҚЗАҒ, СҮЛЕТ, МАЛҚА, АПҚАР
233-жаттыңу ( сөз жасау)
Жыл, жал, жұл, жел, жаңа, жара, жаса, жақын
234-жаттығу (сөздерді сөз мағынасына қарай топтау)
Адам, кітап, жылқы, жапырақ,
Жасыл, қоңыр, сұр,ақ
Келді, жүзді, ойнады,
Жеті, тоғыз, жиырма, отыз
236-жаттығу (ауызша)
Жаңа сабақты қорытындылау.Ой толғау.
Сұрақ - тапсырмалар арқылы қорыту.
Бағалау кезеңі:
Үйге тапсырма: 235 - жаттығу 88-бет
Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 237-241 жат.
Сабақтың мақсаты:
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға, сауатты жазуға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,ана тілі,музыка
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қуан,шаттан!
Қуан,шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ Мағынасы қарама-қарсы сөздер. 237-241 жат.
жақсылық-жамандық
еңбекқор-қатыгез
жақсы-жаман
мейірімді-мейірімсіз
Сонымен, қарама-қарсы сөздер дегеніміз- олар бір сөз табынан болады және олардың мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болады.
Дәптермен жұмыс.
237-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарама-қарсы сөздерді тап.
Мәтінге ат қою. *ҚАЛТАЙДЫҢ ҚЫЛЫҒЫ ДҰРЫС ПА
23 8-жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер.
239-жаттығу (СӨЙЛЕМ ҚҰРАУ)
Таза, лас, тар, кең
241-жаттығу (РЕБУСТЫ ШЕШУ, ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ)
Жарық
Жарық күн, жарық ай, жер жарық
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Бағалау.
Үйге тапсырма.
240-жаттығу.
Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын жаз. Неліктен мағынасы қарама-қарсы сөздер тобы екенін дәлелде.
Сабақтың тақырыбы: Мағынасы жуық сөздер. 242-246 жат.
Сабақтың мақсаты:
1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
240-жаттығу.
Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын жаз. Неліктен мағынасы қарама-қарсы сөздер тобы екенін дәлелде.
ІІІ.Жаңа сабақ Мағынасы жуық сөздер. 242-246 жат.
1. Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
3. Оқулықпен жұмыс 242 - жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқу)
IV. Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Жжж (жолдас), Ддд (дос), Ыыы (ылғалды), Сссс (суық ), Ббб (бала), Ттт ( тоңу)
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.
V. Өзіндік жұмыс 244 - жаттығу
● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.
1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау - пысықтау;
2. ақырын - шапшаң, апару - әкелу, бастау - аяқтау, тоңу - жылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау - білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.
Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)
● Бес жолды өлең құрастыру
1. Пияз
2. Ащы, пайдалы.
3. Аршылады, ашытады, өседі.
4. Жуа
5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
• Жақсы, жаман - синоним сөздер
○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.
Бағалау
Үйге тапсырма 243-жаттығу
(көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып жазу)
Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер. 247-251 жат.
Сабақтың мақсаты:
1.Көп мағыналы сөздерді, олардың мағыналарын,омонимдерден айырмашылығын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Көп мағыналы сөздер. 247-251 жат.
Мына сөздердің мағынасына назар аудар
Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы
247-жаттығу (түсіндіру)
248-жаттығу (жазу)
250-жаттығу (бірнеше мағынасы бар сөзді табу)
Арық, арба, жабу, қой, бұрыш, көз, ара, қас
251-жаттығу (ребусты шешу) қайшы пікір
3. Кітап досың, ақылшың
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы
Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
5. Кім көп біледі?
Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр
1 Адамның аяғы,....
2 Домбыраның құлағы,....
3 Жараның ауызы,....
4 Пышақтың жүзі,.....
6. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
Вен диаграммасы
Сабақты қорыту
.Ой толғау
Көп мағыналы сөздердің тілдегі рөлі қандай деп ойлайсың?
Өз пікіріңді жаз.
8.Сауатты болу -мақсатым
Құрамында көп мағыналы сөздері бар мақал - мәтелдерді жазу
Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің-гүлі.т.б.
Үйге тапсырма 249-жаттығу (сөйлем құрау)
Ою, өкпе, қырық, жүз
9. Қоржындағы сарқыт
Көп мағыналы сөздерді тауып жазып келу.
Бағалау
10.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №3 «Менің күшігім»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Ұқыпты, әдемі, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №3 «Менің күшігім»
А) Күшік туралы мәлімет
Жеті қазынаның бірі "Жеті қазынаның бірі" саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы. "Ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді ("Древнетюрский словарь", Л., 1969, 215-6.). Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да "ит" сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: татарша "эт", туваша "ыт", өзбекше "ит", түрікменше, қырғызша да "ит" (осы тілдердің сөздіктерінен). Түрік тілдерінің ішіндегі ең көне деп саналатын саха мен чуваш тілдерінен байқайтынымыз: сахаша "ит" ("Рус. -як. сл." М., 1968, 593-6.), чуваштар "йыта"("Чув. -рус, сл", М., 1985. 132-6.).Түркі тілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек, "а-и", "д-т" бірімен-бірі алмасу заңдылығы "адай" сөзінің түбірі "ад"- тың "ит"- ке дейін өзгермесіне лажы жоқ. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ "ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден тән екендігін қуаттай түскендей. (Хахастар итті "адай" деп атайды.)
Аңшы иті құмай тазы атауы тіліміздегі мәні, құпиясы ашылмаған нәрсе. Басқа түркі тілдерінің біразында бұл атаулар кездеседі. Құмай грифон тәрізді бейнеленеді және қиялдағы самүрыққа ұқсас құс деп танылады. Ал оның аң алатын тазы итпен байланысы аңыздарда оның бір ұядағы жұмыртқадан қаз, құмай ит шығады деген сюжетпен өрбітіледі. Құс тәрізді ұшқырлыққа қиялдай теңеген қазақтар өте жылдам жүгіретін тазы иттерді құмайы (құмайық) тәрізді "ұшатын" қасиетке ие ит деп теңеуден шыққан болуы мүмкін.Қалай дегенмен жеті қазынадан ит тұқымы ойып түрып орын алған. Бірақ кез келген ит емес жүйрік алғыр құмай тазыны қазынаға ентізгеп. Жеті қазынаның қатарында жүйрік aт, қыран бүркіт, берен мылтық қатарлы ер жігіттің ажырамас серігі орын алған. Ердің қанаты - ат, ит - үйдің құлағы, тамағы мен киімін "асыраушы" - бүркіт, қорғанар қаруы - мылтық (бәлкім ертеректе садақ болуы ықтимал) қазынадан заңды түрде орын алған.Ал қазынаның қалған үшеуін әркім әрқалай пайымдайды. Оның бірі кімге де болса қажетті ілім-білім немесе заттық түрі кітап жеті қазынаға енеді.
Ә) Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу Менің күшігім Менің күшігім бар. Өзі сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты-Ақтөс. Айтқанды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)Тапсырмалар:
І-нұсқа «пысық» сөзіне мағынасы жуық сөздерді тауып жазу
ІІ-нұсқа «пысық» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жазу.
Б) Боран туралы мәлімет
Боран - күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.Боран - қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.[2]
В) Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын ұғындыру.
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТЫ
Боран
Айнала тыныш. Жер бетін тегіс ақ қар басқан. Асқар мен Елдос жалғыз аяқ жолға түсіп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.
Екеуі бірін-бірі қуалап, қар лақтырысып келеді. Кенет долы боран басталды. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естілді. Балалар дауыс шыққан жаққа қарай жүгірді. Бұл жаурап жылап отырған Мұрат екен. Балалар оны үйіне әкелді.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА.
І-нұсқа
1)СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫН ТАП.
Қандай? Қандай? Не? Не? Қайтеді?
Жылтылдаған ақша қар көз аштырмайды.
2)ДЫБЫСТЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ.
Боран-5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты, 2 буын
Жаңғырық- 8 әріп, 8 дыбыс, 5 дауыссыз, 3 дауысты, 3 буын
ІІ-нұсқа
1)СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ БАЙЛАНЫСЫН ТАП.
Қашан? Қандай? Не? Не қылды?
Кенет долы боран басталды.
2)ДЫБЫСТЫҚ ТАЛДАУ ЖАСАУ.
Жылтылдаған-11 әріп, 11 дыбыс, 7 дауыссыз, 4 дауысты, 4 буын
Мектеп-6 әріп, 6 дыбыс, 4 дауыссыз, 2 дауысты, 2 буын
3)***ТАСЫМАЛДАНБАЙТЫН СӨЗДЕРДІ ТЕРІП ЖАЗУ.
Жер, ақ, қар, мен, көз, сол, бұл
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
Сабақтың тақырыбы: Сөздерді мағынасына қарай ажырату.252-256 жат.
Сабақтың мақсаты:
Сөздерді мағынасына қарай ажырата білуге үйрету. Жазылуы бірдей мағынасы әртүрлі сөздердің мағынасын ұғындыру. Сөздерді қатесіз жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
249-жаттығу (сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)
Ою, өкпе, қырық, жүз
ІІІ.Жаңа сабақ Сөздерді мағынасына қарай ажырату.252-256 жат.
А)Оқулықпен жұмыс
252-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу)
Оқушылар мақта теруге барды. Мұғалім Айсұлуды мақтады. Серік қой бағып жүр. Кітапты орнына қой.
253-жаттығу (өлеңді жатқа жазу)
Досың болса ер,
Соңынан қалма, ер.
254-жаттығу (сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)
Ерлан -ізетті бала.
Әдепті бала, арлы бала,
Әдепсіз бала, сорлы бала.
Жаз мезгілінде күн ыстық болады. Қыста күн суық болады. Арманның жүз теңгесі бар.
255-жаттығу (жұмбақты көшіріп жазып, шешуін табу)
Бірі-ағаш кесу құралы,
Бірі-шырынды бал бұлағы. (ара)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Бас қала-Астанам»
Сабақтың мақсаты:
Бас қала туралы білімін кеңейту. Бас қала туралы өз сөздерімен әңгімелеп жаза білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Шығарма «Бас қала-Астанам»
А) суреттермен жұмыс
Ә) Астана туралы мәлімет оқу
Б) Астана туралы шығарма жазу
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады (1 қараша 2013)[3]. Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан. Астана өте серпінді дамуда. Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Сулы-Жасыл бульвар - Астана орталығындағы жаңа көше.
Ақ-Орда - Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
Бәйтерек - Астананың басты символы.
Тәуелсіздік Сарайы - мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады
Бейбітшілік пен келісім сарайы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.
Хан-Шатыр - Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.
1996 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» Қаулы қабылдады. Осы Қаулыға орай Президент пен Үкіметтің шешімдерімен мемлекеттік басқару органдарын Ақмола қаласына көшіру жөніндегі комиссия құрылды.
1997 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылы 10 маусымда Қазақстанның жаңа ел орда Астананың халықаралық тұсау кесер өтті.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тексер.
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Тапсырмаларды өз бетімен орындай білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы Өзіңді өзің тексер.
1-жаттығу (өлеңді түсініп оқу)
Сөл-шырын, нәр, сығынды
2-жаттығу (жаңылтпашты жатқа жазу)
Алма бар,
Алма барда
Алмұрт алар ма?!
Алмұрт алма,
Алма ал.
3-жаттығу (мақалды көшіріп жазу)
Кітаптың бағасы арзан,
Іші толған маржан.
4-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып жазу)
Жаз: хат жаз, жаз айы, ауруды жаз.
Тура:
Жас:
Түс:
5-жаттығу (бос торкөздерге тұсындағы сөздерге мағынасы қарама -қарсы сөздер тауып жазу)
Тар-кең
Жаңа-ескі
Жақсы-жаман
Жуан-жіңішке
Жарық-қараңғы
6-жаттығу (сөзге сипаттама беру үшін қандай сөздер мен сөз тіркестері көмекке келеді? Сөйлемге ше?
Атауы
Зат
Сөйлеу мәнері
Қимыл
Сын
Нүкте
Сөз байланысы
Нүкте
Леп белгісі
Сұрау белгісі
7-жаттығу (өлеңнің ұйқасын ойлап тап)
Зайыр!
Қаламымды (қайыр)
Мардан!
Асай көрме (ардан)
Мирас!
Үйдің ішін (жинас)
Азамат!
Мінгізейін саған (ат)
Мұса!
Тайыңды (тұса)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша туралы түсінік. 257-261 жат.
Сабақтың мақсаты:
Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуiн жеңілдету, белсендiлiктерiн арттыру. Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін көркем жазу дағдыларын жетiлдiру. Жаңа технологияға сүйенiп оқушылардың жаңа сабақтан және өткен сабақтан алған бiлiмдерiн тиянақтау. Сауаттылыққа, әділдікке, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қазақ тiлi-өз тiлiм, ана тiлiм,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тiлiм.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тiлiм,
ІІ.Жаңа сабақ Түбір және қосымша туралы түсінік. 257-261 жат.
А)Түбір мен қосымша туралы түсінік беру
ТҮБІР- сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін ТҮБІР (ТҮБІР СӨЗ) дейміз. Көк, күріш, өрік, қобыз
Сөздің түбірге жалғанған бөлігін ҚОСЫМША дейміз. Көкшіл, күріштің, өріктің, қобызшы
Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС
257-жаттығу (көшіріп жазып, сөздерді салыстыру)
Күйші күй тартады. Балықшы балық аулайды. Құрылысшы құрылыста істейді. Жылқышы жылқы бағады.
Күйші-күй, балықшы-балық, құрылысшы-құрылыс, жылқышы-жылқы
259-жаттығу (түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды сәйкестендіру)
Сый - гіш
Жұмыс -лі
Біл -шы
Өнер -қыш
ұш -лық
260-жаттығу (қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу)
Жүннен, жібек, мақтадан
Тоқитұғын матаны,
Танимыз жұрт мақтаған
Тоқымашы апаны.
Жүннен мақтадан тоқымашы
Жүн-нен, мақта-дан, тоқыма-шы
Өздік жұмыс
261-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
Теңізші
Кеме, теңіз, балық,
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 258-жаттығу (қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын бөліп көшір)
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз бен қосымшалы сөз. 262-266 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін арттыру.
Оқушылар түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажарата алады. Түбір сөздерге тиісті қосымшалар жалғай алады. Жаттығу жұмысы барысында дұрыс талдаулар жасай білуге қызығушылықтарын, ойлау қабылеттерін арттыруға, қиялын дамытып, көркем жазуға дағдыландыру. Сауаттылыққа, білімділікке. мейірімділікке, адамгершілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Кел, балалар ойлайық,
Жазайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
ІІ. Үйге тапсырманы тексеру
258-жаттығу (қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын бөліп көшір)
Сурет-ші, мүсін-ші, аяз-дың
(Түбір мен қосымша туралы ережесiн қайталап айту)
ІІІ.Жаңа сабақ Түбір сөз бен қосымшалы сөз. 262-266 жат.
А)Кітаппен жұмыс
1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
2) Сөз құpaмына не жатады?
3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.
4) Түбiр сөз дегенiмiз не?
262-жаттығу (түбір сөздерді табу)
Шіл, үй, құс, қоңыр
263-жаттығу (мақалдарды оқып, жатқа жазу)
СУЛЫ ЖЕР ҚҰРАҚСЫЗ БОЛМАС,
ТАУЛЫ ЖЕР БҰЛАҚСЫЗ БОЛМАС.
ЖАЛҒЫЗДЫҢ ҮНІ ШЫҚПАС,
ЖАЯУДЫҢ ШАҢЫ ШЫҚПАС.
265-жаттығу (сөздерді оқу, бұлардың қандай сөз екенін дәлелдеу)
Қобыз -бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Дос-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Су-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Гүл-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Сый-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Ой-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Еңбек-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
Мұнай-бұл түбір сөз, өйткені ол өзгермейді, сөздің мағыналы бөлігі
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
266-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
ҚАРАҒАНДЫ
Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми және мәдени орталығы болып табылады. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 453,4 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар. Этимологиясы
Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн.
Ұлттық құрамы
Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33,2%-ы қазақтар, 47,9%-ы орыстар, 3,4%-ы немістер, 3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы украиндер, 1,3%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 4,2%-ы басқа ұлт өкілдері.
Демография
2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу - 16,85 өлім - 13,89 табиғи өсім - 2,96 Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы. Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.
Өнеркәсіп
Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.
Ауыл шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0,1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1,3 мың гектарын картоп, 0,5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 23,5 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3,5 мың тонна сүт; 1991,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі - 1,1 мың бас; шошқа - 2,4 мың бас; жылқы - 0,1 мың бас; құс - 22,8 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде - 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында - 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды. Қалада • 26 кітапхана, • 9 клуб типті мекеме, • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • 3 театр, • 2 мұражай, • 1 концерт залы, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн теңгені құрады. 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) - 21379,2 млн теңге.
Қарағанды қаласының ескерткіштері
Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.
Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)
Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы. Арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған,өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ
Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы - Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Назарбаев Зияткерлік Мектебі
Бұл мектеп республикада құрылатын осындай 20 мектептің сегізіншісі. 720 балаға арналған оқу орнының 120 орындық интернаты да бар. Мектеп басшылығының хабарлауынша, бүгінгі күні 7,8 және 9 сыныптарға 558 оқушы қабылданыпты. Білім ұясында оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқушыларға білім беру мен жатын орындары тегін. Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірегей оқу орны және өңірлік ғылыми орталық болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 264-жаттығу
(берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)
Піл, биші, достар, торғайға
Сабақтың тақырыбы: Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. 267-271 жат.
Сабақтың мақсаты:
Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді түсіндіру. Сөйлем ішіндегі түбір сөзді табу, қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үйге тапсырманы тексеру
264-жаттығу (берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау)
Піл, биші, достар, торғайға
ІІІ.Жаңа сабақ Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырату. 267-271 жат.
А)267-жаттығу (оқу, түбір сөздерді табу)
МӘТІНГЕ АТ ҚОЙ.
Домбыра
Домбыра, қазақ, ерте, аспап, перне, құлақ
Ә)ӨЗДІК ЖҰМЫС
268-жаттығу (сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазу)
Қыс... (та) адамдар жылы киінеді. Мал қора.... (да) тұрады. Үй маңындағы қар...(ды) күрейді. Балалар қар....(дан) аққала жасайды.
Б) ІЗДЕНІС ЖҰМЫС
269-жаттығу (суреттердегі зат атауларын қатыстырып сөйлем құрау)
ДОМБЫРА
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыраның тарихы
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.
Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7-8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,- деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.
Домбыраның түрлері
Алып домбыра
Кішкентай домбыра
Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 - 9, әрі кеткенде 14 - 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде
ән мен күй домбырасы
торсық
тұмар
кең шанақты (екі нұсқасы)
балдырған
балашық
шіңкілдек
аша
үш ішекті
қуыс мойын
шертер
оркестр домбыралары:
қоңыр дауысты (альт)
жіңішке дауысты (прима)
ащы дауысты (секунда)
бас домбыралар (екі нұсқасы) [1]
Сипаттамасы
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен - құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Ә. Хасенов, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Т. Момбеков, М. Хамзин, Қ. Жантілеуов, С. Балмағамбетов, Л. Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар - Қ. Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Б. Тілеуханов, А. Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.Домбыра - тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері,Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Домбыраның дамуы
Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:1932 - 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе,оны 1960 - 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор,бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.1990 - 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».[2]
Көп ішекті домбыралар
Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.
Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік.
«Қырғыздардың музыкалық аспаптары қызығарлықтай емес. Олардың бар болғаны бубен, джибизги және думбралар (думбра - үш немесе төрт ішекті аспап, біздің балалайкаға ұқсайды)».Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы:
Олардың бірі Исраилдің домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып жасалған. Бет қақпағы ағаш шегелермен бекітілген, оған тарамыс перне байланған.
Екінші домбыраның шанағы бөлек-бөлек тақтайдан құрастырылған. Жоғарғы және төменгі қақпақтары фанерден жасалған. Он екі пернесі бар.
Үшінші домбыраны ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев пен оның досы Н. Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне байланған.Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.
Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады.Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы.Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет.
Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі - Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты.
Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо-тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген».Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша.Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық творчествосы дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі-біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа-басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек.
Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді. 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған-ды. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажғалиев, сондай-ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай-талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр.Қазақ ССР Министрлер Советі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 февральда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық-механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп-игеру негізінде жүргізілді.
Домбыраны зерттеу нәтижелері
Әр түрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады. Қақпақты өңмеу жұмыстары оның тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді, сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп, біржола өңделгеннен кейін тербеліс жиілігі қандай болатынын күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ағаштық физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санына қарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады.Зерттеу жүмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғүрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты дедік. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, олардан алынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені -250 мм, ұзындығы - 400 мм және қалыңдығы -2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64-233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 233>08-277,12 гц шамасында болмақ.Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені-5 мм, ал биіктігі-6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:
ағаштың физикалық қасиеті,қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар:
қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы,
өрнектеу.
Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі -233, 08-261,6 гц шамасында дыбыс алуға қолайлы келеді, өйткені мұндай жиілік домбыраның мензурасына, оның құлақ күйіне және дыбыстау сипатна сәйкес келеді. Аспапта жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс пайда болады. Егер қақпақты құрастырғанда оның күйге келтірілуі ескерілмесе, онда, практикада бақыланғанындай, қақпақтың тербеліс жиілігі көбінесе 293,6-349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді.Қазір домбыраның қақпағы 2-5 бөлек тақтайдан құрастырылып жүр. Тақтай бөлшектерінің санына қарай қақпақты құрастырудың және күйге келтірудің жолдары өзгеріп отыруға тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана құралса, онда оларды бір тонға келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен құралатын болса ортадағы тақтай күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен құрастырылса ортадағы екі тақтайдың күйге келтірілетін болуы маңызды, өйткені негізгі тонды беретін солар.Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни:қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек;
егер қақпақтың үні құрастыру ісі басталған кездің өзінде-ақ, тым жоғары болса, келесі тәжірибе үстінде де қажетті үнді ала алмайсыз, сондықтан оны күйге келтіріп және аспаптың шанағына орнатып текке әлектенбеу керек;
аспаптың даусы жақсы болуы үшін қақпақтың үнін си-ге немесе си-бемольға жеткізу қажет;
егер бөлек тақтайшалардың арасы дұрыс желімделмесе қақпақ біртектес ағаштан құрастырылмаса, талшықтардың бағытталуы қисық болса, жарықшақ сызат
түссе, домбыраны күйге келтіру қиындайды.
Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-тенордын, қақпағының үніне қарап аспаптың тембрлік даусын күні бұрын білуге болады. Ал мұның, өзі аспаптарды көбінесе сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың үні жақсы болса - тембрі жүмсақ, ал үні жоғары болса - тембрі ащы болады.
1970 жылы Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында жасалған бес домбыраға лабораторияда талдау жасап көрген кезде, зерттеу мынаны көрсетті. Қалыңдығы 3,1 мм-ден, -4,1 мм-ге дейінгі қақпақтарды ашып қарадық. Артқы пружинаның биіктігі 5,2-5,6 мм шамасында екен. мұндай көлем тербелістің қасиетті жиілігін және дұрыс күйге келтіру үшін керек болатын шарттылыққа сай емес. Қақпақтың қалыңдығын бір мм-ге жұқартқан соң және пружинаның биіктігін тағы бір мм-ге кеміткен соң тербеліс жиілігі азайды. Қақпақтың үні жарты тоннан астам төмендеді. Егер бұрын тербеліс жиілігі 138,56 гц болған болса, енді ол 128,8 гц кеміді.
Мұнан қорытарымыз, көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тэжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, көп ізденіп келген. Сондықтан да олар домбыраның формасы мен құрылысына ерекше назар аударған.
Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен.
Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені -195 мм, ұзындығы -344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3-2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі -2,2-2,7 мм, онық ені -6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі -2,2-2,7 мм, оның ені - 4 мм.Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы -2,0-2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы-2.0-1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені- 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы-4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны - қайыңнан, қақпағы - шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.
Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка - күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.[3]
Домбырада шетелдік шығармаларды орындау
Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық аспаптың мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы: Моцарттың "Түрік маршы" өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың бірі. Оның барлық вариациясын күйсандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ композиторларының шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды да асқан шеберлікпен әсем орындауға болатыны анық.
ҚОБЫЗ
Қобыз - таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Кобыз ен коне аспаптардын бірі.
