- Учителю
- Қазақ тілінен 'Сайыс сабағы'-8 сынып
Қазақ тілінен 'Сайыс сабағы'-8 сынып
Сынып: 8 |
Мерзімі: 12.12 |
Сабақ № : |
Тақырыбы: «Қызықты қазақ тілі әлемі» (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасымен таныстыру .
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен танысу.
1 топтың аты - «................................», ұраны «............................................................................»
2 топтың аты - «...................................», ұраны «.........................................................................»
3 топтың аты........................................», ұраны «........................................................................»
II.Интерактивті тақтадан оқушылар сұрақтар таңдайды.
Қазақ тілінен:
1. «Шаһар» сөзінің синонимі?
2.Сөйлемнің түрлері.Мысал келтіріңдер.
3.Жұрнақтың түрлері.Мысалмен бекітіңдер.
4.Оқушылар отыр.Сөйлем бе немесе сөз тіркес пе? Дәлелде.
5.Күрделі сөздің түрлері.
6. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата.
Әдебиеттен:
1. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата.
2.Жаза алмайтын атақты ақын кім? Оның бірнеше өлеңін атаңдар.
3.Жырлардың түрлері.
4. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
5.Абайдың бір өлеңін жатқа айту.
6.Әділқазылардың сұрағы
Тарихтан:
-
Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
-
Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
-
Әнұранның авторларын атап бер.
-
Ата Заң күні қашан?
-
Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?
ІI тур «Бәйге»
І топ «................................» тобына сұрақтар
1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
3. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
4. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
5. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (6)
8. Абайдың қанша қарасөзі бар?
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
12. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
13. Сын есімнің шырайларын ата.
14.Білімді сөзінің түбірі.
15.Үш биді ата.
ІІ тобының сұрақтары
1.Екпін сөздің аудармасы
2.Үндестік заңы нешеу? (2)
3.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
4.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
5 Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысаң)
6.Дауыстылардың саны қанша? (12)
7.Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
8. Қысқы сөзінің түбірі.
9.Жұрнақтың түрлерін ата.
10.Құрмалас сөйлемнің түрлері
11.Қазақстанның бас қаласы.
12. Түркістан қазақ халқының қандай қаласы?
13. «Балаға» деген сөз қай септікте тұр?
14.Фаст-фуд ол не?
15.Тұрлаулы мүшелерді ата. III топтың сүрақтары
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
2. Жүз жасаған ақын?
3. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
4. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
5. «Ақылды» сөзінің түбірі?
6. Фонетика нені зерттейді?
7. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
8.Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
10. Абайдың туған жылы.
11.Қосымша нешеу? (екеу)
13. «Үйден» сөзі қай септікте тұр?
14.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?
15. «Барған» есімшенің қай түрі?
ІІI. тур "Полиглот"
(Тиісті сөзді қойып, сол сөзді 3 тілде айту.)
1. . ... таумен кездеспейді,
Адам адаммен кездеседі. (тау)
2. ... көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.(досы)
3.... тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
4.. ... өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.(қыз)
5. ... сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді. (сөз)
6.....адамның арқауы (ас)