7


  • Учителю
  • Мақала: Мен мектепке барамын...

Мақала: Мен мектепке барамын...

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Павлодар қ. № 5 ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

бастауыш сынып репетиторы Ж.Н. Имангельдинова



Н. Назарбаев: «Бала тәрбиелеу - болашаққа

ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап,

балаларға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек».



«Мен мектепке барамын...»

(Баланы мектеп алды дайындау тәсілдері)



Қазіргі таңда дамыған елдердің білім беру жүйесіндегідей еліміздің білім беру жүйесі өзгеріп, 12 жылдық оқытуға көшу барысында мектептің 1-сыныбына қабылданатын балаға қойылатын талаптардың ұлғаюы себебінен әрбір ата-ана баласы 5-6 жасқа толғанда мектепке баруға дайындық жүргізе бастайды. Балабақшада да арнайы бағдарлама бойынша шығармашылық жұмыс, сауат ашу, айналамен танысу, тағы да басқа пәндер бойынша дайындық топтарында сабақтар жүргізіледі. Ата-аналар оқуға қажетті кітапшалар, журналдар, оқу-құралдарын алып, өздігінен үйде дайындалады. Ата-аналардың кейбірі көп жағдайда мектепке дайындаушы педагогтың немесе репетиторлық орталықтардың көмегіне жүгінеді. Педагогтан олар мектептің қазіргі талаптарына сәйкес, балаға оқуды, дұрыс жазуды, санауды үйретуін талап етеді. Білікті және тәжірибелі маман баланы оқуға дайындамас бұрын баланың оқуға психо-физиологиялық тұрғыдан даярлығын тексереді. Баланың психикалық дайындығы деп ойлау қабілетінің, жадының, зейін тұрақтылығының және т.б. танымдық үдерістердің даму деңгейінің жеткіліктілігін айтамыз.

Мектепке баратын баланың мектепке баруға мотивациясы болуы қажет. Мотивация дегеніміз яғни баланың мектепке деген оңтайлы көзқарасы мен оқуға ынтасы.

Мектепке дайын болуды оқып, санап, жаза алу ғана емес, сонымен қатар мектепке не үшін бару қажет екенін баланың өзінің түсінуі, білімпаз болуы, өз іс-әрекеттеріне жауап беруі, өз-өзіне қызмет көрсете алуы, үлкендердің (мұғалімнің, тәрбиешінің) қойған талаптарын орындауы, мектеп ішінде еркін қозғалуы, ұзақ уақыт отырып бір іспен айналысуы, ұстазды тыңдай білуі, құрбыларымен тіл табыса алуы деп түсіну керек. Кішкене кезінен балабақшаға барған баланың мектеп ортасына үйренуі қиындық келтірмеуі мүмкін, ал балабақшаға белгілі бір себептермен бара алмаған, күн тәртібіне үйренбеген балаға мектеп тәртібіне үйренісу қиынға соғары анық. Сол себептен мектепке бару уақыты жақындағанда баланы мектептегі даярлық топтарына, мектеп жанындағы жазғы лагерьлерге апару өз нәтижесін береді, бала қоршаған ортаға үйренеді, мектеппен танысады, бейімделу кезеңін өткереді.



Баланы мектепке даярлауда ата-ана не нәрсеге баса назар аударуы керек?

Жоғарыда атап өткеніміздей, ата-ана біріншіден, баланың физиологиялық дайындығына (жас ерекшелігі, денсаулығы, логопедке немесе басқа маманға жүгіну қажет пе); екіншіден, психикалық дайындығына (танымы, жады, ойлау қабілеті үдерісінің дұрыс жетілуі); үшіншіден, баланың оқуға деген дұрыс көзқарасының қалыптасуына; төртіншіден, баланың күн тәртібіне (өз тәртібін бақылай алуына, ережелерді орындай алуына, ойын мен демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыруға); бесіншіден, баланың гигиенасы мен тамақтануына назар аударғаны жөн.

Күн тәртібін қатаң сақтау оқушының болашақта жинақы, уақытын тиімді пайдаланатын тұлға болуына септігін тигізеді. Яғни таңертең ерте тұрып, кешке ерте (күнделікті бір уақытта) жату қажет. Кіші мектеп жасындағы баланың ас мәзіріне үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Ас мәзірінде жеміс-жидектер, көкөністер, кептірілген жемістер, балық өнімдері, жаңғақтың әр түрлері, сүт өнімдері, ботқалар, шырындар белгілі бір мөлшерде болуы баланың ағзасының дұрыс дамуына әсерін тигізері сөзсіз.

Ұсыныстар:

Сауат ашу пәні бойынша оқушы:

  • Қаламды дұрыс ұстай алуы

  • Жазу элементтерін дәптер бетіне дұрыс орналастыруы

  • Сурет бойынша 5-6 сөйлемді әңгіме құрастыра алуы

  • Буындап оқи алуы

  • Өз аты-жөнін білуі, отбасы мүшелері туралы айта алуы

  • Өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтарды білуі

  • Жыл мезгілдерін рет-ретімен айта алуы

  • Аптадағы күндердің атауын білуі

  • Ай атауларын білуі

  • Көкөністерді, жемістерді білуі

  • Жиындарды айта алуы

  • «Артық» затты тауып бере алуы тиіс.

Математика және логика пәндері бойынша:

  • Графикалық суреттерді сала алуы

  • Бірден жиырмаға дейін тура және кері санай алуы

  • Заттарды көлемі, өлшемі, түсіне қарай ажырата алуы

  • Көп және аз, үлкен және кіші, биік және аласа, кең және тар ұғымдарын білуі

  • Заттарды көлеміне, мөлшеріне қарай салыстыра алуы

  • Артық, кем, тең ұғымдарын білуі

  • «Оң» мен «сол» ұғымдарын білуі

  • Логикалық сұрақтарға жауап бере алуы (Мысалы: «Сиырдың мүйізі нешеу? Қайыңда неше алма өсіп тұр?» т.б.) тиіс.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал