7


Абай Құнанбаев 'Қыс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:Білімділік: Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы, оқушылардың сөздік қорын дамыту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.Тәрбиелік: Эстетикалық және еңбекке баулу, таби
предварительный просмотр материала

Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі ашық сабақ


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қыс өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту арқылы, оқушылардың сөздік қорын дамыту, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назарын аудару, көркемдігін түсіндіру. Әдеби теориялық түсініктер беру.

Тәрбиелік: Эстетикалық және еңбекке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өлеңнің мазмұнын түсіну, ақын-жазушының стилін меңгеру, әдеби-теориялық түсініктерді ұғына білу қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс істей білуге төселдіру, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Оқушының лексикалық қорын молайту. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсіне білуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, пікір айту, жүйелеу, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих.

Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан Абай портреті,кітаптар көрмесі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сәлемдесу

2) Оқушыларды түгендеу

3) Сабаққа даярлығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Балалар біз өткен сабағымызда «Дүние қалай етсең табылады?» тақырыбындағы әңгімені өткен болатынбыз. Оқушылардан әңгіменін мазмұнын сұрап, мынадай сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

1.Бұл әңгіме не туралы?

2.Еңбек етуден ерінбеген адам кедей болатынын, қайыр сұраудан арланбайтынын байқадың ба?

3.Қайыршы Антонға бейтаныс кісінің ақылы қалай әсер етті?

4.Антон бұл сөзден қандай қорытынды шығарды? Мәтіннен тауып оқы.

Енді балалар 2 топқа бөлініп, еңбек туралы мақал-мәтел

айтып жарысамыз.

(Осы тапсырмалар тексеріледі, сабақ соңында бағаланады).


ІІ. Негізгі бөлім.

Мұғалімнің кіріспе сөзі және сабақтың эпиграфы: "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, Адалдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге"-деп Сұлтанмахмут Торайғыров айтқандай, Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де, бізбен бірге жасасып келеді.

Ұлы атамыздың бізге қалдырған - асыл сөздері өте мол. Біз оны ардақтаймыз.. Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Ендеше балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген - білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп,

Абай лебі - заманының тынысы,

Абай үні -ғасырлардың өрісі - деп сабағымызды бастаймыз.

- Балалар,біз Абай туралы жалпы не білеміз? Абайды біз кім деп танимыз? Абай өмірінен мәлімет.

Электрондық оқулық арқылы бейнефильм көрсетіледі.



Кітаппен жұмыс: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, мәнерлеп оқимын. Оқушыларға өлеңді оқытқызамын.


Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаймын

Өлеңнің авторы: А. Құнанбаев
Өлеңнің тақырыбы: Қыс
Идеясы: Қысқы табиғаттың көрінісі
Жанр түрі: табиғат лирикасы
Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Қазақ ауылының тұрмыс - тіршілігі
Кейіптеу: жансызға жан бітіріп сипаттау.


Абай өлеңдерінің аттары Абай әндерінің аттары


Интеркативті тақта арқылы сөздікпен жұмыс жүргізіледі.

Ұшпадай-жеке шоқ бұлт

Оқшырайтып-шошайтып, оқшауландырып

Ажарланды- сұлуланды, өңі кірді

Долданғанда- ашуланғанда

Үсік шалу- үсу, тону

Ымтығы құру- қажу, шаршау

Домбығып- үсіп

Тұмсығын салды- бұл жерде қасқыр шапты

Шидем- күпі

Қондыбай, Қанай- кедей ауылдарының аттары

Қор қылма- ысырап қылма


Өзің жалғастыр:

Қар жауады...

Ойнауға жақсы-ақ.

Осындай...

Кім үйде жатпақ?


Сөзжұмбақ шешу

Ақ сақалды атаны-ай,
Мінезінің шатағы-ай (….)


Бес ін,бес іннің,
Аузы бір ін. (……)



Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды. (…….)

Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды (……)

Шашылған сөздерден өлең құрастыру


Аңсаған қыс келді

Төсі де даланың,

Жауады көп ақша қар

Жұп-жұмсақ ақ мамық.

Өзгеше түске енді

Шаңғы мен шананы,
Жайқалған бақшалар

Тебеміз шаттанып


Ақын қолданған адам кейпіндегі қыстың суретін бейнелеп тұрған сөздерді тауып жазу,оқу.


"Жұлдызды сағат" ойыны

1. Абай қай жылы туды?

1855, 1963, 1845;

2. Қай жерде дүниеге келген?

Семей, Алматы, Торғай

3. Әкесінің аты кім?

Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай;

4. Абай қай рудан шыққан?

Жігітек, Бөкенші, Тобықты;

5. Анасының, әжесінің аттары кім?

Әйгерім, Зере, Ұлжан;


Үйге тапсырма:
Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін жаттау

Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» ММ

Нахимов негізгі мектебі



Абай Құнанбаев

«Қыс» өлеңі ашық cабақ



Өткізген: Ү.Т. Талапова

Сынып: 5



2014-2015 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал