- Учителю
- «Қош бол , Ақ шағала балабақшам»
«Қош бол , Ақ шағала балабақшам»
</ «Қош бол , Ақ шағала балабақшам»
Жыңғылды ауылындағы «Ақ шағала » балабақшасында үлкен мереке болды. Балабақша түлектерінің «Қош бол , Ақ шағала балабақшам» атты ертеңгілігі ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады. Балдай тәтті бүлдіршіндеріміздің ертеңгілігінің шымылдығын балабақша директоры М.Садуова өзінің жүрек жарды лебізімен ашып берді. Бүлдіршіндер өз жыр шумақтарын :
Қуанамыз сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін - деп қимастықпен арнады. Бұл күні балалардың да, ата - аналардың жүздерінен ерекше қуаныштың лебі есіп тұрды. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер ауыл алаңына барып , арман - тілектерін айтып қолдарындағы шарларын аспанға әуелетті.
«Ақ шағала» балабақшасының тәрбиешісі: Құлбарақова Р