Сипаттамасы
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы - шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « - Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» - дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.
Қобызға деген көзқарас
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.
Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909-1970) Дәулет Мықтыбаев (1904-1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.
Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.[1]
В) ӨЗДІК ЖҰМЫС 270-жаттығу (түбір мен қосымша екенін дәлелдеу)
Үй-бұл түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
Мектеп- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
Кең- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
Оқу- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
Таза- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
Орман- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
-лы- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-ды- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-лық- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-тай- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-дар- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-тер- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-шы- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
-тей- бұл қосымша, өйткені түбірге жалғанады, жеке тұрғанда мағынасы болмайды.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 272-жаттығу (әңгіме құрау)
«Қыс»
Сабақтың тақырыбы: Сөздің түбірін табу. 272-276жат.Сөздік диктант №5
Сабақтың мақсаты:
Сөздердің түбірін табуды ұғындыру. Сөздерге қосымша жалғап сөздерді байланыстыруға дағдыландыру. Сөздердің түбірін тиісті белгімен таба білуге бағыт беру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үйге тапсырманы тексеру
272-жаттығу (әңгіме құрау)
«Қыс»
ІІІ.Жаңа сабақ Сөздің түбірін табу. 272-276жат.Сөздік диктант №5
А)ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС
Сөздік диктант №5
Ән, қала, оқу, сурет, жылқы, мүсін, құрылыс, қобыз, кезек.
Тапсырма.
1.Түбір сөздерге қосымшаларды жалғап жаз.
Әнші, қалаға, оқушы, суретші, жылқылар, мүсінші, құрылыста, қобызшы, кезекші.
2.Әр сөзді буынға бөл.
Ән-ші, қа-ла-ға, о-қу-шы, су-рет-ші, жыл-қы-лар, мү-сін-ші, құ-ры-лыс-та, қо-быз-шы, ке-зек-ші.
Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС
МАЙЛЫ БОЯУ- Майлы бояу - тұрмыста және бейнелеу өнерінде қолданылатын бояу түрі. Бейнелеу өнерінде пайдаланылатын Майлы бояу өсімдік майларының (кендір, зығыр, жаңғақ, самырсын) қоспасынан алынады. Майлы бояу 10 ғ-да белгілі болған, 14 ғ-дан бастап қолданылған. Қазіргі Майлы бояуды ұзақ уақыт тәжірибеден кейін Нидерланд суретшілері Ян Ван Эйк пен Гувер Ван Эйк жасаған. Өсімдік майынан алынған Майлы бояулар өте ажарлы болады және тез құрғайды. Оған кейде лак қосады. Майлы бояумен жазылған өнер туындылары ұзақ уақыт бойы өз сынын жоғалтпайды. Еуропадағы Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері (Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Сандро Боттичелли, т.б.) көптеген шығармаларын Майлы бояумен салған.
Қазақ суретшілері:
Ә.Қастеев
М.Кенбаев
С.Мәмбеев
К.Телжанов
С.Айтбаев
Е.Төлепбаев
Айша Галымбаева Сахи Романов Агымсалы Дузелханов майлы бояуды кеңінен пайдаланып, ұлттық туындылар жасады.
272-жаттығу (мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату)
Май-лы, белгі-сіз, дәстүр-ге, сурет-ші-лері, ұн-тақ, май-лар-ға, ерітіл-ген, ажар-лы
273-жаттығу (сөздерді көшіріп жазып, сөздің түбірін тиісті белгімен көрсету)
Кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, үйге, көкшіл, айдай, жібектей.
**ӨЗДІК ЖҰМЫС
274-жаттығу (түбір сөзге қосымша жалғап, сөздермен байланыстыру)
Ұшақпен келдім. Ұшаққа міндім. Ұшақтан түстім. Ұшақты көрдім.
275-жаттығу
(қарамен жазылған сөздердің түбір не қосымшалы сөз екенін дәлелдеу)
Біл-ім- қосымшалы сөз, өйткені оның түбірі «біл», оған қосымша « ім» жалғанып, сөздің мағынасы өзгерді.
Бай-лық- қосымшалы сөз, өйткені оның түбірі «бай», оған қосымша
«лық» жалғанып, сөздің мағынасы өзгерді.
Жас-ыңда- қосымшалы сөз, өйткені оның түбірі «жас», оған қосымша «ың» және «да» жалғанды.
Ал-түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
Өрт-іңе- қосымшалы сөз, өйткені оның түбірі «өрт», оған қосымша «ің» және «е» жалғанды.
Ұры-лар- қосымшалы сөз, өйткені оның түбірі «ұры», оған қосымша «лар» жалғанды.
Ол- түбір сөз, өйткені оның мағынасы бар, ол өзгермейді, сөздің тұрақты бөлшегі.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 276-жаттығу (суретке қарап, шағын әңгіме құрап жазу)
Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған жаттығулар. 277-281жат.
Сабақтың мақсаты:
Сөздердің түбірін табуды ұғындыру. Сөздерге қосымша жалғап сөздерді байланыстыруға дағдыландыру. Сөздердің түбірін тиісті белгімен таба білуге бағыт беру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үйге тапсырманы тексеру
276-жаттығу (суретке қарап, шағын әңгіме құрап жазу)\
ІІІ. Жаңа сабақ Қайталауға арналған жаттығулар. 277-281жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС:
277-жаттығу ( сөйлемдегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату)
Қара-ған-ды- Қазақ-стан-да-ғы ір-і өн-дір-іс орын-дар-ы-ның бір-і. Өн-дір-іс-те мың-да-ған жұмыс-шы жұмыс іс-тей-ді.
Қара-ған-ды-ның қыс-ы су-ық, ұзақ бол-а-ды. Ал жаз-да күн ыс-тық бол-ып, құр-ғақ, аң-ыз-ақ жел соғ-ып тұр-а-ды.
278-жаттығу (кестені толықтыр. Әр бағанға не жазғаныңды түсіндір)
Мал
Дәптер
Сыз
кітап
-шы
-лер
-ғыш
-хана
Малшы
Дәптерлер
Сызғыш
кітапхана
279-жаттығу (түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бөлек топтастыру)
Түбір сөз Қосымшалы сөз
Дала қалада
Іс жазғы
Түн орындық
Қобыз көлшік
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 280-жаттығу (ребусты шешу)
Мақал, өлең жазу
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Бесік»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау. Сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, әдемі әрі қатесіз жазуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
280-жаттығу (ребусты шешу)
Мақал, өлең жазу
Оқу-лық
Кітап - жеміс ағашы
Көрдің талай аралап
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісін қайта өнер ме?!
Кітап та - алма ағашы
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін...
Кітап пен ғылым -тілсіз мұғалім. Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол. Күш білімде, білім кітапта.
ІІІ.Бекіту сабағы: Бақылау диктанты №1 «Бесік»
А)Бесік туралы мәлімет
Бесік - нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, бесік көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік, аспалы бесік (әлпеншек) деген екі түрі кездеседі. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі.[1]
Бесіктің жасау-жабдықтары
Жас нәрестені бесікке бөлеу үшін төмендегідей жасау-жабдықтар қажет.
Ши. Бесік шабақтарының үстіне төселетін шиден тоқылған төсеніш. Түбек бекітілген тұсында ойығы болады.
Жөргек. Жұқа, талдырып басылған киіз төсеніш. Осыны кейде қаузау деп те атайды (қаузау киіз).
Құс төсек. Жөргектің үстіне төселетін арасына құс жүні салынып қабылған жұмсақ төсеніш. Оның да түбек түсетін тұсында ойығы болады.
Жастық. Бесіктің енімен сәйкес келетін, арасына құс жүні толтырылған кішкене жастық.
Көрпе. Жай матадан әзірленген көрпені жаздыгүні, ал арасына мақта салып қабылған көрпені қыстыгүні қолданады.
Кепіл. Нәрестенің жамбас тұсына, тізесіне кепіл ретінде арнайы тігілген бірнеше кішкене жастықшалар қойылады. Ол жастықшалар түбек орналасқан ойықтың төңірегіне төселеді.
Тартпа бау. Тартпа бауларды кейде таңғыш деп те атай береді, олар құр тәрізді биязы жіптен тоқылады. Немесе екі-үш қабат матаны сырып, бауларды ызып әзірлейді. Тартпаның біреуі бөленген, құндақталған нәрестенің көкірек тұсынан, екіншісі тізенің үстінен түседі. Тартпа баудың ұштары бесіктің екі жағындағы сабау ағаштарға таңылады.
Түбек. Түбек қыштан, көннен, күйдірілген саз балшықтан немесе мыс, жез қаңылтырдан әзірленеді. Қыстыгүні сыртына киіз, қайыс немесе былғарыдан тігілген қап кигізіп қояды. Түбектің түбіне сәл күл сеуіп қолданады.
Шүмек. Шүмекті ағаштан да сүйектен де әзірлеуге болады. Ұл баланың шүмегін асықты жіліктің асық тұрған басынан ойық ойып әзірлейді. Екінші қарама-қарсы басын шорт кесіп тастап, қырларын егеп жұмырлап қояды. Қыз баланың шүмегін ескі, көп ұсталып майсіңді болған уықтың қарынан (иінінен) жасайды, ойығын ұлдікіне қарағанда сәл сопақтау етіп ойған жөн. Шүмек баланың денесіне баптау үшін қырларын тегістеп жылтыратып, зәрді сорып алмауы үшін майға қайнатып алған соң пайдалана беруге болады.
Жабу. Бесіктің көлеміне сай, жұқа матадан тігілген, кестеленген арнаулы жабуы болады. Ол бесікке бөленген жас нәрестені маса-шыбыннан, желден, шаң-тозаңнан, күн көзінен, суықтан қорғайды.
Ә) Бақылау диктанты №1 «Бесік»
Бесік
Қазақ баласын ағаш бесікке бөлеп өсіреді.Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар...
Ұйқысы тыныш баланың денесі тез өсіп жетіледі. (37 сөз)
Тапсырма.
1.Мәтіндегі сөйлем санын жақша ішіне жаз
2.Талдан, бесікке деген сөздерді сөз құрамына талда.
Тал-дан, бесік-ке
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік. 282-286 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қосымшалардың қызметі әртүрлі болатынын байқату. Сол арқылы жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру. Сабақта ұлттық дәстүрлерді, ойын түрлерін пайдалана отырып тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ой белсенділігін арттыру.
Ептілікке, жылдам ойлауға және әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
- Әріпбек.
- Олай болса, осы Әріпбек бүгін бізге қонаққа келіпті. Біз оны қонақ етіп күту арқылы қазақ халқының қонақ күту дәстүрімен танысамыз. Қонақжай қазақ халқы қонақты бірнеше түрге бөлген. Соның ішінде алыстан айтпай келген қонақты «құдайы қонақ» дейді. Әріпбек те бізге құдайы қонақ.
1 - рәсім: Келген қонақ үлкен не кіші болсын сәлем беріп, амандық - саулық сұрау керек:
- Ассалаумағалейкум!
- Сәлеметсіз бе?
- Мал - жан аман ба?
ІІ.Жаңа сабақ Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік. 282-286 жат.
- Сөз неден құралады? (Сөз дыбыстардан құралады)
- Ол нені білдіреді? (Белгілі бір ұғымды, мағынаны білдіреді)
- Олай болса, Әріпбектің бойындағы әріптерден сөз құрайықшы (алма, лақ, гүл, сиыр, доп, орман).
- Бұлар қандай сөздер? (түбір сөздер)
- Түбір сөздер дегеніміз қандай сөздер?
Сөз құрамы
Түбір. Қосымша
Қосымша
Жұрнақ -------------------------- Жалғау
бүркіт+ші ----------------------- бүркіт+пен
Жаңа сөз жасайды -------------- Сөз бен сөзді байланыстырады
Дәптермен жұмыс: Көркем жазу Жж жұрнақ жалғау
2 - рәсім: Қолға су құю
Леген, құман суреттерін көрсету.
Ас алдында қолға суды шорылдатпай құю, сүлгіні әдеппен ұсыну көбінесе балаларға жүктеледі.
282- жаттығу. 1. Түбір сөз бен қосымшалы сөздерді салыстырып оқу. 2. Мағыналары әр түрлі екенін аңғарту. 3. Сөздерге сұрақ қойғызу. Не себептен сұрақтары әр түрлі?
Алғашқы үш жұпты ауызша талдату. Соңғы үш жұп жазбаша орындатылады.
Су - сусын (не? не?)
Бүркіт бүркітші (не? Кім?)
Таза - тазалық (қандай? не?)
3 - рәсім: Көрпе салу.
Келген қонаққа көрсетілетін құрметтің бір түрі - көрпе салу. Осыған орай «Құрақ құрау» ойынын ойнату. Берілген түбір сөздерге жұрнақ жалғау.
Дос, іс, жұмыс
4 - рәсім: Дастархан жаю.
Қазақ халқы соңғы бір үзім нанын да қонаққа деп сақтаған жомарт ел.
- Қандай ұлттық тағамдардың түрлерін білесіңдер? (бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, құрт, балқаймақ, қымыз)
- Үйірілген қышқыл сары қымыз неден жасалады? (бие сүтінен)
- Ендеше, балалар, әжелеріміздің жомарттығын танытып Әріпбектің алдына барымызды қояйық.
283 - жаттығу жазбаша орындатылады.
1. Түбір сөздерді, қосымшалы сөздерді салыстырып оқу.
2. Түбір сөз бен қосымшалы сөз мағыналарының өзгермегенін аңғарту.
Өнер-лі, жігіт, өр-де, озар, өнер-сіз, жігіт, жер, соғар
«Сөз ойла» ойынын ойнайық.Әріпбек сөзді жақсы көретіндіктен сөздерден жаңа сөз жасау
285-жаттығу (жұрнақ жалғанғанды бір бөлек, жалғау жалғанғанды бір бөлек көшіріп жазу)
Батырлық, іскер, көлшік, биші, бастық/ Ғалымның, көмірді, дәптері, бидайды
6 - рәсім: Қонақасы
Әжалеріміз құдайы қонақты құдайыңдай сыйлап, қыстай сүрлеген етін асып, қазан көтерген. Біз де осы кәдеге байланысты «Кім тапқыр?» ойынын ойнайық. Әріпбек бізге мынадай оқиғаны баяндайды: «Мен бір күні саябақта серуендеп жүріп ағаштардың арасында жатқан өзгеше бір сандықтың үстінен түстім. Оның сиқырлы сандық екенін түсіндім. Сандықты ашып қалғанда мен тамаша бір нәрсе көрдім...»
Енді балалар, Әріпбек сиқырлы сандықтан не көргенін табайық. Ол үшін бір оқущы шығып сандықтағы затты сипаттап айтады. Ал, қалған оқушылар соны табады. Мысалы: Күннің жадын білдіреді, әрі айды,
Ұстазға ол керек нәрсе әрдайым (күнтізбе)
7 - рәсім: Қонақтан бұйымтай сұрау. Сабақты қорытындылау.
Қонақ кетерде үй иелері одан бұйым қызмет, яғни не қалайтынын сұрайды. Әріпбек қонағымыз бізден осы сабақта не білгенімізді сұрайды.
Тест тапсырмалары:
Түбір сөз -------------- Жұрнақ ------------ Жалғау
а) біздің -------------- а) өнерлі ----------- а) өлең
ә) дала ---------------- ә) әкемді ---------- ә) баласы
б) сақшы ------------- б) дос --------------- б) тазалық
Бағалау. Үйге тапсырма: 286 - жаттығу «Төрт түліктің пайдасы» пайымдау мәтінін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің қосымшасын ажырату. 287-291жат.
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Ереже сұрау. 286 - жаттығу «Төрт түліктің пайдасы» пайымдау мәтінін құрастыру (Жеміс суреттері арқылы бағалау: "5"алма,"4"алмұрт,"3"қияр) .
ІІІ.Жаңа сабақ Сөздердің қосымшасын ажырату. 287-291жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС.
287-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу, жалғауларды табу)
БҮГІН ӘНУАР МЕН НҰРЖАН ЕРТЕ ТҰРДЫ. ОЛАР ҚАРДЫҢ ҚАЛЫҢ ЖАУҒАНЫН КӨРДІ. ЕКЕУІ ЕСІК АЛДЫНДАҒЫ ҚАРДЫ КҮРЕДІ. ӘНУАР ӘЖЕСІНЕ ҚҰДЫҚТАН СУ ӘКЕЛІП БЕРДІ. НҰРЖАН ТАУЫҚТАРҒА ЖЕМ ШАШТЫ.
288-жаттығу (Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін жалғап жазу)
1. Би, қобыз, көп, сауық. -------- - шы, - ші, - шыл, - шіл
2. Іс, орын, талап, көл. ---------- - дық, - кер, - шік
3. Қыс, арба, түн, жаз. ----------- - гі, - лы,- қы, - ғы
Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып үш қатарға үш сөйлем құрап жаздыру.
БИШІ, ҚОБЫЗШЫ, КӨПШІЛ, САУЫҚШЫЛ. ІСКЕР, ОРЫНДЫҚ, ТАЛАПКЕР, КӨЛШІК. ҚЫСҚЫ, АРБАЛЫ, ТҮНГІ, ЖАЗҒЫ.
1. Биші, қобызшы қыздар бізде қонақта.
2. Мақсат орындық сатып әкелді.
3. Қысқы демалыста әжемнің аулына бардым.
289-жаттығу (сөздерге жалғанған қосымшаның жұрнақ екенін дәлелде)
Ән-ші, ән-не? Әнші кім?
Батыр-лық, батыр кім? Батырлық не?
Талап-ты, талап не? Талапты қандай?
Жұмыс-кер, жұмыс не? Жұмыскер кім?
**290-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)
ОҚУЛЫҚ оқу-лық оқу не істеу? Оқулық не?
**оқулық -туралы мәлімет беру
Оқулық - оқу бағдарламасы мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде, жүйелі баяндайтын кітап. Оқулық оқу орындарының типіне қарай (бастауыш, орта, кәсіптік-техникум, жоғары оқу орындары) жасалады.[1] Әр түрлі ұлт мектептері үшін нақты ұлттың ана тілі мен әдебиетінің ерекшеліктерін ескере отырып оқытылатын ағылшын, орыс тілі, т.б. оқулықтар шығарылады. Оқулыққа мынадай педагогикалық талаптар қойылады: оқу материалдарының қазіргі ғылым мен технологияның дәрежесіне сәйкес баяндалуы; жоғары идеялылығы, тәрбиелік міндеттерге сәйкестігі; мазмұнының бағдарлама мазмұнына сәйкес әрі түсінікті болуы; материалдарының оқушылардың жас және танымдық ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы; дәл және анық, нақты қорытындылар, ережелер, заңдар мен анықтамалардың баяндалуы, тілдің жатық, әдеби және ықшам болып, оқушылардың ұғымына сәйкес келуі; оқу материалын меңгеруді жеңілдететіндей иллюстрация, сурет, кесте, диаграмма, сызба мен сызулардың болуы; сыртқы пішінінің (қағаз, шрифт, мұқабасының) ретті сәндендірілуі. Негізгі оқу пәндерінің оқулықтарына қосымша хрестоматия, есеп жинақтары, жазбаша жаттығу кітаптары, анықтама, сөздік, оқу кітаптары, тарихи және географиялық карталар, т.б. қолданылады.
*Кітап - қарым қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап - білім бұлағы», - деп бекер айтылмаған екен. Кітап - өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Кітап туралы ережелер:
1. Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін оны қаптап ал.
2. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, оны ластап алуың мүмкін.
3. Кітаптың арасына қаламсап және басқа жуан нәрсе салма, оның түбі жыртылады.
4. Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме - оның бұрыштары жыртылады. Кітап беттерінің арасына қыстырғыш жасап ал.
5. Кітап беттерін жыртпа, кітапқа сурет салма, оған жазба, кітапқа сиямен де, қарындашпен де ешбір белгі салма.
6. Кітапты майыстырып бүктеме, оның беттері жыртылады.
Ұқыпты оқушы.
Кітап жинап, түптеймін,- жыртылмасын,
Мұқабасын бүктеймін - қырқылмасын
Таза болсын беттері - сызылмасын.
Көрген кісі кітабы кір демесін.
Жұмбақтар:
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.
Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.
Мақал - мәтел
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Артық ғылым кітабы
Ерінбей оқып көруге.
Кітап білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
Тақпақтар:
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл қойшы.
Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңде осы.
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.
Ақылдың сөнбейтұғын шамшырағы,
Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.
Ашқанда - ақ өткен күнмен беттеріңді,
Келелі күн көз алдыма көп тұрады.
Іздегенде табылады,
Ғылым жұмбақ, тау сындас.
Білім өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас.
Нақыл сөздер.
1. Білімнің қайнар бұлағы - кітап.
2. Кітап - құдіреті қару.
3. Кітап ғалым тілсіз мұғалім.
4. Кітап - өмір ұстазы.
5.Күш білімде, білім кітапта.
6.Әліппенің ар жағы - білім бағы.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
291-жаттығу «ҚЫСҚЫ ЕҢБЕК» тақырыбына әңгіме құрау
Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамына талдау.292-296ж.
Көшіру диктанты №3 «Алматы көлі»
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
291-жаттығу «ҚЫСҚЫ ЕҢБЕК» тақырыбына әңгіме құрау
ІІІ.Жаңа сабақ Сөз құрамына талдау.292-296ж.
Көшіру диктанты №3 «Алматы көлі»
а) Алматы көлі
Мақсаты: Диктант жаздыра отырып оқушы білімін тексеру. Сауатты , көркем жазуға баулу.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мақсат қою кезеңі.Диктант. Алматы көлі
ІІІ. Білімдерін тексеру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?Диктант мәтінін оқып жаздыру.
Алматы көлі.
Алатаудың сұлу жерлері көп. Оның ішінде Алматы көлінің орны ерекше. Бұл көл тәуліктің әр мезгілінде түрліше құлпырады. Таңертең жап-жасыл болып кетеді. Сондықтан халық оны «Жасыл көл» деп те атайды.
-
Диктантты аяқтаған соң, асықпай бір рет оқып шығып, тексертемін.
-
Тапсырма орындау. 1. « Жасыл көл» сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2. У әрпінің астын сыз.
1.Өнерлі өрге жүзеді
2.Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Тапсырма.Қосымшалы сөздерді теріп жаз,түбір мен қосымшаны тиісті белгілермен белгіле.
ә) «Орныңды тап»ойыны.Үлестірмелі карточкалар.
Түбір қосымшалы сөз
оқу биші
арба орындық
мақта тігінші
үйрек мектепке
б)Дәптермен жұмыс: 292-жаттығу.1.Мәтінді түсініп,мәнерлеп оқу.
2.Қарамен берілген сөздерді теріп жазу.
Шоқан Уалиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов шын есімі Мұхаммед Қанафия 1835-1865 -қазақтың ұлы ғалымы, ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған шығыстанушы,тарихшы,фольклоршы,этнограф,географ,ағартушы.Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен,"Шоқан" аталып кеткен.
әдебиетші зерттеуші
тарихшы Шоқан заңгер
жаратылыстанушы саяхатшы
этнограф ғалым
3.Жұрнақ пен жалғауды тиісті белгілермен белгіле.
4.Шоқан туралы білетініңді айт.
( Слайд,Шоқан суреті,"Күн сәулесі")
293-жаттығу.1.Мәтінді көшіріп жаз.
2.Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жаз.
3.Қар сөзіне жалғанған қосымшалар жұрнақ па,әлде жалғау ма?
4.Мәтінге ат қой.
(тақтамен жұмыс.Слайд; Қыс көрінісі.)
.Сергіту сәті :«Қазақ тілі»әні.
Тарихтың тал бесігі тербеледі,
Жылдар жылжып,ғасырлар дөңгеледі.
Көз жүгіртіп қарасам өткендерге,
Қасиетті ана тілім тербеледі.
Қазақ тілім,қазақ тілім,ана тілім,
Көркейе бер,көктей бер,дана тілім.
294-жаттығу. 1.Ребус шешу.
2.Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Балық-ш-ы.
295-жаттығу.Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп түбірге қосқандарың жалғау екенін дәлелде.
Наурыз да
Бала ға
Қала ның
Көмір ді
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Үйге тапсырма.296-жаттығу.Ребус шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөзге қосымшаның жалғану реті. 297-301жат.
Сабақтың мақсаты:
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру,түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Сауатты жазуға,ойын жүйелі жеткізуге баулу. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
296-жаттығу.Ребус шеш.Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау.
Татулық
ІІІ.Жаңа сабақ Түбір сөзге қосымшаның жалғану реті. 297-301жат.
А)Кітаппен жұмыс:
297-жаттығу (қарамен жазылған сөздерді жалғаусыз оқып көр, байланыс болама?)
Ұлу:
1)бауыраяқты моллюскалардың екінші атауы;
2)ұлу - ішкі құлақтың ұлуға ұқсас бөлігі.
Ұлулар (Gastropoda) - жұмсақ тәнді жәндіктердің - моллюскалардың бір класы. Бұл ұлулардың 3 класс тармағы бар: алғыжелбезекті, артқыжелбезекті және өкпелі. Бұлардың 90000-дай түрі бар. Теңіздің 4 800 метр терең түбінде және 5 000 метр биік тауларда да тіршілік етеді. Ұлулардын денесі жұмсақ, былқылдақ. Ұлулардың 3 классы бар: артқы желбезекті, алғыжелбезекті және өкпелі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы - денесі бунақтарға бөлінбейді. Сондықтан ішкі мүшелердің денеде орналасуы қайталанбай, атқаратын қызметі бірдей, біртұтас күйде болады. Айқын жіктелмесе де, олардың бас бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан кейінгі тұлға қапшығында орналасады. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері және артқы ішектің аузы шапанша қуысына ашылады. Бақалшақтар құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі: қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде (сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде (қосжақтаулыларда); имек немесе бұрала оралған түтік түрінде немесе қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ - ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады. Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара жынысты да ұлулар тіршілік етеді. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер. Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді. Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек жәндік өседі. Дамудың бұл жолы - түрленіп даму деп аталады. Паразит қосжақтаулылардың (айқұлақтың) дернәсілдері балықтың терісінде паразиттік жолмен тіршілік етеді. Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су астындағы әр түрлі заттарға топтастырып жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей, пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Алайда басаяқты ұлулардың жүйке жүйесінің күрделеніп, жүйке талшықтарының жинақталуынан ми түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз құрылысы да күрделі.Кальмарлар,каракатицалар, сегізаяқтар өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды. Олар саңылауы арқылы шапанша қуысына су жинап алады да, оны түрі өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай шығарады. Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан аяқтары түрін өзгертіп, қармалауыштарға айналады. Аяқтарының орналасуы және пішініне қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар, күрекаяқтылар, т. б. кластарға жіктеледі. Тұщы суда мекендейтін ұлулардың екі көзі - қармалауыштардың түбін ала (тоспа ұлу), ал құрлықта мекендейтіндерінікі (жүзім ұлуы, жалаңаш шырыш) қармалауыштардың ұшында орналасады.
Бұлар - теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Туйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошқармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі.Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.
299-жаттығу (сөздерге жұрнақ пен жалғауды жалғап айт)
Мал+шы+ға, біл+ім+ге, жаңа+лық+тың, ұш+қыш+тың
***ТҮБІР СӨЗГЕ ЖҰРНАҚ ТА;ЖАЛҒАУ ДА ЖАЛҒАНА БЕРЕДІ. ЖҰРНАҚ БҰРЫН, ЖАЛҒАУ ЖҰРНАҚТАН СОҢ ЖАЛҒАНАДЫ:
Күріш-ші-ге оқу-лық-та
Күріш-ші-нің ұш-қыш-пен
Күріш-ші-мен жыр-шы-лар
300-жаттығу (-шы жұрнағын қосып, сөз құрамына талдау)
Шалғышы, шөпші, малшы
301-жаттығу (әңгіме құрау)
Медеу мұзайдыны
Медеу Спорт Кешені[1] - жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі - хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. - жазда 3 - 4 см, қыста 10 - 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері - Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені - тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі "Азия дауысы" халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.
Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.[2]
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 298-жаттығу
(көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазу)
-тің, -да, -лар, -тан, -ты, -ның, -ты
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Аққала»
Сабақтың мақсаты:
Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып ,қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.
Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
298-жаттығу
(көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жазу)
-тің, -да, -лар, -тан, -ты, -ның, -ты
ІІІ.Жаңа сабақ Шығарма «Аққала»
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Қыста қардан не жасауға болады?
Балаларға жұмбақ жасыру:
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны (Аққала)
Жылдың қанша мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қысқы табиғатты кім сипаттап береді?
- Қыс туралы қандай ақындардың өлеңдерін оқыдық? Кім айтады?
Балалар, қыс қызығын кім айтады?
- Қыста сырғанақ тебеміз, тағы аққала жасаймыз.
Ғ.Ормановтың «Аққала» өлеңін жаттау.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар
. Соғып жатыр аққала.
Балалар қыста жерде не жатады?
Қардан не жасауға болады?
Аққала соғып көрдің бе?
Сергіту сәті:Аула сырты,баққа да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.
Дидактикалықойын: «Аққала құрастыр».
Ойыншарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.
Тыныштық сәті : Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады.Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді.
Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?
Балалар өздері соққан аққаланың суретін салады.
Қорытынды:
Аққаланы неден соғамыз?
Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?
Аққала - қыстыгүні қардан қаланатын пана, қора, ықтасын. Өрісте мал бағып жүрген қойшылар қар қалыңдап, әбден бекігеннен кейін әдетте аққала соғады. Бұрын теріскей жақтағы елді-мекендер боранды күндерде жатаған үйді, қора-қопсыны қар басып қалмау үшін таса, тосқауыл ретінде аққала соққан. Қар қалың, қасаттанып түскен кездері төбесі бар апан тәрізді етіп те жасаған. Аққор боран-шашында малға ық, малшыға пана, әр ауылдың өрісіне белгі болады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Зат есім 317-321 жат.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қазақ тілі - бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
313-жаттығу (шешуін табу, заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді табу)
Сын е зат е
Торы тай,
Сан е зат е
Табанында төрт ай. (таға)
ІІІ.Жаңа сабақ Зат есім 317-321 жат.
Сөз таптары
Зат есім Сын есім
Етістік Сан есім
Зат есім дегеніміз - заттың атын білдіретін сөзді айтамыз.
Сұрақтары: Кім?Кімдер?Не?Нелер?
Мысалы: Айдос ойнады
Оқулықпен жұмыс:
317- жаттығу Сөзжұмбақ
Қ ы з
ш аңы р а қ
т үйе
ш еге
сандық
і
домбыра
318-жаттығу (мақалдардыкөшіріп жазу)
Ақыл-тозбайтын тон,
Білім-таусылмайтын кен.
Шешен сөз бастар,
Батыр қол бастар.
(кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу)
ЗАТТЫҢ АТЫН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРДІ ЗАТ ЕСІМ ДЕЙДІ. ЗАТ ЕСІМДЕРГЕ КІМ?КІМДЕР? НЕ? НЕЛЕР? ДЕГЕН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ: АДАМ, ӘНШІЛЕР, КЕМЕ, АҒАШТАР
319-жаттығу (сызбаның орнына не? Сұрағына жауап болатын сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
(ит) .................үреді. (қасқыр) ........ұлиды. (қарға)........................қарқылдайды. (Әтеш).................шақырады.
321-жаттығу (сөздерді оқып, зат есім екенін дәлелдеу)
Кім? Кім? Не? Не? Не? Кім? Не?
Ақын, әнші, көбелек, қозы, дән, бөбек, же, мұз
Заттың атын білдіреді,
БҰЛ- ЗАТ ЕСІМ, ӨЙТКЕНІ
Кім? деген сұраққа жауап
беріп тұр
( не? деген сұраққа жауап
беріп тұр)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
320-жаттығу (сөздерді оқып, кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, не? Сұрағына жауап беретін сөддерді бір бөлек топтастыр)
КІМ? -сатушы, дәрігер, ұста, ата
НЕ?-кітап, парта, түлкі, ағаш, қарға,
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің сұрақтары. 322-327 жат.
Сабақтың мақсаты:
Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру, сұрақ қоя білуге, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Сондай - ақ зат есімді сөйлем ішінде таныту. Оқушылардың ой - өрісін, сөйлемдер құрату арқылы сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, жануарларға қамқорлыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайраңдаған достарыма сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Ұстаздарым сіздерге сәлем!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
320 - жаттығуды оқыту, ережелер сұрау арқылы тексеру.
ІІІ.Жаңа сабақ Зат есімнің сұрақтары. 322-327 жат.
1. Д/ойын: «Жылдам жауап»
Кім?......
Не?.........
Кімдер?......
Нелер?........
2.«Ойқозғау» Елбасы, Отан жайлы.
1. Қызығушылығын ояту.
а/ «Зат есім» бейнесөз шешу.
ә/ Кестемен жұмыс.
2. Оқулықпен жұмыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
- Өлең жылдың қай мезгілі туралы? (Қыс)
- Енді қыс сөзіне сұрақ қояйық. ( не? - қыс )
- Бұл ненің атауы?
- Мезгіл аты.
- Мезгіл атауларына да не? деген сұрақ қойылады екен.
/ Ресейдегі «Сочи - 2014» Қысқы ХХІІ Олимпиада ойыны жайлы айту. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға Олимпиаданың эмблемасы берілетінін айтып, қызығушылықтарын ояту/.
322 - жаттығу. 1. Қыс айларының аттарын пайдаланып, сөзжұмбақ шешейік.
2.« Қыста» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.
- Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын ата?
- Қар, аяз, боран, мұз.
- Сұрақ қояйық, қай сөз табына жатады?
- Бұл сөздер де не? сұрағына жауап бергендіктен зат есімге жатады.
3. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу: қыс аппақ
323 - жаттығу.
1. Суретпен жұмыс.
2. Тапсырма: а/. Мәтінді оқу, ат қою.
ә/ Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
б/ Алғашқы және соңғы сөйлемдерді көшіріп жазу.
Құндыз - ғажап қызық аң. Құндыздың терісі аса бағалы.
3. Өмірмен байланыстыру, тіл дамыту.
«Құндыз бөрік, құндыз жаға, құндыз ішік, құндыз тон» тіркестерімен таныстыру, ауызша сөйлем құрату.
4. Пайымдау: Құндыз - мемлекеттік қорғауға алынған, «Қызыл кітапқа»
енгізілген.
324 - жаттығу. а/ Өлеңді жаттау, жатқа жазу. ә/ Зат есімдерді табу. б/ Өлеңді жалғастыру.
- Елбасы кімді? (нені?) қорғайды? (халқын, мемлекетін,....)
- Оқушы кімді? (нені?) қорғайды? ( досын, мектебін,...)
4. Сергіту сәті: «Кім жылдам сұрақ қояды?»
Қима суреттермен жұмыс:
1. Түрлі мамандық иелерінің суреттері (егінші, малшы, құрылысшы, дәрігер, ұстаз, шахтер.
2. Жануарлар, жәндіктердің суреттері.
Ереже құрастыру. Шығарған ережелерін оқулықпен салыстыру.
325 - жаттығу. «Ұсталар» ойыны.
- Суреттегі заттарды кімдер пайдаланады?
- Сендер сол затты пайдаланушы ұста ретінде, заттың атауын қатыстырып сөйлем құраңдар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру, есте сақтау.
бұрғұ - бұрғы сүргү - сүргі қайрағ - қайрақ
326 - жаттығу. «Кім зерек?» ойыны.
Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әр түрлі қойылу себебін дәлелде.
ағаш - ағаштар, қыз - қыздар, перде - перделер, мұғалім - мұғалімдер, бүркіт - бүркіттер сатушы - сатушылар
Сабақты бекіту: Топпен жұмыс.
1 - топ. Адамға қатысты сөздерді ата, сұрақ қой.
2 - топ. Адамның қолымен жасалатын заттарды ата, сұрақ қой.
3 - топ. Табиғаттағы заттарды ата, сұрақ қой.
Қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы.
- Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады?
- Зат есім дегеніміз не? ( ереже, мысал келтіру)
- Сөз таптары дегеніміз не? ( ереже, мысал келтіру)
- Қазақ тілінде басқа да қандай сөз таптары бар?
- Қандай тапсырма қиындық келтірді?
- Не үйрендік?
Үйге тапсырма:
327 - жаттығу. Ұста туралы әңгіме құрау.
1. Үй тапсырмасын түсіндіру: өз ісінің шеберін ұста дейміз.
2. Ереже жаттау.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Кім? Кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
328-332 жат.
Сабақтың мақсаты:
оқу және жазу дағдыларын қалыптасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; сөз таптары, зат есім туралы түсініктерін қалыптастыру;
сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; сөз таптарын ажырата білу қабілеттерін дамыту; ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
327 - жаттығу. Ұста туралы әңгіме құрау.
ІІІ.Жаңа сабақ Кім? Кімдер? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
328-332 жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС:
328-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу, зат есімді табу)
АБАЙ-Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.[3]
Абай-қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім, өнер үйретуге шақырды. Ақын өтірікші, жалқау, мақтаншақтарды жек көрді. Жастардың білімді болуын аңсады.
329-жаттығу (кім? Сұрағына жауап беретін сөздер тауып жазу)
Әнші-лер, күйші-лер, егінші-лер, мұғалім-дер,
330-жаттығу (аң-құстардың аттарын қатыстырып сөйлем құрау)
Үкі, түлкі, бұғы
331-жаттығу (кім? Сұрағына жауап беретін сөздерді кімдер? Сұрағына жауап беретін сөздерге айналдырып жазу) ДӘЛЕЛДЕУ
Ұста-ұсталар, зергер-зергерлер, жазушылар-жазушы, дәрігерлер-дәрігер
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 332-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім. 333-337 жат.
Сабақтың мақсаты:
Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус, сөзжұмбақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жалы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды
тренинг
Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді.
Болып кетер сонда дереу жан - жағым,
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
332-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ Жалқы есім. 333-337 жат.
«Ой қозғау»(сұрақтар арқылы )
Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір - бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
Ойын «Қалаған затыңды таңда»
(Әр бала өзіне ұнаған түске сай заттарды алып, орындарына отырады.)
Оқулықпен жұмыс 333 - жаттығу
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Заттың атын жазайық.(суреттер көрсетіледі ) Алма(қыз), алма (жеміс) Раушан (қыз,) раушан (гүл)
Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жазылу себебі неде деп ойлайсыңдар?
Ойын «кім зерек?» Тақтамен жұмыс
Терме диктанты
334 - жаттығу. Берілген жаңылтпаштың ішінен кісі аты мен жер аттарын теріп жаз.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.
Ережеге зер салайық!
(ережені балаларға оқыту, түсіндіру, сөздерді талдау )
Топтық жұмыс
1 - Топ.: Зат есімге сөздер ойла
2 - Топ: Сөздердің ішінен жалқы есімдерді тап
(Серік, ата, жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы)
Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
Тақтамен жұмыс. Көру диктанты (336-жаттығу)
Жетісу - көркем өлке. Іле - осы өлкедегі үлкен өзен.
Ол Балқаш көліне құяды. Көл жағасында Балқаш қаласы орналасқан.
Тапсырма: Жалқы есімдерді табу.
«Еркін жазу»
Қорытындылау.
. Сұрақ - жауап:
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтіру..
«Екі жұлдыз бір тілек» (Әр бала өз тілегін алған әсерлерін қағаз бетіне түсіру, мұғалімге тілек жазу)
Үйге тапсырма.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
335-жаттығу (жалқы есімдерді қатыстырып сөйлем құрау)
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жалпы есім. 338-341 жат. Сөздік диктант №6
Сабақтың мақсаты:
Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету. Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус, сөзжұмбақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
335-жаттығу (жалқы есімдерді қатыстырып сөйлем құрау)
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Ақтөс
ІІІ.Жаңа сабақ Жалпы есім. 338-341 жат. Сөздік диктант №6
Диктант
Бойтұмар, Отан, ауыл, бозбала, туған - туысқан, шабындық,күміс, Жасұлан,жігер, батыр, бұрғы, ақыл.
Тапсырма.
1.Сөздерге сұрақ қой.
2.Кім? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сыз.
А)Сөздерді оқып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек
жаз.
кім?----------------- не?
ата ----------------- кірпіш, тауық
апа ----------------- шыны, кептер
ағатай ------------- сағат
інішек ------------- қанат
Өткенге шолу
Сиқырлы кестедегі сұрақтың жауабын табыңдар.
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімге мысалдар келтір.
Мағынаны тану Тірек - сызба арқылы
Зат есім
жалқы
жалпы
Ережені түсіндіру жұмысы.
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті: Ж ж әрпі.
Өзіндік жұмыс
339-жаттығу (берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді теріп жазу)
елік
Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
"Топтастыру" стратегиясы
341 - жаттығу. Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді бір бөлек және жалпы есімдерді бір бөлек теріп жаз.
Жалқы Жалпы
Алматы қала
Алатау өзен
Кіші Алматы шың
Үлкен Алматы бұлақ
Көру диктанты
Ақсу, Көксу, Сарысу,
Бұл - сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аягөз,
Сай - саланың бәрі су.
Есіліп Есіл ағады,
Жайылып Жайық барады.
Сылаң қақса Сыр сұлу,
Шу шулап атой салады.
Шығармашылық жұмыс. Заттың атын білдіретін сөздер Кім? Не?
Дәрігер
Дала
Оқушы
Кеме
Биші
Өзен
Зейнеткер
Ой толғаныс
Сұрақ - жауап:
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтіру.
Үйге тапсырма
340 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
(Алматы)
Бағалау. (Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау)
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері 342-347 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру. ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой - өрісін дамыту түрлі тапсырмалар орындау барысында танымдық іскерлік есте сақтау қабілеттерін арттыру.
оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
340 - жаттығу, 125 бет. ереже жаттау.
АЛМАТЫ
ІІІ.Жаңа сабақ Зат есімнің жекеше және көпше түрлері 342-347 жат.
Өткен сабаққа шолу жасау Семантикалық карта
Мысал
жалқы есім
жалпы есім
бала
Астана
тау
Айжан
Есіл
әже
Мысал
жалқы есім
жалпы есім
Айдос
балық
Тайбурыл
ұшқыш
Бөрібасар
өзен
Мағынаны тану
1. Суретпен жұмыс
- Ендеше балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып алайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері».
Суретке қара. Әр сүреттегі заттардың санын анықта.
Қоян Қояндар балапан балапандар
- Сөздерді салыстырып оқиықшы? Олардың бір - бірінен қандай айырмасы бар? (Оқушылар жауабы)
Тірек -- сызба
3. Ережені түсіндіру жұмысы.
- Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз: ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз:
аталар, құстар, түйелер.
Оқулықпен жұмыс
5."Еркін жазу" стратегиясы
343 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
( Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырайық. Қарамен сызылған сөздер қайсысы?)
О: ағалар, апалар.
М: Балалар бұл қай ақынның өлеңі?
О: Әнуарбек Дүйсенбиев.
М: А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
Сергіту сәті (әуенмен)
"Топтастыру" стратегиясы
1931 жылы туғанТуған жері - Алматы облысында туған «Сыйлық», «Не деу керек?»,деген шығармалары бар.
Сәйкестендіру тесті
1. Суретші - дар
2. Ақын - лар
3. Жеңімпаз - дер
4. Сыйлық - тер
5. Бала - лер
6. Құс - тар
7. Ата - дар
8. Құжат - тар
9. Өзен - дер
10. Торғай - тар
Шығармашылық жұмыс
345 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
(Инеліктер)
- Инеліктер ұшатын жәндік.
Ой толғаныс
1. Балалар бүгінгі сабағымызды «Ойлан, тап!» ойыны арқылы қорытындылаймыз.
346-жаттығу (көптік жалғауын алғап, сөздер жаз)
-лар -тер -дар
247-жаттығу (ауызша)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 344-жаттығу (көптік жалғауларының тиістісін қойып жазу)
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көптік жалғаулары 348-353 жат.
Сабақтың мақсаты:
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, пәнге құзіреттеу. оқушыларды зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсініктерін кеңейте отырып сөйлем ішінен тауып сұрақ қоя білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.
ойын түрлері арқылы танымдық қабілеттерін, тілдерін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау барысында есте сақтау қабілеттерін арттыру.
оқушыларды бірлікке, ынтымаққа, еңбексүйгіштікке, бірін - бірі сыйлай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Біз әдепті баламыз,
Күнде бестік аламыз.
Жақсы оқып сабақты
Ата - ананы қуантамыз
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
344-жаттығу (көптік жалғауларының тиістісін қойып жазу)
ІІІ.Жаңа сабақ Зат есімнің көптік жалғаулары 348-353 жат.
Өткенді еске түсіру Сызбаны толықтыр.
- Зат есім дегеніміз не?
- Кім? Не? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір
- Зат есімнің жекеше түрі мен көпше түрі деген не?
- Көптік жалғауларды ата.
4) Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін сурет арқылы айту
1) Мысық - мысықтар,
Аспаз - аспаздар,
Кітап - кітаптар.
2) «Артық сөз қайсысы?»
3) «Менің күшігімнің аты - Ақтөс»сөйлеміндегі Ақтөс сөзінің жалқы есім екеніне төмендегі қай дәлел бола алады?
Мағынаны ашу Дәптерге күнді жазу Көркем жазу
Оқулықпен жұмыс
348 - жаттығу, 127 - бет
1. Мұғалімнің оқуы
2. Кезектесіп оқу
3. Зат есімдерді тауып, дауыстап оқу.
4. Сөздік жұмыс
Тамақ - 1. Азық, қорек. 2. Тері - адамның, малдың, жануардың денесін жауып тұратын дененің сақтандырғыш бөлігі.
( Көптік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазу)
Құстар, сауысқандар, ала қарғалар, торғайлар.(тақтада орындалады)
6. Сөз құрамына талдау.
4) 349 - жаттығу. Сәйкестендіру тесті/сұрақ қою арқылы тексеру/.
Не?Балшық.....................
сабақ........................
құжат.......................
парақ.......................
қап...........................
Жүзім.......................
Алма...
Дәптер...
Доп..
Кітап...
Кім? суретші - лер
биші -
әже -
көрші -
кенші...
әнші..
(жұмыс әдісі: жеке - жұп, жария ету)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
350 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жазу. І топ орындайды.
2. (з. е. жекеше түрі), (з. е. көпше түрі).
Ара-аралар, бал-балдар, орман-ормандар
Ара, ара, аралар,
Орманның бойын аралар.
Гүлден сорып бал алар,
Бал тәтті ғой, балалар!
**** ІІ топ орындайды.(зат есім түрлеріне 2 сөзден жазу)
Зат есім
Жалпы, жалқы
Көпше, жекеше
Оқулықпен жұмыс (дәптерде орындайды) 351 - жаттығу, 129 - бет
(Жазған сөйлемдерді оқы.)
Көптік жалғауы бар сөздерді жекешеге айналдырып жаз.
Бақалар - бақа,
бозторғайлар - бозторғай,
саятшылар - саятшы,
аңдар - аң,
қасқырлар - қасқыр.
352 - жаттығу. ІІІ топ орындайды. Мәтінді оқу, 2 - бөлікті көшіріп жазып, зат есімдерге талдау жасау.
Қазақ халқында үрлемелі музыка аспаптары көп. Олар: сыбызғы, сазсырнай, үскірік, керней, қамыс, сырнай, мүйіз сырнай.
Рефлексия. Қорытындылау
Бекіту. Сұрақ - жауап ретінде.
Балалар, бүгінгі сабағымызды «Күннің шуақтары» арқылы қорытындылаймыз. Сабақтан не алғандарын күн шуақтарына жазады.
Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу - өзіңнің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады.
Үйге тапсырма:
353 - жаттығу, 129 - бет; шығармашылық тапсырма «Менің оқу құралдарым»
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №2 «Қанағат»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтап, пысықтау. Сөйлем ішінен зат есімдерді табу, сұрақ қоя білуге және әдемі қатесіз жазуға дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
353 - жаттығу, 129 - бет; шығармашылық тапсырма
«Менің оқу құралдарым»
ІІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №2 «Қанағат»
А) Қанағат, қанағатшылық - адамның барға риза болуын, місе тұтуын, нысаптан шықпауын, нәпсіге ермеуін білдіретін ұғым. Қанағат ету - жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу. Қанағат - қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болу.
Ә)МӘТІНДІ ОҚЫП, МАЗМҰНЫН ӘҢГІМЕЛЕП АЙТУ.
Қанағат
Қанағат - әдептіліктің басты белгісі және негізі. Ол - адамның сана-сезімі мен іс - қимылындағы жақсы әдет. Қанағатты әдетке айналдырған жан өмірбақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшылдық жолдан тайдырмайды, аздың өзіне қанағат қылдырады. (31 сөз)
Қанағат дегеніміз - барына, қол жеткізген табыстарына разы болу, шүкіршілік ету.
(41 сөз)
Тапсырма.
1.Зат есімдердің астын сыз.
2.Қанағат сөзіне дыбыстық талдау жаса
қ-[қ]-қатаң дауыссыз
а-[а]-жуан дауысты
н-[н]-үнді дауыссыз
а-[а]-жуан дауысты
ғ-[ғ]-ұяң дауыссыз
а-[а]-жуан дауысты
т-[т]-қатаң дауыссыз
7 әріп, 7 дыбыс, 3буын, 3 дауысты, 4 дауыссыз
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік. 354-359 жат.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың етістік сөз табы бойынша алған білімдерін жетілдіру, толықтыру.
2. «Етістік» жағалауына саяхат жасай отырып, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын, зейінін, ойлау - қабілеттерін дамыту.
3. Сауаттылық, жолдастыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
- Көңіл күйлерің қандай?
Психологиялық дайындық Егер көңіл - күйлеріңіз жабырқаулы болса, жұдырығымызды жұмып, бұлтты көрсетеміз, ал егер көтеріңкі болса, алақанымызды ашып, күнді көрсетеміз
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
«Балқаш» көліне саяхат жасаймыз. «Менің оқу құралдарым» тақырыбына құраған әңгімелерінді ауызша оқимыз.
ІІІ.Жаңа сабақ Етістік туралы түсінік. 354-359 жат.
- Біз қолымызбен не істедік?
- Қолымызды жұмдық, аштық, яғни іс - қимыл жасадық.
- Іс - қимылды білдіретін сөз табы қандай?
- Етістік. Дұрыс айтасыңдар.
- Енді балалар тақтаға назар аударамыз.
Етістіктер берілген, көп нүктенің орнына сұрақ қою арқылы зат есім тауып жаз.
...
... ұшады
... секіреді
...
«Ой толғаныс» жағалауы
- Енді балалар келесі « Ой толғаныс» жағалауына
саяхаттайық.
Суреттерге назар аударамыз.
- Суретте не бейнеленген?
- Адамдардың іс - қимылы қандай?
«Сәйкестендіру» жағалауы Біз «Сәйкестендіру» жағалауына келдік. Онда мынадай тапсырма берілген екен.
Ит ---------- шақырады
Қарға ------ үреді
Қасқыр --- қарқылдайды
Әтеш ------ ұлиды
«Оқулықпен жұмыс» жағалауы
355-жаттығу (жұмбақты оқып, шешуін табу) СУ, КҮН
*ЕРЕЖЕНІ ОҚУ; ТАЛДАУ
«Демалыс сәті» жағалауы «Демалыс сәті» жағалауына тоқтап, демалып алайық
1, 2, 3
Жинап алдық күш
4, 5, 6
Салақтықтан қашайық
Көрсетілген үлгіге
Әдемілеп жазайық.
«Дәптермен жұмыс» жағалауы «Көркем жазу
356-жаттығу (көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу)
Тоғайда түрлі аңдар.......(жүреді) Терең шатқалға қояндар ....(жасырынады) Қызыл түлкілер тоғайда .....(болады) Тиіндер ағаштан ағашқа ....(секіреді)
«Деңгейлік тапсырма» жағалауы «Деңгейлік тапсырма» жағалауына қош келдіңіздер! Сендердің білімдеріңді тексерейік, тапсырманы орындауға дайынбыз ба?
І деңгей
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
ҚОНДЫ, ЖАУДЫ, ТАСЫДЫ; ЖҮЗДІ
ІІ деңгей
Берілген сөздер қатарынан етістікті тап.
Көгершін, жасыл, жинады, айтты, алыс, сөйлесті, ертең, байлады.
ІІІ деңгей
Суретпен жұмыс
«Есте сақта» жағалауы Біз Балқаш көлі арқылы кемемен саяхаттап жүрміз. Осы «көл» сөзі қандай сөз табына жатады?
- Дұрыс айтасыңдар. Зат есім. Не? Деген сұраққа жауап береді. Енді көл сөзін пайдаланып, сөйлем құрайық.
........
Бұл сөйлемде зат есім де және етістік те бар. Зат есім мен етістікті салыстырамыз.
Зат есім
Етістік
Қорытынды
Балалар біз «Етістік» жағалауына жеттік.
Мақсатымыз қандай еді?
- Жарайсыңдар!
- Сындардан өтуге не көмектесті?
Достық, білім, өзара көмек.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 359 - жаттығу «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау 131-бет
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сұрақтары. 360-364 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
359 - жаттығу «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрау 131-бет
ІІІ.Жаңа сабақ Етістіктің сұрақтары. 360-364 жат.
Оқулықтағы 360 - жаттығуға назар аударамыз.
- Мақта дегеніміз не?
- Алдымен мәтінді түсініп оқимыз.
- Мәтін не туралы?
- Мақта туралы тірек - сызбаны толтырайық.
Терме диктанты
- Енді балалар осы мәтінде кездесетін етістіктерді тауып жазамыз.
Егер менің жауабыммен сәйкес келсе, + таңбасын қойып отырамыз.
Алынады, ұнатады, өсіріледі, ашылады, көрінеді.
- Жарайсыңдар балалар!
362 - жаттығуды орындаймыз.
Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екіге топтастырамыз.
Не істеді?
Келді, оқыды, көрді, жинады, сүртті
Не істейді?
Ұшады, жазады, байқайды, тарқатады
ТОППЕН ЖҰМЫС:
І-нұсқа 361-жаттығу (жұмбақты жазып, шешуін табу)
ТҮНДЕ ЖОРТАДЫ,
ЖАРЫҚТАН ҚОРҚАДЫ. (үкі)
ЕТІСТІКТІ ТАУЫП, қай сөзбен байланысқанын табу)
ІІ-нұсқа 363-жаттығу (ұйқасын табу)
ТАСТАН ТАСҚА СЕКІРІП,
ЖЕМ ТЕРЕДІ....(кекілік)
АЙБАТ ШЕГЕР АЛЫСТАН
АҢ ПАТШАСЫ.....(арыстан)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА; 364-жаттығу (арыстан туралы ертегі құрастыру)
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің басқа сөзбен байланысы. 365-369 жат.
Сабақтың мақсаты:
Етістіктің басқа сөзбен байланысын білуді түсіндіру. Сөйлемнің ішінен етістікті тауып, басқа сөздермен байланысын таба білуге, ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
364-жаттығу (арыстан туралы ертегі құрастыру)
Арыстан (лат. Panthera leo) - мысық тұқымдасына жататын ең ірі жыртқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 - 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 - 6 күшік табады. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді - бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі - Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.
ІІІ.Жаңа сабақ Етістіктің басқа сөзбен байланысы. 365-369 жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС:
365-жаттығу (өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазу, етістіктерді табу)
ТӨСКЕЙДЕН ЖЕЛ ЕСЕДІ,
ТӨБЕМНЕН БҰЛТ КӨШЕДІ.
ТУҒАН ЖЕРІМ МЕН ҮШІН
КӨК МАЙСАСЫН ТӨСЕДІ.
Не істеді? Көрді, боздады, баптады, емдеді, ойнады, жазды.
Не істейді? Көреді, боздайды, емдейді, ойнайды, жазады.
368-жаттығу (жұмбақты оқып, шешуін табу)
КӨЛ БЕТІНДЕ ҚАЛҚИДЫ,
МАҚТА СЫНДЫ ҮЙІЛГЕН.
ҮНІ ӘСЕМ САН ҚИЛЫ,
МОЙНЫ ДА ӘСЕМ ИІЛГЕН.
МАМЫҒЫН ОЛ ТАРАЙДЫ,
МАҢҒАЗДАНА ҚАРАЙДЫ. (аққу)
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
369-жаттығу (берілген тірек сөздерді қатыстырып мәтін құрау)
МЕДЕУ МҰЗАЙДЫНЫ, АЙДЫН, қала, хайуанаттар бағы, аңдар, келді, қуанышында шек жоқ.
//*** Медеу Спорт Кешені[1] - жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі - хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. - жазда 3 - 4 см, қыста 10 - 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері - Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені - тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі "Азия дауысы" халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады.Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.
Биік шың, шырша - таулардың көркі, байлығы,
Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.
Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде
Жарқырап жатқан шақырып мұздың айдыны.
(Ақұштап Бақтыгереева, «Медеу»)
Айдын қалаға қыдырып келді. Хайуанаттар бағын аралап, түрлі аңдарды көрді. Медеу мұзайдынына келіп, конькимен сырғанады. Айдынның демалысы қызықты өтті, оның қуанышында шек жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 367-жаттығу (сурет бойынша сөйлемдер құрау)
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары. 370-374 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
367-жаттығу (сурет бойынша сөйлемдер құрау)
ІІІ.Бекіту сабағы Пысықтау жаттығулары. 370-374 жат.
А) КІТАППЕН ЖҰМЫС:
370-жаттығу (мәтінді оқып, етістікті табу)
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Құстар еш уақытта өз ұяларында ұйықтамайды. Ұяларында олар тек жұмыртқа басарда ғана отырады.
372-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)
ТІРШІЛІК КӨЗІ
Ерте заманнан бері тұрмыс қажеттігіне жер үсті суларымен қоса, арнайы ұңғылар орнату арқылы, жерасты сулары да пайдаланылады. Біздің еліміздө де, шет елдерде де мыңдаған қалалар мен елді мекендердің тұрғындары жер асты сулары арқылы қамтамасыз етіледі. Дүние жүзінің шөл және шөлейтті жерлері (Үндістан, Пәкістан, АҚШ, Австралия, Қазақстан) жерасты суларын пайдалану нәтижесінде, сусыз далалар құнарлы өлкеге айналып, бау-бақша өскен, мал шаруашылығы дамыған өңірге айналған. Сапасы және тазалығы жағынан бұл сулардың теңдесі жоқ, жердің өзі суды тазалап беретін сенімді табиғи сүзгі болып табылады.
Қазақстан жер аумағы жағынан үлкен мемлекет, бірақ сол жердің көпшілігі құрғақ шөлейт жерлер. Дегенмен, оның бір ерекшелігі жерасты суларына бай. Республика аймағында түрлі мақсаттарға сай ашылып, зарттелінген 633 жер асты су қоры бар, олардың пайдалану қуаты тәулігіне 43384 мың текше метр. Бүл Ертістің Обь-өзеніне құяр сағасындағы су көлемімен пара-пар.Осындай табиғи байлықтың иесі болган еліміздің алдында, оны үлкен жауапкершілікпен тиімді пайдалану мақсаты тұр. Өйткені, республиканың Солтүстік, Батыс және Орталық аймақтарында су жетіспеушілігі бар. Сөйте тұрса да, зерттеліп, дайындалған жерасты су қорларын халық шаруашылығының қажетіне игеру өте төменгі деңгейде болып келсе, кейінгі жылдарда тіпті тоқтап қалып отыр. Ауыз су және шаруашылық мұқтаждығы үшін зерітеліп пайданалған көптеген жерасты су көздері 10-15% жылдар бойы игерілмей келеді, кей жерлерде мұндай кешеуілдеу уақыты су көзінің жалпы пайдалану мерзімінө (25-30 жыл) таяп қалып отыр. Бұл деген жерасты суларының қорын пайдаланбай жатып оны пайдалану құқын қайта қарап, бекіту керек деген сөз.
Қазіргі уақытта зерттелген жерасты су кендерінің маңайында зиянды қалдықтармен ластану қаупі болса да, тұтынушыға жеткен судың сапасы мемлекеттік стандарттағы "Ауыз су" талаптарына сәйкестігін жоғалтқан жоқ, бірақ, ластандыру процесі жалғаса берсе бұл сулардың сапасы төмендеп, шектелу нормативтерінен асып кетіп, осы себептен, пайдалану шебінен шығып қалулары мүмкін.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, су көздерінің тазалығьш сақтау мақсатында суды қорғауға бағытталған төмендегідей техникалық және санитарлық шараларды іске асыру қажет:
*су пайдалану жүйелерінің маңызын және сенімділігін арттыру;
*су тазартқыш станцияларында су өңдеу технологиясын жақсарту;
*суды жер астынан көтеру, тасып жеткізу жене пайдаланудан кейінгі ағызуды дамыту;
*су пайдаланудағы нормативтік-зияндылық базасын дамыту, ауыз суды (тұщы су) үнемдеуге ықпал жасау, қызықтыру.
Су-тіршілік, сусыз өмір болмайды, Ауаны құм, жерді түнек торлайды Бағалай біл байлығыңды, ел-жұртым. Сонда гүлің жайнап мәңгі солмайды. Жер бетінде ең көп таралған зат -су. Глобусқа қарасаң,Жер шарының 4/1 бөлігі көгілдір түске боялған.Ол-су яғни мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. «Табиғаттың көркін ажарландырып ,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су» Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Жер астында да су бар.Біздің денемізде де су бар.Қанның құрамындағы су бүкіл денеге қоректік заттарды жеткізіп тұрады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өмір сүре алмайды.Су жоқ болса бөлмедегі гүлдер де өсуін тоқтатады.Тамақ та сусыз піспейді, тазалық та болмайды. Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді.. -Су қандай зат? ( Сұйық) -Судың түсі қандай? ( Мөлдір) -Суды қай жерлерден кездестіреміз? (көл, өзен, жаңбыр т.б) -Судың адам өмірі үшін қандай пайдасы бар? -Балалар, біз суды қайдан аламыз. Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген су бізге қалай келіп жатыр? Жер бетінде тұщы сулар аз. Кеңгір су қоймасы туралы түсінік беру Бұл қойма қаланы және мыс өнеркәсібін сумен қамтамасыз етеді. Қойма сумен қала маңындағы шаруашылықтың жерлері суландырылады, сонымен қатар жылу электр станциясын салқындату үшін пайдаланылады. Кеңгір су қоймасы 1940 жылы салына бастады. Бірақ Ұлы отан соғысы жылдарында Оның құрылысы тоқтап,1946 жылы қайта басталды. 1952 жылдың көктемінде Кеңгір су қоймасы іске қосылды. Су қоймасы жауын-шашынмен және Кеңгір өзенінің суымен қорланады.Бірақ, ол да жылдан-жылға азайып келеді. Қане, мына бейне таспаға көз жүгіртіп Топпен жұмыс І топ Судың иісін, түсін, дәмін білдіретін сөздер арқылы сызбаны толтырады
Иіссіз
Су Түссіз
Мөлдір
Дәмсіз ІІ топ Судың қасиетін білдіретін сөздер арқылы сызбаны толтыру
Аққыш
Су Жұққыш
Жабысқақ
Е ріткіш
Табиғатта су үш күйде кездеседі
Судың жай-күйі
Сұйық (су) қатты ( Мұз) газ (бу) Суда еритін заттар І топ көрсетеді 1.Суға қант салу Қант суда еріп кетті.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды.Қант суда жақсы ериді. 2. Суға тұз салып арластыру.Тұз суда еріді.Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді. ІІ топ көрсетеді Суда ерімейтін заттар 1.Суға құм салып араластыру .Құм қиыршықтары сол қалпында стакан түбіне шөгеді.Құм суда ерімейді. 2.Стакандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады.Суды біраз тұндырсаң, саз түбінде шөгеді. Саз суда ерімейді.
Ой толғаныс Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта. Олар терең өзеннен өту керек болды.Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді.Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып,қабырғасы қайысып кетті Неге? Себебі: Тұз суда еріп жеңілдеп қалды. Мақта суды сорып алып ауырлап кетті
Бес жолды өлең құрастыру І топ Су ІІ топ Бу Шығармашылық жұмыс Ітоп Мақал-мәтел 1.Сулы жер ,нулы жер 2.Бұлақ көрсең көзін аш 3.Судың да сұрауы бар 4.Сыйлап берген су да тәтті 5.Су қадірін шөлдеген білер ІІтоп Тыйым сөздер Суға түкірме Суды бекер ағызба Түнде су алуға барма Суды лайлама Бұлақты былғама Ағынды суға кір жума «Су-тіршілік көзі» тақырыбына Эссе жазғызу
Тест 1.Судың қасиетін белгіле А) мөлдір ә)ақ б) Сұр 2. Суда еритін затты белгіле А) қант ә)тас б)құм 3. Суда ерімейтін затты белгіле А)құм ә)тұз б)қант 4. Су табиғатта неше күйде кездеседі? А)2 ә)3 б)5 5. Судың қатты күйі қалай аталады? а )су ә) бу б)мұз
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА: 373-жаттығу (қай сөз артық!)
АСПАН, КЕКІЛІК, ЖАСЫЛ, ДОС, АСТЫҚ
ӘДЕМІ, ІЗЕТТІ, ҚЫЗЫЛ, ҰЯ, ДӘМДІ
ЖЕТІ,СЕГІЗ, ОН, СҮРГІЛЕДІ, ОТЫЗ
374-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
Әже, өнер, тоқу, кілем
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 371-жаттығу (сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №2 «Ақылды құмырсқа»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп жазуға, ұқыпты, таза, қатесіз жазуға дағдыландыру. Балалрды ұқыптылыққа, еңбекке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
371-жаттығу (сұрақтардың орнына керекті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)
Гүлнұр үйді (не істеді?) тазалады. Әжем жүнді ұршықпен (не істеді?) иірді. Жанат гүлге су (не істеді?) құйды.
ІІІ.Бекіту сабағы Мазмұндама №2 «Ақылды құмырсқа»
А) Құмырсқа (Formіcіdae) - жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық - құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқалар, көбіне топтанып (10 - 100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде аталық, аналық, "жұмысшы" және "жауынгер" құмырсқалар болады. Жыныстық тұрғыдан жетілмеген топтары - жұмысшы құмырсқалар деп аталады. Олар илеудегі дернәсілдерді, аналық құмырсқаларды қоректендіреді, ауаның алмасуын, ылғалдың бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Аталық құмырсқалар шағылысып болғаннан кейін өледі. Аналық құмырсқалар ұрықтанғаннан кейін қанаттарын жойып, тек ұрпақ жалғастырады, олар кейде 20 жылға дейін өмір сүреді. Аналық құмырсқаның дене тұрқы ірі.[1] Әрбір илеудегі құмырсқа топтарының бір-бірімен қарым-қатынасы, негізінен, өздерінен бөлетін ерекше химиялық заттар - феромондар арқылы реттеледі. Олардың иіс, дәм сезуі өте жақсы жетілген. Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Тропиктік аймақтарда илеу жасамай жеке дара тіршілік ететін құмырсқалардың түрлері де бар. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері және өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары. Бір илеудегі құмырсқалар тәулігіне 10 мыңнан 30 мыңға дейін жәндіктерді жояды. Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден-ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған "Бың Цау Гаң Му" кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.[2] Құмырсқалар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады. Орманда тіршілік ететін құмырсқалар ағашқа өрмелегенде де бірінің артынан бірі тізіліп жорғалайды, мұнда да құмырсқа қышқылы көмектеседі. Құмырсқалардың 5000-дай түрі бар. Қазақстанда көбірек кездесетіні жерден ін қазатын, үйлерде болатын өте ұсақ - уй құмырсқалары (шымылдар), орманда көбірек кездесетін - жирен құмырсқалар, қара құмырсқалар т.б. Құмырсқалар пайдалы, орманда тіршілік ететін жирен құмырсқаларды жыртқыштар деуге болады. Ол зиянды жұлдызқұрттармен, жауын құрттармен және жалаңаш шырыштармен қоректенеді.
Ағаштардағы зиянды жәндіктерді құртып,
пайда келтіреді.[3]
Ә)Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу. Мәтінге жоспар құру. Мәтінді өз сөздерімен әңгімелеп жазу.
Ақылды құмырсқа
Құмырсқа бір тыным тауып отырмайды. Бірде құмырсқа балаларына тамақ іздеп шықты. Оның өткір көзі арықтың арғы бетіндегі тәтті үгіндіге түсті. Арықтың арғы бетіне қалай өтерін білмеді. Малтып өтсе, су ағызып кетуі мүмкін. Құмырсқа өсіп тұрған шиді көрді. Шиді арықтың үстіне құлатып еді, көпір болды да қалды. Ол қатты қуанып кетті. Шидің үстімен арықтың арғы бетіне өтіп, олжасын балаларына арқалап келді.
Міне, тапқыр, ақылды, еңбекқор деп құмырсқаны айт.
Тақтаға жазылатын сөздер мен сөз тіркестері:таным, өткір, көзі, үгінді, олжа, еңбекқор.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. 375-379 жат.
Сабақтың мақсаты:
Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
өткенді қайталау, ережені жатқа айту
ІІІ.Жаңа сабақ Дара және күрделі етістіктер. 375-379 жат.
Етістік деген не? Сұрақтары? Мысалдар келтіру.
Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.
Дара етістік бір сөзден тұрады: келді, оқыды, көрді.
Күрделі етістік екі, үш сөзден құралған: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр.
Оқулықпен жұмыс.
375 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Етістердің астын сыз. Оларды өзара салыстыру. Не байқадың?
Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.
376 - жаттығу күрделі етістікке айналдырып жаз.
Үлгі:
Дара етістік Күрделі етістік
Ұшты ұшып барады
Күреді күреп жатыр
Құйды құйып отыр
Үйді үйіп жатыр
Сүзді сүзіп отыр
Ережені оқу. Хормен оқу, талдау.
Түсінгендерін тексеру:
377 - жаттығу. ТОППЕН ЖҰМЫС
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құр, олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт.
Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.
378 - жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.
ДАРА КҮРДЕЛІ
Көздеді, ойнап жүр,
көрді келе жатыр
шомылды тоқып жатыр
Бекіту
Дара етістік деген не?
Күрделі етістік дегеніміз не?
Суретке қарап сөйлем құра. Сөйлемнің ішіндегі күрделі етістіктің астын сыз.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Лездеме жауап беруге арналған сұрақтармен пысықтау.
1. Заттың атын білдіретін сөз табы (Зат есім)
2. Көкшетау, Тараз, Алпамыс, Есіл, Құтжол - қандай зат есімдер? (Жалқы)
3. Жылы - жылы сөйлесең, не інінен шығады? (Жылан)
4. Жүрді, келді, барады - қандай сөз табы? (Етістік)
5. - лар, - лер,- дар, - дер, - тар, - тер қандай жалғаулар? (Көптік)
6. Сөз таптарын ата (Зат есім, сын есім, сан есім, етістік)
7. Сынып бөлмесінде кезедесетін жалпы есімдерді ата. (Сағат, парта, орындық, кітап)
Шығармашылығымызды шыңдайық:
Көп нүктенің орнына етістіктерді қойып жаз.
Сабақтан мен............,
Жаман бала...............
Үлкендерді...............,
Айтқандарын.............
Үйге тапсырма:
379 - жаттығу (сурет бойынша әңгіме құра.) 137-бет
Сабақтың тақырыбы: Етістік түрлерін ажырату 380-384 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сауатты
жазуға дағдыландыру.
Тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін
кеңейтуге үйрету.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
377 - жаттығу.
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құр, олардың қайсысы дара және күрделі етістік екенін айт.
Өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.
378 - жаттығу. Дара мен күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде, мағына ерекшеліктерін байқа.
ДАРА КҮРДЕЛІ
Көздеді, ойнап жүр,
көрді келе жатыр
шомылды тоқып жатыр
ІІІ.Жаңа сабақ Етістік түрлерін ажырату 380-384 жат.
Қызығушылықты ояту.
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
I топ. Тапқырлар
II топ. Ойшылдар
III топ. Ақылдылар
Әр топ тілге байланысты 3 шумақ өлеңін айтады.
I топ.
Ана тілім - ұраным.
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр - әнім.
II топ.
Ардақты ана тілі - туған тілім,
Тербеліп ақ бесікте сезгем үнін.
Мән беріп, қазағымның әр сөзіне
Ой түйіп, жинақтадым терең білім.
III топ.
Қаның, жаның - тіліңде,
Арың, нәрің - тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.
Мағынаны тану кезеңі
I топ.
1. Зат есім дегеніміз не?
II топ.
1. Етістік дегеніміз не?
III топ.
1. Етістіктің дара және күрделі түрін ата
б) «Адасқан сөздер» ойыны.
г) I топ. II топ. III топ.
Дара Күрделі Дара Күрделі Дара Күрделі
сыз... жыр... шақырды...
жүр... би... жауды...
бар... ой... өсті...
тұр... шеге... тазалады...
күл... ұсақ... оқыды...
д) Оқулықпен жұмыс:
380 - жаттығу. (Жұмбақты көшіріп жазып, етістікті табу)
ҚЫЛ КЕҢІРДЕК БАТЫР,
ТАУ КӨТЕРІП ЖАТЫР. (кран)
381-жаттығу (мәтінді оқып, сөйлем ішінен етістікті табу)
ТОТЫ
Тоты-әдемі құс. Ол Африка, Америка және Австралияның тропиктік ормандарында тіршілік етеді.
Тотының аяғы өрмелеуге өте ыңғайлы. Әр аяқтағы төрт саусақтың екеуі алға, қалған екеуі артқа қарай біткен. Тотылардың қанаты да жақсы жетілген. Олар кәдімгідей тез ұшады.
382-жаттығу (сөз құрау, сөйлем құрау)
Айнұр гүлге су құйып жүр.
и) «Ой түбінде алтын бар,
Ойлай берсең табарсың».
***
Ақ түсті бояуы,
Дауылы, бораны
Айналаны орайды,
Ақ түс басып даланы.
383-жаттығу (дара және күрделі етістіктерді салыстыру, мағыналық ерекшеліктерін бір-біріңе түсіндіру)
Оқыды-оқи бастады, оқып отыр, оқып болды.
Тікті-тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады.
Ойнады-ойнап жүр, ойнап кетті, ойнап жүр екен.
Қорытындылау Кестемен жұмыс
Етістік
Дара
Күрделі
Ұшты
Жазып отыр
Кел
Барды
Тұрып кетті
Ойын " Жалғастыр "
оқыды - оқып отыр,
көрді - көріп тұр.
Жинады- жинап жүр
Ойнады-
Күлді-
Келді-
Барды-
Терді-
Үйге тапсырма: 384 - жаттығу.
Ребусты шешу, әңгіме құрау
ЕТІСТІК-қимылды білдіретін сөздер.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру
.385-389 жат.Көшіру диктанты №4 «Мақта»
Сабақтың мақсаты:
Дара етістікті күрделі етістікке айналдыра білуге үйрету, сөйлем ішінен етістікті таба білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыпты жазып, ұқыпты әрі сауатты талдай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Кеудемдегі күн күлсін,
Бізге шуақ, нұр құйсын!
Мейірімді жан, өзіңмен,
Көңіліміз жайнап құлпырсын!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
384 - жаттығу. Ребусты шешу, әңгіме құрау
ЕТІСТІК-қимылды білдіретін сөздер.
ІІІ.Жаңа сабақ Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру
.385-389 жат.Көшіру диктанты №4 «Мақта»
А) Көшіру диктанты Мақта
Мақта - бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта құнарлы топырақты және ылғалды ұнатады. Ол суармалы жерде өсіріледі. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылады. Одан үлпілдек ақ мақта көрінеді.
Тапсырма.
Мәтіннен етістіктерді тап.
Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС:139-140-беттер
385-жаттығу (мәтінді оқып, етістікті табу)
Толқып жатыр, бар, келді, жүз, барма, айқайлады, жүзді, жүзіп барады.
386-жаттығу (дәптерге көшіріп жазып, етістікті табу)
ҚАЗАНДА ШҰЖЫҚ ЖҮР,
ҮШ ШҰЖЫҚ ЖҮЗІП ЖҮР
ШҰЖЫҚШЫЛ ЖҮСІП ЖҮР
ШҰЖЫҚТЫ СҮЗІП ЖҮР
388-жаттығу (топтап жазу)
Не істейді? Қайтеді?
Сыпырады сайрайды
Өсіреді шаңқылдайды
Иіреді ақырады
Емдейді боздайды
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
389-жаттығу (өлең құрастыру)
...................торғайды
...........қорғайды
...............ойнаймыз
.............ойлаймыз
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
А) Дара етістікті күрделі етістікке айналдыру
Сыпырады
Өсіреді
Иіреді
Емдейді
сайрайды
шаңқылдайды
ақырады
боздайды
Ә)Қысқаша тест
1.Зат есім дегеніміз не?
А)Заттың атын білдіреді
ә)заттың сынын білдіреді
2. Зат есімнің сұрақтары?
А)Кім? Кімдер?
ә)кімнің? Ненің
3. Асан ойнады .Сөйлемнензат есімді тап
а)ойнады
ә)Асан
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 387-жаттығу (сөйлем құрау)
Күркіреді, сіркіреді, жарқылдады
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байланысы. 395-399 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
394-жаттығу (суретке қарап, шағын әңгіме құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ Етістіктің зат есіммен байланысы. 395-399 жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС:
395-жаттығу (мәтінді оқып, етістіктерді табу)
Жер бетіне көк қылтияды. Жан-жануарлардың арқасы кеңіп, жәндіктерге де жан бітеді. Құрт-құмырсқа қыбырлай бастайды. Көктемнің осы сәтіне адамдар да, жан-жануарлар да сағынып жететін сияқты. Әйтеуір балалардың жыл құстарын сағына күтетіні анық.
**МӘТІНДІ ӨЗІҢ ЖАЛҒАСТЫРЫП КӨР!
*Терең ойла!!!
396-жаттығу (берілген заттардың бәріне ортақ қимылды білдіретін сөзді табу)
Адам
Мал ?
Аң
Адамға ғана тән қимыл атауларын ата.
397-жаттығу (кестені толтыру)
ДАРА ЕТІСТІК
КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК
Ұшты
Ұшып барады
398-жаттығу (мәтінді оқу, зат есімдер мен етістіктерге талдау жасау)
*ТӨЛЕ бИ туралы мәлімет
Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) - қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Ескерткіштер
Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында "Қарлығаш әулие", "Қарлығаш би" деген атпен танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтті. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б.
Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялады. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Оңтүстік Қазақстан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысында және Астана қаласында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шымкентте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар.
ТӨЛЕ АҚЫЛДЫ, ӘДІЛ БИ БОЛҒАН. ОЛ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ БАСЫН БІРІКТІРДІ: ЕЛДІ ТАТУЛЫҚҚА ШАҚЫРДЫ. ТӨЛЕ БИДІҢ ДАНА ОЙЫ МЕН СӨЗІ БЕРЕКЕ, БІРЛІКТІҢ КӨЗІ БОЛДЫ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 399-жаттығу
(ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау)
БІРЛІК ТҮБІ-ТІРЛІК.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары.400-406 жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлемнен етістік түрлерін таба білуге, қай сөзбен байланысқанын таба білуге, сұрақ қоя білуге үйрету. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау шеберлігін, сауатты жазу дағдысын дамыту.
Тапқырлыққа, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
399-жаттығу
(ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құрау)
БІРЛІК ТҮБІ-ТІРЛІК.
ІІІ.Жаңа сабақ Пысықтау жаттығулары.400-406 жат.
Ойын " Жалғастыр " оқыды - оқып отыр, көрді - көріп тұр.
400 - жаттығу. Жұмбақты жатқа жазу, етістікті табу.
Жолбарысқа ұқсайды,
Тышқанды ғана ұстайды. (мысық)
Мысық туралы сұрақ - жауап арқылы әңгімелеу.
Сергіту сәті: Мысық сияқты мияулау.
401 - жаттығу. « Өрмек» өлеңін мәнерлеп оқу, етістікті тауып, байланысын табу, автормен таныстыру.
ӘЖЕМ ӨРМЕК ҚҰРАДЫ.
ӨРМЕК -ТОҚУ ҚҰРАЛЫ.
БҰЛ ҚҰРАЛМЕН ТАМАША
ТОҚЫЛАДЫ АЛАША.
« Өрмек» туралы мағлұмат беру.
Өрмек тоқу - алаша, қап, басқұр, бау және шекпен тоқу үшін екі басы қазыққа керіліп, желісі жер бетімен түзу тартылған, иірілген жіп керілген құрылғы. Ол қайық, серу жіп, қылыш, адарғы, мосы ағаштың көмегімен күзу (күзеу), арқау жіптер арқылы ерсі (ерсі жіп) тоқылады. Тақталы алаша, терме алаша, басқұр әр түрлі боялған түрлі-түсті жіптен, ал шекпен тайлақ жүнінен арнайы оң, теріс иірілген жіптен тоқылады. Өрмекке арналған жіптің аралары ұзындығы 15 - 25 см, 15 - 20 см етіп үш қазыққа іліп, айналдыра төгіп шығады. Содан соң төгілген жіп күзеуге байланады да, одан кейін жіп қазықтар арасына төгіледі. Соңынан өрмектің екі басы керіліп байланады, ал күзу жіп мосы ағашпен керіледі. Сонда ғана өрмек тоқуға даяр болады.
Өрмекші - өрмек тоқитын маман. Өрмек тоқу ерте заманнан келе жатқан қолөнері. Өрмекші жүнді түтеді. Оны шүйкелеп иіреді. Иірілген жіпті бояп немесе бояусыз домалақтап өрмек құрады. Дайын болған өрмекті алдымен бетін күзу жіпке қаратады, күзуге байланған астыңғы, үстіңгі жіпті адарғы арқылы кезек айқастырады, сонан соң арасынан арқау жіпті өткізеді де, арнайы қылышпен соғыи, кайталап тоқи береді. Өрмекші басқұрды, бауды түрлі-түсті боялған жіптен санап теру арқылы өрнекті өрмек бетіне қоса түсіріп отырады.[
402 - жаттығу 3 топтан 3 оқушы шығып, 2 сөйлемнен жазады.
1 оқушы: Күз келді. Күн суыта бастады.
2 оқушы: Шөп сарғайды. Ағаштың жапырақтары түсті.
3 оқушы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Біз жылы киімімізді кидік.
403 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, оны күрделі зат есімге айналдырып, сөйлем құрап жазу.
... оқыды.... емдеді.... тікті.
... секірді.... құйды.... көмектесті.
404 - жаттығу. Сөзжұмбақты шешу, "Қимыл" сөзі шығады.
405 - жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазу.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру. Түбіт туралы мәлімет беру.
Түбіт - ауыл шаруашылық малдары мен аңдардың жіңішкелігі 25 мкм-ге жетпейтін, жіңішкежүн талшықтары. Биязы жүнді қойлар мен түбітті ешкі тұқымдарының жүн жабындысы түгелдей түбіттен тұрады. Түбіттің басты қасиеттері - жылу сақтағыштығы, көп ылғал сіңіргіштігі, т.б. ескере отырып мата, тоқыма киімдер, кілем, аяқ киім, киіз, т.б. бұйымдар жасауға мүмкіндік береді. Технологиялық және тауарлық сапасы физикалық қасиетін (жіңішкелігі, ұзындығы, беріктігі, серпімділігі, түсі, жылтырлығы, т.б.) анықтайды. Түбіт көбіне ақ, қара, қоңыр түсті болады. Ақ түсті түбітті кез келген түске бояуға болатындықтан, жоғары бағаланады. Түбіттің басқа жүн талшықтарынан (аралық талшық, қылшық, өлі және құрғақ қылшықтар) басты морфол. айырмашылығы - құрамында бос, ауалы кеңістіктің, елеулі өзек қабатының болмауы. Осы ерекшелік түбіттен жіңішке де мықты жіп иірілуін, соған орай, сапалы да әдемі мата, киім-кешек тоқылуын қамтамасыз етеді. Асыл тұқымды биязы жүнді қой, түбітті ешкі шаруашылығында түбіт сапасы мен мөлшері негізгі селекц. белгілердің бірі болып табылады. Осы шаруашылықтардың эконмикалық тиімділігі де елеулі деңгейде түбіт өнімділігінің мөлшері мен сапасына байланысты. Соңғы уақытта әлемдік нарықта "Арнайы талшықтар" деген атпен танымал болып отырған жіңішкелігі 17 мкм-ге дейінгі меринос қой, түйе, альпака, лама және ешкі түбіттеріне деген сұраныс тұрақты түрде артып отыр. Жіңішкелігі 19 мкм 1 кг түбіт 21 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе, ал 17 мкм түбіт 19 мкм түбітпен салыстырғанда 2 есе қымбат. Әлемде ең қымбат түбіт - австралия мериностарының биязы жүні. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Мал шаруашылық және ветеринария ғылым-өндірістік орт-на қарасты Қой шаруашылық ғылыми-зерттеу инстуттының ғалымдары биязы жүнді қойларды өсіру, асылдандыру және ешкі шаруашылық бөлімдерінің ғалымдары арнайы ғылыми жұмыстардың әдістемеліктеріне сай қой, ешкі және өте жіңішке түбітті түз тағылары - жабайы арқар мен иір мүйізді жабайы ешкілерді түраралық будандастыруда пайдалана отырып, жіңішке түбітті мал топтарын шығару жұмыстарын іске асыруды қолға алды.
Арнайы жүргізілген зерттеулер қазақтың жергілікті қылшық жүнді ешкілерінің түбіті сапасы бойынша әлемдік нарық талаптарына сай, бірақ олардың өнімділігі өте төмен екендігін көрсетті. Осыған сәйкес, генотиптік және паратиптік (бағу-азықтандыру) жағдайларды ғыл. негізде жақсарта отырып, түбіт түсімі мен сапасын арттыру ешкі шаруашылық тиімділігін көтерудегі маңызды мәселе болып табылады. Жеңіл өнеркәсіпті бағалы түбітпен қамтамасыз етуде түйе шаруашылығының да орны ерекше. Қос өркешті түйелерден орта есеппен 10 - 12 кг, жіңішкелігі 16 - 20 мкм, дара өркешті түйелерден 3 - 5 кг жүн алынады. Сонымен бірге үй қояндары, басқа да мамық жүнді хайуанаттарды қолда ұстау арқылы да Т. өндіруге болады. Қоян Т-інің жіңішкелігі 15 - 20 мкм, ересек үй қоянынан жылына 700 г-нан астам түбіт алынады. Мамық жүнді аң түбітінің жіңішкелігі 25 - 30 мкм, түбіт оның қысқы түгінен алынады, жазғы жүнінде түбіт болмайды.[1]
Түбіт, түбіт жүн - қой, ешкі, түйе, үй қояны, мамық жүнді аңдар түгінің жіңішке талшығы. Тоқыма өнеркәсібі үшін түбіт жүн талшықтарының ішіндегі ең құнды шикізат. Биязы жүңді қойдың жүні түгелдей түбіттен тұрады. Түбіт, түбітті жүн негізінен ешкі мен қойдан алынады. Биязы жүнді қой түбітінің жіңішкелігі - 15-25 мкм. Жылына бір рет қырқып алынады. Ешкі жүнінің 35% жіңішкелігі - 14-19 мкм түбіттен тұрады. Ешкіні жылына бір рет қырқып түбітін бөлгеннен кейін, оны тек тарап (ешкі басынан - 250-300 г) алады.[1]
Мамық, түбіт жүні - көбінесе ешкілерге қатысы бар, ешкі түбіті меринос жүнінен де биязы. Олардан тоқылган бұйымдар әрі жылы, әрі әдемі шығады. Түбітті ешкілердің түбіті тамызда шығып, күз айларында тез жетіледі. Өте биязылары ұсақ та майда бұйраланып, созылмалығы, мықтылығы, олардың жылу сақтау қасиетін жоғарылата түседі. Ең сапалы, жоғары технологиялық қасиеті бар түбітті Орынбор ешкілерінен тарап алады. Түбітті ешкілерді, екі рет - арасында 16-18 күн салып тарайды. Бірінші тарағанда жамбас, мойын, желкеде қалған түбіт екінші тарағанда жеңіл бөлінеді.[1]
Қорытындылау: - Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар жасадық?
Тест тапсырмалары.
І нұсқа
-
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
А) Қайда?
Ә) Кім? Не?
Б) Неге?
-
Кім? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) мұғалім
Ә) шана
Б) құстар
-
Нелер? cұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) балықшы
Ә) Айгүл
Б) кітаптар
-
Оқушы деген сөзге қандай сұрақ қойылады?
А) кім?
Ә) қашан?
Б) не себепті?
-
Егінші, суаншы, суретші деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?
А) не?
Ә) нелер?
Б) кім?
ІІ нұсқа
-
Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
А) Кім? Не?
Ә)Қайда?
Б) Неге?
-
Не? сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) бала
Ә) шана
Б) сауыншы
-
Кімдер?cұрағына жауап беретін сөзді тап.
А) қала
Ә) көгершін
Б) оқушылар
-
Ана деген сөзге қандай сұрақ қойылады?
А) кім?
Ә) қашан?
Б) не себепті?
-
Балықшы, дәрігер, бақташы деген сөздерге қандай сұрақ қойылады?
А) не?
Ә) кім?
Б) нелер?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 406 - жаттығу.
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №3 «Қыс»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Сөздерді қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлемдегі затесім мен етістіктің байланысын сызбамен белгілеуге үйрену. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
406 - жаттығу.
(Әңгімені әрі қарай жалғастыр! Құраған әңгімені жазып, етістіктердің астын сызу)
ҚАСҚЫР МЕН ТИІН.
Бірде қасқыр тиіндердің қыста ашықпау сырын білігісі келді.
*Тиін не деп жауап берді?
*Ол қасқырға қандай ақыл-кеңес берді деп ойлайсың?
ІІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №3 «Қыс»
А)СУРЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС:
Қыс - жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс - қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21-22 желтоқсаннан 20-21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда - маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1-2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде - 3-4 ай, полюстік ендіктерде 6-7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады. Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1-1,5 айдай ұзағырақ болады.[1]
Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де - өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі - қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.
Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Қыс АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Ә)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.
Қыс
Күн суық. Жерде қалың қар жатыр. Түн ұзарып, күн қысқарды. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген.
Демалыста мұз айдынына барамыз. Кейбір балалар шанамен сырғанайды. Мен достарыммен аққала жасадым. (32 сөз)
Тапсырма
1.Етістіктердің астын сыз.
2.Етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Сын есім және оның сұрағы. 407-411 жат.
Сабақтың мақсаты:
сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
ІІ.Жаңа сабақ Сын есім және оның сұрағы. 407-411 жат.Көркем жазу
Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік,
Артығын тап
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
407-жаттығу (Өлеңді оқу, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою)
Сары,қоңыр, жасыл, көк-ҚАНДАЙ?
ЕРЕЖЕ: Заттың сынын, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге ҚАНДАЙ?ҚАЙ? деген сұрақтар қойылады. Көк, әдемі, тәтті, жақсы, үлкен
408-жаттығу (мақалды жазып, сын есімді табу)
Қандай?
Жақсы адам-елдің ырысы,
Қандай?
Жақсы жер-жанның тынысы.
409-жаттығу (сөйлем құрау)
І-топ ЖУАС ІІ-топ ҚАЛЫҢ ІІІ-топ ТЕГІС
410-жаттығу (бағанданғы сөйлемдерді салыстырып, сын есім бар сөйлемді жазу)
ҚОЯН
Оның құлағы ұзын, қысқа құйрығы және жылы жүні бар. Жазда жүні сұр, ал қыста ақ болады.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 411-жатығу (Жоспар бойынша әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің зат есіммен байланысы. 412-416 жат.
Сөздік диктант №7
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың сын есім туралы алған білімдерін жинақтау, бекіту және қорыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып білім сапасын арттыру.
2) Жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, әдемі жазуға, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру. Ақыл - ойын, логикалық ойнау жүйесін дамыту. Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу коллеграфичсын жетілдіру.
3) Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
411-жатығу (Жоспар бойынша әңгіме құрау)
ЖОСПАР:
1)Әншімен кездесу.
2)Әншінің әңгімесі және әні
3)Әннің оқушыларға әсері
ІІІ.Жаңа сабақ Сын есімнің зат есіммен байланысы. 412-416 жат.
Сөздік диктант №7
А) Сөздік диктант
Елтаңба, салқын, дымқыл, ырым, терең, тар, жасыл, әдеп, етістік, сабырлы, жұмсақ, шекара, аспан, күрең, таза, тентек, қымыз, ай, сұр, демалыс, ұзын.
Тапсырма.
1.Сын есімдерді тауып астын сыз. (салқын, дымқыл, терең, тар, жасыл, сабырлы, жұмсақ, күрең, таза, тентек, сұр, ұзын)
2.демалыс сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Д- ұяң
Е-жіңішке
М-үнді
А-жуан
Л-үнді
Ы-жуан
С-қатаң
7 әріп, 7 дыбыс, 3 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс, 3 буын
Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 147-148-беттер
421-жаттығу (мәтінді оқып, сын есімді табу)
МҮЙІЗТҰМСЫҚ
Мүйізтұмсық-ірі жануар. Оның мүйізі жіңішке талшықтардан құралған. Алайда мүйізтұмсықтың мүйізі өте қауіпті. Күндіз мүйізтұмсық аяқтарын айқастыра сұлап жатады да, айбарлы дыбыс шығарады. Ал түнде жайылымға шығады.
413-жаттығу (бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу)
Тақтай-жалпақ, қалың, тегіс. Көше-кең, ұзын, әдемі. Көл-терең, көгілдір, ащы. Жылқы-жуас, жүйрік, ақылды. Кесе-кішкентай, әдемі, аппақ.
414-жаттығу (ЗАТТАРДЫ СИПАТТА)
Мынау не?- Алма.
- Түсі қандай?- Қызыл.
- Көлемі қандай?- Үлкен алма.
- Дәмі қандай?- Тәтті.
- Иісі қандай?- Жұпар иісті, жағымды.
- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер?
- Жақсы, піскен алма.
- Оны сапа дейді.
«Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көсетілген затты сынып тағы оқушылар түлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
Терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал жасырылды.
ТҮСІ ҚАНДАЙ?
НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?
КӨЛЕМІ ҚАНДАЙ?
КІМДІКІ?
Қорытындылау
КЕСТЕНІ ТОЛЫҚТЫР!!
ҚАНДАЙ?
НЕ?
ҚАЙТТІ?
....................
қант
еріді
...................
алма
пісті
415-жаттығу (ребусты шешіп, сөйлем құрау)
ТҮЗУ Балалар түзу етіп, ағаштарды отырғызды.
Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін - түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай, қай деген сұрақтар қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысады.
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 416-жаттығу
«Ат жарысы»
(тақырыпқа сай әңгіме құрап жазу)
Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмыстары. 417-421 жат.
Сабақтың мақсаты:
Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
416-жаттығу
«Ат жарысы»
(тақырыпқа сай әңгіме құрап жазу)
ІІІ.Жаңа сабақ Жаттығу жұмыстары. 417-421 жат.
Зат есім деген не?
- Заттың атын білдіретін сөздер.
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Кім? не? кімдер? нелер?
- Етістік дегеніміз не?
- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
- Не істеді? не қылды? қайтті?
- Зат есімге бірнеше мысал келтіріңдер.
- Мысал: аспан, оқушы, жұлдыз.
- Енді, осы зат есімдердің түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді табайықшы, ол үшін есімізге түсірейікші, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?
- Қандай? қай?
- Көк аспан, тәртіпті оқушы, жарық жұлдыз.
- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
Сын есім.
Ереже. Зат есімнің алдында келіп, оның түсін, иісін, дәмін, көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылды.
Оқулықпен жұмыс 417-жаттығу 1-тапсырма 2-сынып
Өлеңді көшіріп жаз.Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.
Құшағына кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың,
Анам қандай жақсы адам!
418-жаттығу (сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жазу)
қандай? не? қандай? не? қандай? не? қандай? не? қандай?
Жуас ат, таза ауа, биік тау, сұйық айран, жүйрік
не? қандай? не?
ат, ұзын жіп.
419-жаттығу (ребусты шешіп, сөйлем құрау)
ҚАЛЫҢ (қалың ағаш, қалың киім, қалың қар)
420-жаттығу (БЕРІЛГЕН СӨЗДЕРДІҢ СЫН ЕСІМ ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕ)
Адал, жіңішке, кең, семіз
БҰЛ СЫН ЕСІМ, ӨЙТКЕНІ заттың сапасын білдіреді, қандай? Деген сұраққа жауап береді.
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА 421-жаттығу (Ребусты шешу, сипаттау мәтінін құрастыру)
Қауын
Қауын (Cucumіs melo) - асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Жапырағы ірі, кезектесіп орналасқан, жіңішке сабағы буындарға тарамданып жер бетіне төселіп өседі.[1] Гүлі сары, дара жынысты, қос жынысты түрі де кездеседі. Жемісі - көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4,5 - 18% қант, 0,6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 - 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 - 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б. топтарға бөлінеді. Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды. Қазақстанның оңтстігіндегі су-армалы жерлерде гектарынан 300 - 400 ц өнім алынады. Себер алдында шопағын 6 - 7 тәулік күнге жайып, не 4 - 6 сағат 50 - 60 0С температурада қолдан қыздырады. Топырақ температурасы 12 - 140С-қа жеткенде егеді. Қауынның Қазақстанда аудандастырылған сорттары: Іле, Ашық сары, Бұхара - 944, Іші қызыл - 189, Қалайсан, 1940 жылы Қызылорда облысының диқандары шығарған - әңгелек, ерте пісетін - Ақ дәмбілше, орта мерзімде пісетін - Колхозшы 749/753, кеш пісетін - Қара күләбі, торлама т.б. түрлері бар. Қауын өсіру, оның тұқымын жақсарту жұмысымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады
Жұмбақ шешейік:
Іші жұмсақ, сырты қатты,
Домаланған ала бас
Етті - секер, сүті - тәтті.
Дәмді шырын даяр ас (қауын)
Қауын - қауынның ең алғаш пайда болған мекенін дәл басып айту қиын. Дегенмен, қауынның отаны - Египет деп тұжырым жасаған. Жер бетіндегі мемлекеттер Қауындар Египеттен тараған дейді. Ал «Арабтар»ортағасырларда қауынды Жерге түскен «Жұмақтың жемісі»ретінде таныған. Қауын көбінесе Италияндардың сүйікті тағамдары болған. Тарихшылардың айтуынша Рим Императоры Клавдий Альбин таңғы асқа 10 қауынды бірден жеген екен.
Қауынның құрамында қант, А, Р, С дәрумендері глюкоза бар. Қауын жаздың аптапты ыстық күндері шөлді жақсы басады.
Қарбыз - қарбыздың отаны - Африка. дәлірек айтсақ Оңтүстік Африка саналадыюҚарбыздың сол Африкадан бүкіл әлемнің түкпір - түкпіріне таралған. Қарбыздың Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. Себебі, күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «Қарбыз мерекесін» атап өтеді екен. Қарбыздың құрамында фруктоза, В1, В2, С дәрумендері, азотты заттар бар.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
423-жаттығу
(сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу)
150-бет
Сабақтың тақырыбы: Сын есімді мағынасына қарай топтастыру. 422-426 жат.
Сабақтың мақсаты:
а)сын есімнің мағыналық түрлерінің ережесін меңгерту, мысалдармен дәлелдеп көрсету, ажырата алуға үйрету;
ә) оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын молайту;
б) оқушыларды өзара сыйластыққа, басқаның көзқарасын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
423-жаттығу150-бет
(сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жазу)
Әселдің сары көйлегі бар. Мен қызық кітап оқыдым. Бізге үлгілі оқушылар көмектесті. Ауылда биік үйлер көбейді.
ІІІ.Жаңа сабақ Сын есімді мағынасына қарай топтастыру. 422-426 жат.
А)Кітаппен жұмыс: 150-151-беттер
422-жаттығу (жұмбақты жазып, шешуін тап, сын есімдерді табу)
ҚАЛПАҒЫ БАР ДӨҢГЕЛЕК,
САРЫ ГҮЛМЕН ҚОРШАЛҒАН.
ҚАРАЙ-ҚАРАЙ КҮНГЕ ЕРЕК,
МОЙНЫ ТАЛЫП ШАРШАҒАН. (күнбағыс)
424-жаттығу (сын есімдерді үлгі бойынша мағынасына қарай топтастыр)
ТҮС ДӘМ КӨЛЕМ ПІШІН
Қоңыр қышқыл үлкен домалақ
Жасыл ащы ұсақ сопақ
Боз дәмді кіші
Күлгін тәтті ірі
425-жаттығу (дәлелде)
таза ауа Ауа таза.
426-жаттығу (Асыл қандай оқушы? Торкөздерге жазу)
Ұ
Қ
А Ы
С Ы П А Й Ы
Ы Т
А Қ Ы Л Д Ы
ЖЕКЕ ЖҰМЫС: 427-жаттығу (сын есімді табу)
Кең, асау
Кең жайлау, асау құлын
Қошақан, құлын, ботақан-зат есімдер, не? Сұрағына жауап береді. Олар- төлдер.
ТОППЕН ЖҰМЫС:
(зат атауларына бірнеше сын есім ойлап тап)
ТЕРЕК, КІТАП, ШИЕ
Көше-кең, жарық, түзу.
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА:
(Берілген сөздерден сөйлем құрау)
1)Көп, Қазақстанда, шұрайлы, жер
2)Сынып, біздің, кең, және, жарық
3)Тоғжан, алды, кеудеше, әдемі
4)Бар, күшігі, қара ала, Шынтастың
Қазақстанда шұрайлы жер көп. Біздің сынып кең және жарық. Тоғжан әдемі кеудеше алды. Шынтастың қара ала күшігі бар.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Түлкіні, қауынды сипаттап мәтін жаз.
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: сипаттау мәтінін құрастырып жазу.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары 427-431 жат.
Сабақтың мақсаты:
Сын есім туралы толық теориялық білім беру. Ойлануға, ізденуге жетелеу.
Сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; Оқушылардың өз бетімен іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық қасиеттерін арттыру.
бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
429-жаттығу (Берілген сөздерден сөйлем құрау)
1)Көп, Қазақстанда, шұрайлы, жер
2)Сынып, біздің, кең, және, жарық
3)Тоғжан, алды, кеудеше, әдемі
4)Бар, күшігі, қара ала, Шынтастың
Қазақстанда шұрайлы жер көп. Біздің сынып кең және жарық. Тоғжан әдемі кеудеше алды. Шынтастың қара ала күшігі бар.
ІІІ.Жаңа сабақ Пысықтау жаттығулары 427-431 жат.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 152-153-беттер
427-жаттығу (сын есімді табу)
Кең, асау
Кең жайлау, асау құлын
Қошақан, құлын, ботақан-зат есімдер, не? Сұрағына жауап береді. Олар- төлдер.
428-жаттығу (зат атауларына бірнеше сын есім ойлап тап)
ТЕРЕК, КІТАП, ШИЕ
Көше-кең, жарық, түзу.
430-жаттығу (ішінде сын есімі бар жұмбақтар тауып жазу)
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ. ҚАНТ
Сарғыш түсті, дөңгелек,
Ортасында дәні бар.
Көрсең егер оны жеп,
Балдай тәтті дәмі бар. ӨРІК
Ыстық құйып қой,
мейлі, Аязда да суытпас,
Суық құйып қой, мейлі,
Шілде айында жылытпас. ТЕРМОС
431-жаттығу (түлкіні сипатта)
Түлкі (лат. Vulpes vulpes) - жыртқыштар отрядының ит тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.[1] Тұрқы 70 - 77 см, салмағы 6,5 - 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Моногамды. Қаңтар - ақпан айларында ұйығып, 49 - 58 күннен кейін 4 - 6 (кейде 15) күшік туады. Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді, құтыру ауруының вирусын таратады.[2]
Түлкі қандай аң?
Түсі қандай?
Оның құйрығы қандай?
Түлкі қандай жерді мекендейді?
Ол немен қоректенеді?
Түлкі - жыртқыш аң.Ол дене құрылысы жағынан итке және қасқырға ұқсайды. Бірақ тұмсығы оларға қарағанда ұзын, сүйріктеу келеді.Көзінің қарашығы да тік орналасқан, қараңғы да жақсы көреді.Құлағы үнемі тік тұрады. Аяқтары күшті, табаны ұзынша, қатты жүгіреді. Жүні ұзын, әрі үлпілдек, құйрығын үнемі көтеріп жүреді. Жүгірген кезде оның құйрығы рөлдің қызметін атқарады.
Түлкінің түсі қызғылт сары, ал солтүстік жақта тіршілік ететін түлкінің түсі- ақ сұр. Себебі, солтүстікте суық болғандықтан қыс кездерінде өз жауларынан қорғанғанда жерге жата қалады. Қардан түлкіні ажырата алмай қалады, өйткені екеуі де ақ. Ол кешқұрым түрлі құстарды, кірпіні аулап, жейді. Сондай- ақ түлкі - өте иісшіл, саққұлақ, қырағы көз, айлакер аң.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: ережелерді жаттау
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мағыналы сын есім. 437-441жат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мағынасы қарама - қарсы сын есімдер туралы түсінік беру,
сын есімдерді сөйлеу кезінде қолдана білуге жаттықтыру.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту.Сабақ барысында ана тілін құрметтеуге, сөздік қорын молайтуға, сауатты жазуға, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру. Сын тұрғысынан ойлау әдісі
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Психологиялық жаттығу
Біз жайнаған гүлдейміз.
Шуағын шашқан күндейміз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ Қарсы мағыналы сын есім. 437-441жат.
Қызығушылығын ояту.
1) Ақ, көк, сұр, құла, күрең.
2) Биік, кіші, тар, ұзын, қысқа.
3) Жақсы, жаман, сараң, тентек, алғыр.
4) Ащы, тұщы, қышқыл, тәтті, жұмсақ.
5) Тасты, балалы, білімді, көтеріңкі, қысқы.
Бұл сөздер заттың несін білдіреді?
Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақ қойылады?
Ереже: Заттың сынын, сапасын, сипатын, түр - түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай? Деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.
Құрамына қарай түрлері
Сын есім-негізгі туынды дара күрделі
Мысалдар келтіру:
Қара шалбар, таза дәптер (негізгі сын есім)
Кешкі ауа, өнерлі жігіт, көшпелі ел (туынды сын есім)
Көк, көкшіл, көкпеңбек (дара сын есім)
Көк ала, қара ала (күрделі сын есім)
Суреттер көрсетіп, олардың аттарын атату.
Оны немен атап тұрмыз? (сөзбен)
Сөз деген не? (зат)
Ол заттың мағынасының не екенін білесің бе?
Сөз мағынасының түрлері туралы не айта аласың? Мысал келтір.
Мағынасы жуық сөздер. (мейірімді, қайырымды, иманды)
Мағынасы қарама - қарсы сөздер. (жас - кәрі, сулы - құрғақ)
Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер.
Сызбаны көрсете отырып толық мағлұмат беру.
Үлкен - кіші
Бұл мағынасы қарама - қарсы сөздер, өйткені олар бір сөз табына жатады.
Мағынасы мәндес сөздер - олар бір сөз табына жатады, бұл сөздер мағыналары жуық, бірінің орнына бірін қолдануға болады.
Бұлар көп мағыналы.
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең. Жаңа тақырыпқа өту. Ал, балалар, қазақ тілі сабағы болғандықтан және тіліміздің сөздегі мағынасына мән беріп жатқанда тіліміздің тұңғиығына бойлау үшін қазақ елі атамекеніміз Қазақстан Республикасы туралы айтпай өте алмаймыз.
- Қазақстан қандай ел?
- Елбасымыз кім?
- 1 желтоқсан қандай күн?
- Қазақстанның болашағы сендер, қандай азамат болып өсулерің керек?
- Бай
- үлкен
- көп
- тату
- білімді
Осы сөздерге керісінше қандай сөздер келтіре аласыңдар?
- кедей
- кішкентай
- аз
- араз
- сауатсыз
Міне осы сөздер жаңағы сөздерге қарама - қарсы мағынадағы сөздер болып табылады. Оларды салыстыру арқылы таба аламыз, арасына сызықша қойып жазамыз. Мысалы: бай - кедей, үлкен - кіші, т. с. с.
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздерді антоним дейміз.
Антоним - грек тілінен шыққан.
anti - қарсы, onota - атау дегенді білдіреді
ІІІ. Сызба арқылы мағынасы қарама - қарсы сөздерді көрсет.
Қысқа жең -----ауру
Алыс ---------қымбат
Арзан ---------жеңіл
Ауыр -----------аласа
Жаз -----------ыстық
Суық --------жақын
Биік ------ұзын жең
Сау-------------- қыс
ІҮ. Көркем жазу
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Көркем жазуды өздері бағалау (төмендегі сигналды карточкалар бойынша)
! Мен өзімнің жұмысма қанағаттанамын
+ Мен өзімнің жұмысыма қанағаттанбаймын, менде қателіктер бар
- Мен жиі қателестім
Ү. Жұмбақ шешу Ұлы ақын Абай ақылды, тапқырлықты қажет етеді және өте қызық ойын деп жұмбақты жақсы көріпті. Өзі де жұмбақ шығарыпты. Соның бірі мынау:
- Баяғыдан бері сегіз батыр кезек жығысып келе жатыр. Түбінде қайсысы жеңері тағы белгісіз. Сол сегіз батыр кімдер?
Шешуі:
Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай)
Жұмбақтар:
Асты тігілген, үсті сөгілген (қап)
Аяғы бар, басы бар,
Арқалаған тасы бар. (тасбақа)
Түнде бар, күндіз жоқ(жұлдыз)
ҮІ. Оқулықпен жұмыс №437,438,439,440 жаттығу 155-156- бет
ҮІІ. Сергіту сәті
Сөз мерген ( мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)
«ЖАҚСЫ» сөзіне қатысты мақал - мәтел айту. Мұнда «сөз» «жақсылық», «Ай мен Күн» сөздерін қатыстырып, 3 мақал - мәтел айту.
Жақсы сөз - жарым ырыс.
Жақсы - Ай мен Күндей, бәріңе бірдей.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
«БІЛІМ» сөзіне қатысты мақал - мәтел айту. Мұнда «кітап», «қымбат», «жібек», «сөз» сөздерін қатыстырып, 3 мақал - мәтел айту.
Кітап - білім бұлағы.
Білім - қымбат, білу - қиын.
Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі - білектей.
ҮІІІ. Дұрыс ойла!
Жастайыңнан еріншек бол. Еріншектік бәрін де жеңеді. Еріншектік адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды қорқақ атандырады.
(Жастайыңнан еңбекқор бол. Еңбек бәрін де жеңеді. Еңбек адамды қуанышқа бөлейді. Ол адамды батыр атандырады.
ІХ. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны
(мағынасы қарама - қарсы сөздер беріледі, жұптасып жұмыс жасайды)
Жатқа жазу
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді.
(Бірін - бірі тексереді)
Х. Суреттерге қатысты сын есім ойла, сөйлем құрып талда!
ХІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі. Сабаққа қорытынды жасау.
Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама - қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. ( мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тапқызу)
ХІІ. мағынасы қарама - қарсы қызық сөздер
Ыстықта туып та,
Шыдаймыз суыққа.
Ащы терім ақты,
Жеміс өсті тәтті.
Халқың үшін жаныңды сал:
Қарғыс алма, алғыс ал!
Ақылсыздар ұқпайды:
Аққа қара жұқпайды
ХІІІ. Семантикалық картамен жұмыс (сын есімдерді белгілеу)
Мысалдар Зат есім Сын есім Етістік
Ащы - тәтті
Күн - түн
Қуану - ренжу
Ақ - қара
Ал енді ойнайық «Сөйлемді аяқта!»
Бағалау (Оқушылар өздерін бағалайды)
Үйге тапсырма №441-жаттығу . 156-бет ереже жаттау
Қосымша:
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, антонимдерді тап.
1. Өлі арыстаннан.... тышқан артық.
2. Еріншек егіншіден.... масақшы озады.
3. Палуанға оң.... бірдей.
4. Ит үрер жақсыға да,.... да.
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарына талдау. 442-446 жат. Сөздік диктант №8
Сабақтың мақсаты:
Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық,
Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық.
Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен,
Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
441-жаттығу (сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру)
ІІІ.Жаңа сабақ Сөз таптарына талдау. 442-446 жат. Сөздік диктант №8
А) Сөздік диктант №8
Ескерткіш, тамаша, тәжірибе, жаңа, қара, қарағай, шөп, жұпар, өнерпаз, алтын, қара, күн, аппақ, ұнады, шығыпты, қою, күрең, жетістіктер, торғай, қызыл.
Тапсырма.
1. Сын есімдерді тауып астын сыз.
2.Бір сөйлем құрастыр.
Ә)Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сын есім атты үш ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін
Сызба бойынша жұмыс.
Зат есім
Етістік
Сын есім
Ұқсастығы мен өзгешеліктерін ата
ЕРЕЖЕ.
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?
Б)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС:
442-жаттығу (оқып, шешуін табу, сын есімді байланысқан сөздерімен бірге қоса көшіріп жазу)
ЖІБЕК АРҚАН, ТЕМІР АТ, КӨК ЛАҚ, ЖАРЫҚ КҮН.
444-жаттығу (керекті сөздерді пайдаланып, заттарды салыстыру)
Дәмі бойынша: лимон, бал (қышқыл, тәтті)
Биіктігі бойынша: (биік, аласа)
Көлемі бойынша: (барыс, мысық)
445-жаттығу (мәтінді көшіріп жазу, сөз таптарына талдау)
МЕН АЛТАЙДА ТҰРАМЫН. АУЫЛДЫҢ ІРГЕСІНДЕ БҰРҚЫРАМА ӨЗЕНІ АҒЫП ЖАТЫР. АЙНАЛА КӨК ШАЛҒЫН. ҚАЛЫҢ АҒАШ. ТҮРЛІ ӨСІМДІКТІҢ ЖҰПАР ИІСІ МҰРНЫҢДЫ ЖАРАДЫ. АЛЫСТАН АҚ БАС ШЫҢДАР ЖАРҚЫРАЙДЫ. ЕРЖЕТКЕН СОҢ, БҮКІЛ ЕҢБЕГІМДІ ОСЫ ЖЕРДІҢ ГҮЛДЕНЕ БЕРУІНЕ АРНАҒЫМ КЕЛЕДІ.
446-жаттығу (аңдардың аттарын атау, ертегіде қандай болып келетінін дұрыс табу,)
ҚАСҚЫР қорқақ және мақтаншақ
ТҮЛКІ қорқау және жыртқыш
ҚОЯН қу және өтірікші
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 443-жаттығу (жаңылтпашты жатқа жазу) (СЫН ЕСІМДЕРДІ ИРЕК СЫЗЫҚПЕН СЫЗУ)
Үшкір тұмсық
Сұр тұмсық
Сордан ұшты
Құрт шымшып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім туралы түсінік. 447-451жат.
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы бұрынғы алған білімдерін қайталау, еске түсіру; Сан есімнің есептік, реттік түрін ажырата білу; Сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Есептік сан есімді реттік сан есімге алмастыра білу, реттік сан есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, көркем жазуға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
443-жаттығу (жаңылтпашты жатқа жазу) (СЫН ЕСІМДЕРДІ ИРЕК СЫЗЫҚПЕН СЫЗУ)
Үшкір тұмсық
Сұр тұмсық
Сордан ұшты
Құрт шымшып
ІІІ.Жаңа сабақ Сан есім туралы түсінік. 447-451жат.
II Өткен сабақты пысықтау.
• Сын есім дегеніміз не?
• Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
• Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланысты?
Сызбамен жұмыс
Сын есім
Сұрақтары Қандай? Қай?
Құрамы - Дара Күрделі
Негізгі Туынды
III Жаңа сабақ. Ой қозғау
нешінші? - заттың санын
неше?
қанша? - заттың ретін
Тірек - сызбаны пайдаланып, ереже шығару.
1. Жұмбақ шешу:
Алты аяқты,
Төрт құлақты
Қос ауызды
Төрт көзді -
Қыр кезді
Шешуі: Аттылы адам.
2. Дәптермен жұмыс.
А) Бүгінгі тақырып
Ә) Көркем жазу. Ж ж Ж ж
3. Оқулықпен жұмыс.
447 - жаттығу. Оқу, қарамен жазылған сөздерді табу, сұрақ қою
-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін
-Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін
ЕРЕЖЕ: ЗАТТЫҢ САНЫН ,РЕТІН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРДІ САН ЕСІМ ДЕЙМІЗ. САН ЕСІМДЕРЕ ҚАНША? НЕШЕ? НЕШІНШІ? ДЕГЕН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы
448 - жаттығу (жұмбақты оқып, жатқа жазу, шешуін табу)
САН ЕСІМДЕРДІ ТАУЫП, АСТЫН СЫЗУ
Тоғыз белдеу, қос жібек
Екі мұрын, бір шүмек (домбыра)
449-жаттығу (ӨЗДІК ЖҰМЫС сөйлем құрау)
Жүз екі
450-жаттығу (берілген сөздердің сан есім екенін дәлелдеу)
БЕС, ТОҒЫЗ, ЖЕТІНШІ, ОТЫЗЫНШЫ
Бұл -сан есім, өйткені заттың есебін білдіріп, қанша?
Неше? Нешінші?
сұрақтарына жауап береді.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 451-жаттығу ( тірек сөздер бойынша «Серуенде»
тақырыбына әңгіме құрау)
Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық
Сабақтың тақырыбы: Сан есімге -ыншы, -інші жұрнағын жалғау. 452-456 жат.
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту, сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Біз тілейміз бар балаға,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер - білім нәрімен.
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
451-жаттығу ( тірек сөздер бойынша «Серуенде»
тақырыбына әңгіме құрау)
Оқушы, серуен, он екі, ұстап алды, құс, бір, қызық
ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімге -ыншы, -інші жұрнағын жалғау. 452-456 жат.
● Сан есім ----- дара, күрделі
● Сан есім
↓
Есептік, Жинақтық, Реттік, Болжалдық, Топтық, Бөлшектік
Жұмбақты шеш
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Сан есім
Ережесі: Заттың санын, ретін білдіретін сөздер
Сұрақтары: Қанша? Неше? Нешінші?
Мысалы: Үш, бес, оныншы, тоғызыншы
Сан есім (Мағынасына қарай)
● Есептік сан есім Сұрағы: қанша? неше? Заттың нақты санын білдіреді.
● Реттік сан есім Сұрағы: нешінші? Заттардың реттік санын біл діреді.- ыншы,- інші,- ншы,- нші жұрнақтары арқылы жасалады.
Оқулықпен жұмыс
452-жаттығу (оқу сан есімді табу)
110, 80
453-жаттығу (сан есімдерге -ыншы, -інші жұрнағының тиістісін жалғап өзгертіп жазу, сұрақ қою)
Үш күн-үшінші күн, екі ай-екінші ай, алты бала-алтыншы бала, жеті ата-жетінші ата, тоғыз пәтер-тоғызыншы пәтер.
455-жаттығу (берілген сан есімдердің сан есім екендігін дәлелдеу)
СЕГІЗ, ТОҒЫЗЫНШЫ, ҚЫРЫҚ, АЛПЫС
456-жаттығу (тірек сөздер бойынша шағын әңгіме құрау)
Ю.ГАГАРИН, 1961 ЖЫЛ, 12 СӘУІР, ҒАРЫШКЕР, ҰШТЫ, ТАҢҚАЛДЫРДЫ
** Юрий ГАГАРИН кім?
Гагарин Юрий Алексеевич (9 наурыз 1934 жылы, Гжат (қазіргі Гагарин) ауданы Клушино ауылы Смоленск облысы - 27 наурыз 1968 жылы, Владимир облысы) - КСРО ұшқыш-ғарышкері, Кеңес Одағы батыры, ғарыш кеңістігіне сапар жасаған ең бірінші адам, полковник (1963), Кеңес Одағының Батыры (1961). 1961 жылы 12 сәуірде Восток ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан тарихта тұңғыш рет ғарышқа ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. 1951 жылы Мәскеу маңындағы Люберцы қаласыңдағы қолөнер училищесін, 1955 ж. Саратов индустрия техникумын бітірген. 1955 жылдан Кеңес Армиясы катарында. 1-Чкалов әскери- авиац. ұшқыштар училищесін бітіргеннен (1957) кейін Солтүстік флоттың жойғыш авиациялық бөлімдерінде қызмет етгі. 1960 ж. ғарышкерлер қатарына алынды. 1961 жылдан ғарышкерлер отрядының командирі болды. 1961 ж. 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет "Восток" ғарыш кемесімен Байкоңыр ғарыш алаңынан ғарышка ұшты. Ол Жерді айналып ұшып, 1 сағ 48 минуттан кейін Жерге қайта конды. Бұдан кейін ол ұшқыш-ғарышкер ретінде өзінің ұшу шеберлігін жетілдіріп, ғарышкерлерді ұйретіп - жаттықтыру ісіне тікелей арала- сып, ғарыш кемелерінің ұшу процесін басқаруға қатынасып отырды. 1968 ж. Әскери-өуе инженерлік академиясын бітірді. 1964 - 68 ж. Ғарышкерлерді даярлау орталығы бастығының орынбасары болды. Ол бірнеше елдерде болып қайтты. 1966 жылдан Астронавтика халықаралық академиясының құрметті мұшесі. Ленин орденімен, медальдермен жөне көптеген шет ел ордендерімен марапатталған. Гагаринге Чехословакияның Социалистік Еңбек Ері, Болгарияның Батыры, Венгрияның Еңбек Ері атақгары берілді. Гагарин ұшақпен жаттығу кезінде қаза тапты (Владимир обл. Киржак ауд.Новоселово селоның маңында). Монинодағы (Мәскеу обл.) Әскери-өуе академиясына, Айдың арғы бетіндегі кратердің біріне Гагарин есімі берілген. 1968 ж. Халықаралық авиациялық федерациясы Ю.А. Гагарин атындағы алтын медаль тағайындады. Ресейдегі ғарышкерлерді даярлау орта лығы Гагарин атындағы Ресей ҒА- ның ғылыми-зерттеу кемесі, дұние жұзінің көптеген оку орындары, калалар, көшелер мен алаңдар Гагаин есімімен аталады.Мәйітінің кұлі Мәскеудің Қызыл алаңындағы Кремль кабырғасына қойылған.[1]
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.[1] Биографиясы
Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979). 1962 - 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).1969 - 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.1975 - 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).1976 - 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті.1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.1992 - 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 - 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры - Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары, 1994 - 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты - Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2001 жылы 44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
Ғарышқа ұшуы
1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі - 7 күн 22 сағат 13 минут.
Марапаттары
Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы «Отан» ордені (1995)
Кеңес Одағының:
«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
«Герой Советского Союза» (Кеңес одағының батыры) атағы (1988),
«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
«Ленин» ордені (1988),
«Заслуженный Летчик-испытатель КСРО» (КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш) (1990)
«Летчик-космонавт КСРО» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)
«Октябрьская революция» (Қазан төңкерісі) ордені (1991)
Австрия Республикасының:
«Алтын Крест» ордені 1988)
«Алтын Крест» ордені (1993)
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:454-жаттығу (сөйлем құрау)
Сабақтың тақырыбы: Сандарды сөзбен жазу 457-461 жат.
Сабақтың мақсаты:
1.Өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың сан есім туралы білімдерін пысықтау, толықтыру,бекіту;
2.Оқушылырдың теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
3.Адамгершілікке,табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Амансың ба алтын күн,
Амансың ба көк аспан.
Амансың ба достарым,
Амансыз ба ұстазым!
Қонақтарға бұрылып:
Біз Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!
I.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Баласына ж2ріп,
Ұрысып жатыр к2лік,
«2леніп, с2ріп,
Алып қапсың 2лік.»
2ншілей 2ңді
Көрсетпе деп ж2рді.
- «Көңілді санамақта» қандай құс туралы айтылған?
- Балалар,құс екеш құстар да балалары нашар баға алса ренжиді екен.Сендер де нашар баға алсаңдар,аналарың ренжиді.Сондықтан жақсы баға алуға тырысалық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
454-жаттығу (сөйлем құрау)
Торғайлар, көгершіндер
ІІІ.Жаңа сабақ Сандарды сөзбен жазу 457-461 жат.
А)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС. 161-бет
457-жаттығу (өтірік өлеңді оқып, сан есімдерді табу)
ЕЛУ МЕТР ЕСІКТЕН
ЕҢКЕЮМЕН ШАҚ КІРДІМ
ЖҮЗ ҚАСҚЫРДЫ ӨШІККЕН
БІР ҚОЗЫҒА БАҚТЫРДЫМ
458-жаттығу (САНДАРДЫ СӨЗБЕН ЖАЗУ)
Марат 9 тоғыз жаста. Ағасы Мұрат 11 он бір жаста. Ал қарындасы Айгүл 7 жеті жаста.
459-жаттығу (РЕБУСТЫ ШЕШІП, СӨЙЛЕМ ҚҰРАУ)
Алпыс
460-жаттығу (Сөздерге сұрақ қою, не себепті сол сұрақты қойдың дәлелдеу)
Бірінші-нешінші? Алтыншы нешінші? Бес неше? Сексен неше? Тоқсан неше?
ТОППЕН ЖҰМЫС
1-тапсырма:- Бұлар қандай сөздер?
-Дара және күрделі сан есімдер құрастыр
- Олармен сөйлем құрау
Сұрақтар:-Суреттегі адамның көздері неше
-Қойдың аяғы нешеу?
- Аяқтары неше-нешеден орналасқан?
Жарайсыздар,балалар,олай болса сан есім туралы білетінімізді топтастырайық
2-тапсырма Жұмбақтар шешу.
1 - қатар: Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу, жүз, екі жүз, мыңы бар.
Әрқайсысының құны бар. Бұлар нелер? (теңгелер)
2 - қатар: Білімі жетсе шамасы,
Алатын алар аласы. Бір мен бестің арасы. Бұл не? (Мектеп бағалары)
3 - қатар: Үш жүз алпыс бес,
Үш жүз алпыс алты,
Әр жылдағы қалпы. Бұл не? (1 жыл)
ХІ. Жеке жұмыс.
1 - карточка. Сан есімдерді теріп жаз.
2 - карточка. Берілген сандарды сөзбен жаз.
3 - карточка. Қай айда 28 күн бар? Сан есімді тап.(ауызша)
4 - карточка. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдыр.(ауызша)
5 - карточка. 1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (ауызша)
Ұжымдық жұмыс.
ХІІ. Сөздерді сөз таптарына топтастыр.
Жасыл, адам, екі, үшінші, дәмді, кең, өзен, ұшты, жүз жеті, биік, жүзді, сексен алты.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
461-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №1 «Алып кит»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Сөздерді қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Сөйлемдегі сан есімді таба білуге үйрету. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тапсырмалар
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
461-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАСТЫРУ
ІІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №1 «Алып кит»
А) Көк кит (көкшіл кит, немесе блювал, лат. Balaenoptera musculus) - жолақала киттер тұқымдасының теңіз жануары. Жер шарындағы ірі жануар, ұзындығы 33 м, салмағы 150 т, ал жүрегінің салмағы 1 тонна. Денесі, қара-сұр, көкшіл реңді, ақшыл сұр дақтары және мәрмәр өрнекті. Кит мұртының тақташасы қошқыл-қара, биіктігі 1 м дейін, саны 350- 400 жұп. Таңдайы қара. Арқа жүзбеқанаты кішкентай, денесінін артқы бөлігінде орналасқан. Арктикадан Антарктикаға дейін таралған. Азығы, планктонды шаянтәрізділер. Жыныстық жетілуі 4-6 жасында аяқталады, буаздығы 12 аптаға созылады. Солтүстік Атлантика бөлігінде 1960 жылдан бастап оларды аулауға тиым салынған, ал Антарктикада 1965 жылдан және Тынық мұхитының солтүстік бөлігінде 1966 жылдан бастап. ХТҚО және КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[2] Қызықты деректер[өңдеу]
Көк киттің жалғыз бір жүрегінің салмағы - 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.
Ең үлкен
Жануарлардың ең үлкені - көк кит. Көк киттің ұзвндығы - 33 метр, салмағы - 150 тонна. Көк киттің жүрегінің салмағы - 700 кг, тілінің салмағы - 2 тонна. Киттің баласының ұзындығы - 8 метр, салмағы - 6 тонна.
Ә)Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеу
Алып кит
Дүние жүзіндегі тіршілік ететін жануарлардың ең алыбы - көк кит. Көк киттің алып қаңқасы отыз тонна. Жалпы салмағы жүз жиырма үш тонна. Бұл қырық пілге тең деген сөз. Жүрегінің салмағы сегіз жүз килограмм. Көк киттің ұзындығы үш жүз метр. (38 сөз)
Тапсырма
1.Заттың санын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.
2.Соңғы сөйлемдегі сөздерді буынға бөл.
Көк кит-тің ұ-зын-ды-ғы үш жүз метр.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
462-466 жат. Сөздік диктант №9
Сабақтың мақсаты:
Есептік және реттік сан есім туралы толық мәлімет беру арқылы меңгерту, оқушылардың сан есім туралы алған білімдерін еске түсіру, кеңейту.
Оқушылардың ой - өрістерін танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тиянақтылыққа, тілді құрметтеуге, достарын сыйлауға, сауатты жазуға тәрбиелеу. Отан сүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым дара тілім.
ІІ.Жаңа сабақ Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
462-466 жат. Сөздік диктант №9
А) Қызығушылықты ояту.
Сан есім дегеніміз не?
Сын есім дегеніміз не?
САЛЫСТЫРУ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ
Ә ) № 9.Сөздік диктант
Отыз, жеті, тоқсан, мың, алпыс, бес, он сегіз, жиырма, алты, елу, қырық, жүз, екі,бір, сегіз, жетпіс, сексен, тоғыз.
Тапсырма.
1.Тасымалданбайтын сан есімдердің астын сыз.
2.Сандарды сөзбен жаз. 4,2,3,11.18,66.
Төрт, екі, үш, он бір, он сегіз, алпыс алты
Б))ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 162-163-беттер
Ой қозғау
Сан есім мағыналарына қарай есептік және реттік болып екіге бөлінеді.
"Мықты болсаң, тауып көр" ойыны
Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін бір бөлек топтастыр.
Бір, алтыншы, жеті, сегіз, бес, он алты, тоғызыншы, бірінші, төрт, жиырма, елу, екінші.
Қанша? неше? нешінші?
Қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерді есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.
Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.
Реттік сан есім есептік сан есімге: (- ыншы,- інші,- ншы,- нші) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Дәптермен жұмыс
462- жаттығу Мәтінді оқы.
Сан есімдерді теріп жаз, оларға сұрақ қой.
Сан есімдерді салыстыр. Бұлардың бір - бірінен өзгешелігі неде?
463-жаттығу (ҚҰРАМЫНДА САН ЕСІМДЕРІ БАР СӨЗДЕРДІ СӨЗБЕН ЖАЗ) ӨЗДІК ЖҰМЫС
6бақан, дер5, 9құмалақ, с10а, 4бақ
Алтыбақан, дербес, тоғызқұмалақ, сона, төртбақ.
464-жаттығу (неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек жазу)
Неше? Нешінші?
жиырма екі жетпісінші
тоғыз оныншы
сегіз сегізінші
елу
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Семантикалық карта
сөздер
есептік
реттік
алпыс
сегізінші
он алтыншы
отыз
қырық
үшінші
екі
үш
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:466-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
«Ас атасы-нан»
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің зат есіммен байланысы. 467-471жат
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.ә) сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру, анық сөйлеуге, ырғақпен айтуға
дағдыландыру.б) сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
466-жаттығу (ребусты шешу, әңгіме құрау)
«Ас атасы-нан»
ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімнің зат есіммен байланысы. 467-471жат.
Бақыт - бақыт менде, бақыт сенде,
бақыт - барлық жерде.
Тыныштық - тыныштық менде,
тыныштық сенде, тыныштық барлық жерде.
Бейбітшілік - бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.
Сергіту сәті: Қара жорға биі.
Көркем жазу. (Сс сегіз, сексен, сегіз жүз)
Оқулықпен жұмыс.
467 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап.
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң, бол күлкі. (жиырма сегіз)
468 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
ҚЫРЫҚ ҚҰЛЫП,
ҚЫРЫҚ ҚҰРЫҚ.
ҚҰЛЫП ТА-ҚЫРЫҚ,
ҚҰРЫҚ ТА-ҚЫРЫҚ.
*құрық-деген не?
Шалма - ауыл шаруашылық құралы. Қазақтар берік қайыс немесе арқанның бір ұшын тартқанда ол тарыла түсетіндей етіп байлап, Шалма жасайды. Көшпелі мал шаруашылығы мен айналысқан қазақтар Шалманы асау малды ұстау үшін пайдаланып келген. Малшылар жылқының мойнына Шалма салып, асау малды күшпен тоқтатқан. Асау жылқыларды кейде бұғалық салу, құрық салу, арқан лақтыру арқылы да ұстауды Шалмамен ұстау деп те айта береді. [1]
469 - жаттығу. Сұрақтарға жауап жаз.
1)Қай көшеде тұрасың?
2)Үйіңнің нөмірі неше?
3)пәтеріңнің нөмірі неше?
4)Отбасында қанша адам бар?
470 - жаттығу. Жұмбақ есепті оқып, шешуін тап. Бала санын дәлелде.
Бір апа ,бір қарындас,төрт ұл 1+1+4=6 (баласы бар)
Ойын. «Кім жылдам» үлестірмелі қағаз.
1 мин= cек
1сағ= мин
1тәулік= сағ
1апта= тәулік
1жыл= ай
1ғасыр= жыл
«Менің отбасым.» (Сан есімге байланысты.)
Терме диктант.
Бір үйдің отыз екі баласы бар. Балта ұстаған екі баласы. Төрде отырған апасы бар. (ауыз, тіс, жақ, тіл)
Сабақты қорыту. Тест тапсырмалары
1. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
а) қандай? қанша? ә) не? нешінші? б) қанша? неше?
2. Сан есімді көрсетіңдер:
а) бес ә) есептік б) белсенді
3. Сан есім қай сөз табымен байланысaды?
а) етістікпен ә) зат есіммен
б) сын есіммен
4. Берілген сөздер қай сөз табына жатады?
Екінші, бес, алпыс алты
а) сын есім ә) сан есім б) есімді
5. Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар
Ер... рет өледі,
Қорқақ... рет өледі.
а) бір, бесінші ә) бір, мың б) бір, көп
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:471-жаттығу «ТУҒАН ЖЕР»
Тақырыбына әңгіме құрап жазу
Сабақтың тақырыбы: Сан есімдерге сұрақ қоя білу. 472-476жат.
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы алған білімдерін толықтырып, жетілдіре түсу.
Сөз таптарын ажырата білуге, мәнін терең ұғына отырып таным белсенділігін арттыру. Ойлау қабілетін, тілдік қорын дамыту.
Ұжымды жауап беруге дағдыларын қалыптастыра отырып, ізденімпаздыққа, салауаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Жарқырап күнде ашылды,
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
471-жаттығу «ТУҒАН ЖЕР»
Тақырыбына әңгіме құрап жазу
ІІІ.Жаңа сабақ Сан есімдерге сұрақ қоя білу. 472-476жат.
А)Өткенді қайталау.
- Сөз таптары туралы алған білімдерімізді қайталап, пысықтап алайық.
- Міне, балалар қандай көрініс көріп отырмыз
- Көктем мезгілі
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады
- Жаңбыр жауады. Шөптер өседі. Әдемі гүлдер шығады.
Ол үшін мына жерді күн көзін бұлттардан арылтып, әдемі көріністің куәсі болайық!
1 бұлт - Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.
2 бұлт - Етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
3 бұлт - Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
4 бұлт - Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жаңбырдан кейін аспанда не пайда болады?
- Кемпірқосақ.
- Дұрыс, бүгінгі сабақта кемпірқосақтың әрбір түсіне саяхат жасаймыз. Бір қызығы әр түсте ертегі кейіпкерлері бар. Сол ертегі кейіпкерлерінің тапсырмалары бар. Сендердің білімдеріңді көргісі келеді екен.
Олай болса бірінші «Қожанасырдың» тапсырмасы (көк түс)
Оқулықпен жұмыс: 472 - жаттығу.(Мәтінді оқып, сан есімді табу)
АҚ АРЫСТАНДАРДЫҢ ТАБЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛДАЙ ҒАНА УАҚЫТ БОЛДЫ. ОЛАР ӨТЕ СИРЕК КЕЗДЕСЕДІ. ҰЗЫН САНЫ 70-ТЕН АСПАЙДЫ. БАРЛЫҒЫ ДЕРЛІК ТЕК ХАЙУАНАТТАР БАҚТАРЫНДА ӨМІР СҮРЕДІ. АЛ ТАБИҒИ ОРТАДА ОЛАРҒА ҚАУІП-ҚАТЕР КӨП. БАСТЫ ЖАУЛАРЫ-ӨЗДЕРІНІҢ САРҒЫШ ТҰҚЫМДАСТАРЫ.
**АРЫСТАН- (лат. Panthera leo) - мысық тұқымдасына жататын ең ірі жартқыш жануар. Орталық Африка мен оңтүстік-батыс Азияның саванна, шөлейт аймақтарында, шөлді жерлерінде де кездеседі. Арыстанның дене тұрқы 2 м-дей, салмағы 250 кг-ға жетеді. Құйрығының ұзындығы 1 м, оның ұшы қара түсті болады. Арланының мойны мен кеуде жағында қара қоңыр, кейде ұзын қара жалы болады.Ұрғашы мен жас арыстанның жалы болмайды. Арыстан жеке-жеке де, 5 - 10-нан топтанып та жүреді. Олар 3 жасында жыныстық жағынан жетіліп, 2 жылда бір, 1 - 6 күшік табады. 30 - 35 жыл өмір сүреді. Арыстандар ірі сүтқоректілерді - бөкен, зебр, мүйізтұмсық, т.б. аулап, солардың етімен қоректенеді, кейде жануарлардың өлімтігін, тышқандарды да жейді. Негізінен қорегін аулауға түнде шығады. Арыстанның саны өте азайып кеткендіктен, оны аулауға тиым салынған. Үндістанда кездесетін түрі - Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Арыстандар негізінен көптеген хайуанаттар паркінде ұсталады.
Арыстан
Арыстан-мысық тұқымдасына жатады.Мысық тұқымдасына жататын жануарлардың ішінде тек арыстан қана топтасып тіршілік етеді,оны прайд деп атайды.Арыстандар өздері мекен ететін жерді зәрімен белгілеп қояды.Ол жерге бөтен жануарлар келсе оларды қуып шығады.
Қоректенуі
Арыстанның абданы (баласы) бір жасқа толмай аң аулауға қатыспайды.Ыңғайлы уақыт болса,жалғыз да аң аулай береді.Қорегін негізінде түнде аулайды. Жемтігін көз ілеспес жылдамдықпен бас салып,бірден қақ айырып жібереді.Ірі сүтқоректерілерімен(бөкен,зебра,мүйізтұмсық және т.б), сондай-ақ құстармен де қоректенеді.
Мекен ететін жері
Арыстан бір кездері Африканың басым бөлігін,Азия мен Еуропаны мекен еткен.Қазір сиреп бара жатқан түр ретінде сахаралық Африка мен Азиядан ғана кездестіруге болады.
Сипаты
Дене тұрқы 2метрден астам,ал салмағы 250келіге дейін жетеді.Құйрығының ұзындығы -1м,ұшында қара түсті шашағы болады.Арыстандар 30-35жыл өмір сүреді.Арыстаннның ақырығы сегіз шақырым жерден естіледі.Арыстандар 12 метрге дейінгі қашықтыққа секіруге қабілетті.
Бір-бірінен ажыратылуы
Арыстанның еркегінің мойны мен кеуде жағында ұзын жалы болады. Ұрғашысы мен жас арыстанның жалы болмайды.
473 - жаттығу.(Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдер қойып жазу)
Асқар .....жаста. Ол ....сыныпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа .....теңге тұрады.
«Қасқыр мен қоянның» тапсырмасы (сары түс) 474 - жаттығу
«Ребус шешу»
Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды.
ӨЗДІК ЖҰМЫС: 475-жаттығу (сұрақ қою)
Бір,екі,үш, төрт, бес, алты, жеті
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу
«Білгішбектің» тапсырмасы (қызыл түс)
Мақал мәтелдердегі көп нүктенің орнына жоғалған сан есімдерді тауып жазу.
1. Батыр... рет өледі,
Қорқақ... рет өледі.
2.... теңге ақшаң болғанша,
... досың болсын.
3. Білекті... жығады,
Білімді... жығады.
4. Ел құлағы....
«Алдар көсенің» тапсырмасы (күлгін түс)
«Кім тез табады» ойыны
Саны бар сөздің шешуін тауып, сөйлем құрастыру.
К+3+ІК=КҮШІК
ЖЕЛ+90=ЖЕЛТОҚСАН
7+К=ЖЕТІК
1+ҚАЗАН=БІРҚАЗАН
ТҮ+1=ТҮБІР
6+БАҚАН=АЛТЫБАҚАН
ДЕР+5=ДЕРБЕС
8+КӨЗ=СЕГІЗКӨ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 476-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптарын өзара салыстыру. 477-481жат.
Сабақтың мақсаты:
Сан есім туралы алған білімі мен білігін оқушылардың есіне толық қалыптастыру, және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жан жақты білім беру, және сан есімді өз бетінше жұмыс жасау арқылы меңгерту, білімдерін толықтыру.Тиімді әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сөздік қорларын, сана сезімін, ой - өрістерін, дамыту, сонымен қоса қазақ тілінде сауатты сөйлеуге, және шығармашылық қабілетін жақсартуға дамыту.
Бір бірімен ойласып жұмыс жасауға, сауаттылыққа, ұқыптылыққа, ақыл ой әрекеті, ұжымдық ойлау, бір бірімен достық қарым қатынастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
476-жаттығу (сурет бойынша әңгіме құрау)
ІІІ.Жаңа сабақ Сөз таптарын өзара салыстыру. 477-481жат.
А)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 166-167-беттер
477-жаттығу (сөйлемдерді көшіріп жазу) САН ЕСІМДІ ТАБУ
Сәуле мен Бақыт -дос. Олардың мінездерінде ұқсастық көп. Екеуі де ибалы, тәртіпті. Олар-үздік оқушылар. Сәуле бірінші болып аталса, Бақыт екінші кезекте тұрады. Қос қыздың жұбы жазылмайды.
*ЖҰБЫ ЖАЗЫЛМАЙДЫ- дос
ҚОС-екі
478-жаттығу (САНДАРДЫ СӨЗБЕН ЖАЗУ,) ӨЗДІК ЖҰМЫС
Бес, алты, жеті, он, жиырма, тоқсан, он сегіз, жиырма үш, елу төрт, алпыс алты, жетпіс жеті
479-жаттығу НҰСҚАМЕН (нешінші? Сөйлем жазу)
Екінші бесінші бірінші
480-жаттығу (СӨЗ ТАПТАРЫН САЛЫСТЫРУ)
ЗАТ ЕСІМ- Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
ЕТІСТІК- Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
СЫН ЕСІМ- Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?
САН ЕСІМ- ЗАТТЫҢ САНЫН ,РЕТІН БІЛДІРЕТІН СӨЗДЕРДІ САН ЕСІМ ДЕЙМІЗ. САН ЕСІМДЕРЕ ҚАНША? НЕШЕ? НЕШІНШІ? ДЕГЕН СҰРАҚТАР ҚОЙЫЛАДЫ: бес, жеті, жүз, екінші, он алтыншы
ҰҚСАСТЫҚТАРЫ:
Сөз таптары
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ:зат есім атын, етістік қимылды, сын есім сапасын, түсін, сан есім санын, ретін білдіреді Соған орай сұрақтары да әртүрлі
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1. Зат есім деген не?
А) Сынын білдіреді
В) Санын білдіреді
С) Заттың атын білдіретін сөз табы
2. Заттың сынын білдіретін сөздер тобын тап:
А) қалам, дәптер, бала
В) ойнады, күледі
С) әдемі, сұлу
3. Сан есім деген не?
А) заттың қимылын білдіретін сөздер.
В) заттың санын білдіретін сөздер.
С) заттың сынын білдіретін сөздер.
4. Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қандай? Қанша?
В) қанша? неше? нешінші?
С) не? Нешінші?
5. Етістік деген не?
А) заттың атын білдіретін сөз
В) заттың қимылын білдіретін сөздер.
С) ) заттың сынын білдіретін сөздер.
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:481-жаттығу (сұраққа жауап жазу)
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау жаттығулары. 482-486 жат.
Көшіру диктанты
№5 «Мүйізтұмсық»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау. Сөйлем ішіндегі сан есімді табу, сан есімдердің жазылуына мән беру, қатесіз әрі ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. Балаларды ұқыптылыққа, еңбекке баулу
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
481-жаттығу (сұраққа жауап жазу)
-Кеме не үшін керек?
-Теңізшінің өмірі туралы не білесің?
-Теңіздің тартылғанының зияны бар ма?
-«Су-тіршілік көзі» дегенді қалай түсінесің?
