7


  • Учителю
  • Сауат ашу және жазу негіздері Қ дыбысы және әрпі

Сауат ашу және жазу негіздері Қ дыбысы және әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан Облысы

Ұлан ауданы

Герасимовка ауылы

Герасимовка орта мектебінің

Мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Муздапарова Райгуль Адиковна

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: « Қ дыбысы және әрпі»

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақатап, таза сөйлеуге үйрету.

  2. Сөз, сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын дамыту.

  3. Қазақ халқының асыл қазынасын бағалауға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: тақырыпқа байланысты слайдтар, әріптер, текшелер

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету.Мотивациялық-қозғаушылық











Ұйымдастыру - ізденушілік









































































Рефлексивті-түзетушілік



</<br>



Алақанды ашайық

Көкке қолды созайық.

Күннің нұрын алайық

Жүрегімізге салайық

Жиналған жылы шуақты

Бәрімізге шашайық!



Жұмбақ жасыру

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады.

Жауабы: қар

  • Қар сөзі қандай дыбыстан басталады?

  • Қ дыбысы қандай дыбыс?



  • Бүгін біз қ дыбысымен танысамыз.

Баспа түрінің бас және үлкен әріптерімен таныстыру.

Суретпен жұмыс.

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар? (сырмақ)

  • Оны неден жасайды?

  • Сырмақты қандай оюлармен әшекейлеген?

Сырмақ және онда салынған ою түрлері туралы толықтырып әңгімелеу.

Дәптермен жұмыс.

Ұшақ, қобыз, тышқан сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы қ дыбысының орнын ажыратқызу.

Балаларға қ дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлап айтуды ұсыну.

Сергіту сәті.

«Көңілді күн» әуеніне қимыл-қозғалыстар жасау.

Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып, хормен, жекелеп оқыту.

Үлгі бойынша қ дыбысының бас және кіші әрпін бастырып жазады.

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Заттар салу үшін ағаштан жасалған төртбұрыш жиһаз.

  2. Басқа төсеп ұйықтауға арналған зат.

  3. Ас ішетін құрал.

Дидактикалық ойын.

«Сөз ойла, тез ойла»

Мақсаты: Балаларды ой шапшаңдығына үйретеді.







Балалар орындарынан тұрып, қимылмен көрсетіп орындайды.







Мұқият тыңдап, жауабын айтады.







Қ дыбысынан басталатынын айтады.

Дауыссыз дыбыс екендігін ажыратады.





Мұқият тыңдайды.





Суреттен көргендерін айтып, әңгімелейді.















Суреттегі сөздерді айтып, қ дыбысының орнын табады.



Ойланып сөздер айтады.







Видеоға қарап, қимыл-қозғалыстар жасайды.

Әріптерді құрап оқиды.



Әріптерді бастырып жазады.





Сөзжұмбақты шешеді.









Қ дыбысы кездесетін сөздерді тез тауып, айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қ дыбысы туралы түсінік.

Қандай түсініктерді игерді: қ дыбыстық ерекшелігін меңгерту.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сөйлеу тілін жетілдіру, ой-өрісін дамыту.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал