- Учителю
- Конспект занятия по ФЭМП для старшей группы
Конспект занятия по ФЭМП для старшей группы
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
№9 «Радуга» бала бақша - гимназиясы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: Сиқырлы көлікпен саяхатқа аттану
(Семинар аумағында)
Мектепалды даярлық 5-6 жас тобы
Өткізген: Оспанова Г.А.
</ 2016 жыл
Күні: 20.04.16ж
Тақырыбы: Сиқырлы көлікпен саяхатқа аттану.
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді қайталау, заттарды салыстыру, айырмашылықтарын айту, 1 ден 10 ға дейін санау, кері санау, ойлау қабілеттерін дамыту, тілдерін жаттықтыру, тіл ұстарту, адамгершілік тәрбие беру.
Құрал - жабдықтар: «Болжамдар ағашы», тау, көлдер, жолдар, көлік, бауырсақ суреттері, үлестірмелі қағаздар, шарлар, ТОҚ.
Алдын - ала жасалатын жұмыс: мақал - мәтелдер жаттау, достық туралы әңгімелесу.
Барысы:
Балалар кіреді. Шеңберге тұрады. Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.
-
Балалар, жолға аттанбас бұрын қандай мақал-мәтелдерді білеміз, есімізге түсірейікші.
-
«Досы көпті жау алмас», «Доссыз адам, ормансыз бұлбұл» т.с.с.
-
Дұрыс айтасыңдар. Достық бәрін жеңеді. Мына ағашқа қараңдаршы, бұл «Болжамдар ағашы». Бұл ағаштың бір жағына пішіндерді атап бүршік жапсырамыз, ал екінші жағына болжам айтамыз. Балалар пішіндерді атайды.
-
Ал енді жолға қандай көлікпен аттана аламыз?
-
Машина, кеме, трамвай, тролейбус, автобус, поезд т.б.
-
Мен сендерге ұсыныс жасағым келеді, мына көлікке қараңдаршы, бұл жай машина емес, сиқырлы көлік. Ол ұша алады, жүзе алады.
-
Ендеше көлікке отырыңдар. Сапарға аттанайық. Қараңдаршы алдымызда бірінші белес тұр. Бұл не?
-
Жолдар.
-
Олар бірдей ме?
-
Жоқ. Олар әртүрлі. Жуан, жіңішке, түстері әртүрлі.
-
Біз жуан жолмен жүрейік. Балалар көлікпен жүріп келіп орындықтарға отырады. Бірінші тапсырма. Сандарды салыстыр.
7 10 т.с.с
Жолымызды жалғастырайық. Қараңдаршы бұл не?
-
Бауырсақ.
-
Бауырсақ кіп-кішкентай болып қалса не болар еді? Болжап көрейікші.
-
Ал егер ол үлкен болып өсіп кетсе не болар еді? Болжап көрейік. Ендеше 1 ден 10 ға дейін санайық. Кері санайық.
-
1.2.3.4.5.6.7.8.9.10 және 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1.
-
Керемет. Ары қарай сапарымызды жалғастырайық. Екінші белес. Тау. Тау қандай? Синквейн құрастыру.
-
Балалар таудан ұшып айналып өтеді де парталарға отырады.
-
Деңгейлік тапсырмалар орындалады.
1 деңгей.
Суретке қарап есеп құрастыр.
2 деңгей.
Есепте.
3 деңгей.
Суреттегі пішіндерді дұрыс тап та сыз.
Сергіту сәті.
Ағылшын тілінде сергіту сәті орындалады.
Walking, walking. Walking, walking. [Walk in a circle.] *Hop,
hop, hop. Hop, hop, hop. [Hop.] Running, running, running. Running,
running, running. [Run.] Now let's stop. Now let's stop. [Place
both hands out in front of you, palms facing forward.]
Walking, walking. Walking, walking. [Walk in a circle.] *Hop, hop,
hop. Hop, hop, hop. [Hop.] Running, running, running. Running,
running, running. [Run.] Now let's stop. Now let's stop. [Place
both hands out in front of you, palms facing forward.]
Tiptoe tiptoe. Tiptoe tiptoe. [Tiptoe.] Jump jump jump. Jump jump
jump. [Jump.] Swimming swimming swimming. [Make a swimming motion.]
Now let's sleep. Now let's sleep. [Rest your head against your
hands or lie down on the ground and pretend to sleep.]
Wake up! [Eyes open! Look alert!] It's time to go! [Look at your
watch.] Are you ready to go fast? [Run in place quickly.]
[quickly] Walking, walking. Walking, walking. [Walk in a circle.]
*Hop, hop, hop. Hop, hop, hop. [Hop.] Running, running, running.
Running, running, running. [Run.] Now let's stop. Now let's stop.
[Place both hands out in front of you, palms facing forward.]
«Гүлдер алқабы» балалар шеңберге отырады. Гүлдердің түстерін
ағылшын тілінде атайды.
- Біздің алдымызда келесі белес тұр. Бұл нелер?
- Көлдер. Көлдер бірдей ме:
-
Біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Түстері әртүрлі.
-
Көлден қалай өтеміз?
-
Сиқырлы көлікпен жүзіп өтейік.
-
Келесі тапсырма. Логикалық тапсырма. Суретте неше үшбұрыш бар?
2 кетеді. Сау болыңдар балалар.
Біз де топқа қайтайық. «Жетістік шарлары»
-
Қызыл - не ұнады?
-
Жасыл - не оңай болды?
-
Көк - қиналған жағдай.
-
Балалар өз ойларын айтады.
-
Сау болыңдар, балалар!