- Учителю
- Туған күнге арналған тәтті тоқаштар
Туған күнге арналған тәтті тоқаштар
«№2 «Айгөлек» бөбек-бақшасы МКҚК
Ашық оқу іс-әрекеті
(тіл дамыту)
Өткізген: «Үміт» тобының тәрбиешісі
Казиева Б.Ж.
2016 оқу жылы
«Үміт » 4-5 жас тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Казиева Б.Ж
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық, денсаулық ,таным.
Бөлімі:Тіл дамыту
Тақырыбы:«Туған күнге арналған тәтті тоқаштар»
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың бойында достық сезімін құрметтеуге тәрбиелеу
Білімділік: Нанның қандай еңбекпен дастарханға келетінін, балалармен бірге қайталай отырып, нанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды аспазшы кейпіне еніп, ұннан жасалған өнімнен әр түрлі тәттілерді орау, бүктеу бастыру әдісін пайдалана отырып тоқаштар жасауға үйрету. Балаларға мерекені естеріне түсіре отырып, топ ішіндегі балалрдың туған күндерінде бір-біріне жылы сөздер және мерекелік көңіл-күй сыйлауға талрындару.
Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілдік қорын, нанға деген сүйіспеншілігін дамыту.
Сабақтың барысы :Балалар әуенмен топқа кіріп, жарты шеңбер болып тұрады.
Мотивациялық -қозғаушы
Балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті.
қонақтармен амандасайық.
Амандасу
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
-
Балалар айналамызға
қарайықшы, топтың іші безендірілген. Сендер де әдемі болып, күндегіден ерекше киініп алғансыңдар. Үстеріңе қандай киім кидіңіздер?
-
Бүгін біздің оқу іс-
әрекетіміз ерекше болғалы тұр. Қанекей сабағымызды бастамас бұрын біз көтерінкі көңіл-күймен бір-бірімізге шаттық шеңбері арқылы жылы лебіздерімізді білдірейік.
Шаттық шеңбері
Амандасу
Балалар шеңберге тұрып бір-бірімен бүгінгі күнмен, келген қонақтармен амандасты.
-Аспазшы киімі
Шаттық шеңбері
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз тыныштық
Ащық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеміз
Бәріміз де біргеміз.
Ұйымдастыру-іздену
-Жарайсыңдар балалар! Олай болса бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық.
Мен сіздерге сұрақтар қоямын, сіздер мұқият тыңдап, тез-тез жауап беріңіздер.
-
Қазір жылдың қай айы?
-
Қыс мезгілінде неше ай бар? Олар қандай?
-
Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-
Балалар бүгін біздің тобымызда Әлия атты қуыршағымыздың туған күні. Ол беске толады екен. Білесіздер ме, туған күн қалай аталып өтіледі?
-
Балалар, сендердің аналарын туған күнде келген қонақтарға арнап қандай тәттілер дайындайды?
-
Балалар білесіздер
ме, бұл нан, тоқаш, печенье, торттар барлығы неден жасалады?
-
Балалар есімізге
түсірейікші, күз мезгілінде біз «Нан қайдан шығады?» атты тақырыпта ертегі оқыдық.
Слайдтан Егін, бидай комбайн, машина, ұн, наубайхана, нан пісіретін жер, дүкеннің суреттері көрсетіледі.
-
Өте жақсы балалар
ертегіні ұмытпапсыңдар. - Балалар міне мынау -бидай,осы бидайдан наубайханада мынадай ұн жасайды. Мінекей, нан бізге көп еңбек арқылы келеді екен.
-
Балалар нан туралы кім мақал-мәтел айтып береді.
-
Олай болса, біз де қуыршағымыздың туған күніне тоқаш пісіріп сыйлық жасайық. Мен мына қамырға май салып, сүт қосып, қант салып илеп, дайындап қойдым. Сендер дайын қамырдан өздерің ұнаған пішінде тоқаштар жасайсыңдар.
-
Балалар
жұмыстарыңды болсаңдар, енді бұл дайын болған тоқашты біз пешке салып, пісіріп, алуымыз керек еді. Бізде пеш жоқ, сондықтан қазір балабақша асханасына телефон соғып, біздің тоқаштарымызды пісіріп беруін сұрайын.
-
Алло, Сәлеметсіз бе?
Бұл балабақша асханасы ма? Мен «Үміт» тобының тәрбиешісімін. Біздің балалар туған күнге арнап тоқаштар жасаған еді. Біздің тоқаштарымызды пешіңізге салып, пісіріп бересіз бе? Жақсы, рахмет! Балалар аспазшы апай: «Жарайды, алып келіңіз»-деді. Көмекші апай бізге көмектесіп,асханаға апарып береді. Ал біз кішкене сергіту жаттығуын жасап сергіп алайық.
Сергіту
Ал біз тоқаштар пісіп келгенше өз білгендерімізді ортаға салайық.
- Біз не жасадық?
- Тоқаш неден жасалады?
Нан туралы тақпақтар білесіздер ме? қанекей нан туралы тақпақтарды кім айтады?
-Жарайсыңдар, балалар, сендер нан туралы тақпақтарды жатқа біледі екенсіңдер.
Телефон шырылдайды.
-
Балалар бұл аспазшы апай ғой.
-
Алло! Иә,иә тыңдап тұрмын.
(телефоннан дауыс естіледі)
-
Бұл «Айгөлек» балабақшасының «Үміт» тобы ма?
Сіздердің тоқаштарыңыз пісті. Мен қазір беріп жіберемін. Балалар өте жақсы, дәмді жасапты. Ас болсын!
Тәрбиеші:
- Ой, рахмет! Сау болыңыз!
- Балалар тоқаштар да пісіп қалыпты. Қазір беріп жіберемін деді.
(Сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ:
-
Сәлеметсіздер ме,
балалар? Жаңа мен мына тәтті тоқаштардың иісін алыстан сезіп, балабақшаға келсем, бұл тоқаштарды сіздердің жасағандарыңды айтып, маған апарып тастауымды сұрады. Бұл ненің құрметіне жасалған?
-
Бүгін сізде қандай мереке болып жатыр?
-
Қандай сыйлықтар дайындадыңыздар?
-
Ұннан жасалатын тағы да қандай тағамдар жасалады?
-
Балалар біздің
тоқаштарымыз ыссылау болып тұр. Кәне, біз оларды үріп суытайық.
( Тыныс алу жаттығуы)
-Балалар енді осы тоқаштарымызды апарып, тілектер айтып, қуыршаққа сыйлайық.
-
Қыс
-3ай. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
-Аяз болады, қар жауады, жел шығып, боран көтеріледі.
-(балалардың жауаптары)
-Торт, тоқаш, печенье, кәмпиттер, нан.
-Ұннан
Балалар суреттер бойынша нанның дастарханға келу жолдарын сурет арқылы айтып береді.
1.Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2.Нан болса, ән болады.
3.Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Балалар берілген орындарына барып, тоқаштар жасайды.
Сергіту
Бишілерше бұралып,
Дөнгелене билейік.
Домбыраны қолға алып,
Күйшілерше шертейік.
Әсем әуен сазыменен
Дөңгелене билейік.
-Тоқаш
-Ұннан
Тақпақтар
Сара:
Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз.
Нан-қасиет,нан-береке,нан-мереке.
Алихан:
О адамдар, айтарым бар,
Нанды баспаңдар!
Онда қол жетпейтін аспан бар,
Әлі ешкім жазбаған дастан бар.
Өтініп сұраймын
Ана-бол,дана-бол,бала-бол,
Нанды баспаңдар!
Айгерім:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Егін елді жинайды,
Қырманға деп қоймайды.
Біздің дала той дала,
Алтын астық айнала.
-Сәлеметсіз бе!
-Қуыршақтың туған күні.
-Тоқаштар жасадық
-Нан, печенье, торт.
-Сен де бізбен бірге туған күнді тойла, Сайқымазақ.
Балалар тыныс алу жаттығуын орындайды.
Рефлексивті- түзету
- Балалар бүгін сізбен азпазшы кейпіне еніп қуыршақтың туған күніне тоқаштар пісірдік. Енді орнымыздан тұрып «Аспаздар биін» билеп, оқу іс-әрекетті қорытындылайық.
Балалар барлығы бірге аспаздар биінің қимылдарын музыка әуенімен орындайды.
Күтілетін нәтижелер:
Нені біледі: Нанның қандай еңбекпен дастарханға келуін біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Ұннан жасалатын тағамдар түрлерін игереді.
Меңгерген дағдылықтары мен іскерліктері: Дайын қамырдан әр-түрлі пішінді тоқаштар дайындау жолдарын меңгерді.