7


  • Учителю
  • Урок на тему: Табиғат - денсаулық мекені (старшая группа)

Урок на тему: Табиғат - денсаулық мекені (старшая группа)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Тақырыбы: «Табиғат денсаулық мекені»

Мақсаты: табиғат,денсаулық өқндылықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: табиғат пен денсаулықтың өзара үйлесімділігі туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: шығармашылық өабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін,ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпентқарауға жетелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер,хрестоматия,үнтаспа,суреттер, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтар, буклет.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Армысың, шапағатты Күн-Ана!

Армысың ,қайырымды Аспан-Ата!

Армысың ,мейірімді Жер-Ана!

Күн дарыт,бар әлемді жарылқа!



Әңгімелесу:

-Балалар, «табиғат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Табиғатқа нелер жатады?

-Денсаулық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Табиғат пен денсаулықтың арасындағы байланыс қандай?



Өзіммен-өзім.

Үнтаспадан құстардың үні, сылдырап аққан судың, тербелген ағаштардың сыбдыры,табиғаттың сан алуан құбылысының дыбысы естіледі.Балалар көздерін жұмып, тындайды.

-Қандай дыбыстар естідіңдер?

-Қандай әсер алдындар?

Балалардың жауаптары.

-Балалар, қалай ойлайсындар күн бізге не үшін керек?

-Күн әлемге жарық беріп, жылытады, ол жоқ болса қараңғы түнекте өмір сүретін едік.

-Ал, ауа бізге не үшін керек?

-Ауасыз тіршілік жоқ. Ауамен біз демаламыз. Ол жоқ болса біз тұншығып қалар едік.

-Су бізге не үшін керек?

-Сусыз тіршілік жоқ. Су болмаса шөлдер едік.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер,

Үп-үлкен боп өседі.



Балалардың табиғат туралы тақпақтар тыңдалады.

1-бала: Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір су да әдемі,

биік-биік шыңдарым да әдемі.

2-бала: Тіршілікке не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат,сең қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

3-бала: Ақсу,Көксу, Сарысу,

Бұл-сумен түптеп танысу.

Ырғыз,Торғай,Аягоз,

Сай-саланың бәрі су.

Есіліп Есіл ағады,

Жайылып Жайық барады.

Сылаң қақса Сыр сұлу,

Шу шулап атой салады.



Дәптермен жұмыс:

-Суретті әдемілеп бояп, әңгімелеп беріндер.

Дәйексөз.

Тәрбиеші балаларға «Тәні саудың жаны сау» деген халық мақалын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

Ойын: «Табиғатқа көмектес»

Балалар екі топқа бөлініп, алдарындағы ақ қағазға шашылып қалған табиғат бөлшектерін тез әрі дұрыс орналастырулары керек.



Қорытындылау.

-Бүгін біз табиғат және денсаулық туралы әңгімелестік. Оның сұлулығына тамсанып, әуендерін тыңдадық. Күн,су,ауа, жердің адамның денсаулығына пайдасын, өзара үйлесімділігі мен байланысын білдік. Табиғат пен адам өмірінің егіз екендігін түсіндік.

Күн, су, ауа, жер - біздің достарымыз. Оларды аялай білуіміз, қамқорлық көрсете білуіміз керек .



Жүректен-жүрекке.

Балалар табиғатқа байланысты жақсы тілектерін айтып, қолдарындағы жүрекшелерін тақтадағы ағашқа апарып жапсырады.

-Аспанымыз ащық болсын!

-Күніміз сөнбесін!

-Жұлдызымыз жарқырай берсін!

-Даламыз гүлдей жайнай берсін!

-Суымыз таза да мөлдір болсын!

-Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!



Хормен: Табиғатты сүйеміз,

Басымызды иеміз!













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал