7


  • Учителю
  • Мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі

Мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мирас» балабақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны







Мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі

















Мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі





Мектеп жасына дейінгі тұлғаны қалыптастыруда табиғаттың ролі

























Тобы: «Бәйтерек»

Орындаған: Қалдыбаева М.Т

























Қаратау қаласы - 2016 жыл







Мақсаты:





  • Мектеп жасына дейінгі тұлғаны табиғатпен терең таныстыра отырып, табиғат ерекшеліктерімен таныстыру, білімдерін нығайту.



  • Баланың дүниетанымын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.



  • Табиғатты қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.













































«Туған жердің қара тасын мақтан

ете білмеген адам, бөгде жердің

алтын тасын да мақтап етіп жарытпас»

Қ.Сәтпаев

"Таза болса табиғат-аман болар адамзат,табиғат,сен-тіршілік тұнып тұрған,сен-күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты шын ұқтырған",-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Бала үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.Өйткені,баланың өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса, баланың табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Бала -табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Бала табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, бала өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау барша жұртқа тіршілік қамы,табиғи қажеттілік.Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет.Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты. Балабақша балаларының табиғаттан алатын алуан түрлі тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады: саяхат; мұражайларға бару; мақсаттық серуен; телебағдарламалар, бейнефильмдер; табиғат туралы көркем әдебиеттер; суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау; музыка тыңдау; дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер.

Балалардың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым - қатынас, балалардың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттеріне, сана сезімдерінің жылдам өсіп жетілуне, түйсігіне тағы басқа оңды әсер ету мүмкіндігі зор. Себебі, адам табиғи тірі ағзалардың бірі. Адам өзінің болмысымен игерген білім жүйесі нәтежиесінде өзін кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.







































































Біздің жүйелі әңгімемізде көрнекілік үлкен орын алады: балалар көрнекілікті көріп қабылдаудан қорытуға, ұғым құруға оңай барады.

Көрнекі кұралдар тек жеке нақтылы заттардың түсініктері мен бейнелерін туғызу үшін ғана емес, сонымен бірге ұғымды қалыптастыру үшін бастапқы материал ретінде де пайдаланады. Балалардың бақылаулары, көрген фильімі, тыңдаған әңгіме, оқиғалары, кітаптар бойынша жүргізілген әңгіме балалардың бағдарламалық материалды саналы түрде игеруіне көмектеседі. Бақылау балалардың табиғат, қоршаған орта туралы ұғымдарыи қалыптастырады. Бақылауды ұйымдастыруда объектінің негізгі ерекшеліктерін байқауға, мүқият ұғып алуға, бақылауға бағыттаймыз. Біздің «Бәйтерек» тобындағы балалармен жұмыс, оқу іс-әрекеттер соның ішінде Қ.О.Т.Э; Әлеуметтік орта экология негіздерімен жұмыстар жүргізіледі. «Отбасында бәрі еңбек етеді», «Адам тірі жан», «Экологиялық ертегілер бойынша саяхат», «Жақсы деген немене жаман деген немене» атты оқу іс-әрекеттер өткізілді..

Біз заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін таныстыруда әңгімеге жауапты қарауымыз керек. В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен - бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және бағдарламалық материалды саналы түрде емес, тек механикалық игеруін көрсететін сүрақтар қоймауы керек. Сұрақ балаларды ойландыратын өз ойымен бақылағанын байланыстыратындай болуы керек. Мысалы, сұрақтарды былай қоюға болмайды: Табиғат деген не? Жыл мезгілдері деп нені айтады? т.б. Алдымен балаларға илюстрациялардан, картинадан, суреттен табиғаттың бейнесін, суретін көрсету керек. Содан. кейін табиғат деп нені айтатынын сұрауға болады. Балаларға сілтеме сүрақтар мен шұбалаңқы сүрақтар қоюға болмайды, өйткені олар балалардың табиғат құбылыстарының мазмүлып түсінетіндігін айқындамайды, қайта оларды түсінбей жаттап алуға итермелейді.

Жалпы ұғымдарды қалыптастыру жұмысын жүргізе отырып, тәрбиеші балалардыц өз білімдерін қолдана білуіне көңіл бөлуі керек.

Естиярлар тобынан бастап балалар белме өсімдіктерін күтуді үйренеді. Оларда әрбір өсімдікке өсіп - өнуге қолайлы жағдайлар: жақсы топырақ, жеткілікті мөлшерде ылғал, жарық, жылу керек деген ұғым қалыптасады. Бөлме әсімдіктерін күту арқыпы балалар топырақты дұрыс қопсытуды, өсімдіктерге су қүюды, ірі жапырақтарды ылғалды шүберекпен сүртуді, өсімдіктерге тыңайтқыш дәрі себуді үйренеді. Тәрбиеші бірінші кезекте мұны барлық бала дүрыс жасай ала ма екен, соны тексеріп, жалпы үгымдарды сабақта және сабақтан тыс уақытта практикалық іс -әрекетпен байланыстыра қол жеткізеді.

Табиғат туралы бүлдіршіндердің ой-өрісін кеңейтіп, осы түйсіктер арқылы бүлдіршіндерге табиғат сырларын ұғындыру жөніндегі экологиялық тәрбиенің ересектер тобына арналған жоба-бағдарламасын ұсынып отырмыз: Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипаталады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептеуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұлқұбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байкап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.Өсімдіктер туралы ұғымдары кеңейтіліп, оның ішінде күнбағысқа т.б. өсімдіктерге тоқтала, оның күнге қарап өсуіне байланысты аталатын және дәнінен май сығып алып, күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі бір жағдайлар - топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екені түсіндіріледі. Кейбір жануарлардың өсіп дамуы жөнінде балалардың білімі толықтырылады, құстар жұмыртқалайды, балапан басып шығарады, оларды азықтандырып асырайды және түйе ботасын, сиыр бұзауын, ит күшігін, мысық баласын өз сүтімен асырайтындығы түсіндіріледі. Балалардың жабайы хайуандар (қасқыр, аю, түлкі, қоян, кірпі) олардың тіршілігі, қорек табу әрекеті жөніндегі ұғымдары кеңейтіледі. Жылдың төрт мезгілінде болатын құбылыстарды ұғындыру. Күзде: Балалардың өлі табиғаттағы, өсімдіктердің құстар мен аңдардың тіршілігіндегі күзгі өзгерістері туралы накты түсініктерін кеңейту, балаларға бұрыннан таныс кейбір кұбылыстар мен ауа райының жағдайы және өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі арасындағы байланыстың реттілігін анықтап «күз» ұғымының мәнісін айқындап, қорытындылауға бағыттау. Балалардың жансыз табиғаттағы, құстардың хайуандардың өмірінде бірте-бірте болатын өзгерістер: жапырақтардың түсуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі жайындағы ұғымдарын бекіту. Күзде балабақша егістігіндегі көкөніс жинау, қазып алу, ауланы тазарту (жапырақтарды жинап бір жерге үю) т. б. жұмыстарға көмектесіп, пайдалы еңбекке араластырылады, әңгімелесулерде күз туралы түсініктері нақтылана толықтырылып бекітіледі, фильмдер көрсетіледі. Қыста: Балалардың қысқы ауа-райының сипатты белгілері ағаштардың, ормандағы құстар мен аңдардың тіршілігі туралы білімдерін кеңейту және қорытындылау мақсаты көзделеді. Еңбек дағдыларын қалыптастыру, жанды нәрселерге ұқыптылықпен қарау сезімін тәрбиелеуді жалғастыра беру. Қар жауып тұрған кезде балаларға қара қоңыр қағаз қиындысын беріп, оған қар ұшқынын тосып алып, оны анықтап қарап, соңынан суретін салуды ұсыну, бала қиялын ұштау. Қыс туралы ұғымын толықтыраотырып, күнделікті байқау, кештің ерте түсуі, ай мен жұлдыздардың шығуы, ауа-райы құбылыстарына қардың жаууы, аяз, боранның болуы назар аудару. Қыс қызығын тамашалап, жүздері суықтан бал-бұл жанған балалардың ақ қар, жалтыраған көк мұзда шана, шаңғымен сырғанап ойнап жатқан суреттері бейнеленген суреттер арқылы «Қыс қызығы», «Ортақ шана» атты қимылды ойындарын ойнату. Адамдардың еңбегімен көшені, жолды тазарту, қарды күреу балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы, суреттер, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалаумен қатар, қыскы табиғатты қорғай білуіне назар аудару.Көктемде:Табиғаттың көктемгі құбылыстары, олардың себептері туралы, көктемдегі адамдардың еңбегі жайында балалардың білімдерін толықтыру қажет болады. Көктем ұғымын қалыптастыру. Өлі табиғаттағы өзгерістерді күннің ұзаруын, сеңнің жүруін, өсімдіктер дүниесіндегі ағаштар мен бұталардың бүр жаруын, алғашқы жапырақтың шығуын, көктемгі гүлдердің гүлденуін байқау. Жәндіктердің іс-қимылдарын бақылату арқылы балалардың түйсіктерін толықтыру. Құстардың ұшып келуін, ұя салып, балапандарына жем беруін бақылай отырып, қарлығаштың ұясы туралы әңгімелеп беру, құстардың пайдасы, оларды қорғау, қамқорлыққа алу жөнінде әңгімелесу. Мысалы, тоқылдақты ағаштың арасынан құрттарды теріп жейтіндігінен «ағаш дәрігері» аталғаны, ал қарлығаштың ұшуына қарап, олар шарқ ұрып ойнап, күн нұрына шомылып жүр дейміз, ал шын мәнінде үнемі «жұмыс істеп» құрттарды аулап жүретінін, сондай-ақ тоқылдақ, қарлығаштардың суреті салынған көрнекі құралдарды пайдалана отырып әңгімелеу. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты мультфильмді пайдалану. Көктемнің алғашқы гүлі бөйшешекке тоқталу, тақпақ жаттату, бейнелеу жұмысы бойынша суретін салғызу.

