- Учителю
- Спорттық Жарыс - 2016ж.
Спорттық Жарыс - 2016ж.
№50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК
Тақырыбы:
«Балауса» ІІ кіші тобы
Тәрбиеші : Есенова В.Б.
Орал - 2016ж.
Тобы: «Балауса» ІІ кіші.
Уақыты: 7.10.2016жылы.
Тақырыбы: Эстафеталық жарыс
Мақсаты: Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту.
Керекті құралдар: доптар, кегли, құраулар, шелек.
Сазды әуен қосылып, балалар жарты шеңбер болып тұрады.
Тәрбиеші: Топты жарған түлектерміз,
Жаралдық ақ тілектен біз - деп
Бүгінгі ойын-сауығымызды бастаймыз.
Балалар қазір біздер жылдың қай мезгілін қарсы алдық?. Күз мезгілі сендерге несімен ұнайды?.
Бәріміз орнымыздан тұрып жан-жақты дамыту жаттығуларын жасап алайық.
Тәрбиеші: Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар
Жарысқа қатысатын балалар
Тұлпар және Достық тобы болып екіге бөлінеді. Ойынымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
1. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
2. Допты тасу.
3. «Көкөністерінді егіп кел де, жинап ал»
4. «Кім жылдам»
Ал, енді балалар эстафеталық ойынымызды бастаймыз.
1. «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы
Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын алаңына қойылған кегілені айналып өтіп келіп, жалауды келесі балаға береді. Өзі команда тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.
2. «Допты тасу». Белгіленген жерде құрсаудың ішінде доптар жатады, бірінші бала жүгіріп белгіленген жердегі құрсаудан бір доп алып келіп мәре сызығында тұрған қорапқа салады, екінші бала осылай жалғастырады. Қай топ бірінші допты салып аяқтаса сол топ жеңеді.
3. «Көкөністерінді егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1 м қашықтыққа түзу бойынша әр жерге тасталған он кішкене шеңбер және команда капитанының қолында дорбада он көкөніс болады. Белгі бойынша капитандар шапшаң жүгіріп келіп, дорбаны екінші ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, үшіншісі егеді.Ойын осылай жалғасады. Капитан дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.
4. «Кім жылдам». Құрсауды денесіне кигізіп белгіленген жерге өтіп айналып келіп, екінші ойыншыға береді, осылай жалғаса береді.
Осымен төрт бөлімнен тұратын ойын-сауығымыз өз мәресіне жетті.
«Тұлпар» мен «Достық» тобының белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Ән: «Топ, топ балақан» әнімен аяқтау.