7


  • Учителю
  • Тақырыбы: «Ерлік- ұрпаққа мұра!» Мақсаты: а) Ұлы жеңістің мәні маңызы туралы мағлұмат беру. ә)Балалардың тіл байлықтарын дамыту. б)Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі :Әңгімелесу,сұрақ-жауап,тақпақты мән

Тақырыбы: «Ерлік- ұрпаққа мұра!» Мақсаты: а) Ұлы жеңістің мәні маңызы туралы мағлұмат беру. ә)Балалардың тіл байлықтарын дамыту. б)Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі :Әңгімелесу,сұрақ-жауап,тақпақты мән

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Ерлік- ұрпаққа мұра!»

Мақсаты: а) Ұлы жеңістің мәні маңызы туралы мағлұмат беру.

ә)Балалардың тіл байлықтарын дамыту.

б)Отанын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі :Әңгімелесу,сұрақ-жауап,тақпақты мәнерлеп айтқызу.

Көрнекілік:Суреттер.

Сабақ барысы:Мемлекеттік гимн.(орындалады)

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады жанымыз.

Кіріспе бөлім:

Құрметті тәрбиешілер,балалар! Сіздерді 9-мамыр Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз сіздерге тек қана бейбітшілік,аспанымыз ашық,заманымыз тыныш болуын тілейміз.Жеңіс күніне арналған «Ерлік-ұрпаққа мұра !»атты тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тәрбиеші:

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын,ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетті батыр апаларымыздың, ағаларымыздың ерлігін ешкім ешқашан ұмытпайды.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді.Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жән тәнімен Отанын қорғады.Әрбір ауыл,қала үшін кескілескен ұрыс болды.

Біздер үшін жанын қиған,

Бас иеміз жандарға.

Атақ-даңқын жеткіземіз,

Ертеңгі атар таңдарға. Назым





Ерліктерін мәңгі ұмытпай.

Есте сақтап жүреміз. Шынғыс

Есімдерін көше,мектеп,

Атауынан білеміз.

Тәрбиеші:Осы соғыста Кеңес Одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты.Ат ауыздығымен су ішкен ,ер етігімен су кешкен бұл сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып,Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағулова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері,халық қаһарманы,қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.Ал бейбіт өмірге жете алмаған ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Ал енді балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Қайтпаған дауылдан,

Кек алған жауынан.

Халқымның қастерлі.

Жайсаңы Бауыржан. Имран

Жер көктің арасын,

Шарпығанда қалың өрт.

Әлия орыс қаласын,

Азат етіп болды мерт. Ералы

Ол жеңісті көрген жоқ,

Келді кейін азат күн.

Бірақ мәңгі өлген жоқ,

Батыр қызы қазақтың. Амир

Мен кәдімгі Мәншүкпін,

Ол туралы ән шықты.

Апам солай атапты,

Ақтаймын сол атақты. Әмира

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия атты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді. Інкәр

Мәншүк апай батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз. Аружан

Қайтпаған жауынан,

Қаһарман Бауыржан.

Қан ішер фашисті, Ақжол

Қырды ол мыңдаған.

Тәрбиеші:Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Жауынгер жыры» әнін қабыл алыңыздар.

Сергіту сәті:

Күн шуағы тамаша!

Жел тұрғаны тамаша

Достарыңмен жүрген тамаша!

Туған өлке тамаша!

Би билеген тамаша!

Қазақ елі тамаша!

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы, бізге алыстан бейбітшілік символы ақ көгершіндер келе жатқан сияқты.Олар бізге не әкеле жатыр екен?

-Балалар көгершіндер бізге хат алып келіпті.

1көгершін :Мына ғажайып хатта сендерге балалар сұрақтар алып келдім.Бұл сұрақтарға жауап бересіңдер ме?

1.Балалар 9-мамыр қандай мереке?

2. Батыр апаларымыз бен ағаларымыздың есімдерін білеміз бе?

3.Ұлы жеңіске неше жыл?

2-көгершін:Балалар, біз алыс жақтан ұшып келе жатқандықтан,апайлардың да өз үлестерін қосуларын қалаймыз.

1.Жеңіс туы қай жылы тігілді және Туды тіккен кім?

2.Әлия мен Мәншүк қай қалаларды қорғауда ерлікпен қаза тапты?

3.Өз жерлестеріміз Кеңес Одағының батырлары кімдер?

4.Екі мәрте Кеңес Одағының батыры әскери ұшқыш кім ?

Тәрбиеші:Бір ғана Жеңіс деген сөзді естігенде сол кездегі адамдардың қуанышында шек болмады.Жан-жақтан айқайлаған дауыстар,көзіне жас алып жылағандар болды,бұл әрине үлкен қуаныштың жасы еді.Халық бостандық алды,зұлымдылық тізе бүкті.

-Балалардың Ұлы Жеңіс күніне арналған тақпақтарына кезек берейік.

Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Десеңдер бұл қай күні,

Тоғызыншы мамыр күні. Аяулым

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік. Гүлсезім

Жеңіс келді ән болып,

Келді Жеңіс сән көрік.

Жеңіс келді алақай,

Тоя жейтін нан болып Дияр

Жеңіс күні құтты болсын,

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашанда,

Жауынгерді балалар. Кәусар

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп, Наиля

Елдегі бар балаға.

Жүйрік озар әйгілі,

Күні бүгін бәйгенің. Шұғайып

Ура,Ура,Ура балалар!

Тоғызыншы мамыр бүгін.

Елге қауіп төнбесін,

Халқым өсіп өрлесін. Аян

Есен аман болайық,

Енді соғыс келмесін.

Ойын: «Жаралыға көмек»

Ойын шарты:Жаралы сарбазды Б нүтесінен А нүктесіне дейін жеткізу,орындыққа отырғызып жаралының қолын таңып беру.Кім жылдам көмек берсе сол жеңіске жетеді.

Тәрбиеші:Міне балалар осы ардагерлердің ерліктері арқасында біз осындай бейбіт өмірге жеттік.Олар еліміздің жарқын болашағын,халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды.Біздің шаттана күлгеніміз, еркін білім алғанымыз-бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі.Міне, бүлдіршіндеріміздің елін құрметтеуге, патриоттық сезім мақсатындағы өткізілген тәрбие шарамыз осымен аяқталды,сау болыңыздар!















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал