- Учителю
- Нәтиже сабақ «Күз көрінісі қандай әдемі» 7 cынып
Нәтиже сабақ «Күз көрінісі қандай әдемі» 7 cынып
Сыныбы 7 | Күні | ||
Сабақтың тақырыбы | Нәтиже сабақ «Күз көрінісі қандай әдемі» | ||
Мақсаты | а) білімдік: модуль бойынша тақырыптарды қорытындыла сөз құрамын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
| ||
Күтілетін нәтижелер
| А сөз құрамын меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айтады В Жаңа сөздерді қолдана алады. Күз туралы мәтін құрастырады. С Өз ойын жеткізе алады. | ||
Керекті жабдықтар
| Интерактивті тақта,суреттер, | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
| 1.Ұйымдастыру бөлімі: 2 минут Психологиялық ахуал тудыру -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.
Балалар, біз бүгінгі сабағымызды да әдеттегідей тренингтен бастаймыз. Ол үшін ортаға шығып шеңбер болып тұрайық.
Жарайсыңдар, енді орнымызға жайғасайық.
« Ыстық орындық» әдісі.
«Ыстық орындықтағы» кейіпкер өте жақсы жауап берді ме? «Ыстық орындықтағы» кейіпкер орташа жауап берді ме? «Ыстық орындықтағы» кейіпкер нашар жауап берді ме?
Жарайсыңдар, балалар, үй тапсырмасын жақсы меңгергенсіңдер.
Енді әрі қарай бүгінгі жаңа тақырыбымыз бойынша тапсырмаларды топқа бөлініп орындаймыз. Ол үшін мына жердегі суреттерден өздеріңе ұнағанын қалап алыңдар. Кім қандай суретті алды, сол бойынша 2 топқа бөлінеміз. Топ басшылары әр тапсырма сайын топ мүшелерін бағалап отыруы керек. Топ ережесін еске түсіру | Мұғаліммен амандасады.
Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, шеңбер болып тұрады. Сабаққа дайындықтарын көрсетеді. (Бас бармақты не көтереді, не түсіреді)
1 оқушы ыстық орындыққа отырады, қалғандары кезекпен оған өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Бағалау:Мұғалімнің сұрақтарына сыныпта отырған балалар қол шапалақтап жауап береді. Қай сұраққа қатты шапалақтаса, бағасы сол болады | |
Тұсаукесер | Қызығушылықты ояту.3 минут Ал , балалар, қазір интерактивті тақтаға назар аударайық. «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақтадан суреттерді көрсете отыра сұрақ қою.
- Суретте не бейнеленген? - Бұл суреттер қандай тақырыпқа жатады деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. |
Оқушылардың жауаптары | |
Негізгі бөлім | 1 - тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңдар. 1. Сөз құрамы нешеге бөлінеді? 2. Күз айлары қандай? 3. Күзде қандай өзгерістер болады? 4. Көкөністерді ата.
2 - тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер. 1. Сызбаны толтыр: Түбір ... ... 2. Сөздерді аудар: гранат - малина - слива - клубника - 3 - тапсырма. Күз айларын ата. А) наурыз, сәуір, мамыр Ә) қыркүйек, қазан, қараша Б) көктем, жаз, күз
5 «Мынау не?» дидактикалық ойыны ойналады. Мазмұны: мұғалім оқушыларға көздерін жұмып отыруды тапсырады. Оқушылар көздерін ашқанда жапырақтың, жаңбырдың суреті тұрады. Мысалы: 1 оқушы жапырақтың түрін, түсін әңгімелейді. Оны басқа оқушылар толықтырады.
6 І топқа: Күзгі табиғаттағы өзгерістер 7 Тасымал Қайталау-оқу айнасы Мақалдың бір данасы Өткенді еске түсірсең Ешкімнің жоқ таласы,- демекші жалғаудың түрлерін қайталайық. Жалғаудың түрлерін атаңдар. Морфологиялық талдау: Күздің, жапырақтар, ауа райына, өзгерістер, байлықтары, аймен | Оқушылардың жауаптары Тест орындау Формативті бағалау. Стикермен бағалау. Галлереяны шарлау» әдісі арқылы бағалау. Әр топ басқа топтардың жасаған постерлерімен танысып , критерийлерге сай бағалайды, постер жасау бойынша тілектерін, қойған бағасын стикерлерге жазып жабыстырып кетеді.
| |
Қорытынды | 8 Ой толғау. Синквейн І топ: Күз ІІ топ : Жапырақ
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық? Барлығың бүгінгі тақырыпты толық меңгерді деп ойлаймын. Ал, кәне, сендердің ойларың қалай? Ал бағдаршамды көрсетіңдер.
10. Сабақ бойынша кері байланыс. 2 минут Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? Өздеріңнің ойларыңды мына стикерлерге жазып, оқисыңдар, содан кейін Алма ағашына барып жабыстырасыңдар.
12.Оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты бағалау. Топ басшысы бағалайды Үй тапсырмасын беру: Мазмұндамаға дайындық
| Оқушылар топта ақылдасып,2 топтан бір оқушы тақтаға шығып жазады. Оқушылардың жауаптарын смайликтер арқылы бағалау.
Оқушылар бағдаршамды көрсетеді Оқушыларға стикерлерге таратылып беріледі. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып, оқиды, плакатқа жабыстырады
Үй тапсырмасын күнделікке жазады |
3