- Учителю
- Ғ. Мүсірепов 'Жаңа достар' (5- сынып)
Ғ. Мүсірепов 'Жаңа достар' (5- сынып)
Пән: әдебиет
Сыныбы: 5
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ғабит Мүсірепов «Жаңа достар»
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
БІЛІМДІЛІК: Оқушылардың Ғабит Мүсірепов туралы білімдерін кеңейтіп, «Қазақ солдаты» романынан алынған «Жаңа достар» атты үзіндімен таныстыру.
ТӘРБИЕЛІК: Осы шығарма арқылы оқушыларды достық деп аталатын құдіретті ұғымның мәнін түсініп, қасиетін тани білуге баулу.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Сабақта қолданылатын түрлі жаңа педагогикалық технологиялардағы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ойлау және өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.
САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Аралас сабақ.
САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: Сыни тұрғыдан ойлау технологисының стратегиялары.
САБАҚТЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: Венн диаграммасы, оқулықпен жұмыс, ауызша жұмыс.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: Ғабит Мүсіреповтің портреті, тірек-сызбалар, слайд.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын,бүгін сыныпта кімнің жоғын анықтап, сыныпты түгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген Сәбит Мұқановтың «Лашын» әңгімесі мен қазақтың құсбегілік өнері туралы өздері ізденген қосымша мәліметтерін сұрау, жазушының өмірі мен шығармашылығын, жалпы сабақты қорытындылау.
ІІІ Жаңа сабақ
САБАҚТЫҢ ЭПИГРОФЫ:
«Ғабит Мүсірепов - өнер өрісінің әр белесінде жаңа сыр ашқан, әр кезеңінде жаңа түр тапқан. Бұл зергердің қолынан шыққан бұйымдардың жұрт таныған асыл қасиеті осында жатыр»
Зейнолла Қабдолов
-
Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріліп өтіледі;
-
Шығарма мазмұнын меңгеру мақсатында оқушылар төмендегі кестені толтырады:
Р/c
Кейіпкерлер
Портреттері
1
Қайырғали
2
Шеген
3
Бораш
-
Шығамадағы жазушы қолданған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді теріп жазып, төмендегі кестені толтыр:
Р/с
Мақал-мәтел, нақыл сөз
Оқиғаға қатысы
1
Өлімнен ұят күшті
Шапаны тақтайға ілініп қалғандағы Қайроштың сезімін жеткізу үшін қолданылған.
2
САБАҚТЫ БЕКІТУ: «Досы көпті жау алмайды» деген тақырыпты бірінші қатарға, « Жолдас жақсы жолды болар тақырыбын екінші қатарға, «Жақсымен жолдас болсаң...» тақырыбын үшінші қатарға беріп, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Автор орындығы» стратегиясы бойынша сабақты қорыту.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ: Оқушылар білімін бағалау әрбір оқушының сабақтағы белсенділігіне байланысты болады.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:
Ғабит Мүсіреповтің Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар» әңгімесіне сахналық қойылым жасау.