- Учителю
- Ашық сабақ 'Заттың атын білдіретін сөздер' (3-сынып)
Ашық сабақ 'Заттың атын білдіретін сөздер' (3-сынып)
Қайранбаева Гулшат Болатовна
«Қосалқы мектеп - интернат» КММ
Семей қаласы
Қазақ тілі пәні.
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.
Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Ұғымның , заттың атауы екенін түсіндіре отырып, заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті қалыптастыру. Кім? Не? сұрақтарын меңгерту. Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем құрамынан таба білуге, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Оқу - жазу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.
2.Тузету - дамытушылық: Тілін жетілдіру, сөздік қорын толықтыру. Сөйлеу тілін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Сауатты жазуға машықтандыру.
3.Тәрбиелік: Оқуға деген сүйіспеншілікке, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, мазмұнды суреттер, сөзжұмбақ.
ТҚЖ: Ноутбук, экран, проектор, слайдтар.
Сабақтың тегі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
А)Сәлемдесу. Психологиялық бағыт беру: (Оқушылар хормен тақпақты айтады).
Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.
Ә)Артикуляциялық жаттығуларды слайдқа қарап жасау: Слайд қосылады. Мұғалім қосымша әр жаттығуды орындап көрсетеді.
«Тарақ», «Күркетауық», «Футболшы», «Сағат», «Алтыбақан»
Б)Таза сөйлеу минуты: Слайд қосылады. Балалар мұғаліммен бірге дауыстап қайталайды.
Са-са-са, қамысқа қонды маса.
Се-се-се, неткен әдемі кесе.
Су-су-су, арықтан ағады су.
Ша-ша-ша, қыстың күні тамаша.
Ше-ше-ше, Есенді көрдім кеше.
Шу-шу-шу, ғажап екен отшашу.
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Үй тапсырмасын сұрау: «Тасымал» ережені жатқа айту.
А) Бір жолдан екінші жолға сөзді буындап тасымалдау керек. Мысалы:
Қар - лығаш, қарлы - ғаш.
Ә)Жалғыз дауысты дыбыстан болған буынды бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы: Доп, тас, су, ту. Жалғыз әріпті жаңа жолға ауыстырма. Мысалы: а - лаша, дұрысы ала - ша.
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
-Балалар, біз қазір сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақты дұрыс шешсек бүгінгі жаңа тақырыпты табамыз.
А) Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.Тақтаға сөзжұмбақ берілген плакат ілінеді. Мұғалім сұрақтарды қояды.
1.Оны ғарыш кемесі дейді? (Зымыран)
2.Аюдың жақсы көретін тамағы? (Бал)
3.Онымен ағаш жарады? (Балта)
4.Киімге қадайды? (Түйме)
5.Сырт - сырт соғады, уақыт озады? (Сағат)
6.Ағаштың киімі? (Жапырақ)
З
ы
м
ы
р
а
н
б
А
л
б
а
л
Т
а
Т
ү
й
м
е
с
а
ғ
А
т
ж
а
п
ы
Р
а
қ
Плакаттағы сөзжұмбақ слайдқа көшіріледі. Слайд қосылады.
-Балалар, сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз пайда болды? Қызылмен жазылған сөзді оқиық.
-Заттар.
-Балалар, зымыран, бал, балта, түйме, сағат, жапырақ - бұлар ненің атауы?
-Заттың.
Ә) Ой қозғау: Заттың атын білдіретін сөздердің ережесімен таныстыру. Слайд қосылады.
Мұғалім:
-Балалар, әр заттың өзінің атауы болады. Мысалы: кесе, табақ, сандық, кітап, қалам, домбыра т.б. деген сөздер заттың атын білдіреді. Заттың атын білдіретін сөздер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.
-
Заттың атын білдіретін сөздер
Кім?
Адамға кім?деген сұрақ қойылады. Мысалы: Оқушы, қойшы, мұғалім, Әйгерім, Абай т.б.
Не?
Басқа жанды, жансыз заттарға не? деген сұрақ қойылады.Мысалы: Жылқы, арыстан, қағаз, өрмекші, кілем, әтеш т.б.
-Балалар, жаңа тақырып түсінікті ме? Түсінікті болса маған не?,- деген сұраққа мысал болатындай сөздерді ойша айтыңдаршы.
-Балалардың жауаптары.
-Ал енді кім?,- деген сұраққа мысал болатындай сөздерді айта қойыңдар.
-Балалардың жауаптары.
ІІІ.Бекіту:
-Ал енді, балалар, тақырып түсінікті болса, бір ойын ойнайық.
Б) Ойын «Тапқыр бала» деп аталады. Ойынның көрнекілігі: Тақтаға бұлттар, «кім?», «не?» сұрақтары жазылған көлшіктер, сөздер жазылған жаңбыр тамшылары бейнеленген көрнекіліктер магнитпен жапсырылады. Ойынның шарты: Балалар жаңбыр тамшыларында жазылған сөздерді тиісті көлшікке түсіреді. Мысалы: «Бала» деген жазуы бар тамшыны «Кім?» деген сұрағы бар көлшікке түсіреді.
В) Кітаппен жұмыс:
9 жаттығу жазбаша орындалады.Тақтамен жұмыс. (Оқушылар 1 сөйлемнен жазады. Сұрақ қою арқылы заттың атын білдіретін сөзді тауып, астын сызады).
Г) Сергіту сәті:
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
Д)Деңгейлік тапсырмалар орындау: Топтармен жұмыс.
1, 2 топ: Карточкамен жұмыс. Терме диктант. Берілген сөйлемдерден заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз. Сұрақ қой.
3 топ: Карточкамен жұмыс: Суретті диктант. Суреттегі заттардың атын жаз. Ауызша сұрақ қой.
4 топ: Карточкамен жұмыс: Берілген сөйлемдерді дәптерге көшіріп жаз. (Баспа мәтінді көшіру) Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.
4 топ (Нұрдаулет, Асыл, Аружан): Дәптермен жұмыс: Мұғалімнің қарындашпен жазып бергенін бастыру арқылы жазу.
Қосымша тапсырма: Кестемен жұмыс. Жұмбақты оқып, жауабын суреттен табады. Сұрақ қоя отырып, жауабын жазады.
ІҮ.Қорытынды бөлім:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай тақырыппен таныстық?
-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
-Кім? деген сұрақтың қойылу ерекшелігі қандай?
-Не? деген сұрақтың қойылу ерекшелігі қандай?
Ү. Үйге тапсырма беру: 5 жаттығу жазбаша орындау. Ережені жаттау.
ҮІ.Сабақты аяқтау: Балаларды бағалау. Мадақтау.