7


Ертегілер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанда жәрдем беріпті. Қамқорлығы: Қарасудың бойындаңы жыртық үйлі кедейлерді аң аулап асырауы. Жанашырлығы: жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі. Адалдығы:жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын құйрығын ха
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі

Мақсаты: а) ертегі мазмұнын сұрау, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу; ә) оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту; б) Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.

Түрі: сазды, сахналық сабақ.

Әдіс- тәсілі: сұрақ-жауап, ой қозғау, шығармашылық қабілеттерін арттыру жұмыстары.

Көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қималар, мақал-мәтел сәйкестіру плакаты.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Оқушыларды және кабинетті дайындау. Оқушыларды түгелдеп, журнал толтыру.

Мақсат қою кезеңі. - Балалар, үйге «Керқұла атты Кендебай» ертегісін мұқият оқу тапсырылған болатын. Ендеше, бүгінгі біздің мақсатымыз - ертегі мазмұнын толық меңгеру, талдау, Кендебай бойындағы ізгі қасиеттерден үлгі алу және шығармашылыұ қабілеттерімізді барынша көрсете білу.

Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері - Кендебайдың мінез-құлқына сәйкес сабағымыздың эпиграфы етіп «Адамда жақсы қасиеті болмаса, оған бақта, бақыттақонбайды деген нақыл сөзді алғанды жөн көрдім.

  • Кендебай ең алдымен қандай адам? (Батыр )

Ертегідегі Кендебай сында батырдың адал серігі - Керқұла деген ат.Осы батырлардың серігі - ат туралы жалпыжылқы туралы қазақ әдебиеті мен мәдениетінде қандайтуындыларды білесіңдер.

Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру.

А) - Балалар, енді Кендебай батырдың бойынан қандай жақсы қасиеттер көргенімізді топтасстырайық.


қайырымды

Кендебай бойындағы қасиеттер

кішіпейіл

адал



адал

кішіпейіл

қамқор

ақылды

шыдамды

жанашырӘ(

Ә) Оқулықпен жұмыс.

Қайырымдылығы: жылағанды жұбатыпты, қысылғанда жәрдем беріпті. Қамқорлығы: Қарасудың бойындаңы жыртық үйлі кедейлерді аң аулап асырауы. Жанашырлығы: жетім баланы жұбатып, әке-шешесін тауып беруге уәде беруі. Адалдығы:жұлынып қалған қолындағы құлынның алтын құйрығын ханға табыс етуі. Шыдамдылығы: шаршаса да түні бойы көз ілмей қүлынды күзеткені. Ақылдылығы: ханға келген шаруасын, өзінің қарапайым адам екендігін айтуы, баланың әке-шешесін босатуға рұхсат сұрағандығында.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  • Осы ертегіні әнге, сазға, жалпы музыкаға бейімдеп жазып келу немесе сахналық қойылым ретінде өзгертіп дайындап келу тапсырылған болатын.Қане кім не дайындап келді?

Үш оқушы Кендебай мен жетім баланың кездесуін, хан қызының ақыл айтуын сазды көрініс ретінде дайындап келіпті.

Екі оқушы Кендебай мен жетім баланың диалогын «Қабанбай батыр» әніне лайықтап өлең сөзбен жазып, сахналандырылған көрініс қойды.

Бекіту.

Тақтамен, дәптермен жұмыс

А) венн диаграммасы арқылы салыстыру.


«Керқұла атты Кендебай» «Аяз би» ертегісі

ертегісі

  1. Шыншыл ертегіде ешқандай таңғажайып

оқиға берілмейді.

2. Қарапайым өмірдегі шынайы іс-әрекет.

3.Ақылының

  1. арқасында мұратына жетеді.

  1. Қиял-ғажайып ертегілерінде таңғажайып

ертегілер

болады.

  1. Іс-әрекет қиялға құрылған.

  2. Ғажайыптың

арқасында,

ерліктің

арқасында

мұратына ж

етеді.

Ертегі- халық мұрасы


Қорытынды: - балалар, Кендебай бақытқа осындай адами қасиеттер арқасында жетіп отыр. «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақт, бақыт та қонбайды» деген нақыл сөздің жаны бар екен. Кендебай батырдың бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі тұтып, әрдайым жақсылыққа ұмтылыңдар!

Үйге тапсырма.

  1. Ертегідегі ұлттық салт-дәстүрлерді теріп жазу.

  2. «Керқұла аттың өсіп жетілуі» деген тақырыпқа ертегі өрбітіп жазу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал