- Учителю
- Мектепалды дарлық сыныбы. Ашық сабақ жоспары. Білім беру саласы: «Қатынас»
Мектепалды дарлық сыныбы. Ашық сабақ жоспары. Білім беру саласы: «Қатынас»
Күні 29.01.2016ж. Мектепалды даярлық «Д» сыныбы Білім беру
саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті «Көркем әдебиет»
Тақырыбы «Шана» Мақсаты: Білімділік Жыл мезгілі қыс туралы
түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,
сурет көріністерін бейнелей білуге үйрету, өз ойын толық жеткізіп,
жүйелі әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылық Балалардың
сөйлеу әрекетін, тілін, есте сақтау қабілетін, көркемдік талғамын,
ой - қиялын дамыту. Тәрбиелік Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп,
көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап,
ғажайып сәт, ойын, сергіту әні.
Көрнекілігі: Орман көрінісі, қыс туралы, бейнелі суреттер, магнитті
тақта, тіс пастасы, аққала, шырша, ағаштар, аю, қоян, түлкі
кейіпкерлері.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, қоршаған орта, математика, сурет,
ән.
Алдын - ала жүргізілген жұмыстар: Серуен, қыс туралы өлеңдер
жаттату.
Әрекет кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Оқу іс-әрекетін жұмбақ оқып беруден бастау.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып, Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Балаларым, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
- Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
- Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
- Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
- Жарайсыңдар, осындай тамаша көңіл - күймен орманға барғыларың
келе ме?
- Иә, барғымыз келеді.
- Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның көмегімен біз орманға барамыз.
Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.
- Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
- Қыс мезгілі
- Қар жауады, аяз болып, боран соғады. Қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді. Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады. Алақай, деп қолдарын көтереді.
Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді
- Қар басқан шыршалар, ағаштар, аққала, үйілген қарлар.
Іздену ұйымдастырушы
- Қар туралы сендер не білесіңдер?
- Шыршаның түсі қандай? Бойлары бірдей ме?
- Орманда тағы нелер бар екен?
- Иә, аңдар бар екен. Аңдар туралы не білесіңдер?
-Жақсы, олай болса «Қысқы баспана» ертегісін сахналап жіберейік.
Сахналау: «Қысқы баспана» ертегісі
-Ой, балалар біз жан-жағымызға қарайықшы тағы не көріп тұрмыз?
- Балалар, хатты ашып оқиықшы. Не деп жазыпты?
-Құрметті кішкентай бүлдіршіндер! Сендер қандай әдемі, білімді балаларсыңдар. Шыршаның артына қараңдаршы. Орман тұрғындарының сендерге деген сыйлығы бар.
- Балалар, орман тұрғындары бізге мынадай сыйлық дайындапты.Енді сыйлығымызды алып, сыныбымызға қайтайық.
- Міне, балалар, біз сыныбымызға да келдік. Қысқы орманнан не көрдік?
- Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне, қызық! Мұнда әдемі шана бар екен. - Шана бізге не үшін керек?
- Шананы жылдың қай мезгілінде қолданамыз?
- Неге жазда қолданбаймыз?
- Қазір, мен сендерге Гүлнар Әзімбаеваның «Шана» атты шығармасын оқып беремін. Мұқият тыңдап отырыңдар.
Әңгімені ары қарай балаларға өз сөздерімен аяқтауына бағыт-бағдар беріп отыру.
Сергіту сәті:
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?» Ойын барысында қыс мезгіліне байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Таудан түссем, тоқтауды білмейді, Тауға қарай тартсам да жүрмейді.
2.Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.
3. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
4. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
5. Суға батпайды, отқа жанбайды.
Ребус шешу: Ш
- Аппақ, аппақ қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
- Түсі жасыл, бойлары биік және аласа
- Қоян, түлкі бар.
- «Қысқы баспана» деген ертегі білеміз.
-Хат
Балалар көздерін жұмады
Сұрақтарға өз сөздерімен жауап береді.
-Шана
-Шырша
-Қар
-Аяз
-Мұз
Балалар ребусты шешеді.
Рефлексивті түзетуші
Дидактикалық ойын: «Кім зейінді?» Ойын барысында балалар әр жыл мезгіліне сәйкес суретті табады.
-Балалар, қыс айларын еске түсірейікші.
-Қазір қыс мезгілінің қай айы?
-Міне, қаңтар айы да аяқталып қалды. Біз бүгінгі күнге дейін бірнеше тақпақтар жаттаған болатынбыз. Қане, есімізге түсірейікші.
Сәйкес суреттерді табады.
Қыс мезгілі туралы білетін тақпақтарын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі.
Меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық
жауап беруді үйренеді.