7


  • Учителю
  • Ашық сабақ. Тақырыбы: Ана-аса қымбатты жан!.

Ашық сабақ. Тақырыбы: Ана-аса қымбатты жан!.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ана - аса қымбатты жан!»

Ашық сабақтың тақырыбы: «Ана - аса қымбатты жан!»

Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ашық сабақтың көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат.

Ашық сабақтың барысы:

  • Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

  • Шаттық шеңбері: Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін,

Меркелі осы күн!





  • Құрметті тәрбиешілер мен қонақтар сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан - ақ бірінші сөзін Ана деп атайды. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдін гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. «Ана - аса қымбатты жан!» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

  • Балалар бәрі хормен: Құттықтаймыз сіздерді, 8 - ші Наурызбен!!!

  • Уа, ағайын, ағайын,

Көктем келді жайнаған.

Балабақшада бүгін той,

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнандар,

Гүлдей жайнап тұрыңдар,

Құттықтаймыз сіздерді.

Меркеңмен бүгінгі.





  • Тәрбиеші: Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы. (Балалардың тақпағы айтылады)



  1. Ана - біздің күніміз,

Ананың - біз гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.



  1. Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдагы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.



  1. Анам менің ақ анам,

Балапанын мақтаған.

Анам барда әр дайым,

Қуанамын, шаттанамын.



  1. Анашым, жан анашым,

Балдан тәтті бал анам.

Үйге келсең сағынам,

Құшақ жая қарсы алам.



  1. Бірімізге анасың,

Біз үшін күн болып жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймыз анашым.



  1. Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бірін де.



  1. Бізді тәрбиелеген апайым,

Еңбегіңізде зор екен.

Құтты болсын апайым,

Құтты болсын мерекең.



  1. Анам, Анам, ақ Анам,

Мен өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.



  1. Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам.



  1. Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген анашым,

Айналайын анашым.



  • Сергіту сәті:



Жақсы көрем анамды,

Айналайын ақ анашым.

Менің анашым сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.



Алақай - ау, алақай,

Үйге келді ананмыз.

Міне, қандай тамаша,

Мәз-мейрам болып қаламыз.

  • Тәрбиеші: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табаады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.



  • Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, балалардың ішінен өз балаларын тапқызу.





  • Тәрбиеші:

Мерекені қарсы салып,

Мәз болғанда барша құрт.

Гүл ұсынып қыздарға,

Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)





  • Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым.



  • Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келегн, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес па? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйдықтары бар екен. Соны табыс етсін.



  • Тәрбиеші:

Аналар, балқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен ашық сабағымызды аяқтайық.

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа - дей отырып. Бүгінгі «Ана - аса қымбат жан! » атты ашық сабағымызды жабық деп жариялаймыз. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам рсы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық. Ардақты тәрбиешілер, аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!!!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал