7


  • Учителю
  • «Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК

































атты ойын-сауық іс - шарасы.









«Балауса», «Еркетай» топтары арасында

























2016-жылы.

Тақырыбы: «Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс - шарасы.

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін ойын арқылы балаларға түсіндіру.

Қажетті көрнекіліктер: Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері, машина, шарлар, жол белгілері, ысқырғыш.



Өтілу барысы:



Жүргізуші: Қайырлы күн балалар, тәрбиеші апайлар, бүгін ІІ кіші «Балауса» мен «Еркетай» тобының балаларының арасында «Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс - шарасын бастаймыз.

Көшеде біз сақ болайық,

Қаймықпасын ата - ана,

Жолда сақ болайық,

Жасұлан деген атқа

дей келе кешімізге қатысатын бүлдіршіндерін қошеметпен ортаға шақырайық. «Балауса» тобы, «Еркетай» тобы. Балалар ортаға келіп тұрады.



Осы кезде Аю жолдан кесіп өтіп доп ойнап

бара жатып машинаға соғылады.

Аю: Ой, ой белім-ай, аяғым-ай.

Көлік жүргізуші: Аю неге жол ережесін сақтамадың. Мына жердегі жаяу жүргінші жолынан неге өтпедің. Мен қазір жол полициясын шақырайын. (Тел соғылады)

Жол полициясы: Кім тәртіп бұзған? Аю жолдан кесіп өтуге болмайды. Жол ережелерін сақтап жүру керек. Мына жерде жаяу жүргінші жолынан өту керек. Жол ережесін сақтамағасын осындай жағдайға тап болдың. Қазір біздер мына жерде тұрған балалар жол ережесін сақтауды біле ме екен.

Дымбілмес: Кешіріңдер қателік жасадым. Мен жол ережесін білмеймін.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе. Бүгінгі жол ережесіне байланысты ойын-сауық өткізгелі жатырмыз. Мұқият қарап үйреніп ал аю.

Ойын -сауықтың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

  1. Таныстыру. Эмблема. Ұран.

  2. Кедегілерден өт.

  3. «Жүк машинасы».

  4. «Такси» жолаушыларды тасымалдау.

  5. "Жол белгілерін табу".

Жүргізуші: Сайысымызды әділ бағалап отыртын әділқазыны таныстырып өтейін.

Ендеше балалар әр топ өздерінің командасын таныстырып өтсін.



  1. Таныстыру. Эмблема. Ұран.

«Еркетай» тобының командасы - «Бағдаршам»

«Балауса» тобының командасы - «Жүргінші жол»



  1. Кедергілерден өт. Шарты: (отырып айдайтын машина арқылы) Әр команда бір машинамен кедергілерден өтіп, межеленген жерге барып келіп, машинаны келесі ойыншыға береді. Осылайша ойын жалғасады. ойыншылар мәреге бірінші келсе команда жеңімпаз болады.



  1. «Жүк машинасы». Бірінші бала кедергілерді жүк машинасына салып, жинап келіп, екінші балаға береді ол бала кедіргілерді қойып келеді, бірі жинап, бірі қойып ойын жалғаса береді.

  2. «Такси» жолаушыларды тасымалдау. Бірінші тұрған бала Обручтің ішінде кіріп, екі қолымен мұқият ұстап межеленген жерде тұрған балалардың біреуін обручтің ішіне салып алып келіп мәре сызығына тастап кетеді, келесі баланы салып алып келеді. Ойын осылай жалғаса береді. Балаларды бірінші тасып болған команда жеңімпаз болады.



  1. "Жол белгілерін табу". Жол ережелерінің белгілерін білдіретін суреттер басқа суреттермен араластырып кеткен, жол белгілерін ажыратып аламыз, тақтаға магнит арқылы жапсырамыз. Жол белгілерін басқа суреттерден дұрыс, қатесіз тауып алған команда жеңімпаз болады.





Балалар барлығымыз сергіту жаттығуын жасап алайық.



Сергіту ойыны: "Бағдаршам"

Дымбілмес: : Ойын шартымен түсіндіреді, мен кезекпен түстерді көрсетемін

Қызыл түс - тұрасыңдар

Сары түс - Шапалақ ұрасыңдар

Жасыл түс - аяқпен бір орында жүресіңдер



Марапаттау.



Аю: Балалар менің кететін уақытым болды. Сендерге үлкен рахмет. Өз ризашылығын білдіреді.

Жүргізуші: Балалар біз Аюға жолда жүру ережесін түсіндірдік, үйреттік. Аюға өздеріңнің білімдеріңді, шапшаңдықтарыңды көрсеттіңдер.



Аю мен Жол полициясы қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Осымен ойын-сауығымыз аяқталды.

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс-шарасы.

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы





«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы

«Жол ережесін сақтайық» атты ойын-сауық іс — шарасы







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал