7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Әжемнің тәтті бауырсағы

Ашық сабақ Әжемнің тәтті бауырсағы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

МҚКК №7 балалар бақшасы

























Ашық сабақ

Тақырыбы: « Әжемнің тәтті бауырсағы»





















Орындаған: Кузкенова А.А









Павлодар қаласы



Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы





Білім беру саласы : Қатынас, шығармашылық

Білімі: Тіл дамыту мен мүсіндеу

Тақырыбы: " Әжемнің тәтті бауырсағы"

Мақсаты: Балалардың нан туралы білімдерін толықтыру. Модулдік технологияны қолданып баланың танымын, тіл байлығын дамыту.

Міндеттері:

  • Балалардың білік-дағдысын одан әрі арттыра түсіру;

  • Сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін дамыту;

  • Нанды қастерлеуге, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдары мен көрнекілігі:

Тұздалған қамыр, тақтайшалар, сүлгі, кескіш, түрлі-түсті белгішелер, ертегіні сахналауға арналған планшет, ертегі кейіпкерлерінің (ата, апа, бауырсақ, қоян, қасқыр, түлкі, аю)қатты қағаздан жасалған суреттері, карточкалар, қарындаш,түрлі-түсті фигуралар және т.б

Қолданылған технологиясы: модулдік технология













Атадан да құтылдым,

Ападан да құтылдым,

Қоян сенің аузыңда,

Келмес менің жұтылғым деп, қояннан құтылып кетеді.

Жолында қасқырды, кездестіредіде:

Атадан да құтылдым,

Ападан да құтылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқыр сенің аузыңда,

Келмес менің жұтылғым деп, қасқырдан да қашып кетеді.

Сөйтіп келе жатқанда алдынан аю шыға келеді, бауырсақ өзінің әнің шырқап жөнеледі:

Атадан да құтылдым,

Ападан да құтылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырданда құтылдым,

Аю сенің аузыңда, келмес менің жұтылғым деп, аюдан да құтылып кетеді. Бауырсақ жолында айлакер түлкіні кездестіреді, түлкі: сәлем бердік бауырсақ,-деп жымия қарсы алады. Бауырсақ әнің айта бастайды:

Атадан да құтылдым,

Ападан да құтылдым,

Қояннан да құтылдым,

Қасқырданда құтылдым,

Аюдан да құтылдым,

Түлкі сенің аузыңда,

Келмес менің жұтылғым деп, әндетеді.

Түлкі қулығын асырып, -менің құлағыл оңша естімейді, тұмсығыма отыр да, әніңді тағы бір салшы, рахаттана тындайын дейді. Бауырсақ түлкінің тұмсығына отырып алып, әнің енді айта бергенде түлкі оны «Ап» деп жеп қояды. Осылай ертегі де аяқталады.

Ашық сабақ Әжемнің тәтті бауырсағы

- Балалар! Ата мен апа бауырсақсыз қалатын болды ғой, екеуі қайғырып, сағынып отырған болар.

Сергіту сәті

Ал, енді балалар шаршағын боларсындар, сергіту жаттығуларын орындайық. Балалар өлеңді айта отыра, жаттығуларды жасап, демалып алады. Ортаға сары түсті лента қойылады, балалар сол лентаны қолдарымен ұстап жаттығуды орындайды.

- Біз қандай фигура жасадық?

- Түсі қандай?

- Ол қай кейіпкерге ұқсайды?

Осы кезде біреу есікті қағады, тәрбиеші есікті ашса, бауырсақ ертегісіндегі апа бос табағымен кіреді де, Сәлеметсіздер ме балалар!

- Мен бауырсақ ертегісндегі апамын, менің бауырсағымды қу түлкі жеп қойды, не істерімді білмей сендерден көмек сұрап келдім, қайта пісіріп алайын десем, үйде ұным да жоқ, - деді әже. Сендер маған бауырсағымды пісіруге көмектесесіндер ме?

- Барлығымыз бірге бауырсақ жасап берейік. Қәне, төрлетіңіз әже!

Балалар менің қолымда, екі түрлі жол көрсеткіш белгішелер бар, сендер өздеріне ұнаған түсті таңдап, берілген сыйқырлы түрлі-түсті екі жолмен бауырсақты жасауға саяхатқа шығамыз, осылайша әжеге бауырсақты жасауға көмектесе аламыз.

Әр орталықтын ерекше тапсырмаларын орындасақ, әжеге көмектесе аламыз. Сондықтан қолымыздан келгенше тырысып көрейік.

Мүсіндеу орталығындағы балаларға тапсырма:

Тұздалған қамырдың көмегімен домалату әдісін қолдана отырып, бауырсақты құрметті әжемізбен жасап, үйренеміз.

Театр орталығындағы балаларға тапсырма:

Ертегіні сахналап көрсеткен планшеттегі кейіпкерлерді модулдік технологияға салып тапсырма орындайды. Ол үшін геометриялық фигураларды қолданамыз, сонымен қатар түстерді сәйкестіре отырамыз.

І.тапсырма:

Берілген ертегі кейіпкерінің суреттеріне әр түрлі фигураларды сәйкестіріп қарындашпен сызу тапсырмасын орындайды. Бұл карточкалық жұмыс. Үйдің шатырын- қызыл үшбұрышпен, үйдің өзін -көк төртбұрышпен белгілейміз. Бауырсақты -сары кішкентай дөңгелекпен, қоянды- сұр кішкентай дөңгелекпен, аюды- үлкен қоңыр дөңгелекпен, қасқырды -үлкен сұр дөңгелекпен, ал түлкіні -тоқсары үлкен дөңгелекпен белгілейміз.

ІІ. тапсырма:

Планшеттегі жабыстырмамен ілінген үй мен кейіпкерлерді кезекпен алып, оның орындарына сәйкес жабыстырмалы фигураларды қолданып орналастырады.

Барлық тапсырмаларды дұрыс орындап шықтындар, жақсы.

Апа: Ал, балалар көп еңбек етіп менің бауырсағымда қайта жасауға көмектестіңдер, рахмет сердерге, мына жасаған бауырсақтарымды үйге апарып, пісіріп алайын. Атаның да қарны ашқан болар.

- Апа, енді бауырсақты, жалғыз ешқайда жібермеңіз, әйтпесе тағы біреу жеп қояды.

Апа: Иә, дұрыс айтасын қызым.

Мен сендерге өте ризамын, рахмет балалар! Сау болыңдар! -деп топтан шығып кетеді.

Балалардың назары компьютерге ауып, хатта берілген жұмбақты шешуге тырысады. Жұмбақтың жауабын тауып, «бауырсақ» деп барлық балалар жауып береді.

Балалардың назары тәрбиешіге ауып, ертегіні мұқят тыңдап отырады.





















































































































Сергіту жаттығулары

Балалар орындарынан тұрып, үлкен шеңбер жасап, жерде жатқан лентаны айналып тұрады да, әр бала екі қолмен ұстап жаттығуды орындайды:

Ортаға кел тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық, Жоғары төмен көтеріп,

Қандай пішін табайық!?

- дөңгелек!

- сары түсті.

- Бауырсақ!-деп жауап береді.



Балалар «сәлеметсіз бе әже?!» деп амандасады.





Балалар «иә» деп жауап береді.







</ Өздеріне ұнағын түсті таңдап, таңдаған сыйқырлы түстер бойынша екі топқа бөлінеді. Сары түс таңдаған балалар сары мүсіндеу орталығына орналасады, ал көк түс таңдаған балалар театр орталығына барып орналасады.

Мүсіндеу орталығындағы балаларға тапсырма:

Апа ұннан қамыр жасап, балаларға бауырсақты қалай жасау керектігін үйретіп, көрсетеді. Ол үшін балалар домалату әдісін қолданады.

Театр орталығындағы балаларға тапсырма:

І.тапсырма:

Қарындаштың көмегімен балалар тапсырманы орындайды. Ертегідегі үй мен кейіпкерлерді карточкада берілген фигураларға сәйкестіріп, сызады.Үйдің шатырын- қызыл үшбұрышпен, үйдің өзін -көк төртбұрышке сызады. Бауырсақты -сары кішкентай дөңгелекпен, қоянды- сұр кішкентай дөңгелекпен, аюды- үлкен қоңыр дөңгелекпен, қасқырды -үлкен сұр дөңгелекпен, ал түлкіні -тоқсары үлкен дөңгелекке қарай сызады..

ІІ.тапсырма:

Балалар қолдарына таңдаған фигураларды алып, Берілегн планшеттегі кейіпкерлерге ұқсастырады да, түсі мен пішінің атап, орындарына жабыстырғыш көмегімен орналастырады.

Ашық сабақ Әжемнің тәтті бауырсағы



- Сау болыңыз әже, тағы қонаққа келіңіз !

Рефлексивті түзетуші

Ал, балалар әжемізге көмектестік, сендер жақсы қатыстындар, рахмет сендерге.

-Біз бүгін не істедік?

-Әжеге қалай көмектестік?

-Бауырсақтың пішіні, түсі қандай?

-Сендерге сабақ ұнады ма?

Балалар ортаға келіп, шеңбер құрады да, өткен тақырыпты еске түсіреді.

-Бауырсақ ертегісін өттік.

-Бауырсақ жасауға көмектестік.

-Дөңгелек, сары түсті.

-Иә, ұнады.

Күтілетін нәтиже:Ертегінің мазмұның меңгеріп, кейіпкерлерімен танысады.



Нені біледі

Бауырсақтың қайдан пайда болатының, оның пайдасын, қадірін түсіне біледі.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал