7


  • Учителю
  • Семинар. Тақырыбы: «Баланың құзыреттілік даму үрдісінде МДБ пәндік – даму ортаны және білім кеңістігіндегі мүмкіншілікті қолдану»

Семинар. Тақырыбы: «Баланың құзыреттілік даму үрдісінде МДБ пәндік – даму ортаны және білім кеңістігіндегі мүмкіншілікті қолдану»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Семнардың тақырыбы: «Баланың құзыреттілік даму үрдісінде МДБ пәндік - даму ортаны және білім кеңістігіндегі мүмкіншілікті қолдану»

Мақсаты: жаңа стандарттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес пәндік- даму ортаны құруға инновациялық жақындастықты іске асыру.

«Пәндік- дамытушы ортасы - мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін дамыту факторы.» жобасы

Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау әлеуметтік мәні зор, халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар осыны дәлелдейді.

Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа стандарты өмірге келеді. Бұл стандарт мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұратын әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды рөлі бар.

Баланың жақсы тәрбиеленіп және оқуы тек әдейілеп құрылған дамытушы ортада мүмкін. Дамытушы орта баланың негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген мектеп жасындағылардың өзіндік даму және танымдылық барысы, қоршаған әлеммен әлеуметтік байланысы дамытушы ортамен байланысты. Белгілі бір жастағы баланың психофизикалық ерекшелігі әр балаға жеке қатысты талап етеді. Ол балалардың дамыту оқытуындағы жүйелік қатынаспен негізделеді және қазіргі замандағы іс-әрекеттін пәндердің мінездемелік бағытына сүйенеді, оның маңыздылығы және рөлі мектеп жасына дейінгі баланың психикалық және өзіндік дамуында.

Дамытушы пән ортасы - бұл баланың өзіндік дамуындағы психикалық функциалардың жоғары дамуы, барлық дамытушы іс әрекеттер түрлерімен қамтамасыз етуші жүйелік шарты. Ол қатарына базалық құрлымдар, жеткілікті әлеуметтік танымдылық және баланың эстетикалық дамуын қосады.

Оларға қатысты:

  • Табиғи орта және бөлімдер, мәдени ландшафтар;

  • Дене тәрбие ойындары және сауықтыру орталықтары;

  • Танымды - ойындар ортасы;

  • Балалар кітапханасы;

  • Музыкалық театрланған орта,

  • Таңымды дамыту ортасы және т.б.







Біз әр баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сай, дамыту ойындарын ашық - өзінше ерекше, көп функциялы түрде өткізуге аса көңіл аударудамыз.

ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында келесі психологиялық- педогогикалық критерийлары анықталған, ол танымдылық дамыту ортасына жауап береді:

  • баланың психологиялық даму деңгейіне сәйкес келу;

  • жүйелігі;

  • көп функционалды;

  • функционалды мүмкіндіктері және вариативтік маңызы.



Біздің мекемеде тәрбие- білім сапсын арттыруға байланысты жалпы жағдайларды жақсарту- басты міндет:

I. Білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

II. Тәрбиешілер кәсіби шеберліктерін үнемі шындап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен атсалысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етуде. Сондай -ақ, отбасының сұранысы мен талап тілектерін қанағаттандыру және балаға берілетін білім мен тәрбие үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс істеу де өте маңызды.

III. Балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырамыз.



Бұл аталған мәселелер тәрбиелеу мен білім сапасын көтерудің жалпы жағдайлары болса, енді оған қажетті негізгі жағдайлар ретінде төменгі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • Балабақшадағы жұмыс істейтін бағдарлама мазмұнын жаңарту және оны толық меңгерудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу.

  • Мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру.

  • Арнаулы мамандармен қамтамасыз ету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгерту.

  • Оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

  • Заттық- дамытушылық ортаны жабдықтау, оның тәрбиелік ықпалы болуына көңіл бөлу.

  • Педагогикалық ұжымның басқа да әлеуметтік институттармен, білім беру ұйымдармен өзара тығыз байланыста болу.

  • Тәрбие-білім беру жұмыстарында психологиялық қызмет көрсету.

  • Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін үнемі көтеріп отыру.

  • Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы жаңашылдық, шығармашылдық және кәсіби шеберлікпен адами қасиеттердің басым болуы шарт.



Пәндік - дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:

  • Орта бала өмірін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін материалдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, психологиялық-педагогикалық, эстетикалық жағдайлардың кешеніне сәйкес келеді.

  • Пәндік - дамытушы орта баланың құрдастарымен, заттық объектілермен өзара іс-әрекетпен өзара байланыс тәжірибесін алу және түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қарым -қатынастарды үлгілеу жағдайы болып табылады.

  • Пәндік -дамытушы орта ынталандыратын, өз бетінше тәжірибелік, демократиялық, инклюзивтік және білім беру салаларының мазмұнына сәйкес болуға тиіс.

  • Орта баланың психологиялық-физикалық денсаулығын қамтамасыз етуге, қауіпсіздік критерийлеріне сәйкес болуға, олардың білім беру іс-әрекетіне қолайлы енуіне, өзін табыста білуіне, белсенділігін, өзіне сенімділігін, шығармашылығын танытуына ықпал етуге тиіс.

  • Орта көп функциионалды, вариативті, қарқынды, жасына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылуға тиіс.

  • Орта қауіпсіз, жайлы, қолайлы болуы тиіс.



Пәндік - дамытушы ортаның мазмұны:

  • Балабақша топтарындағы пәндік-дамытушы ортаның мазмұны мәдени-тарихи құндылықтарға, ұлттық дәстүр, табиғат, климат, жергілікті жердің өндірістік өзгешеліктеріне байланысты ерекшеліктерге сәйкес келуге тиіс.

  • Ортаның мазмұны баланың алғашқы дүниетаным негіздерін қалануына, табысты әлеуметтенуіне ықпал етуге тиіс.

  • Ортаның мазмұны жыныстық-рөлдік бірлейлікті жасайтын құрауыштарды қарастыруға тиіс.



Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ортаны ұйымдастыру ерекшеліктері:

1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте жастағы балаларға арналған ортаны ұйымдастыру ерекшеліктері.

  • Баланы ересектерден үнемі көз алдында болу мүмкіндігін қамтамасыз ету,

  • Заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  • Ойын іс-әрекеті, дене жаттығуларын орындау, музыка ырғағымен қимыл жасау жағдайымен қамтамасыз ету.

  • Сөйлеу, сенсорлық, танымдық, эстетикалық дамуына жағдай жасау.

  • Мектепке дейінгі ұйымда табысты бейімделуіне жағдай жасау.



3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға арналған ортаны ұйымдастыру ерекшеліктері.

  • Көпбуынды кеңістікте бала белсенділігінің алуан түрін ынталандыру

  • Баланың ақпараттық талаптарын қамтамасыз ету.

  • Ана тілінің мемлекеттік және басқа тілдердің дамуын ынталандыру.

  • Үнемі ізденістің, табысқа жету жағдайларының атмосфересын жасау.

  • Құрдастарымен, ересектермен, заттармен, объектілермен өзарабайланыс тәжірибесін алу үшін мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  • Баланың шығармашылық бастамаларын қолдау.



5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі ересек жастағы балаларға арналған ортаны ұйымдастыру ерекшеліктері.

  • Балаға мектепке дейінгі білім беру ұйымынан мектепке жайлы және қиындықсыз өтуіне жағдай жасауды қамтамасыз ету.

  • Бейімделудің жоғарғы деңгейінде баланың тұлғалық дамуын ынталандыру,

  • Дербестікті, креативтілікті, өзін-өзі тануды, өзін-өзі дамытуды қалыптастыру жағдайларын қамтамасыз ету,

  • Азаматтық, патриоттық сезімдері мен этникалық сәйкестігін қалыптастыру жағдайларын құру.

  • Когнитивтік, дене, әлеуметтік, ақпараттық дағдыларын дамыту мүмкіндіктерін жасау.



Егемен елімізде болып жатқан игілікті өзгерістер балабақша жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны дауыссыз. Ең бастысы, тәрбиешілер шығармашылығына жол ашылады. Демек, балаларға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту мен тәрбие тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал