7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

ҚАзақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

9 сынып - қазақ тілі

№ 1 сабақ

Тақырыбы: Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Білімділік. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызмет ету алғышарттарын білу. ҚР Конституциясындағы тіл туралы бапты және Тіл туралы заңның мүддесін білу.


Тәрбиелік. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру, ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.


Дамытушылық. Мемлекеттік тілге қатысты заң, ережелер туралы білімдерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасауды жетілдіру.


Сабақ түрі: пікірталас сабақ

Әдіс-тәсілдері: ой қозғау, топтық жұмыс, пікірталас, проблемалық әдіс, жаттығу жұмыстарын орындау.


Қолданылатын әдебиеттер:

А.А.Қасымбек Қазақ тілі 9 сынып Астана «Арман-ПВ» баспасы 2009

Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев Қазақ әдебиеті

9 сынып Алматы «Мектеп».

ҚР Конституциясы

ҚР тілдер туралы Заңы

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі

қазақ әдебиеті


Сабақ барысы: тарих


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.Сабаққа дайындық.


Үй жұмысын тексеру. Берілген жаттығулар бойынша оқушылардың өздік жұмыстарын тексеру.


Сабақ мазмұны:

ҚР Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қ Р-ның мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар.


Мемлекеттік тіл ретінде қызмет етудің алғышарттары ішкі тілдік және сыртқы факторлардан тұрады.

Ішкі тілдік факторлар

Тілдік құрылым жүйесі жетілген.

Лексика фразеологиялық қоры мол.

Ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі.


Сыртқы факторлар

Республиканың барлық аймақтарында таралған.

Ауызша да, жазбаша да қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етеді.

Тілді қолданушылар саны жеткілікті.

Табиғи және табиғи емес тілдік ортаның қалыптасуы.


Жаттығу жұмысын орындау.

12-жаттығу.Тіл туралы заңның тараулары мен баптары жөніндегі мәліметті оқып, танысу.


Проблемалық сұрақтар қоя отырып, пікірталас ұйымдастыру

Жақтаушы топ:

«Мемлекеттік тіл мәртебесі жоғары деңгейде»

Даттаушы топ:

«Мемлекеттік тіл әлі де болса өз мәртебесіне көтеріле алмай отыр»


Сабақты бекіту

Тіл туралы Заңның міндеттері қандай?Тіл туралы заң неше бап, неше тараудан тұрады?

III тарауда не жөнінде қарастырылады?

Тіл туралы Заң қашан қабылданған?

Мемлекеттік тілдің алғышарттары қандай? МЕм.тілдің басқа тілден қанда ерекшелігі бар деп ойлайсыңдар?


Сабақты қорытындылау, бағалау

Пікірталасты қорытындылап, топтардың дәлелдері мен дәйексөздерінің

деректі, дерексіздігі, сөздің ұтымдылығы жөнінде кеңес беру. Оқушыларды сабаққа қатысуы бойынша бағалау.


Үйге тапсырма

19 бет 13-14 жаттығулар. «Қазақ тілі-қазақ баласының мақтанышы» тақырыбында шығарма жазу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал