7


Қош келдің жаңа жыл!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы

Балабақша «Нұрсәт»

Тәрбиеші: Шәутенова Жарқынай

Жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын,құрметті қонақтар, ата-аналар,бүлдіршіндер сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз.!Сәбилеріңіздің күлкісі сіздерді қуанта берсін.Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен,әсем ән,сәнді бимен өткізуге ат салысайық.Баршаңызға денсаулық,өмірлеріңізге шаттық,қуаныш тілейміз. «Қош келдің жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Мерекелік құттықтау сөзді балабақша меңгерушісі Саткарова Нүргүл апайға береміз.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймыз деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Ән: Жаңа жыл» хор. Балалар шыршаны айналып өлең айтады.

Жүргізуші:Балалар,мына залға бәріміз жиналдық,әдемі киім кидік,ән айттық ал ,аяз ата мен ақша қар әлі жоқ. Қане бәріміз аяз ата мен ақша қарды дауыстап шақырайық.

Барлығы бірге: Аяз ата ,ақша қар ауу-у-у

Аяз ата,ақша қар ауу-у-у

(музыка ойналып ортаға аяз ата мен ақша қар келеді)

Аяз ата: армысыңдар балалар,құрметті қонақтар!

Құтты болсын балалар,

Келген жаңа жылдарың.

Алаңдамай өсіңдер,

Еркелей ұл-қыздарым.

Өткен жылы келіп ем,

Бәріңді де көріп ем.

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем.

Мені тани алдыңдарма?

Ақшақар: Ақша қармын аппақпын

Күмістен алқа тақпақпын

Келіп едім сіздерге

Жаңа жылды тойлауға

Сәлеметсіздер ме, аяз ата мен ақша қар,біз сіздерді күтіп отырмыз.Қараңызшы біздің әдемі шыршамыздың шамы жанбай тұр.

Аяз ата ақша қар:балалар бұл ештеңе етпейді,бәріміз қазір «шырша шамы жарқыра»деп айтамыз.

Барлығы бірге: «шырша шамы жарқыра» (шырша шамы жанады).

Жүргізуші:Қандай әдемі шырша,рахмет аяз ата мен ақша қар,ендеше аяз ата мен ақшақарға дайындаған тақпақтарымызды айтып ,би билеп берейік.

Бағдәулет: Аспан жерге төгілді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Арайлым: Келіңіздер,келіңіздер

Биде билеп беріңіздер

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер

Мансур: Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.



Жүргізуші: жарайсыңдар балалар!

Музыка ойналып залға қоян жүгіріп келеді,артынан қасқыр қуып келеді.

Қоян: көмектесіңдер мған.

Қасқыр: тоқта қайда тығыласың,тоқта.

Жүргізуші: не болды қоян,қасқыр.

Қоян: Қасқыр менің кәмпитімді ұрлап алмақшы,ал мен оны бірінші таптым.

Қасқыр: жоқ менікі саған кәмпиттің керегі жоқ,сен сәбіз жейсің ғой,ол менікі болады.

Қасқыр қоянның қолынан кәмпитті жұлып алады.

Қоян: жоқ менікі

Жүргізуші: тоқтаңдар достар, сендер бір кәмпит үшін ұрсып тұрсыңдарма,бүгін ұрсуға болмайды.

--Дұрыс па балалар?

Балалар: дұрыс

Ендеше кәзір біз ойын ойнап алайық

Ойын «Кәмпит жинау»

Жүргізуші:Ал енді қоян мен қасқыр ұрыспас үшін біз оларға жинаған кәмпиттерімізді бөліп берейік.

Жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Би билейік бәріміз.

Би: Қояндар

Қоян мен қасқыр: рахмет балалар,сендер тамаша биледіңдер енді біз ұрыспаймыз дос боламыз,

Енді кетейік сау болыңдар

(музыка ойналып екеуі қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: Кел балалар тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық.

Ханшайым: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Саят: Аяз ата келеді

Бізге сәлем береді

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын береді.

Анель: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Хамза: Сағынып көп күткен

Атамыз келеді,

Алақай,алақай

Көп сыйлық береді.

Нұркелді: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Жүргізуші: Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір,

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын ,құтты болсын жаңа жыл.

Ән: «Зырлайды шанамыз» әні

Жүргізуші:Балалардың аяз атаға дайындаған тақпақтарына кезек берейік.

Айназ: Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Аянат: Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Еркеназ: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Дилара: Құтты болсын ағайын

Жаңа жылым тағы да

Қол соғып қарсы алайық.

Жаңа жылды тағы да.

Жүргізуші: Бүгін біз көңілдіміз

Жаңа жылды қарсы алып,

Мерекеге келгендерді

Құттықтаймыз ән салып .

Ән : « Айгөлек»

Жүргізуші:Балалар сендер өз өнерлеріңді көрсеттіңдер жыл бойы бізбен бірге болған қойда сендердің өнерлеріңді тамашалады енді қойға алғысымызды айтып ортамыздан шығарып салып келер жылымызды қарсы алмаймыз ба?

Барлығы бірге: рахмет саған қой,келесі кездескенше сау бол.

Қой: сау болыңдар балалар

Ортаға мешін келеді.

Мешін:Амансыңдарма балалар . Енді жыл бойы мен сендермен бірге боламын.Жаңа жылдарың құтты болсын.

Би: «я моряшка,ты моряк»

Ән: Шырша шамы.

Жүргізуші:Балалар, ескі жылды шығарып салып,жаңа жылды қарсы алдық жаңа жылымыз бәрімізге құтты болсын.Енді аяз ата мен ақша қарды да ортамыздан шығарып салайық. Аяз ата шаршаған шығар, баратын жері өте көп.

Барлығы бірге : сау болыңыз аяз ата мен ақша қар.

Аяз ата ақша қар: сау болыңдар балалар.

Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеміз құтты болсын балалар,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар,бүлдіршіндер жаңа жыл құтты болсын.Осымен бүгінгі «Қош келдің жаңа жыл» атты артеңгілігіміз аяқталды. Тағыда осындай мерекеде жолыққанша аман сау болыңыздар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал