7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: 'Тұрақты сөз тіркестері'

Сабақ жоспары: 'Тұрақты сөз тіркестері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Тұрақты тіркестер туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, олардың өзіне тән ерекшелігін түсіндіру, тіліміздегі басқа тіркестерден ажырата білу;
Дамытушылық. Қиялын, тіл байлығын, тіл мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, белсенділікке баулу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: оқыта үйрену.
Әдіс - тәсілі: проблемалық ізденіс, салыстыру, ойын
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
2. Сабақтың мақсатын қою.
3. Жаңа сабақ.
Тақтаға сөздер жазу арқылы берілген сөздердің мағынасын ашыңдар.
Алтын асықтай
Құлақ асты
Жұлдызы жанды

Талдау сұрақтары: - Сөздер қалай тіркескен?
- Сөздердің орнын ауыстырып айтып көр. Не аңғаруға болады?
- Әрбір берілген тіркестің мағынасын ашып көріңдер.
Тұжырымдау. Оқушыларға тұрақты тіркес туралы ережені өздеріне тұжырымдату. Демек, тұрақты тіркестер дегеніміз - екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесі.

Өзіндік белгілері қандай?
1. Тұрақты тіркеске тән мағына құрамындағы сөздердің жеке мағынасына сәйкес келе бермейді. Мысалы: жүрек жұтқан, тақиясына тар келу.
2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орны тұрақты. Тепсе темір үзетін (темірді тепсе үзетін деуге келмейді немесе тепсе болат үзетін емес).
3. Тұрақты тіркестердің де синонимі не антонимі болады. Мысалы: кірпігі айқаспады - көз ілмеді. Ит өлген жер - таяқ тастам жер
4. Олар сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады, ойды әсерлі жеткізеді. Мысалы, Айдар өзінен кішілерге қол ұшын беруді әдетке айналдырды. Осындағы қол ұшын беруді нені? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Балалар, тұрақты тіркестер орыс тілінде де кездеседі екен. Тақтаға назар аударып, салыстырайық.

Тұрақты тіркесті тіліміздегі басқа тіркестерден қалай ажыратуға болады? Ол үшін кестеге назар аударайық.

Синтаксистік тіркес
● Сөз тіркесі

Есімді сөз тіркесі → Сан есім, Сын есім, Есімдік

● Күрделі тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады

Зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, негізгі сөз, көмекші сөз

● Тұрақты тіркес → Бір ұғымды ғана білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады

Тұрақты, бір - біріне сұрақ қоюға болмайды

Оқулықпен жұмыс.
111 - жаттығу.
а) Оқыту.
ә) Берілгені бойынша тұрақты тіркестерді теріп жазу.
Шығармашылық жұмыс. 1. Төмендегі сөздердің синонимдерін тұрақты тіркеспен беріңдер.
Сыйлау, тез, әділ, қуану, тыныш, тамақ ішпеу, алдап кету, әдемі, таза.
2. Тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашыңдар және сөйлем құраңдар.
5. Білімді бекіту.
Кубизм әдісі арқылы.
1. Сипатта. Тұрақты тіркеске түсінік бер.
2. Суретте. Тұрақты тіркестің өзіне тән белгілерін айт.
3. Зертте. Тұрақты тіркес тіл білімінің қай саласына жатады?
5. Қолдан. Кім тұрақты тіркестерді көп біледі?
6. Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
Тұрақты тіркестерді қатыстырып сөйлем құрау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал