- Учителю
- Ашық сабақ Күй атасы - Құрманғазы (ересе топ)
Ашық сабақ Күй атасы - Құрманғазы (ересе топ)
Сабақтың тақырыбы: Күй атасы - Құрманғазы
Сабақтың мақсаты:Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды
рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын мақсатында және
музыканы саналы түрде қабылдауға, мәнерлеу дыбысы арқылы музыканың
даму ерекшелігін анықтауға.
Сабақтың міндеттері:
а)білімділігі:Күй атасы - Құрманғазы туралы толық мағлұмат
беру.
ә)дамытушылығы: Оқушылардың ән - күйлер тыңдау арқылы әуендік
сезімталдығын арттыру, есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін
дамыту.
б)тәрбиелігі: Өнерді құрметтеуге, өзін - өзі ұстауға,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Құрманғазы суреті, мақал - мәтелдер,
психологиялық тренинг, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
ІІ Психологиялық дайындық:
Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Психологиялық тренинг
Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз?
Сұрақтарға жауап беру?
- Ән, күй, би, жыр
- Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.
Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз
«Өнерлі бала-сүйкімді».
Өнерліге - өріс кең.
-. Қандай күйшілерді білеміз?
- Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не
дейміз?
- Әрине әнші, күйші, биші, жыршы.
Жарайсыңдар балалар! Ендеше біздің бүгінгі көретін сабағымықздың
тақырыбы «Күй атасы - Құрманғазы»
Құрманғазы Сағырбайұлы - күйші, композитор.
Құрманғазы Сағырбайұлы - Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге
келген.
Құрманғазы Сағырбайұлы - алғашқы ұстазы Ұзақ күйші.
Құрманғазы Сағырбайұлы - күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран
шешем» т. б. күйлері бар.
Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім
алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты.
ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы
Сағырбайұлы - теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол - заманындағы қоғамдық -
әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық - зомбылыққа қарсы күресіп өткен
адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
- Құрманғазының шәкірті кім?
- Шәкірті - Дина
Шағын көріністі тамашалау
Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», - дейді.
Құрманғазы тек күйші емес, оның шәкірті атақты күйші апамыз Дина
Нұрпейісқызы.
Сергіту сәті:Жұмбақтар шешу
Ұзын мойын,
Екі ішек.
Қатар - қатар текпішек.
Басып көрсең бір - бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)
Әрине Домбыра аспабының қасиеттілігін атайықшы
Тақтаға шығып плакатқа жазады
Домбыра - еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра - шежірені білуді талап етеді
Домбыра - адамның ішкі - жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді,
денсаулықты нығайтады.
Домбыра - иманды болуға жол ашады.
Домбыра - әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра - жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
демекші бүгін үйренетің әніміз «Домбырасыз сән қайда»
Ән айтар алдыңда дауыс жаттығуларын жасайық.
Дауыс жатығуы: До, ре, ми, фа, соль, ля, си. До.
«Домбырасыз сән қайда»
Әнін жазған: И. Нүсіпбаев
Сөзін жазған: Х. Талғаров
(Әннің авторы туралы оқушы айтып береді)
Әннің авторы - әуесқой композитор, қазақ балаларына эстетикалық
тәрбие беруде көп еңбек еткен адам. Одан білім алғаншәкірттерінің
көбі музыканы өздерінің мамандығына айналдырып, белгілі әнші,
дирижер, композитор болды. И. Нүсіпбаев 150 - ден астам балалар
әндерін жазды. Олар мектеп өмірі, еңбек, достық. «Жомарт өлке»,
«Саяхат жыры», «Айналайын ақ мамам», «Май жыры», «Достық» т. б.
әндерін балалр ерекше сүйіп орындайды. Енді осы әнді мұқият тыңдап
отырыңдар мен орындап берейін. (ән орындалады)
Әнді бірінші тыңдаймыз.
Баян аспабымен айтамыз.
- Әннің дыбыс мәнерін тыңдап көріңдер.
- Ән не туралы айтылып тұр?
Домбыра туралы қандай өлендер білеміз?
Балалар мәнерлеп «Домбыра » туралы өлендер оқиды.
ІV. Бекіту: Балалар бүгін біз қандай күйшімен таныстық? Әрине
Құрманғазы
Енді тыңдайтын Құрманғазының «Сарыарқа» күйі. Күй тарту арқылы
сурет саламыз. Күй тыңдай арқылы көз алдымызға не елестейді, әрине
жайлау, тау, қазақтың ауыл жері. Балалар суреттерін
түсіндіреді.
[Сабақты қорытындылаймыз:
Сұрақ - жауап:
1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз?
3. Қандай әнмен таныстық?
4. Әннің авторларын ата?
5. Әнді домбыра аспабымен айту.
V. Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
VІ. Үйге тапсырма: Құрманғазы туралы толық мағлүмат жазып келу.
Әнді жаттап келу.