7


  • Учителю
  • 'Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас' тақырыбына сабақ жоспары

'Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас' тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сырттай ұқсастықтарын және іштей өзгешеліктерін меңгерту;

ә) дамытушылқ: түрлі әдістер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін жинақтау;

б) тәрбиелік: білімге, құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, дәстүрімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, кешенді талдау, шығармашылықпен жұмыс, слайд.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ана тіл - асыл қазына, Байлығың білсең, ол сенің.

Жеткізер өмір жазына

Сонымен өсер өркенің, - деп ақын ағаларымыз жырлағандай, тілдің тазалығын сезінетін кезекті қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Семантикалық кесте

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.


2

Егер осы жақсылығың болмағанда , мен жолда қалатын екенмін.


3

Жақсы ұстаздық етсең , болашақтан тірек табарсың.


4

Оқығандарын әбден біліп алмайынша, ол алға жылжи алмайды.


5

Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.


6

Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын.

Қорытындылау сұрақтары:

  1. Шартты бағыныңқы сабақтас ?

  2. Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары ?

Құрмалас сөйлем


Салалас Аралас Сабақтас


Ыңғайлас салалас Шартты бағыныңқы

Қарсылықты салалас Қарсылықты бағыныңқы

Себеп-салдар салалас Себеп бағыныңқы

Түсіндірмелі салалас Мезгіл бағыныңқы

Талғаулы салалас Қимыл-сын бағыныңқы

Кезектес салалас Мақсат бағыныңқы

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.

1

-са да, -се де

-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен

(-а,-е,-й)+ тұра

(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) + қарамай (қарамастан)

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса

-ғанша,-генше,-қанша,-кенше

Қыс келсе де,қар жаумады.

2

Қыс келгенмен,қар жаумады.

3

Қыс келе тұра,қар жаумады.

4

Қыс келгеніне қарамастан,қар жаумады.


5

Қыстың келгені болмаса,қар жаумады.

6

Далаға шығып жаурағанша,үйде отыр.

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да,ол кезде көмектерін алмаған-ды.

ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса,Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ; есімшенің бұл түріне кейде да,де шылауы қосылып та қарсылқты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де,ойын тоқтала қоймады;

в) есімшеге -ша,-ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше,менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.

г) -а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра,тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамстан,осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

1

2

3

4

1. Шартты рай

-са да (-се де)

Қайтсе де? Не істесе де?

/.........../ шаршаса да,

/- - - - - - /

2. Көсемше

ған мен

(-ген) ша

ше

-ғаны бол-

(-гені) ма-

са-

-ғаны + ы + на (-гені +і+не) қарамастан,қарамай-


Қайткенмен?

Не еткенмен?

Қайткенше?

Не еткенше?

қайткені(не еткені) болмаса?

қайткеніне (не еткеніне)

қарамастан? (қарамай)

/...../ естігенмен, /- - - - /

/..../ ұрысқанша, /- - - - - /

/............/ шаршағаны болмаса, / - - - - - - - - -/

/................./ шаршағанына қарамастан

(қарамай) /- - - - - - -/

3. Есімше

-а (-е,-й) тұра

Қайте (не ете) тұра?

/.........../ көре тұра, /- - - -- - - - /

Жаттығумен жұмыс: 129-жаттығу.

Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты. Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды. Тентек төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Малдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан, атқа қоныпты. Дайрабай: «Мал бағып, егін салып, әуре болғанша, сол дұғаны неге оқып отыра бермейміз?» - депті. Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын. Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нәрсе жоқ.

Жаңа сабақтың маңызды белгілерін ажырату. Жаңа сабақты меңгерту барысында өзіндік жұмыс. Берілген сөздерден қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер құрап жазыңдар.

1. Қараңғы, дабыр;

2. Күн, жаңбыр;

3. Өзен, балық;

4. Кітапхана, кітап;

5. Қыс, мал.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Венн диаграмма арқылы қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сыртай ұқсастықтарын және іштей

өзгешіліктерін табайық.


Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:

130-жаттығу.

Мұстафа одан жаман кектене түскенмен, мен енді ол үйден кетпеуге бел байладым. Сексен сұлу сылаңдап тұрса дағы, Ғалияның алмаймын кірпігіне! Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік. Жұмыс қанша бұлдыр болғанымен,маңдай алдым қанща бұлдыр болғанымен, менің сол кездегі өмірім қуанышты өмір болды.




Семантикалық кесте

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.


2

Егер осы жақсылығың болмағанда , мен жолда қалатын екенмін.


3

Жақсы ұстаздық етсең , болашақтан тірек табарсың.


4

Оқығандарын әбден біліп алмайынша, ол алға жылжи алмайды.


5

Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.


6

Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын.






Семантикалық кесте

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Ғылым таппай, мақтанба, Орын таппай.


2

Егер осы жақсылығың болмағанда , мен жолда қалатын екенмін.


3

Жақсы ұстаздық етсең , болашақтан тірек табарсың.


4

Оқығандарын әбден біліп алмайынша, ол алға жылжи алмайды.


5

Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.


6

Көшің көрнекті болсын десең, көлігің күтімді болсын.





Семантикалық карта

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Жолдың алыста жатқанына қарамастан, олар кештете атқа қонды.

2

Байқаудың жақын қалғанын біле тұра, оған көп мән бермеді.

3

Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі- үш шақырым бар.

4

Ахмет жаңа үлгіге жаны құмар болса да, алдымен қажеттігіне, беріктігіне қарайтын.

5

Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды.





Семантикалық карта

Мысалдар

Шартты рай

Көсемше

Есімше

1

Жолдың алыста жатқанына қарамастан, олар кештете атқа қонды.

2

Байқаудың жақын қалғанын біле тұра, оған көп мән бермеді.

3

Қарақоға көз ұшында көрінгенмен, біздің ауылдан екі- үш шақырым бар.

4

Ахмет жаңа үлгіге жаны құмар болса да, алдымен қажеттігіне, беріктігіне қарайтын.

5

Достық сын жақындатпаса, алыстатпайды.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал