- Учителю
- Открытый урок по казахскому языку 'Қайталау сабағы' (3 класс)
Открытый урок по казахскому языку 'Қайталау сабағы' (3 класс)
Күні : |
|
Пән: | қазақ тілі |
Сынып: | 3 «В» |
Сабақтың тақырыбы: | Қайталау сабағы |
Сабақтың мақсаты: | «Менің заттарым» модулі бойынша оқушылар өз заттары туралы айтады. |
Сабақтың міндеттері: |
|
Күтілетін нәтиже: | Оқушылар өз заттары туралы айтады. |
Сабақтың түрі : | «Бауырсақ» ертегісіне саяхат |
Әдіс - тәсілдері: | сұрақ - жауап, ертегі бойынша қайталау |
Көрнекіліктер: | Көрнекі суреттер, АКТ |
Сабақтың барысы: | |
І.Ұйымдастыру кезеңі
| І. Сыныпта коллаборативтік орта құру. «Сәлемдесу» Амансың ба, Алтын күн! Амансың ба, Жер Ана! Амансың ба, достарым! Сендерді көрсем қуанам! (Оқушылар бір -бірімен қушақтасады)
ІІ. Сабаққа деген дайындықтарын тексеру. |
Сабақтың мақсатымен таныстыру: | Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабағымыз «Бауырсақ» ертегісіне саяхат жасай отырып, тапсырмаларды орындаймыз және бауырсаққа атасы мен әжесіне қайтып баруына көмектесеміз . Сабақ барысында бір -біріңді бағалап, бағаларына сәйкес «сыйлық» (фишка) аласыңдар. Балалар, бағалау критерияларын еске түсіріп, айтып шығайық. «5» - қатесіз, дұрыс, толық жауап бергенде; «4» -бір -екі қате жіберілсе; «3» - үш -бес қате жіберген жағдайда. |
Жаңа сабақ | |
Мұғалімнің сөзі: | Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып- тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып: - Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! - дейді. Бауырсақ: - Қоян, сен мені жеме. Мен саған тапсырма беремін: тапсырманы орындасаң мені жемейсің, ал орындай алмасаң жеп қоясың. |
Қоянға берілетін тапсырма: Интерактивті тақта арқылы ой қозғау. | Сұрақ - жауап және аударма жұмысы Мұғалім балалардың назарын тақтаға аудартып, сұрақ қояды.
- Мынау -сызғыш. - Сызғыш қандай? - Сызғыш - қысқа, ұзын, сары. - Сызғыш - линейка. - Мынау не? - Мынау - сағат. - Сағат қандай? - Сағат - жаңа, әдемі. - Сағат - часы. - Мынау не? - Мынау - қарындаш. -Қарындаш қандай? -Қарындаш - қызыл. -Қарындаш - карандаш. -Мынау не? -Мынау - күнделік. -Күнделік қандай? -Күнделік - жаңа, жасыл. -Күнделік -дневник.
|
- «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!». Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барды. Бір кезде оған Қасқыр жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! - дейді.
Қоян: - Қасқыр, сен мені жеме. Мен саған тапсырма беремін: тапсырманы орындасаң мені жемейсің, ал орындай алмасаң жеп қоясың. | |
Қасқырға берілетін тапсырма: Жеке жұмыс (оқушылар дәптерлермен алмасып, тексереді және бір -бірін бағалайды) | 2- тапсырма. Толықтырып жаз.
...... ....... ....... ....... .......
- «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қасқыр саған да!».
|
| Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барды. Бір кезде оған Аю жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! - дейді. Қоян: - Аю, сен мені жеме. Мен саған тапсырма беремін: тапсырманы орындасаң мені жемейсің, ал орындай алмасаң жеп қоясың. |
Аюдың тапсырмасы:
| 3-тапсырма. Үлгі бойынша сөйлемдер жазу.
|
| Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барды. Оған Түлкі кездесіп, оның да жегісі келеді.
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайда домалап барасың? - дейді ол. - Жолмен домалап барамын. - Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!... Қоян: - Түлкі, сен мені жеме. Мен саған тапсырмалар беремін: тапсырмаларды орындасаң мені жемейсің, ал орындай алмасаң жеп қоясың. |
Түлкіге 1- тапсырма: Оқуға деген мүддесі төмен оқушылармен жұмыс (тақтада) |
Түлкі: - Бауырсақ, мен шаршап қалдым. Демалып, бір би билейікші. Қоян: - Жақсы. Қаражорға биін билейік. |
Сергіту сәті: | Қаражорға биі
|
| - Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді. Түлкі оған: - Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.
Бауырсақ: - Жоқ, егер сен менің екінші тапсырмамды орындасаң, сенің тұмсығына домалап шығып бар дауысымен әнімді айтамын. Түлкі келіседі. |
Түлкіге берілетін 2-тапсырма. Жұптық жұмыс | - Түлкі, сен мені жеп қайтесің! - дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады. Оларға бару үшін тағы бір тапсырманы орындау керек. 5-тапсырмадағы диалогті аяқтау. - Сәлем, Дәулет! -Сәлем, Коля! -Қайда барасың? -Стадионға барамын. - Мынау не? - Бұл -доп.
Сөйтіп, Түлкі мен Бауырсақ жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ оларға жұбақ жасырды. |
Бекіту: | Оқу құралдары туралы жұмбақтарды шешіп, шешуін тақтаға жазып, аудару. 1.Если ты его отточишь, Нарисуешь все,что хочешь! Солнце, море, горы, пляж. Что же это? ... (Карандаш - қарындаш)
2.В школьной сумке я лежу, Как ты учишься скажу. (Дневник - күнделік)
То в линейку. Написать по ним сумей -ка! Можешь и нарисовать... Что такое я? ... (Тетрадь - дәптер)
С утра она чернила пьет, Потом я ей даю тетрадь, Она по ней идет гулять. (Ручка - қалам)
|
Қорыту: | Рефлексия (оқушыларға стикерлер таратылады, олар сабақ туралы өз ойларын жазады). Сабақта не істегендері туралы айтады. Сыйлықтарын санап, бағалары қойылады. |
Үйге: | 178 -бет 4-тапсырма. Сөйлемдерді аударып айт. |
Бағалау: |
|
ОЙ ҚОЗҒАУ
ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫС БІР - БІРІН БАҒАЛАУ
СЕРГІТУ СӘТІ
«ҚАРАЖОРҒА» БИІ
Астана қаласы
Білім басқармасы
№30 мектеп -гимназия
Қазақ тілі
Қайталау сабағы
«Бауырсақ» ертегісіне саяхат
3 «В» сынып
Мұғалімі: Ибраева Д.А.
Астана 2014 ж.
ӨЗІНДІК ЕСЕП
Сабақтың тақырыбы:
Қайталау сабағы
«Бауырсақ» ертегісіне саяхат
Сабақтың мақсаты:
«Менің заттарым» модулі бойынша оқушылардың алған білімдерін жинақтап, пысықтау.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің рөлі
1.Сыныпта коллаборативтік орта құру мақсатында шаттық шеңберін өткіздім.
2. Оқушылармен бірге бағалау критерияларын қайталадық.
3.Слайд көрсету арқылы ертегіге саяхат жасатып, тапсырмаларды орындаттым және миға шабуыл жасадым.
4.Жеке жұмыс жүргіздім.
5.АКТ мен жұмыс тақтады жасалды.
6. Оқуға деген мүддесі төмен оқушылармен жұмыс жүргіздім.
7. Сергіту сәтін өткіздім.
8. Жұптық жұмысын өткіздім.
9. Сабақты бекіту мақсатында жұмбақтарды жасырдым.
10. Рефлексия
Оқушының белсенділігі
1.оқушылар орта шығып амандасып қушақтасты.
2. Оқушылар «5» - қатесіз, дұрыс, толық жауап бергенде;
«4» -бір -екі қате жіберілсе;
«3» - үш -бес қате жіберген жағдайда қойылатыны туралы айтты.
3. Сұрақ -жауап әдісі арқылы заттарды атады және зияны мен пайдасы бар заттарды анықтады, сипаттама берді.
4. Сөйлемдерді толықтырып жазды және дәптерлерімен алмасып, бір-бірін тексерді және бағалады.
5.Үлгі бойынша сөйлемдер жазды.
6. «Телефон» сөзіне фонетикалық талдау жасады және «Менің қаламым» сөз тіркесін тәуелдеді.
«Қаражорға» биін биледі.
8. Кітаптағы диалогті аяқтады.
9. Жұмбақтардың жауабын тақтаға жазып аударды және тән дыбыстарын атады.
10.Стикерлерге сабақтан алған әсерлері туралы жазды.
9.Рефлексия
10.Үйге тапсырма
8.Рефлексияда сабақтан алған әсерлері туралы жазды.
Қолданған модульдер
СТО
АКТ
Оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту.
Оқушылар не үйренді?
Интерактивті тақтадағы қаламмен жылжыту арқылы жұмыс жасауды
Мен не үйрендім?
Жүйелі түрде жұмыс жасауды.
Оқушылардың барлығын сабаққа қамтуды.
Кедергілер
Бірін -бірі әділ бағалауда
Түйін
Сабақ жоспарын тартымды жоспарлау. Әділ бағалауға көмек көрсету.