- Учителю
- 'Сенім' 5 класс
'Сенім' 5 класс
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №34 орта мектебі Мерзімі: 09.02.2015 ж.
№ 21. Тақырыбы: Сенім менің серігім
Құндылық: ішкі тыныштық
Қасиеттер: өз-өзіне сенімділік, қоғамға сенім білдіру, жауапкершілік
Мұғалім: Елекеева Ж.А
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ішкі тыныштық құндылығының өзіне сенімділікті қалыптастыратынын ұғындыру.
Міндеттері:
-оқушыларға жауапкершіліктің қаншалықты маңызды екенін түсіндіру;
-оқушылардың өз-өзіне сенімді болу қасиеттерін дамыту;
- қоғамға сенім білдіруге тәрбиелеу;
Ресурстар:
(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Сабақ барысын талдау:
-
Үй тапсырмасын тексеру
«Сенім» туралы ұлылардың сөздерін жазып келу.
Оқушылар жазып келгендерін оқиды.
-
Дәйексөз.
Ұлы шешімнің бастамасы өзіңе деген сенімділікте жатыр»
Самуэл Джонсон
Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі. Дәптерге жазып, 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады .
-
Әңгімелеу.
«Сенім» М.Гумеров
Талқылау сұрақтары:
-
Қарттың балаға өз жүктерін тастап кетуінің себебі неде?
-
Бала қарттың сенімін қалай ақтады?
-
Баланың орнында сендер болсаңдар қайтер едіңдер?
-
Қандай адам сенімге ие болады?
-
Адамдарға сенім білдіретін қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?
-
Сенімді адам қандай болады?
-
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның бойындағы жақсы қасиеттерді жазыңдар.
С - сенімді, сыпайы
Е - ерекше, ерен
Н - намысшыл, нәзік
І - ілтипатты, ізетті
М - мәдениетті, момын
«Әріптер құпиясы» - берілген әріптер көмегімен «Сенім туралы» өлеңді оқы
НОАСЕРБМҚЖУП
П-Қабылдамас шындығы деп сөзіңнің,
С-Нұрға бөлеп қарсы алады таң алдан,
Н-Бұл ғаламда сені бастар жол алуан
А-Қауым елдің сеніміне жарасаң,
У-Бүгінің де, ертең жатар көріңде,
М-Арманыңның асқарына шығарсың,
Б-Сенім-патша, сенім-қыран, сенім-жыр,
Қ-Сенімсіздік орға итерер өзіңді,
Е-Сеніміңмен сен биікте тұрасың,
Ж-Өз қолыңмен шығартар ол көзіңді,
О-Бірақ достым ұжданыңнан тоналма,
Р-Сонда саған басын иер құзар-шың.
-
Топпен ән айту.
Сөзі: Риат Зайытов
Әні: Ұлықпан Жолдасов
«Сенім»
1.Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген.
Бір сенім бар,
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім бар да,
Асығам алға,
Ақ тілегім, биікке самға.
Қ-сы
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы.
Сенім - маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін.
Жүрегіммен сенемін.
2. Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай.
Асқардай биік,
Армандар жиып,
Мен өтемін
Өмірді сүйіп.
-
Үй тапсырмасы.
№76 беттегі Ғ.Жандыбаевтың «Сенім» өлеңін жаттау
-
Соңғы тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!