Егіс даласындағы көктемгі жұмыс, гүлзарлардағы балалар еңбегіне тоқталу. Табиғат бұрышындағы өсімдіктер туралы дидактикалық ойындар ойнату.

Жазда: Жаз мезгіліндегі күннің жарығы мен жылудың әсерінен өсімдіктердің өсіп жетілуі жөніндегі бала ұғымы кеңейіп, жинақталады, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар мен шөптесін өсімдіктерді айыра білуге үйрету ескеріледі. Адамдардың гүлзарлардағы, егістіктердегі еңбегімен таныстырады, табиғатқа құмарлық, сүйіспеншілік, ұқыпты қарау сезімін тәрбиелейді. Балалар арам шөптерді отап, гүлдердің тұқымын жинауды үйренуі тиіс. Тәрбиеші күнделікті серуен кезінде аспанға назар аударады (бұлтты,бұлтсыз сөздерінің мағынасын түсіндіру). Жаңбырдың жаууы кезінде тәрбиеші балаларға оның бұлттан жауатындығын түсіндіреді: Біздің «Бәйтерек» тобында «Қош келдің, Алтын күз», «Кел жаңа жыл», «Ана біздің гүліміз», «Наурыз Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгіліктер ұйымдастырылып өткізілді.



Сондай-ақ табиғаттағы жаз құбылыстары, ерекшеліктері туралы бүлдіршіндердің ой өрісін дамытып, толықтыру, өсімдіктерді күту, жануарларға қамқорлық жөніндегі адам еңбегіне тоқталу. Жаз күнінін ұзақтығы, жаңбыр, найзағай, кемпірқосақ туралы түсініктерін нақтылау. Серуен, экскурсия кезінде жаздың әр кезеңінде гүлдейтін өсімдіктердің, жемістердің пісуін, құстардың көбеюін бақылау. Гүлдерді жинау, шоқгүлдер тобын жасау арқылы топ бөлмелерді безендіру. Табиғат бұрышында балалар бөлме ішінде өсімдіктерді суарып, гүлдердің түбін қопсытады, сондай-ақ аквариумды, құс торларын тазартады,өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күту мен олардың жақсы жағдайдаболуы арасындағы байланысты анықтауға үйретіледі. Табиғат мүйісінін эстетикалық көркемдігіне балалар назарын үнемі аударып отыру. Біз топта суреттерді, диафильмдер мен көркем әдебиетті оқуды пайдалану арқылы әңгімелесулеріне көп орын беріледі және табиғат құбылыстары туралы өз елінің табиғатын қорғап, қамқор бола білу қасиеті бойына сіңіріледі.

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысының және бір арнасы - адамгершілік тәрбиеге саяды. 1. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспенішілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Туған өлкеге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің негізгі құралы - ұлтгық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындылары. Бала әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген.Халқымыздың қандай ән-әуені болмасын мейірім-шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзіадал еңбекке де баули білген. Оларға арнап мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар, қанатты сөздер, ертегілер шығарып, күнделіктібала тәрбиесіне қолданған. Тәрбиенің осындай мол мұралары арқылыбаланың сезімін оятып, рухани дүниесін байытқан, айнала қоршаған дүниені танытып, еңбекке баулыған және де табиғат өсімдігімен қатар кең даладағы құстардың сан алуан дыбыстарымен, жабайы аңдардың үй жануарларының үнімен таныстырып, танымдық қызығушылығын арттырған.Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет. Мұны бала психологиясын жетік білетін, туған елінін табиғатын сүйетін, жаны нәзік тәрбиеші ғана істей алады

Сол кезеңдегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психологиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.

Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып,күшейеді,тепе-теңдік сипат алады.Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік,таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы,білуге құлшынысы,байқап-көре білуі,логикалық ойлауы,табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.

Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. «Алтын күз</</u>», «Құстар күні», «Табиғатты сүйеміз», т.б. ертеңгіліктер бала еңбегімен ұштасып отырса біз табиғат жанашырын тәрбиелей алар едік.



а) балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу.

ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.









































































Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып,оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып,жауапкершілігін күшейтуге,табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес,сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат құбылыстарының жұмбақ сырлары әрқашан да қызықтырады. Олар тілі шыға бастаған кезден-ақ үлкендерден әрнәрсені сұрап, білмекке құштар. Әрнәрсені «қар неге жауады? Жаңбыр қайдан пайда болады? Жеміс-жидектер қыста неге піспейді? Қарлығаш неге күн жылы кезде келеді? Шыбын-шіркейлер күн суығанда қайда кетеді? - деген сияқты сан алуан сұрақтар қояды. Бала естіген, көрген, сезген нәрсесін танығысы, білгісі келуі заңды ғой. Ендеше балалардың осындай сұрақтарына мән беріп, ойдағыдай түсіндіре аламыз ба? Бүлдіршін бөбектің тіршілік, түйсігі осындай ұсақ-түйектен қалыптаса беретіні бекер ме?Бала зейінін құстар сайраған дауысына, судың сылдырына, жапырақтардың сыбдырына аудара отырып, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты осы құбылыстардың өзгеруін түсіндіру ғана емес, айналасындағы ортада болып жатқан өзгерістерді өздігінше бақылай білуге де үйрету қажет.

Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі. Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында "Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені" екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

К.Д.Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,оның өзіндік логикалық ойлауын,сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен.Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына,батыл пікір,нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі - бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:

1. саяхат;

2. мақсаттық серуендеу;

3. телебағдарламалар, бейнефильмдер;

4. табиғат туралы көркем әдебиеттер;

5. суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

6. музыка тыңдау;

7. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

Балаға табиғаттың күрделі екенін, өлі және тірі бөліктен тұратынын, тірі табиғат өсімдіктер мен жануарлар әлемі деп бөлінетінін, адам сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұғындыруымыз керек. Сонымен бірге адамзат өзінің іс-әрекеттері арқылы табиғатқа кері әсер етіп жатқанын да бала білуі қажет. Балабақшадағы экологиялық білім беру тәжірибелік бақылаулармен ұштастыра жүргізілсе ғана нәтижелі болмақ.

Халық даналығынан туған «Орман - жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т. б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Бала үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі - бізге, яғни ерексектерге байланысты.

Балабақшаның негізгі міндеті - дені сау, қазіргі заман ағымына сай сауатты да инабатты ұрпақ тәрбиелеу, сонымен қатар баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әрі еңбекке баулу. Балаға табиғаттағы әрбір өсімдікті таныстыру, көрсету арқылы ғана экологиялық тәрбие бере аламыз. Қорыта келе айтарым, балабақшадан бастап қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиеленген бала келешекте табиғат қамқоршысы болатыны сөзсіз.

























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. Алматы. 1998 ж

2.Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

3.Экологиялық білім беру бағдарламасы. Қазақстан мектебі, Алматы, 1999.Манкеш А.Е, Баталова Э.Н, Айналаны қоршаған орта.

4. Есеналина Н.Т. «Экологиялық тәрбие көзі-халықта» атты оқу әдістемелік құралы, 2004

5.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру

стандарты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

6.Что должны знать о живой и неживой природе дети разных возрастных групп детского сада. 1998 год «Рауан»

7.Қазақстан мектебі.2007-№ 1.29 бет. 2007-№ 3. 39 бет,2007- № 4. 36 бет,2004- № 7. 21 бет

8.Бастауыш мектеп. 2009- № 9. 7-9 беттер,2005-№ 9. 34-35 беттер

9.Бала мен балабақша 2007-№4. 12 бет

10. Интернет



























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал