7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Керқұла атты Кендебай'

Сабақ жоспары 'Керқұла атты Кендебай'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5-сынып

Күні:14.10.2015ж

І. Сабақтың тақырыбы: "Керқұла атты Кендебай" ертегісінің тақырыбы мен идеясы.
ІІ. Сабақтың мақсаты: Ертегінің оқиға желісімен, кейіпкерлер сырын талдап ұғындыру
ІІІ. Міндеті: б) ертегінің мазмұнын, кейіпкерлерін талдау арқылы, ертегінің маңыздылығын ашу;
т) 1. Оқушыларды мейірбандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
2. Патриоттық тәрбие беру
д) Ертегі арқылы оқушы ой - қиялына қозғау сала отырып, өз ой - пікірлерін айтуға, жоспар құра білуге дағдыландыру.
ІҮ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Ү. Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
ҮІ. Әдісі: Сөз әдісі, зерттеу әдісі;
ҮІІ. Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
2) Үй тапсырмасын сұрау:
а)"Аяз би" ертегісі
Сұрақтар:
1. Уәзірлер құстың, шөптің, адамның жаманын қалай таңдады?
2. Жаманның таңдауы ханға қалай әсер етті?
3. Меңдісұлу Жаманды басқалардан неге артық санады?
4. Хан Жаманды "Барсакелмеске" не үшін жұмсады? Оған ой салған кімдер?
5. әзірлерінің қылықтары сендерге ұнады ма? Неліктен?
6. Ханның шалмен жұмбағын түсіндіріп айта аласыздар ма?
7. Аяз би өзі хан болғаннан кейін өзіне қандай сөздер айтып отырады?
8. "Жаман" туралы ертегі жазып, кім сурет салып келеді?
9. Ертегіде қандай мақал - мәтелдер бар? Ертегінің бізге тәрбиелік әсері бар ма?
Актуалдау: Балалар, осы "Аяз би" ертегісі ертегінің қай түріне жатады? Ертегілер неше түрге бөлінеді?
Жаңа сабақ: "Керқұла атты Кендебай". Жақсы, олай болса біз бүгін тағы да бір ғажайып ертегіге жататын - "Керқұла атты Кендебай" ертегісімен танысамыз.
- Балалар, ертегілер қалай басталатын еді?
- Иә, "Кендебай" ертегісі де осылай басталады екен. (шамалы бастап беру)
- Иә, балалар, ертегінің негізгі кейіпкері кімдер екен?
Жоспар.
1. Кендебайдың дүниеге келуі
2. Кендебайдың Керқұла аты
3. Мергенбай батырдық баласы
4. Керқұла атқа тіл бітуі
5. Хан ауылынан келген Кендебай
6. Теңселіп келе жатқан тау
7. Ақырған арыстанды жеңуі
8. Тұтқыннан босанған Ергенбай батыр
9. Ел қуанышы
10. "Керқұла атты Кендебай батырдың елі"
Дамыту:
1 - қатар: Кендебайға мінездеме
2 - қатар: Керқұлаға мінездеме
3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту:
2) 1 - қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма?
2 - қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің?
3 - қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?

Бекіту:
4) ас, ат, қыз, көр, той сөздерінің мағынасын түсіндіріп, қандай сөз болатынын айт.
5) төбелері көкке жету, құралайды көзінен тигізген, көз жасын көл қылу сияқты тіркестердің мағынасын ашу
6) Бұл ертегі неліктен қиял - ғажайып ертегіге жатады?(өз ойыңды дәлелде)
Қорыту:

Иә, балалар, қазіргі кезде де әрбір ұрпақ өз елін қорғау үшін, өз елін көркейту үшін тынымсыз тер төгіп, Кендебай сияқты ер тұлғалы, мейірімді ұл - қызы болуы тиіс. Ел осындай перзенттерімен ғана мақтана алады. "Елдің атын ер шығарады" дегендей, біз де өз еліміздің Тоқтар, Талғат, М. Шаханов сияқты тұлғаларымен мақтана аламыз.
Мейірбандық, ораза айы, мұсылмандық шарттарын орындау
Үйге тапсырма: а)"Керқұла атты Кендебай" ертегісі (мазмұны)
ә) Сурет салу;
б) Кендебайдың жеті басты дәумен, арыстанмен шайқасынан қызықты әңгіме жазу.
еңбекқор жалқау
намысшыл Кендебай Хан балалары өтірікші
адал, мейірбан еріншек
Оқушы еңбегін бағалау.


Ілмек сөздер: ,


1 - қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма?
1 - қатар: Кендебайға мінездеме


3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту:

3 - қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?


2 - қатар: Керқұлаға мінездеме

2 - қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің?

1 - қатар: Кендебай мен Төстік бейнесінде ұқсастық бар ма?
1 - қатар: Кендебайға мінездеме

3 - қатар: Қойшы баланың Кендебайға берген жауабын түсіндіріп, ата - ана туралы мақал - мәтел айту:

3 - қатар: Кендебай бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?

2 - қатар: Керқұлаға мінездеме

2 - қатар: Кендебай орнында сен болсаң, қойшы балаға қандай жақсылық жасар едің?



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал