- Учителю
- Разработка урока по казахской литературе на тему Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (8 класс)
Разработка урока по казахской литературе на тему Төлен Әбдіков. «Қонақтар» (8 класс)
Ақанбаева Пейзатхан Жақсыбайқызы
Текелі қаласы, №1ОМ МДШО-мен ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
8-сынып. Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков. «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жазушы Төлен Әбдіковтің өмірі,шығармалары жайлы түсінік беру, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен таныстыра отырып,ата-ана мен бала қарым-қатынасы жайлы мағлұмат беру,оқушы сезімімен ұштастыру.
Дамытушылық: әңгіме жайлы түсінігін кеңейтіп,пікір алмастыра білуге үйрену,өмірмен байланыстыра келе өзіндік ой қорытындысын жасай білу,әсерін,пікірін білдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды ата-ана алдындағы,туған жер,ел алдындағы парызын терең түсіне білуге баулу,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,проблемалық оқыту,салыстыру,модельдеу.
Көрнекіліктер: ақын портреті,таблицалар,таратпа материалдар. АКТ
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой шақыру
-
Өткен сабақта қай жазушының қандай шығармасымен танысып едік? (Қарауылбек Қазиев. «Менің шешем»)
-
Үйге қандай тапсырмалар берілген еді? (Мазмұндау,шығарма, «Ана» тақырыбында өлең шығару,үзіндіні жаттау.)
-
Әңгімеде қай жылдардағы Ана бейнесі суреттеледі? (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы).
-
Ананың ауыр еңбегі,әкесіз бала тағдыры қалай суреттеледі?
Әр топтан оқушылар өз пікірлерін білдіреді,өлең,шығармасын оқиды.Сөзжұмбақ шешеді.
-
Өлеңнің басты идеясы неде? (Ана мен бала арасындағы қарым қатынас,ананың балаға,баланың анаға деген шынайы махаббаты.)
-
Жаңа сабақ:
- Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесін тақырыбы, мақсатымен танысады.
- Интерактивті тақтадан ата-анамен бала арасындағы қарым қатынас туралы «Соқыр ана» видео көрсетіледі.
Мұғалім сөзі:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да өткен сабағымызбен өзектес,үндес: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас,бүгінгі күн проблемасы.
Сұрақ-жауап әдісі:
- Қазіргі кезде әңгіме жаңа проза жанрында қалам тербеп жүрген жазушылардан кімдерді білесіңдер?
- Шерхан Мұртаза, Сайын Мұратбеков, Қабдеш Жұмаділов, Дулат Исабеков,т.б.
- «Әңгіме» жанрының анықтамасын кім айтады?
Эпикалық жанрдың түрлерін ата. (Адам өмірінің бір сәтін бейнелейтін сюжеті бар шығарма)
- Роман-эпопея, роман, хикаят, әңгіме.
Слайдпен жұмыс. Төлен Әбдіков өмірбаяны туралы мәлімет.
Төлен Әбдіков шығармасының басты тақырыбы - адамгершілік, салт-дәстүр,і згілік ...
«Қонақтар» әңгімесінің басты тақырыбы - адамгершілік,баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы.Сапабек тәрізді қалада тұратын оқыған азаматтың ата-анасына салқын, жасанды қарым-қатынасы.
Жоспар бойынша жұмыс (дәптерлеріне жоспарды жаздыру)
1.Ерғабыл қарттың арманы
2.Ата-ана сағынышы,қонақтарды қарсы алу
3.Сапабектің әңгімесі
4.Қонақтарды шығарып салу
5.Ерғабылдың реніші
3. Кітаппен жұмыс. Оқулықты пайдалана отырып, әр топтағы оқушылар отырып, тапсырмаларды орындайды.( Топ жұмыстарын қорғавйды)
4. Пысықтау. Мәтін бойынша тиісті сұрақтарға жауап алу.
Әңгіменің тақырыбы не жайлы?
Кейіпкерін ата.
Оларды қандай топтарға бөлуге болады?
Әңгімеде қандай оқиғалар сөз етіледі? (Ауыл өмірі, салт-дәстүрі,ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас суреттеледі).
5. Шағын дебат. Сапабек-Ерғабыл-Тома-Жеңісбек
(жақтаушы топ) 1-топ. Ерғабыл - жағымды кейіпкер.
Дәлелде.
(даттаушы топ) 2-топ. Сапабек - жағымсыз кейіпкер.
Дәлелде.
3-топ. (жақтаушы). Сапабектің бойындағы жағмсыз қылықтарына ортасы, әйелі де кінәлі. Ерғабыл да жеткілікті бағыт бере алмаған, санасына ұлттық дәстүрді, ата-ананы құрметтей білуге толық үйретпеген, тым мейірбан.
1-топ. Әйелі Томаның ықпалы,қаладағы ортаның ықпалы басым болған.
2-топ. Сапабек әлі де болса ауылға бейімделіп, ата-анасына қарайласады, қамқор болады деп ойлаймын. Өз қателігін түсініп, Жеңісбекті ата-әжесінің тәрбиесіне бағыттайды деген сенімдемін.Туған ата-анасына,туған ауылына деген перзенттік сезімі оянуға тиіс.Мен оған сенемін.
6. Топтардың өзіндік тапсырмаларын тексеру
7.Ерғабыл қарт, Сапабек бейнелеріне тірек сызба сызу. мейрімді
арманшыл төзімді
Ерғабыл қарт
қажырлы еңбекқор
баласын жақсы ақылды
көреді
қуыс кеуде
саяз ойлы мақтаншақ
Сапабек
парызын өркөкірек
түсінбейді
салт-дәстүрді
білмейді
8. Қазақстан Конституциясында, Абай қарасөздерінде және Мұхаммед пайғамбар хадисінде ата-ананы құрметтеу жөнінде не айтылған?
9.Мақал-мәтелдердді еске түсіру.
10. Ойтолғау.
-
Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған?
-
Қазіргі қала тұрғындарының басты міндеті не деп ойлайсыңдар?
- Мақсатымыз орындалды деп ойлайсыңдар ма?(Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.)
11. Бағалау.Топ жетекшілерінің пікірі тыңдалады.
12.Үйге тапсырма
а) әңгіменің мазмұнын түсіне отырып,пікір айта білуге дағдылану;
ә) «Менің парызым» (шығарма).