7


  • Учителю
  • Урок по казахскому литературе Жыр алыбы

Урок по казахскому литературе Жыр алыбы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жамбыл 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы,Жамбыл тауының баурайында, Ұлы жүздің ішіндегі Шапыраштының екей руынан шыққан Жапа Ыстыбайұлының отбасында дүниеге келген. Жасында оқи алмай қалған зерек бала көрген нәрсені көзімен көріп, көңіліне түйіп өсті. Жамбыл 14 жасынан бастап өлең айтып, 15 жасында Сүйінбай ақыннан бата алған. Естелігінде: "Он беске толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап оның үйіне таяп келген де, әндете бастадым.Өлеңіме риза болған Сүйінбай мен үйіне шықырып алып: "Ақындық дарының бар екен,дауысын да жақсы, ұнайсың жігітім", - деді . Қарт ақынның тілеуі бойынша әндерді құйқылжыта айтып бердім. ... Сүйінбай түні бойы ақындық шеберлік жайында әңгімеледі.Өлең сөздің даңғылы атанған Жамбыл ақындар айтысында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген дара жүйрік болған.Оның қазақ жерін қазақ елін жырға қосқан өлең-жырлары кең тараған .Ол-халық ауыз әдебиетін, еске жыр-дастандарды жақсы білген және жадында жаңғыртып жырлап отырған.Өзі де елге әйгілі батырлар туралы жанынан дастан шығарды. Жамбылдың «Өтеген батыр»,«Сұраншы батыр» аталатын дастандары қазақ әдебиетінің ерлік,отаншылдық тақырыптағы іргелі туындылары саналады.









Тақырыбы: Жыр алыбы -Жамбыл

Мақсаты:

Білімділік: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю оны бағалай білуге ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,сөз өнерін қадірлеп,қастерлей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып,адамгершілікке,елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:ақын портреті,буклеттер,ақын өлеңдерінен үзінді,кітап көрмесі.

Барысы :

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің ,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халыққа үшін төрге төсеп өтер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл

Көтерген көкке төбе тірелгенше

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн құрметті көрермендер!

Армысыңдар ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» жыр дүлділі, ғасыр ақыны.Жыр алыбы -Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешімізге қош келдіңіздер.

Бүгінгі біздің кешіміз қара өлеңнің алыбы,даланың дархан данасы Жамбыл ата өзінің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы сыр шертеді.

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр.Осы мерейтойға арналған би шашу.

Сахнада 7 «а» сынып оқушысы Қапашева Айгерім қазақ биімен .

Х алық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім.Жамбыл медресе мектептің есігін ашып,қолына қалам ұстап , жазу сызуды білмесе де жастайынан домбыра тартып жыр жаттады.

Келесі кезекте Жамбыл Жабаевтың өмір жолы мен шығармашылығына береміз.

Жамбыл ақын ойдың алғыры,ол\өзгеге ұқсамайтын дара,оқшау бет-бейнесін аса зор құбылыс.Оның бір өзі әрі эпик ақын,әрі айтыс ақыны.Айтыс өнеріне Жамбыл жастай араласты.Шілдехана, тойларда қыз жігіттермен әртүрлі айтысқа түсіп ,бірде жеңіліп,бірде жеңіп жүреді. « Менің өмірім » деген толғауында

Топ десе он жетімде тартынбадым,

Семсердей майдандағы жарқылдадым.

Ақынды ауылға ермек басып озып,

Жұлдыздай көзге түсіп жарқылдадым .... дегеніне қарағанда, ол Октябрь революциясына дейінде талай айтысқан болар,сірә.Ақын келесі жылдың жаз айында Есқожа ауылының Ақтасты жайлауында өтіп жатқан тойға барады.Осы жиында ол Айкүміс деген ақын қызбен айтысады.Жөн сұрасып, таныса келіп екеуі махаббат күйін шертіседі.

Жамбыл мен Айкүміс айтысы .

Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді.Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері дастандары бар. Өлеңдері:

Ай, мен Жамбылмын ,Жамбылмын,

Қара жолдай даңғылмын

Жастайымнан жын буып,

Өлең қудым,қаңғырдым.

Шапқан жерді шаң қылдым,

Айтысқанда таң қылдым,

Тыңдаушымды қандырдым........деп өзін таныстырып өтті.

Ендігі кезекте Жамбыл Жабаев жайындағы «Жамбыл әлемі» фотосуруттер тамашалайық.

Мен -бір биік бәйтерек,

Көкке бойым бойлаған.

Қармақты терең тамырым,

Жайылып жерді шарлаған

Бұтағым бар ма жайқалып

Жапырағын жармаған?





Ауадан жұпар дем алып,

Жапырақтарым,жайнаған

Бәйтерекпін дегенім-

Жасым жүзді қармаған,

Тамырым терең дегенім,-

Халқым ғой күшті қаулаған.

Бұтам жапырақ жарғаны -

Жастық шағым аумаған,

Жапырақтарым дегенім-

Жастарым менің самғаған.

«Гүл өскен жерден гүл өседі,ну өскен жерден ну өседі» деген. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері жүз жасаған замана жырауының ақындық дәстүрі тек қана өз отбасы , өз ауылында ғана емес,барлық елдерде өркен жайып,ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса бермек.

Осымен бүгінгі Жыр алыбы -Жамбылдың 170 жылдығына орай өткізілген кешіміз аяқталды.

Сау болыңыздар!!!













</































Сарықобда орта мектебі





















Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кеш

«Жыр алыбы - Жамбыл»













Өткізген: Г.Н.Жарикова





























2016 жыл, 28 ақпан



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал