- Учителю
- Мүсіндеуден сабақ жоспары: Сүйікті ойыншық Қоян.
Мүсіндеуден сабақ жоспары: Сүйікті ойыншық Қоян.
Мүсіндеу
Тақырыбы: Сүйікті ойыншық «Қоян»Шығармашылық
Бөлімі:
Мүсіндеу
Тақырыбы:
Сүйікті ойыншық «Қоян»
Мақсаты:
Ермексазбен домалату, шымшу, жалпайту тәсілдерін қолдана отырып қоян мүсінін мүсіндеуді үйрету.
Міндеттері:
Ұқыпты жұмыс жасауға үйрету;
Мүсіндеу дағдыларын, қиялдарын дамыту;
Ұқыпты жұмыс жасауға үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Үлгі сурет, ермексаз, тақтайша, су, сүлгі, дидактикалық ойын.
Мотивациалық-қозғаушылық
Ұйымдастыру -іздестіру
Рефлексивті - түзетушілік
«Жүректен-жүрекке» ойынын ұйымдастыру
«Шапшаң құра»
Мүсіндеу тәсілін түсіндіру:
1. Ермексазды
жұмсартқызу;
2. Бөлшектерге бөлгізу;
3. Бөлшектерді домалатып қоянның басын жасатып, шымшып екі құлағын жасату
Сергіту сәтін ұйымдастыру:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып секірді.
4. Ермексазды есіп, сопақша денесін жасату.
5. Төрт кіші бөлшектерді естіріп, аяқ, қолын жасату.
6. Бөлшектерін біріктірту
Көрме ұйымдастыру
Шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздер айтады.
Түрлі пішіндерден қоян бейнесін құрастырады.
1. Ермексазды
жұмсартады;
2. Бөлшектерге бөледі.
3. Бөлшектерді домалатып қоянның басын жасайды, шымшып екі құлағын шығарады.
Жан-жаққа қарап тындайды,
Қолдарымен толқын жасайды.
Қос аяқпен секіреді.
4. Ермексазды есіп, сопақша денесін жасайды.
5. Төрт кіші бөлшектерді есіп, аяқ, қолын жасайды.
6. Бөлшектерін біріктіреді.
Жасаған жұмыстарын көрмеге қойып, достарыныкімен салыстырады.
Күтілетін нәтиже: Жануарлар түрлерін біледі.
Нені игереді:
Ермексазбен домалату, шымшу, жалпайту әдістерін қолдана отырып қоян мүсінін мүсіндеуді игереді.
Нені біледі:
Домалату, есу, шымшу әдістерін біледі.