- Учителю
- Өз білімін жетілдіру есебі
Өз білімін жетілдіру есебі
МКҚК «№2 Балабақша»
Ақкөл қаласы 2016 жыл.
Өз білімін жетілдіру бойынша есеп
Тақырып: «Дидактикалық ойындар арқылы баланың тілін дамыту»
Өз білімін жетілдіру бойынша есеп.
</ Өз білімін жетілдіру бойынша тақырып: «Дидактикалық ойындар арқылы баланың тілін дамыту» жай алыған жоқпын, себебі балаларға білім берген кезде жай ғана айтып немесе оқып отыру қызықсыз және назарын тез басқа жаққа ауып кетеді. Сондықтан әр түрлі дидактикалық ойындарды қолдана отырып балаға сабақ немесе білімбере отырып балаға қызықты және білімді болып отырады.
Педагогикалық іс-әрекетте шеберлікке үйрену үшін, көп үйрену қажет, бала психикасын және жас ерекшеліктерін танып алу қажет.
Өз жұмыс негізінде мен көптеген дидактикалық ойындарды алып отырамын.
Қазіргі мектепалды білім мен тәрбие заман талаптарына сай менің жұмысымның мақсаты: балалардың әр түрлі дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін осындай міндеттерді қоямын:
-
сөздік қорларын молайтып, сөздігін көбейту;
-
ойын арқылы баланы танымдық қабілеттерін дамыту;
-
ойынға деген қызығушылығын арттыру;
-
бір-бірімен қарым-қатынас құру тәжірибесін арттыру;
Тақырыбым бойынша жұмыс істей отырып балабақша мүмкіндіктерді және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дидактикалық ойындар туралы жоспар құрдым.
Сонымен бірге дидактикалық ойындар топтамасын жасадым. Жұмыс барсысында мен мынадай дидактикалық ойындарды жасадым: «Жемістер мен көкөністер», «Сортер», «Балық аулау», «Артық затты тап» және т.б. және осы ойындар жас ерекшеліктерімен сай уақыт сайын толтырылып күрделенеді.
Мектепалды жаста дидактикалық ойын басты рөлді атқарып отырады, ал танымдық процесстердің жетілуі оның негізгі бөлігі болып табылады. Балалар болса ойын барысында қиындықтарды кездестіріп, бірақ тәрбиешінің көмегі тигеннен кейін бала ойынға қанағаты толып білімге деген қызығушылығы толады, содан соң бала бұл дидактикалық ойын арқылы өзі сезбей тұрып зейіні болсын, есі болсын, ойлауы болсын жетіле түскенін байқалып қаласың.
Ойын барысында бала ойын шартын түсіне отырып ойға батып, орындағысы келіп отырады. Өз жұмысымда балалармен ойынды ұйымдастырда мынадай үш принциптерді ұстанамын:
-
бала ойынды үйреніп оны жақсы игеру үшін мен балалармен бірге өзім ойнаймын;
-
ойын барысында баламен бала болып отырамын және дұрыс немесе сен дұрыс емес жасап отырсың деген орынсыз сөздерді қолданбаймын;
-
балалармен бірге ойын барысыда өзіндік еркіндік бере отырып, басшылық етіп ойнатқызуды мүлдем қолдамаймын;
Екінші сәбилермен ойндарды ұйымдастыра отырып, баланың өздігінен жұмыс жасауды, зейінін, ойлауын, ең бастысы логикалық ойлауын және де ойынға деген қызығушылығын арттырамын.
Ойынға деген қызығушылығын жоғалтпау үшін, барынша көбірек балаларды мақтауға тырысамын. Өз жұмысымда ойын барысында бала толығымен түсініп және жеке өзінің шығармашылығын қолдануға мүмкіндігінберіп отырамын.
Желтоқсан айында мен дидактикалық ойындар туралы өзімнің үйірме жұмыс жоспарын құрып сабақтар жоспарларын құрастырдым.
Сонымен дидактикалық ойындар балалардың тілін дамытатын негізгі құрал ретінде болатыны сөзсіз. Маңызды жай ол: ойын барысында тәрбиешінің жалықтырмайтындай қатысуы - бұл ойынның негізгі шарты.
Қорытындылай отырып айтайын дегенім, дидактикалық ойындар арқылы баланың тіл мәдениетін жүйелі түрде жетілдіре отыру баланың әлеуметтік деңгейін көтеріп отырады.
Менің таңдаған бағытым қалай баланың танымдық процесстері арқылы тілі жетіліп дамығаннан ертең мектепке барған кезде ауырмай бейімделуіне өте байланысты деп санаймын.
Маған әдебиеттер көмектесті:
-
Балабақшадағы дидактикалық ойындар-Сорокина А.И.-1982ж.
-
Балабақшадағы дидактикалық ойындар-Бондаренко А.К.- 1990ж.
-
Картотека дидактических игр и упражнений по развитию речи.-Е.С.Букиневич, А.Л.Лагунович
-
Дидактикалық ойындар-А.Күзембаева-2014ж.
-
nsportal
-
maam.ru
-
erketai.kz