**Кеме - суда не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да жұмыстарға арналған су көлігі.Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейіннен ағаш діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды. Бұлар ескек арқылы қозғалысқа келтірілді. 15-ғасырдан бастап ескек орнына желкен пайдаланыла бастады. Доңғалағы бу күшімен айналатын алғашқы кеме: Англияда 1802 ж., АҚШ-та 1807 ж., Ресейде 1810 ж. жасалды. 19-ғасырдың 2-жартысынан бастап кеме жасауға темір құралымдары кеңінен пайдаланылды.Пайдалану мақсатына қарай кеме азаматтық және әскери кеме болып ажыратылады: 1) азаматтық кемелер - көліктік, кәсіптік, арнайы мақсатқа арналған, спорттық кемелер болып бөлінеді. Көліктік кемелер жолаушылар немесе жүк тасуға арналады. Сұйық заттар (мұнай, бензин, спирт, шарап, сұйытылған газдар, т.б.) тасымалдайтын кемелерге (танкерлер) сұйық заттар құбырлар арқылы құйылады.Қос корпусты (өзара ортақ палубамен біріктірілген параллель корпусты) не қалтқы балансирлі жалғыз корпусты кеме - катамаран деп аталады. Катамаранның жүзгіштігі жоғары және орнықты болып келеді. Оның балық аулауға, жолаушылар және жүк тасуға, спорттық-туристік, т.б. түрлері бар.
Шапшаң жүретін, кішігірім кеме - катер деп аталады. Шапшаң жүретін шағын кеменің бірі - глиссер. Глиссердің тұмсық жағы қозғалыс кезінде су үстінде көтеріліп тұрады да, сырғанап келе жатқан тәрізді көрінеді. Рекордтық глиссерге реактивтік қозғалтқыштар да пайдаланылады.Траулер - балық аулауға әрі оны бастапқы өңдеуден өткізуге арналған бір палубалы теңіз кемесі.
Әскери кеме
Әскери кеме (Военный корабль) - қару-жарақпен жабдықталған, белгілі бір ұрыс міңдеттерін орындауға арналған, әскери басшынық кешенін, өзіне берілген өз мемлекетінің әскери-теңіз туын алып жүретін кеме. Әр түрлі ұрыс міндеттерін табысты орындау мақсатындаәскери кемеге теңізде жүзу кондырғылары мен қару-жарағына сәйкес соққы бере отырып, оның өзі де қарсынастыңсоққысына ұшырауы мүмкін. Сондықтан ол тиісінше төзімді, суға батпайтын қасиетке ие болуы керек. Ұрыс мақсатына қарай әскери кеме бірнеше түрге бөлінеді.[1] Әскери кемелер - кластарына қарай: ракеталы, торпедалы және ракета-торпедалы сүңгуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтарды өзінде алып жүретін, десанттық, мина-тральдік, арнайы тапсырма кемелеріне бөлінеді. Қару құрамына және су ығыстырғыштығына байланысты әскери кемелер рангілерге жіктеледі.[2]Круиздік кеме - туристтік мақсатта жолаушыларды халықаралық бағытта тасымалдайтын кеме.
ІІІ. Бекіту сабағы Пысықтау жаттығулары. 482-486 жат.
Көшіру диктанты №5 «Мүйізтұмсық»
А) Көшіру диктанты Мүйізтұмсық
Мүйізтұмсық - ірі жануар. Оның мүйізі жіңішке талшықтардан құралған. Алайда мүйізтұмсықтың мүйізі өте қауіпті. Күндіз мүйізтұмсық аяқтарын айқастыра сұлап жатады да, айбарлы дыбыс шығарады. Ал түнде жайылымға шығады.
Тапсырма.
Мәтіннен сын есімдерді тап
Ә)ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС: 167-168-беттер
482-жаттығу (мақалдарды оқу, сан есімдерді табу)
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
*ҚЫҢЫР- Көбіне мінезге байланысты қолданылатын қарыспа, қисық, қиқар, қыршаңқы сөздерінің орнына қолданылады. «Нағашысы Тұяқпай қарадан шыққан қыңыр еді, көрдің бе жиенінің қалай қарай тартқанын» (I. Есенберлин, Қаһар.). Сөздің алғашқы мағынасына төркін боларлық тұлғаны ескі шағатай тілінен ұшыратамыз. В. Радловтың сөздігінде «кіңір» жабайы есек мағынасында көрінеді. Қырғыз тілінде де «қыңыр» сөзі қазақ тіліндегідей «қиқар, қырсық» мағыналарын меншіктенеді. Жабайы есек былай тұрсын, қолдағы есектің де қырсықтығы өзіне жүк болғандай. Мінезі өте қырсық, қарыспа адамды жабайы есекке теңеуден «қыңыр» сөзі қалыптасқан.[1]
483-жаттығу (Жұмбақты оқып, жатқа жазу, шешуін табу)
БІР АҒАШТА ОН ЕКІ ҰЯ,
ӘР ҰЯДА ОТЫЗ ЖҰМЫРТҚА. (он екі ай, отыз күн)
484-жаттығу (ребусты шешу, сөйлем құрау)
БЕСЕУ,
Нешеу?
БІРЕУ, ЕКЕУ, ҮШЕУ, ТӨРТЕУ, БЕСЕУ, АЛТАУ, ЖЕТЕУ
485-жаттығу (екі сызбаны салыстыру)
Жеті...................інші Жеті..............еу
Сегіз....інші сегіз.....еу
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
№1-тапсырма СӨЗДЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЮ, КЕСТЕГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Бүркіт, күн, жасыл, бес, оқыды, жеті, үлкен, жазушы, қырық, барды, әдемі, үйренді
Кім?не?
Не істеді?
Қандай?
Қанша?
Бүркіт
Күн
жазушы
Оқыды
Барды
үйренді
Жасыл
Үлкен
әдемі
Бес
жеті
қырық
№2-тапсырма Әр сөз табы нені білдіреді?
ЗАТ ЕСІМ
ЕТІСТІК
СЫН ЕСІМ
САН ЕСІМ
№3-тапсырма (ҚАЙСЫСЫ АРТЫҚ?)
Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді
Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір
Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу
Ұшырды, жазды, келмекші, ойланды, аң
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
486-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ)
Сабақтың тақырыбы: Өзіңді өзің тексер. Тест.
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөз таптарын қайталау, еске түсіру, сөздерді сөз таптарына топтай білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
486-жаттығу (СУРЕТ БОЙЫНША ӘҢГІМЕ ҚҰРАУ)
ІІІ.Бекіту сабағы Өзіңді өзің тексер. Тест.
А)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 169-170-171-172-173-беттер
№1-тапсырма СӨЗДЕРГЕ СҰРАҚ ҚОЮ, КЕСТЕГЕ ОРНАЛАСТЫРУ
Бүркіт, күн, жасыл, бес, оқыды, жеті, үлкен, жазушы, қырық, барды, әдемі, үйренді
Кім?не?
Не істеді?
Қандай?
Қанша?
Бүркіт
Күн
жазушы
Оқыды
Барды
үйренді
Жасыл
Үлкен
әдемі
Бес
жеті
қырық
№2-тапсырма Әр сөз табы нені білдіреді?
ЗАТ ЕСІМ
ЕТІСТІК
СЫН ЕСІМ
САН ЕСІМ
№3-тапсырма (ҚАЙСЫСЫ АРТЫҚ?)
Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді
Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма бес, бір
Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу
Ұшырды, жазды, келмекші, ойланды, аң
№4-тапсырма СҰРАҚТАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН СӨЙЛЕМ ҚҰРАП ЖАЗУ
Кім?не істеді?
Кім?неше?не?не істеді?
Не?қайтті?
№5-тапсырма СӨЗ ТАПТАРЫНА ТОПТАП ЖАЗУ
Күнделік, құрт, мөлдір, мың, алтыншы, жиналды, ірімшік, кенші, пайдаланды, жаман, ұмытпайды, шаңқылдайды, кең, ащы, екі
ЗАТ ЕСІМ
ЕТІСТІК
СЫН ЕСІМ
САН ЕСІМ
№6-тапсырма СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП, СӨЗДЕРДІ ОҚЫ
Ақ лақ маңырады. Кішкентай лақ секірді. Сары балапан шоқыды.
ҚАНДАЙ? НЕ? ҚАЙТТІ?
№7-тапсырма РЕТІМЕН ЖИНАСТЫРУ
1)Зат есім 1)сын есім 1)сан есім 1)етістік
2)зат 2)сапа 2)сан 2)қимыл
3)кім? не? 3)қандай? 3)неше? 3)не істеді?
4)мысық 4)тәтті 4)он 4)жүгірді
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1.Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
А)қашан? В)кім?не? С)неше?қанша?
2.Зат есімнің көпше түрін
А)өсімдік В)кітап С)ағаштар
3.Жалқы есімді тап.
А)құс В)Абай С)орман
4.Жалпы есімді тап.
А)Тараз В)Іле С)қайың
5.Етістік нені білдіреді?
А)заттың қимылын, іс-әрекетін
В)заттың санын, сынын
С)заттың мөлшерін, көлемін
6.Етістіктің сұрақтарын тап.
А)қалай?қашан? В)не істеді?қайтті? С)кімдер?нелер?
7.Күрделі етістікті тап.
А)жазды В)көрді С)оқып отыр
8.Дара етістікті көрсет.
А)сүзіп жатыр В)оқып отыр С)ойнады
9.Сын есім нені білдіреді?
А)заттың түрін, түсін, сапасын
В)заттың қимылын, іс-әрекетін
С)қимылдың қашан, қайда болғанын
10.Сын есім қай сөз табымен байланысады?
А)етістікпен В)сан есіммен С)зат есіммен
11.ҚАЛЫҢ сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.
А)жіңішке В)жұқа С)жуан
12.Сын есімнің сұрағын тап.
А)неліктен? Қалай В)қандай?қай? С)қайтті?неғылды?
13.Қайсысы сын есім? А)дала, құм В)ертең, биыл С)жүйрік, әдемі
14. НЕШІНШІ? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
А)жетінші В)тоғыз С)жиырма
15.Сан есім қай сөз табымен байланысады?
А)етістікпен В)зат есіммен С)сын есіммен
16.Сан есімнің сұрағын тап.
А)кім?не?кімдер?нелер? в)неше?қанша?нешінші? С)қалай?қашан?
17.Сан есімді тап. А)елік, емен В)елу, жетеу С)бүгін, ертең
БАҒАЛАУ ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Әдемі сөйлеу- әдептілік.
Сабақтың мақсаты:
тіл қарым-қатынас жасау құралы екендігін, сөйлеудің не үшін қажеттігін ұғындыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Ауызша және жазбаша сөйлеу дығдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Жаңа сабақ Әдемі сөйлеу- әдептілік.
Әңгіме-ертегі: «Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршінің Қанат деген баласының ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіген кейіп танытып, ішінен бір нәрсені күбір-күбір етіп айтып, Қанатты ертіп үйіне кетеді. Міне, қызық! Бағанадан бері батырсынып тұрған Үсеніміз лезде көзден ғайып болды. Мұны өзі де, қасындағы достары да байқамайды. Қасындағы достарының біреуі де Үсеннің сөйлеген сөзіне жауап қайтармайды. Ренжіген Үсен үйіне келіп, ешкімге ұстатпайтын тік ұшағын далаға алып шықты. Тік ұшақты Ұланға да, Серікке де ұсынды. Олар көрмегендей, естімегендей сыңай танытты. Үсен өзінің көзге көрінбейтін балаға айналғанын осы жерде бір-ақ түсінді. Отыра қалып жылады. «Мен енді кішілерге тиіспеймін. Үлкендерді тыңдаймын. Мен бәріңмен сөйлескім келеді. Ойнағым келеді. Көзге көрінбейтін бала болған қандай жаман!» Есік алдына шыққан Қанаттың әжесі Үсеннің жылап отырғанын көріп, аяп кетті. Үсенді бұрынғы қалпына келтірді.
Пр.сұрақ:Үсен неге көзге көрінбейтін бала болып қалғысы келмеді?
*Шығармашылық тапсырма: ЫМ, ҚИМЫЛ АРҚЫЛЫ өз сыныбының жетістіктерін жеткізу
Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ.
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
Ойын. «Кім тапқыр»
Мақал мәтелдің түсіп қалған санды орнына тауып қою керек.
..... атасын білмеген жетесіз.
..... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
...... ала болса ауыздағы кетеді.
...... түгел болса төбедегі келеді.
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС:
Жұмбақ құрастыру
Алма,лимон, қант, тұз, қарындаш, дәптер, кітап
*СИПАТТАП ЖАЗУ
Ағаш, гүл, көгершін, жылқы, тасбақа
*ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЖАТҚА АЙТУ
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты №2 «Шұбат»
Сабақтың мақсаты:
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, тиянақтау. Сөздерді, сөйлемдерді қатесіз жазып, сөйлем ішінен тасымалданбайтын сөздерді таба білу және сөздерге дыбыстық талдаулар жасай білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Бекіту сабағы Бақылау диктанты №2 «Шұбат»
А)Шұбат- түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.
Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай.[1]
Әзiрлеу
Әзiрлеу технологиясы да қымызды әзiрлеу технологиясына ұқсас. Шұбаттың сапасы көбiнесе ұйытқыға байланысты. Шұбаттың ең жақсысы - күштiсi болып табылады. Шұбат та қымыз секiлдi әлсiз - тәулiк iшiнде - жетiле бастаған, орташа - екi тәулiктiк және - үш тәулiктiк болып бөлiнедi.
Шұбат дайындау үшін суытылған түйе сүтін сүзіп, 30-35°С-қа дейін салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20-30 мин араластырып, 3-4 сағат ашытады. Бұл кезде құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп тұнбаға түседі. Тұнбадағы казеинді майдалау үшін шұбатты араластырып отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбаты бар кеспекке құйып жақсылап піседі, ал ашыту процесі 20-25°С температурада 10-20 сағатқа созылады. Ашыған шұбатты ыдыстарға құйып, 10- 12 сағат бойы салқындатып сауда орындарына таратады. Бір тәулік бойы ашыған шұбат - әлсіз, екі тәулік ашыған шұбат - орташа, ал үш тәулік бойы ашыған шұбат - күшті деп аталады. Ашытқы әсерінен түйе сүтіндегі сүт қанты ыдырайды, сүт қышқылының, спирттің, көмір қышқылының жаңа қосылыстары түзіледі, витаминдердің мөлшері молаяды.[2]
Ерекшелігі
Қуаты мен дарулық қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499 - 528 ккал болса, Шұбатта 789 - 991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әртүрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған. Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланды. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтiне басқа да жануарлардың сүтiн қоса отырып түрлi сүт тағамдарын өндiрiп шығарған. Мысалы: сүзбе (қатық), құрт.
Түйенің сүті
Шұбат
Қышқылдық
18°
28°
Майлылық
4.3 %
4.3 %
Лактоза
2.75 %
1.32 %
Құрғақ заты, майдың басқасы
8.2 %
6.6 %
Минералды заттар
0.86 %
0.75 %
Этил спирті
1.1 %
Аскорбин қышқылы
5.6 %
4.8 %
Ә)Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру
Шұбат
Сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын - шұбат.Мұны қымыран деп те атайды.. Оның түйе сүтінен жасалатын барша жұртқа белгілі. Шұбат та қымыз сияқты ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйып сақталады, пісіледі. Шұбат қымызға қарағанда дәмді, жұмсақ, майлы, әрі қою болады, ұзақ сақталады. (42 сөз)
Тапсырма
1.Соңғы сөйлемнен тасымалданбайтын сөздердің астын сыз.
2.Шұбат сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Ш-қатаң дауыссыз
Ұ-жуан дауысты
Б-ұяң дауысты
А-жуан дауысты
Т-қатаң дауыссыз
5 әріп, 5 дыбыс, 2 буын, 2 дауысты, 3 дауыссыз
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:Өткенді қайталау
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп 487-493жат.
Сабақтың мақсаты:
Дыбыс және әріптің айырмашылығын ажырата отырып, жаттығулар орындату. Дыбыстардың түрлерін есте сақтау, сөздерді қатесіз жаза білуге дағдыландыру
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Арайлап таң атты,
Күн шуағын таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
ІІ.Жаңа сабақ Дыбыс және әріп 487-493жат.
Қырық қырықтықшы
Қырық қырықтықпен
Қой қырықты
Осы жаңылтпаштағы сөздердің бәрі қандай дыбыстан басталады?
Олай болса бәріміз Қ дыбысын көркем жазамыз.
- Оқушылар бізге не естіліп тұр?
- Дыбыс. Мысалы менің айтқанымды дыбыс арқылы естіп тұрмыз.
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс - әріптердің ауызша естілуі.
- Әріп дегеніміз не? Әріп - дыбыстың жазбаша таңбалануы.
Дыбыс түрлері нешеу?
487- жаттығу. Мәтінді оқу (у әрпі бар сөздерді табу, кестеге жазу)
Дауысты дауыссыз
Қуанды Сәуле
су Таулы
шомылу Бау-бақша
серуендеу суару
488-жаттығу У әрпін қосып сөз жасау
Жуу, суу, буу, сауу, жауу, ауу
ТОППЕН ЖҰМЫС:
1-топ 489-жаттығу Жұмбақты оқып, шешуін табу
Тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден (кірпі) и-дауысты, й-дауыссыз
2-топ 491-жаттығу Өлеңді оқып, жатқа жазу
Биік таулар, жапан дала
Гүл жазира, көл, теңіз
Әдемі ғой қашанда
Біздің туған өлкеміз
И,У ӘРІПТЕРІНІҢ АСТЫН СЫЗУ
3-топ 492-жаттығу БҰЛ ҚАНДАЙ СӨЗ, ҚАЙ ӘРІП?
Қос бүйірлі шөміштің
Бір әрпін кеміттім.
Шошындырар ел-жұртты
Дұшпан дерлік сөз шықты (ожау-жау)
Бір әріпті тағы да
Қысқарттым мен алдым да
Жаңа бір сөз құралды
Ол-балықшы құралы (ау)
Әріп сырын ұқпақпын
Және бірін қысқарттым
Шошындырар ел-жұртты
Қорқынышты сөз шықты (у)
*ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМА
«СИҚЫРЛЫ ТІЗБЕК» (у,й,и)
Шуақ-қуырдақ-қиын-науа-айна-айдар-рауан-ну-уық-қайрақ
** Логорифті оқы.
Көңіліміз ақ,
Қуанатты шақ.
Жерге қонды ұшақ,
Қарсы ал, жайып құшақ.
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 490-жаттығу (көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу
Сабақтың тақырыбы: Ю,я әріптерінің емлесі. 494-501 жат.
Көшіру диктанты №6 «Сағыныш»
Сабақтың мақсаты:
1. Я, ю әріптерінің дұрыс жазылу және айтылу ережелерін қайталап, оларды сөйлем ішінде дұрыс жазуға үйрету, дыбыстық талдауды қатесіз жасауға дағдыландыру.
2. Оқушының сөздік қорын толықтыру, сауаттылығын нығайту, каллиграфиясын жақсарту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба, ребус,
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру.
Сабақтың барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
490-жаттығу (көп нүктенің орнына и,й әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу
Биыл бидай бітік шықты. Біз шие теруге бардық. Мұрат досына кітап сыйлады. Қорғауға алынған аң-құстарды аулауға тыйым салынған.
ІІІ.Жаңа сабақ Ю,я әріптерінің емлесі. 494-501 жат.
Көшіру диктанты №6 «Сағыныш»
А) Тақырыбы: «Сағыныш» Мақсаты: Диктантын жаздыра отырып, оқушы білімін тексеру.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Білімдерін тексеру:Диктант тақырыбын тақтаға жазу.Ережелерді еске түсіру.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?Сөйлем неден басталады?Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сағыныш
Бірде апама еріп қалаға бардым. Қала маған қатты ұнады. Театрға, саябаққа бардық. Бір апта солай өтті. Мен енді ауылды сағына бастадым. Ауылғы келдім. Мұнда маған бәрі ыстық боп көрінді. Достарыммен құшақтасып көрістім. Мен үшін туған ауылым - ең ыстық мекенім. ( 39сөз)
Тапсырма:
-
1-2 сөйлеміндегі етістіктің астын сыз.
2. «Туған ауылым» дауыссыз дыбыстарды тап.
Ә)Сөзде йа дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына не жазылады?
Сөзде йу дыбыстары естілгенмен, жазуда олардың орнына қай әріп жазылады?Сөздегі и әрпінен соң а жазылмайды, қай әріп жазылады?
Білімді меңгерту. Сызбамен жұмыс. Я- /й+а/, Ю- /й+у/ Жазылғанда я, ю әріптері жазылады. Айтқанда йу, йа дыбыстары естіледі.
- Қане, оқушылар я, ю дыбыстары естілетін сөздерді айтайық. Осы дыбыстар сөздердің қай жерінде орналасқан?
- И - қысаң, езулік, дыбыстың әрпі. Ол жазуда ый, іи дыбыстарының тіркесін де белгілейді: быйыл-биыл, қиын, кійім-киім, кійіз-киіз. Сондықтан и әрпі жуан сөзде, жіңішке сөзде де жазылады.
Орыс тілінен кірген сөздерде и әрпі жалаң дыбысты белгілейді: кино, домино, машина т.б.
Ескерту: Бұл ережеге бағынбай жазылатын сөздер сый, тый және олардан жасалған туынды сөздер: сыйла, сыйластық, тыйғыз, тыйымсыз.
У - дифтонг дыбыстың әрпі. Ол дауысты у және дауыссыз у әрпін де таңбалайды, жуан сөзде де, жіңішке сөзде де жазылады.
У әрпі дауыссыз дыбыстың әрпінен кейін жазылғанда, ол дауысты дыбыстың әрпі болып, буын құрайды: қулық, қуан, сулық, туған т.б.
У әрпі дауысты дыбыстың әрпінен кейін жазылғанда, ол дауыссыз дыбыстың әрпі болып табылады: тау, жау, таугүл, тауқымет т.б.
Етістіктің у дыбысына аяқталып, оған тұйық етістіктің -у қосымшасы жалғанса, етістік қос у әрпімен жазылады. Мысалы, сауу, туу, қуу, жуу.
Э, ё әріптері орыс тілінен кірген сөздерде, орыс тілі арқылы шет ел тілінен кірген сөздерде жазылады. Қазақтың байырғы сөздерінде жазылмайды: экскурсия, ёлка, экс-чемпион, эпиграф, актёр т.б.
Ю әрпі қосынды й+у дыбыстарын таңбалайды.
* байырғы сөздерде қолданылады: аю, баю, қою, жаю сыю т.б.
* орыс тілінен кірген сөздерде ю әрпі жазылады: гипюр, глюкоза, юбка, юнкер т.б.
Я әрпі й+а дыбыстарының тіркесін таңбалайды.
* қазақ тілінің байырғы сөздерінде я әрпі жазылады: таяқ, қоян, аян, қияқ, саяси т.б.
Оқулықпен жұмыс:
494-жаттығу (ю, я әріптері қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?
АЮ, ОЮШЫ, КӨРКЕЮ, ПИЯЗ, ЗИЯН, МИЯ ю=й+у я=й+а
495-жаттығу (орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазу)
ӘКЕМ ШӨП МАЯЛАДЫ. КӨКТЕМДЕ ӨЗЕН СУЫ МОЛАЯДЫ. Ғ -ҰЯҢ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС. ӘЛИЯ-ОЗАТ ОҚУШЫ.
Шығармашылық жұмыс. 496-жаттығу (қай сөздерге у әрпін қосқанда ю болады?)ЖИЮ, КИЮ, ҮЮ, ҚОЮ, ЖАЮ
Сергіту сәті.
«Есіктегі құлыпты,
Аша алмадық қиналдық.
Сартылдаттық құлыпты,
сыртылдаттық құлыпты.
Әрлі-берлі қозғадық, ойнадық та ойладық Міне, құлып ашылды»
498-жаттығу (өздік жұмыс) Өлеңді оқып, өздеріне ұнаған аңды сипаттап жазу АЮ, ҚОЯН
499-жаттығу. Сөзжұмбақ құрастыру (пияз, қария , тақия, ұя, қоян)
500-жаттығу. Ребусты шешу ХАЙУАН (әңгіме құрау)
ӨЗДІК ЖҰМЫС:
Я әрпі дауысты дыбыстан кейін келген сөздерді бір бөлек, я әрпі и әрпінен кейін келген сөздерді бір бөлек жазу.
Жая, мая, сая, аяз, аяқ, таяқ, шаян, қоян, ұя; мия, сия, қия /Қосымша тапсырмаларын орындау/
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ Біз бүгін қандай дыбыстар туралы өттік? Я, ю дыбыстары қай дыбыстардан құралған? Дыбыстық талдау жасағанда қалай жасаймыз?
БАҒАЛАУ
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:497-жаттығу (көп нүктенің орнына и, я, ю әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу)