- Учителю
- Тест тапсырмалары. Қазақ тілі пәні бойынша. 5-сыныпқа арналған
Тест тапсырмалары. Қазақ тілі пәні бойынша. 5-сыныпқа арналған
Тест тапсырмалары . 5- сынып.
-
Езулік дауыстыны табыңыз.
А) ұ В) о С) а Д) ү Е) у
2. У дыбысы жіңішке болып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Жазу. В) Жабу. С) Жағу. Д) Табу. Е) Сену.
3. Қатаң дауыссыздар қатарын табыңыз.
А) П,Ф,К. В) Й,Ш,Б. С ) П,Ф,Г. Д) Һ,С,Т. Е) Р,Ғ,Ц.
4. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз.
А) 1 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 2
5. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұзаулы сиыр. В) Ұйқыдан ояту. С) Жел мінез.
Д) Жүйрік ат. Е) Ақырын қозғалу.
6. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.
А) Ащы- тұщы. В) Татуласу- жарасу. С) Әдейі- жорта.
Д) Тоқпақ- қол ағаш. Е) Тынығу- демалу.
7.Тура мағыналы сөзді белгілеңіз.
А) Баласы өсті. В) Бұл ойды мен өсірген емеспін.
С) Өсу жолы- бұл емес. Д) Халық саны өсуде. Е) Сен өсіріп сөйлеме.
8.Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз.
А) Өзек. В) От. С) Кітап. Д)Қазы. Е) Орыс.
9.Эвфемизмді табыңыз.
А) Ұрланды. В)Табылмады. С) Іздеді. Д) Қолды болды. Е) Жоғалды.
10.Кейінгі ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз.
А) Теп. В) Келу. С) Ара. Д) Қар. Е) Бал.
11. Буын үндестігі сақталмаған сөзді белгілеңіз.
А) Имандылық. В) Үнемшілдік. С) Рақымшылдық.
Д) Егіншілер. Е) Адамгершілік.
12 . Мақал- мәтелді табыңыз.
А) Тайға таңба басқандай. В) Сүттен ақ, судан таза. С) Таяқ тастам жер.
Д) Қолы қимылдағанның аузы қимылдар. Е) Сегіз қырлы, бір сырлы.
13 . «Ұжымдастыру» сөзінде ұяң дауыссыз нешеу екенін көрсетіңіз.
А) 3 В) 2 С) 5 Д) 1 Е) 4
14. Архаизм сөзді табыңыз.
А) Бетеге. В) Маржан. С) Шаңырақ. Д) Саяжай. Е) Адырна.
15 . Екі буыннан құралған сөзді анықтаңыз.
А) Кіріспе. В) Бүгін. С) Қаламгер. Д) Оқушы. Е) Бояушы. 16 . Диалект болатын сөзді белгілеңіз.
А) Жеделхат. В) Ауқат. С) Ас. Д) Шалбар. Е) Демеуші. 17. Синоним сөзді көрсетіңіз.
А) Әлді, әлсіз. В) Адам, жануар. С) Мықты, әлжуаз.
Д) Күшті, мықты. Е) Құмырсқа, қоян.
18. Омоним сөзді көрсетіңіз.
А) Тайпа. В) Ел. С) Сөз. Д) Ат. Е) Салу.
19 . Ашық дауыстылар қатарын толықтырыңыз: А, ә, о, ө, е,...
А) Ұ. В) И. С) Ы. Д) Ү. Е) Э.
20. Жуан дауысты дыбысты көрсетіңіз.
А) а,о В) ы,и С) у,і Д) о,э Е) ұ,і