7


  • Учителю
  • Внеклассная работа на тему посвященная к 25-летию Республики Казахстан

Внеклассная работа на тему посвященная к 25-летию Республики Казахстан

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің Отаным -тәуелсіз Қазақстан»



Мақсаты: Оқушыларды Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялау-ға , ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Еліміздің рәміздерін қастерлеп, елімізді мақтан тұтуға , туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту;

Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін сақтай білуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана қаласына байланысты суреттер.

Барысы:

Жүргізушінің сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! «Менің Отаным - тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыбымен «Қазақстанның 25 жылдығына» арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

  1. кезең . «Шашу» биі /қыздардың орындауында/.

  2. кезең.

Жүргізуші:

Өлең -сөздің патшасы, сөз-сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп тегіс жұмыр келсін айналасы- деп жырлаған Абай атамыз. Туған жер, Отан, қазақ елі туралы жаттаған өлеңдер легі. (Мұқағали Мақатаев шығармашылығынан)

Жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.



Ұлдардың орындауында «Атамекен» әні.

Жүргізуші:

Елімнің атын айтсам- Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам - Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам- Қазақстан!



Назарларыңызға Дулат Исабековтің «Әпке» драмасынан үзінді тамашалауға ұсынамыз.

Көрініс «Әпке» Д.Исабеков / көрініс 8- сынып қазақ әдебиеті оқулығынан ықшамдалған үзіндіден ықшамдалып алынды/.

Автор/Гүлназ/: Д. Исабековтің шығармашылығымен таныстырып өтеді.

Қатынасушылар:

Қамажай - Әсем

Омар /інісі/ - Медет

Темірбек /Тимур/ - Нұрбек

Нәзила /Наз/- Ділназ

Гауһар - Айдана

Кәмила- Сабина

Сұлтан- Аким

Сұлухан - Айжан

Көрші әйел - Фарида.



Жүргізуші: Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік- қазақ халқының бостандықты аңсаған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Міне, сол тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр. Бүгін Қазақстан әлем назарында. Бұл - қазақ хылқының сан гасырлық асыл арманы еді.



Марлен - М. Мақатаев «Қазақстан».

Еркеғали - М.Мақатаев

Тұрар - «Қазақстан»

Фарида- Әбу Сарсенбаев «Туған жер».

Бекболат-



Жүргізуші: Тәуелсіздік, тәуелсіздік- жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын ұраным,

Тәуелсіздік- өзіңді еркін сезіну,

Салт- дәстүрім- қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсінем?

Тәуелсіздік - ар - ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп,

Тәуелсіздік- менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар,Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік- сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, тәуелсіздік - жыр-әнім,

Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным.

Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным.



«Қазақша би» қыздардың орындауында.

Жүргізуші:

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп нұр

Жылдарымыз жайдары.

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты.

Оқушылардың орындауында «Көк тудың желбірегені» хор.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал