- Учителю
- Ашық сабвқ Жабайы жаеуарлар
Ашық сабвқ Жабайы жаеуарлар
</ Қордай ауданы Жамбыл ауылы
Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.
Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.
Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Мақсаты: Жабайы аңдар және олардың табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы түсінік беру. Балалардың қиялдарын, сөйлеу белсенділігін арттыру. Аңдарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Міндеттері: Балалардың белсенділігін арттыру.
Сөздік қоры: аңдар.
Билингвалды компоненттер: дикие животные.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, жануарлар - ойыншықтар,тақпақ, жұмбақ.
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері:
Кім нені жақсы көреді? (қоян-сәбізді жақсы көреді, тиін - жаңғақты, кірпі - алманы, аю - балды, т.б. солай айтып бір -біріне сыйлыққа береді)
Негізгі бөлім:
-
Балалар біз шаттық шеңберінде не туралы айттық?
-
Жабайы аңдар туралы.
Қонаққа тиін келеді. Біз бүгін сендермен зоопаркке қонаққа барамыз. Сурет бойынша әңгіме құру. Сурет бойынша әңгіме құру. Буынға бөлу.
І. Аялдама. Жабайы аңдарды атау. (қоян, қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс, тиін)
ІІ. Аялдама. Орманға бару. Аңдардың балаларын атау. (қонжық, мыршым, бөлтірік, көжек)
ІІІ. Аялдама. «Қоян» буын ұйқас. (ян-
ян-қоян, кі-кі-қу түлкі, ін-ін-үлпілдек тиін, қыр-қыр-көкжал қасқыр, ю-ю-аңқау аю).
ІV. Аялдама. Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артыңа,
Қиығың сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Дәптермен жұмыс.
Балапан дәптердегі тапсырманы орындау. Түлкіні салу.
Жұмбақ:
Өзі жүрген қу,
Жері айқай-шу.
(түлкі)
Сөздікпен жұмыс:
Жабайы аңдар далада өмір сүреді. Дикие животнные живут на природе
Қорытынды:
Жабайы аңдар немен қоректенеді? Жабай аңдарға қайндай қамқорлық керек? Сен қандай жабайы аңдарды көрдің? «Піл» Ә.Дүйсеков жаттау.
Піл әдісті біледі,
Тұмсығына іледі.
Піл көтергіш кран деп,
Бала біткен күледі.
Күтілетін нәтиже:
Не білу керек? Жабайы аңдардың қайда өмір сүретінін, немен қоректенетінін, олардың табиғатқа пайдасын.
Нені игерді? Жабайы аңдардың балаларын қалай атайтынын, сөйлем құрауды, буынға бөлуді.
Не біледі? Жабайы аңдар - табиғаттың бір бөлігі.