7


  • Учителю
  • Психологиялық тренинг - Әріптестермен қарым-қатынас

Психологиялық тренинг - Әріптестермен қарым-қатынас

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

"Мерей" балабақшасы









Психологиялық тренинг - Әріптестермен қарым-қатынас





Психологиялық тренинг - Әріптестермен қарым-қатынас





Психологиялық тренинг - Әріптестермен қарым-қатынас







Педагог-психолог: Наурызбаева Б. Т.

























2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: мұғалімдердің ойлауының мазмұнын сыртқы қимыл-әрекеттер арқылы жеткізе білу қабілетін жетілдіру. Бір-біріне жылылық сыйлау, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.



Міндеті:

  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;

  • көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;

  • тілге деген құрметін арттыру.



Тренинг барысы:

Армысыздар, құрметті қонақтар! М.Әуезов айтқан: «Қазақ тілі әрі бай, әрі көркем тіл. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, кең тіл».

Қазақ тілі - мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін құрал. Адамды мұратына жеткізетін - ана тілі мен ата дәстүрі.



Психолог:

І. «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, біз сәлемдесу рәсімін жасап алайық.



Қуаныш шеңбері.

Амансыз ба, күн! /қолымызды күнге көтереміз/

Амансыз ба, дос! /қолымызды жоғары көтеріп, қатар тұрған көршіміздің қолын қысамыз/

Амансыз ба, әлем! /қол ұстасып қолымызды жоғары көтереміз/

Жақсы адамға мың сәлем! /құшақтасу/



ІІ. «Болмысымның бәрі - тілімде, Тілімдегінің бәрі - түсімде» дейтін жәйттердің бәрі адамның бет және дене құбылыстары (мимика және пантомимика) арқылы бейнеленіп көрсетіледі.

Арнайы тапсырманы орындау: Топ жетекшілеріне ішінде мақал жазылған үлестірме ұсынылады. Сол мақалдың мазмұнын топ мүшелерінің бірі денесінің қимыл - қозғалісі мен бет әлпетін өзгерту арқылы көрсетеді де, оның шешімін қарсы топтан талап етеді.

  1. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.

  2. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме.



ІІІ. «Жіпті шешу» ойыны

Мұғалімдер бәрі бірге жұптасып тұрады. Әр жұпқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Жұптасқан мұғалімдер сол қолдарын артына ұстап, оң қолдарымен бірлесе жіпті шешулері керек. Қане, қай жұп жеңімпаз атанар екен. Музыка ойналады.



ІV. Кокология тесті

  1. Шөл дала. Жалғыз, шөлдеп келе жатырсың, алдыңда құмыра жатыр.

  1. Неден жасалған?

  2. Ішінде не бар?

  3. Кім алып келеді?

  4. Кім алмайды?

  1. Су көрдіңіз.

  1. Кім бірден сүңгіп кетеді?

  2. Кім қолын, бетін жуады.

  3. Келесің - келесің жол кездесті.

  1. Бір жол бар - қысқа

  2. Бір жол бар - ұзын.

  3. Қайсымен жүресің?



Жауап.

  1. Құмыра - сенің серігің, ішіндегі затқа қарай ойлау керек.Бос болса қуыс кеуде.

  2. Суға сүңгіп кету - кез-келген істі бірден орындау. Қол жуу - асықпай ойланып орындайды.

  3. Қысқа жол - тез шешім қабылдағыш, ұшқыр ойлы. Ұзын - асықпаушылық, шешімді асықпай ойланып қабылдайтын адам.

Т.Мани айтқандай, адам әуелі өзін-өзі танып, өзінің жетістігі мен кемшіліктерін біліп, өзін өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік алады.



V. «Көрші» жаттығуы

Нұсқаулық:

Көршінді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

(Мұғалімдер қимыл - қозғалістар арқылы жаттығуды жасайды)



VI. Қорытынды

Тіл - адамның адамдық белгісінің жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күндері тіліміз өркендеп келеді. Сол ана тілімізді қастерлеу - біздің міндетіміз.



Махаббат

М-Маңдайынан иіскеп өскен

А-Асыл шексіз сезімменен

Х-халық тірегі болады деп

А-асқақ арман жетегімен

Б-бесік тербеп әлдилеген

Б-бауыр етің балдай тәтті

А-асылым деп мәпелеген

Т-тілімізге мың тағзым



Хормен:

Махаббатымыз мәңгі біздің тілге деген.



VII. Рефлексия: Егер жүргізілген «Әріптестік қарым-қатынас» атты тренинг барысы ұнап көңіліңізден шықса бас бармақтарыңызды көрсетіңіз. (Бүкіл аудитория).



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал