7


  • Учителю
  • «Рухы биік, есімі мәңгі тұлғалар»

«Рухы биік, есімі мәңгі тұлғалар»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: « Рухы биік, есімі мәңгі тұлғалар » атты салтанатты жиынның сценарийіӨтілетін орны : Акт залы Уақыты: .Жабдықталуы : Зал безендіріліп , әуенмен әрленеді.Графопроектордан слайд жүргізіліп тұрады.Түрі : онкүндіктің жабылу салтанаты. Ортаға екі жүргізуші шығады. Фан -фар ойн
предварительный просмотр материала

« Рухы биік, есімі мәңгі тұлғалар » атты салтанатты жиынның сценарийі

Өтілетін орны : Акт залы

Уақыты: .

Жабдықталуы : Зал безендіріліп , әуенмен әрленеді.Графопроектордан слайд жүргізіліп тұрады.

Түрі : онкүндіктің жабылу салтанаты.

Ортаға екі жүргізуші шығады. Фан -фар ойналып, Бақтыбай күйі қалықтап тұрады.

1- Жүргізуші: Қайырлы күн , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін біз думанды кеш, ерекше жиында бас қосып отырмыз. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі «Бір айтқаны бір үйге мұра болар, Қайран біздің бабалар, ғұламалар !» айдарымен мектебімізде айрықша аталып өтті.

2-жүргізуші : Сөз- түпсіз , өмір -шексіз , біздің ата -бабаларымыз өшпес мұра болып бізге даналық сөздері , мәңгі өлең - жырлары , шешендіктері, нақылдары мен толғаулары қалды.

  1. Жүргізуші: Бұл онкүндікте «Бақтыбай шамшырақтары» Ескелді ауданы Бақтыбай мектебінің оқушылары бізде қонақта болды , Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ақын Зайда Елғондиновамен кездесу кеші, Ғалия Ырыскелдіқызының ежелгі көшпенділер өркениеті мен мәдениетінің куәсі болған ескерткіштерге орай «Көне түркі өркениеті» жазба ескерткіштері- тарихымыздың киелі парағы атты брейн- ринг сайысын, Бақтыбайтанушы ғалым - Ораз Исмайылов туралы Тұрсынхан Ескелдіқызы ауқымды ғылыми конференция, Раушан Рысбекқызы «Тазша бала» байқауын өткізді

2-Жүргізуші : Мерейлі жылдары аталып өтіп жатқан ата- бабаларымыз мәңгілік мекенінен еліне көз салып, ұрпақтарын махаббатына бөлеуде. Бүгінгі ұрпақтары жыр- маржандарынан шашу шашып , поэзия төрінде жыл сайын тойлап келеді.

  1. Жүргізуші: Назарларыңызға «Жауқазын жыр жанымда жүр мазалап»

айдарында оқушылардың жыр-маржандарын тарту етпекпіз,

қабыл алыңыздар! ( Оқушылар өлеңдерін оқиды.)

1.

2.

3.

4.

2-Жүргізуші : «Бір айтқаны бір үйге мұра болар, Қайран біздің бабалар, ғұламалар!» атты онкүндікте Ғалия Ырыскелдіқызының ежелгі көшпенділер өркениеті мен мәдениетінің куәсі болған ескерткіштерге орай «Көне түркі өркениеті» жазба ескерткіштері- тарихымыздың киелі парағы атты брейн- ринг сайысында марапаттауға ие болған оқушылар марапатталады.

Құттықтау сөз мектеп директоры Н.М.Тұмбаевқа беріледі.(Марапаттау рәсімі)

1-Жүргізуші: «Әуелі әнді тыңда, ән өлмесін» демекші , сіздердің назарларыңызға Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» әнін тарту етпекпіз, қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: «Ғасырымдай - дағы ғажап- ақпын, Отаным бар, елім бар қазақ атты » Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ақын Зайда Елғондиновамен кездесу кешінде белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау үшін , директордың әдістемелік орынбасары Биғайша Серікболқызына құттықтау сөз кезегі беріледі. (Марапаттау рәсімі)

1-Жүргізуші: Ақын жүрегін жарып шыққан кәусар жырлары арқылы қуанышын да , мұңын да, көргенін де, сүйгенін де, қызығын да, ренішін де, мақсат мұратын да , үміт арманын да кейінгіге аманат етеді.

2-жүргізуші: Онкүндікте біз ақын жырларымен сусындап, онымен сырласа білдік. Ендеше, ақынның өлеңдерін жатқа оқитын өрендерімізді ортаға шақырамыз.

1.

2.

3.

4.

5.

1-Жүргізуші: « Ораз Исмайылов - Бақтыбайтанушы ғалым» атты ғылыми зерттеу жұмысынан конференцияда белсене қатысқан 10 А -сынып оқушыларын марапаттау үшін директордың оқу істері жөніндегі орынбасары Қарлығаш Маханбетқызын марапаттау рәсіміне шақырамыз.( Марапаттау рәсімі)

2-жүргізуші: «Ұландар» тобының орындауындағы мектеп әнұранын қабыл алыңыздар!



1-Жүргізуші: Ойланыңдар , достар,

Өнерде достық болмайды.

Өрісі жетпей ,

Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп,

Өсе алмай қалсаң сол қайғы

Күнде таласқан,

Өнерің өнер болмайды.

2-жүргізуші: Өсіңіз , жетіліңіз, тасқындаңыз,

Бірақ та , биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты, анау осал, ол орташа -

Бәріміз бір аспанның астындамыз, - деп жырлап,

Ұрпағына үлкен тәрбиелік мәні бар жыр жолдарын қалдырған Мұқағали атамыз халықтың басты жанашыры болған .

1-Жүргізуші: Олай дейтініміз, осындай мұрат жолында орта буын оқушыларымен бәске толы «Тазша бала» байқауында жүлделі орын алған үміткерлерді марапаттау үшін, құттықтау сөз оқу тәрбие істері жөніндегі орынбасары Гүлзира Тоқтарбекқызына беріледі. (Марапаттау рәсімі)

2-жүргізуші: Дарыны дара, болмысы дана халықтық жыр жауһарларының- өскелең ұрпаққа берері мол.Ертеңгі ұрпақтары да ұлт болуға ұмтылып, тек заңғар биіктерге бастай бермек.

1-Жүргізуші:Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігі онкүндігіне ат салысып, белсене қатысқан сыныптарға, көңіл қойып тыңдарман болған баршаңызға көптен - көп алғыс айтамыз.Келесі кездескенше сау болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал