7


«Ү дыблысы мен әріпі»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ү ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға Ү дыбысы мен әрпін таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету;

2.Ү дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушының білімі мен тілін дамыту, сөздік қорларын байыту, сауаттылығын арттыру;

3.Ұқыптылыққа, тазалыққа, білімге ұмтылуға баулу, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, іздену, ойландыру, шығармашылық тапсырмалар



Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.



Сабақтың көрнекілігі: оқулық, құстардың, олардың мекендерінің суреттері, кеспе әріптер, Үү әріптерінің жазба түрі.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.



Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Қане, өздерің айтыңдаршы, бүгінгі сабақ несімен ерекше? (Балалардың жауабы)

- Дұрыс айтасыңдар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біздің бұл сабағымызға келем деушілерге есігіміз ашық, яғни бұл - ашық сабақ. Олай болса «Сәлем - сөздің анасы» деген мәтелді ескеріп, ең алдымен амандасып алайық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!



Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап - таза

Борда дайын тақтада

Денемізді жинақтап

Отырайық партаға

-Ендеше, сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. (Сыныпты 4 топқа бөлу) Ол үшін әр партаға буындар беремін. Сол буындарды құрау арқылы, топ атымызды белгілейміз. Мысалы: Кө гер шін.

І топ. «Көгершін»

ІІ топ. «Қарлығаш»

ІІІ топ. «Қыран»

ІV топ. «Аққу»



І. Қайталау - білім анасы.

Сұрақтар:

1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Дыбыстардың неше түрі бар?

3.Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

4.Дауыссыз дыбыс қандай текешемен белгіленеді?

5.Әріп дегеніміз не?

6.Сөз нелерден құралады.?

7.Сөйлем нелерден құралады?

8.Адам аттары қандай әріптен басталып жазылады?

Ә) Үй тапсырмасын талдау.

- Өткен сабақта қандай әріп туралы оқып үйрендік?

- Өө дыбысы мен әрпі.

І топ.

«Бөпешім» әнін жатқа айтады.

ІІ топ.

Төрт түлік малдардың төлдерін атайды.

ІІІ топ.

Мақалды жатқа айтады.

ІV топ.

Бағандағы сөздерді оқиды.



«Адасқан буындар» ойыны.

Екі бағандағы буындарды бір-бірімен сәйкестендіріп, сызықпен қосу.

Бұ лын өр зы

Ө зау өт кеш

Көр быз кө кір

Қо нер қо мек

Құ пе



ІІІ Жаңа білім-жаңа ой.

Ойын: "Құстарға қамқорлық"

Құстардың суреттері ілулі тұрады. Келесі бетінде сөздер жазылған. Сол сөздерді оқушылар оқып, құстарды өз мекеніне орналастырады.

Мысалы, үйректі аулаға, үкіні талдың бұтағына, қарлығашты сарайдың шатырына тб.

Сұрақтар:

  1. Қазір жылдың қай мезгілі?

  2. Күз айларын ата?

  3. Күзде ауа райы қандай болады?

  4. Қыстап қалатын құстарды білесің бе?

  5. Құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

  6. Құстар туралы қандай тақпақ білесің?

- Күз келіп, салқын түскенде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Себебі қыста жемдері азаяды, тоңады. Сондықтанда қыстап қалатын құстарымызға үнемі қамқорлық жасап отыру қажет. Өйткені құстар - біздің досымыз

Ү әрпі мен дыбысын меңгерту.

- Ал, балалар, мен мына құстардың ішінен мына екі құсты (үйрек, үкі) бөліп аламын. Неліктен олай еттім деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар, бұл құстардың аты ү әрпінен басталады

- Қане бәріміз ү дыбысын айтайық. Ү қандай дыбыс екен?

Оны қалай білдіңдер?

«Үкі, үйрек» сөздеріне талдау жасау. Текшелерді бояу.

Ү - кі үй - рек



ІV.Кітап білім - бұлағы.

Оқулықпен жұмыс:

1)бағандағы сөздерді оқушыларға тізбектей оқытып, мағынасын түсіндіру.

Ү кі кү ріш түл кі жү рек

Үй рек кү міс күл кі кү рек

Үй шік кү шік түй ме жү зік

2) Жұмбақты оқып, шешуін табу.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)

VІ.Сергіту сәті:



Үү әрпінің жазба түрімен таныстыру:

• Әріптің элементтерін көрсету;

• Тақтаға жазып көрсету;

• - Қай әріпке ұқсайды? Айырмашылығы неде? Ал оларды ү мен ұ дыбыстарының қандай айырмашылығы бар?

• Ауада жазу;

• Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.



«Қол шапалақ» ойыны.

Оқушылар ү дыбысы бар сөздер айтқанда қол шапалақтайды, ал ү дыбысы жоқ сөздер айтылғанда шапалақтамайды.

VІІ. Қорытындылау кезеңі:





















Сұрақтар:

1. Ү қандай дыбыс?

2. Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

3. Ү дыбысынан басталатын сөз ойла.

4. Түлкі сөзіне сөйлем құра.



VІІІ. Мақтау, мадақтау





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал